Қалау, ерік, талаптылық  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 79

Адамның тіршілікте көп қалауы,

Тәні өсіріп тірі болса көп арманы.

Ішпек, жемек, өмірден қызық көрмек

Жануарлық ақпаратқа бұл жалғауы.

Сезімдік, қаракеттік ақылдары,

Тән мен жан қызметіне бағынады.

Жан тазарса алысқа құстай ұшып,

Жан-жақтан көңіл болмақ хабардарды.

Жан қиялмен ойдан қуат алып,

Жан өседі жарық боп шырақ жанып.

Жаның құс боп ұшатын ұйқы кезде,

Азық алар ұжмақты іздеп тауып.

Жанның есі еркі азат болса,

Жануардан артық да жағдайлары.

Түс көріп жан өзінен хабар алса,

Талапты ұйқысынан  оятады.

Талап деген адамдықты шақырады,

Түрлі өнер іздеп талмай шапқылайды.

Талаптың да тәрбиесін білу керек,

Болмаса мақтанға да бас ұрады.

Талап жүйрік мінетін көлік болмақ,

Көлікті ақылменен кім басқармақ

Сол жетеді іздеген мақсатына,

Ақылсыз талапқа мініп жынды аталмақ.

Талапты меңгеруге сақтық керек,

Әр істің пайда, зиян ісін білмек.

Сабырмен талапты тізгіндемек,

Ақылға жәрдемшіге бұл да керек.

Талаптың бар көп арманы,

Ар-намыспен ұятпен жалғанады.

Ынсаппен, қанағатпен амал қылған,

Араммен, сараңдықтан бас тартады.

Талапты меңгеруге сақтық керек,

Ақыл мен пайда, зияннан білім білмек.

Көргенмен білгендерін оймен барлап,

Есінен  есебін істің әр кез өлшеп.

Қалаумен ерік және талаптылық,

Жаныңа бұл келетін қуат болып.

Иманнан қуаты бар жүрек қана,

Басқармақ махаббатқа күш, қайрат қылып.

(қыркүйек 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *