Философ, масһабшы, кришнашы қазақтардың сұхбатынан

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 100

         Алматы телеарнасының «бес парыз» атты тұрақты түрде масһаб білімін қазақтың тура жолы деген надандықты 3-4 жылдан бері дәріптеп келе жатқан райынан қайтып енді, дін секталарымен және негізгі қазақ халқының көп ұлтты тұрғындарының діні ретінде қабылданған масһаб муфтияттықтар мен христиан дін өкілдері және білімді қауым өкілдері, саясатшылар мен философ, психолог мамандардын қатысумен ашық пікір талас сұхбат жүргізуінде, бұл қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан діни топтардың саясаттарына, білім, ілім, адамгершілік құндылықтар тұрғысынан баға беруге де, халыққа оның қателіктері мен жетістіктерін түсіндіруге деген үлкен қадам болғаны да сөзсіз. Сондықтан тек мұндай исламнан өзге топтар ғана емес исламдық түрлі ағымдармен, сопылық топтармен де олардың басшыларымен де осындай сұқбаттар жасалса нұр үстіне нұр болары хақ.

Енді кешегі 2 мамыр күнгі болған телеарнадағы сұқбатта кришналық діни нанымды қабылдаған қазақтың жоғарғы білімді ер азаматымен және бір әйел азаматшасының арасында пікір таластар мен оған муфтият өкілі, философия мектебінің өкілі, християн дінінің өкілі және көптеген білімді қоғамның өкілдері, тыңдаушы жастардың да қатысып сауалдарын қойып, ақырында бұл азған секта деген тұжырым жасалды. Ал біздердей бұқара халықтың көзімен, түсінігімен қарағанда керісінше кришна дінінің өкілінің алдында біздердің философтарымыз да, имамымыз да, психологтарымыз да өздерінің білімсіз, дін философиясынан, жаратылыс рухани сырынан және қазақтың дәстүрлі философиялық білімінен мүлде хабары жоқ надандықтарын ғана көрсетті.
Кришнаға неліктен кетіп қалғанын өзіне, рухына, жанына қажетті білімді кришналық ілімнен іздеп тапқанын қарапайым тілмен түсіндіре білген қазақтың азаматына исламның өкілі тек тәпсірді, намазды неге оқымадың, білмедің деген надандық сауалын қоюдан неге аса алмады? Сол сияқты бұл жігіттің білімділігін мойындап отырған философ ағайынымыздың бұл ілімнің қарапайым түрде қазақ нақылдары мен және Абай-Шәкәрім еңбектеріне мұнан ондаған есе терең және оның жетіспейтін жағын исламның, құран және пайғамбарымыздың хадистерінің інжіл, тәурат кітаптарына сүйене отыра, құдай туралы және рухани жаратылыс туралы оның адамзатқа беретін зейнеті, нығметі туралы ғылымдық, ойшылдық сырының ондаған есе ауқымды терең баяндалғанын білмейтіндігіне біздердей сырттан тыңдап отырған ата жолдық қауым өкілдеріне; имам, философ, психолог ғалымдарының, зиялы қауым өкілдерінің рухани сауатсыздығына ғана дәлел болып, діни «экстремизмнің» қазақтың руханиятына терең еніп жатқаны, мұны енді заңмен де, масһабтық пәншілдікпен де тоқтата алмайтынына біздер куә болдық. Сонымен бірге ең масқаралығы жалпы сөз ғылымы мейлі дін болсын, мейлі қандай да ғылым болсын ортақ «мизан» таразы екенін Әл-Фараби бабамыздың мұны ашық сызықтық та есептік де біліммен дәлелдеп кеткенін діншілерді былай қойғанда қазақ философия мектебінің ғалымдары білмейді екен. Сондықтан философия мен дінді бөлек деген пәтуасын беріп мүлде масқара жағдайға ұшырағанымызға да қазақ философия мектебінің қайғылы қазаға ұшырағанына да көңіл айтуға ел басымызға; «Артының жақсылығын берсін, әйтеуір!» деген сәлем жолдауымызды да бұқара халық ата жолдықтардан қабыл алсын. Себебі бұл философиялық насихаттарды мен ата жол жазбаларында қарапайым және ғылыми тұрғыда жазып, алда мұнан да терең жан ғылымынан қазақтың әулие-әмбилері, бабаларымыздың меңгерген дәстүрлі діні, бұндай кришналық дін ілімдерінен де, исламдық ескі тәпсірге жүгінген дін білімінен де ондаған есе ауқымды биік және хикметке жолықтыратын амалдарын да ата жолы арқылы сөз жүзінде де, іс жүзінде де дәлелдеп шығамыз.
Міне, осыған дейінде де ескертіп жатқан тылсымнан әулиелер батасымен; «Қазақ ел билігіне қараң (надандық және оған жауап) келді» деген сөздері расқа, хақиқатқа айнала бастады. Себебі қазақтың имандық қуаты мен сенім, нанымы оянған сайын адамзатқа ортақ руханияттық ілімге, жан, рух іліміне ене бастаған сайын оның терең хикметті сырларын түсіндіруге масһабтық та, біздердің философия мектебіміздің пәндік, психологиялық білімдері мүлде жетімсіз. Сондықтан білімді және дінді меңгерген жастардың терең ілімдерден бұған көңілін тұрақтатуға ілімін іздеп, осындай ілімнен қуаты бар топтарға өтіп кету қаупі де арта бермек. Осы тұрғыда ата жол дәстүрінің білімі мен философиялық насихатын оқып танысқандар бұндай ілімдерді де еркін меңгеріп, керісінше нақты хикметтерге жолығумен иманы бекіп, кришналық, буддалық топтар мен христиандық, таураттық дін өкілдерін де қайта қазақтың дәстүріне мойынсұндырып ислам дінін қабылдатуда күн санап арта беріп, ал мұндай жағдайда пәнге байланған біздің муфтият дін өкілдері мен білімді зиялы қауым және философия мектебі мен психологтарымыз ата жолына келіп, қазақтың дәстүрлі дінін меңгерген қарапайым бұқара халықтың ашу-ызасына, білімді жастардың мазағына ұшыратайтыны, осы бір күнгі сұқбаттың көрінісінен болжауға да, бұл жағдайдың құдайдың еркімен хақиқатқа айналуы да хақ. Ал енді мақтаныңдар, заңмен қорғаныңдар, әулиеліктеріңді де қорғаңдар ел билеушілер мен зиялы қауым өкілдері, қаншалықты шамаларың жетер екен? Біздер де күтейік, сендер де күтіңдер; масһаб, муфтият ғалымдары болашақта хақиқат айқындалған сайын шын жүзінде кім надан, кім адам болмақ?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *