Құдайға не жаздым деп өкпе айтқан,
Нәзік жанды көп бүгін таңнан.
«Басыңа қайғы-қасірет келсе» деген,
Екі қол ісімнен біл, сөзі аяттан.
Тағдырды құдай бізге жұппен жазған,
Екі өмірден хабары себеп болған.
Әрбір жанның бұрынғы замандарда,
Күнәлі істері бар сол қол жақтан.
Нәзік жан елдің тегі жаны болған,
Бой өсіріп, сана қуат жерден алған.
Заманның салтын алып қаны азып,
Еріне берер шарап, діл жоғалтқан.
Етектен сана қуат жоғалтпаған,
Қазақта аз ғана нәзік болды қалған.
Ат айналып қазығын табар деген,
Екі аяқ босағаға нәзіктер сенім артқан.
Бой жетіп, аяқ жерден ажыраған,
Жанаттан ақ табан боп жалғанбаған.
Әйелдерден ақ сүтінен ділі азып,
Нағашының толық тегін ұл алмаған.
Араға шайтан кіріп неке азған,
Ішіне пері кіріп, ойы ұрланған.
Қазіргі заманның бұл қасіреті,
Тек азып, қан бүлдіріп отау бұзған.
Сынынан шеңберленген бұзып шыққан,
Ата дәстүр ата жолын салтын алған.
Аз ғана нәзіктер болар төзім іздеп,
Аруақтың айдауымен бағын тапқан.
Бәйбіше, тоқал салтын дәстүр қылған,
Алты рұқ, төрт анаға жалғандырған.
Ата тек — номад нәсіл ұрпақтармен,
Мәңгілік қазақ тегін қайта тапқан!
Ел билік заң шығарып құдай атқан,
Ақ жаулыққа тыйым салып шайтан қылған.
Басын қорғап, арды алу қиын болды,
Европаның салтын әдеп деп атаудан.
Улы жеміс гендірлік саясаттан,
Қазақтың тек пен қанын отап жатқан.
Қияметпен лағынетке елді айдап,
Ата дәстүрін, ата жолын қудалаудан.
Күнде жиын, дүние ісін қалған мақтан,
Қазақта болмады деп мұндай заман.
Қияметтің белгісіне қарсы шығып,
Ібілістің ұрпақтары ел басқарған!
Жегінер жол жабылып азғындықтан,
Жолдауың көз байлаумен арды ұмытқан.
Құдайсыз қурай сынбас деген сөзді,
Имансыз білімділер білсін қайдан?!
(Маусым айы 2017 жыл)