АҢЫЗ ӘҢГІМЕ
Бөлім: Ғибратты әңгімелер
Ертеде бір шаhарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шахарға темекі алып келіпті. Шахар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді жапырлап қоршап алады. Саудагерлер:
— Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады!Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! — деп жар салады.