Ғылым берілу және даналық негіздері.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 71

       Қазақ еліне келген құранда арнаулы кітаптармен көрсетілген пайғамбарларымыз; Һұд, Юныс, Юсып, Ыбырайым, және Лұқман елші болып 31,14,12,11,10-сүрелер біздердің ата-бабаларымыздың шежіресі мен дінінің негіздері болып есептеледі. Қазақ елі үшін әуелі 31-сүре қырыққа толған даналықтан оң бағытқа қарай тура жолдың нәтижесі Бақара сүресіне жалғанамыз. Бірақ оның да адам баласының білімділігі, қасиеттілігі және туғаннан берілген кітап сандарына қарай белгілі жүретін жолдары бар.

 Негізінен 24-сүреден нұрымызды алып әркім дінді меңгеру барысында құраннан өз кітабы арқылы қалған сүрелерді меңгеру керек. Оған кейін жалпы құлшылық түсініктерін бере жатармыз, әуелі жоғарыда жазылған періштелік кітапты 35-сүре 32-аят арқылы меңгерген және 45-аятын толық меңгеру арқылы құран ғылымын меңгерген Абай-Шәкәрім атамыздың алған құран насихатын зерттеп көрейік.

     Абай атамыз 45-аятты толығымен қара сөзбен өрнектеп және 23-сүре мүміндікті қалыптастыруды 223-аят өлеңмен өрнектеп көрсеткенін, осы уақытқа дейін бірде-бір дінші немесе ғалым біле білмейміз. Оған себеп құранның аудармасын қазақшасын оқып зерттемей діншілердің арапшадан өздері аудармалаған шала тәпсірінің кесірі бүкіл сауатты қазақты алжастырған себебінен қазақи аңқаулығымыздан пайда болған. Құран сүрелері болсын, аяттары болсын тақ сандар ішкі құдайлық ақпараттар болып, ал жұп сандық мәндер сыртқы жаратушы себептік қуаттармен қосылу болып есептеледі. Сондықтан аятта; «Үш кісі сыбырласса төртінші Алла, бес кісі сыбырласса алтыншы Алла одан көп не аз..» деп ескерткен. Құрандағы әрбір сүрелердің орнына байланысты және оң солына байланысты екінші, үшінші сандық мәндері шығып отырады. Мысалға 35-сүре солға қарай 53-ші сүренің де мәнін берсе, 11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, 88, 99 санды сүрелер де аяттарда құранның тұрақты аяттардың дәрежеленетін асулары болып саналады. Бірақ бұл сандардың бәрінің негізі 11 санымен дәрежеленіп 11 санды аяттар мен сүре бүкіл құранның қозғалысының негізін құрайды. Адам баласының несібе, рухани ризығы 24 санымен белгіленіп; 35-24=11 санының өзі осы аралықты меңгеруді яғни нұр сүресінің бір есігін айқындайды. 35+11=46; 57; 78; 89; 100-ге толтыру осы сандармен берілген сүрелерді меңгеруге тәуелді. Сол сияқты сүрелер ішіндегі 24 аралық белестер сопылық, тақуалықты меңгеру жолындағы негізгі кедергілер, сынақтар болып есептеледі; 24+24=48;72;96 санды сүрелердің «тарихат», «мағрипат», «ақиқат» деп аталуымен ішкі сырларын меңгеріп тағы төртеуді қосып түгелдеп 100-ге толтырумен сопылық жол деп атайды. Оны Ясауи бабамыз көрсетіп белгілеп кеткенімен, кейіннен ислам сопылары құраннан емес бұрынғы ұстаздардың еңбегінен, сахабалар істерінен іздеп бір-бірден таңдап алып, құдайдай ие тұтып 72 топқа бөліну себебі де осыдан шығады. Болашақта жеке-жеке сандар мәндерінің құпиясына тоқтала жатармыз, енді Абай атамыз бұл Алладан берілген мәрхамет кітабын толық меңгеріп жалпы қазаққа керекті тақуалықтың, даналықтың, ғылым-білімді меңгерудің насихат құранын айқындап көрсеткен.

      Абай атамыз сыртқы бейнесін жазып, рухани сырын ашып сөзбен, өлеңмен бейнелесе, Шәкәрім атамыз ішкі жан сырын көрсетіп, сопылық жолдың белестері мен құранның ғылымдық сырларын тереңдеп түсіндіріп, кейде Абай атамыздың көрсеткен құпия ішкі сырларының сыртқы бейнесін немесе қарама-қарсы жақтарын көрсетіп отырған. Бұндай ақпараттың сырын ашу үшін Шәкәрім атамыздың еңбегін құран аяттарының мәнімен санмен белгілеп шығып, құран аяттарының сандық құпияларын ортасын тауып, екі кітаппен біріктіріп оқып көрсеңіз ғана толық қанды құранның қазақша тәпсірі пайда болады. Ғылым келумен тура жолды өз заманына сай толық меңгерудің нақты көрінісін ислам елі де әлем халқы да болашақта қазақ философиясы мен психологиясынан нәр алары даусыз тек оған діншілеріміз, ғалымдарымыз, әкім қараларымыздың көздеріндегі бөренені алатын және мәдениетімізді қазақтың ұлттық шариғатымен достастырып, қауыштыруға ел басымыздың қожалығынан хабар келіп, арнаулы пәрмен болса деген арманымыз ғана бар ата жолдық өгей баланың күйін кешкен қауымның. Аталарымыз қазақ шариғатын; «Батыр болар жігіттің көбеде болар жұмысы, Қызық көрер жігіттің Бүркітте болар жұмысы. Жаман болар жігіттің Жалаң аяқ, Жалаң бас Итте болар жұмысы. Би болатын жігіттің Төбеде болар жұмысы.» деп ескерткен әулиелігі қазақ басына өтіп жатқан жайы бар. Жалаң аяқ жалаң бас «намазхан» жастарымыздың иттері (жындары) тез жетіліп, енді елді талауды бастады. Байдалы шешен Абылайхан атамыз қайтыс болғаннан кейін; -мені қинап тұрған бұл емес. Таққа ие болу-хандыққа ие болу! Еліме екі емшекті қабат емізсем дегенді ойлады. Бірақ сол Абылайдан сыңар емшекке қарап ел де қалды, Шөлдеп жаздан таяқ жемесе, жұтап қыстан таяқ жемесе, ел ерні кезермесе, менің де ернім кезермес еді. Жазғы шөл. Қысқы жұттан елді құтқаратын қамқоршының қайда екенін білмеймін…» деп толғанған екен.

       Ана тілі үстемдік құрса жер емшегін емгені халықтың, ата аманаты орындалса шал емшегін емгені халықтың. Болашақ хан болуды армандаған ағайын әуелі уәзірлігін дұрыс атқарып, жер анасының сыңар емшегін де дұрыс еме алмай жатқан халықты рухани шөлін қандыруға, екі емшекті қатар емуге ел басына жәрдемге қатарға тұрғаны қазағымыздың салтына да лайық болар еді. Екі емшектің белгісін құраннан іздесеңіз; «Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтта тұрыңдар, ерікті түрде қалағаныңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік.» (2-35) «Және тура жолға келулерің үшін Мұсаға Тәуратты жақсы-жаманды айырушы нұсқауды бердік.» (2-53) Осындай көптеген аяттарды және 35-ші, 53-ші сүрелердің насихатын Абай атамыз 35-ші қара сөзімен; «Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызық нәрсесін іздген кезі өмірінің ең қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күніне айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші жоқ болады екен. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын ит қорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күніне өкінгені пайда болмайды екен…»деп әрі қарай естің қалай қалыптасатын жан сырларын ашып көрсетіп және бұл сандық аяттарды тағы өлеңмен өрнектеп естіліктің өмірдегі қазақша салттық сипатын көрсеткен. Мысалға: «Мынау келген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» «Кешегі Оспан ағасы Кісінің малын жемепті. Мал сұраған кісіге Жоқ қайтемін демепті. Қуаты артық, ойы кең, Жұрттың бәрін шенепті. Досына дәл жаз, жауға аяз, Алысқанды дендепті. Адамдық үшін алысып, Жегішке ақы төлетті…» «Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит (періште) жайды айдар, Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар…Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып пара алған, Пейілі кедей байсыңдар. Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Түзелмесе шұғылдан, Арсылдар да қалшылдыр…».

       Ал Шәкәрім атамыз бұл сүре мен аяттарға өз өмірбаянын арнап үлкен насихатын арнапты. Қысқаша үзіндіден; «… Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар…біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Біреулер бай кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі – тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған…Бізше, адам өмірін түзетуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ…» деген естілікті35-сүре 32-ші аяттағы кітапты алудың, меңгерудің нақты жолын көрсетіп еңбексіз жанатта тұрып қалағанынша жеген атамыз бен анамыздың шайтанның құрығына түсіп жанаттан қуылғанын да астарлап ескертеді. Және бұл сүремен аяттарды «Қазақ айнасы» «Қайтқан шал» деген өлеңдермен өрнектеп 45 санды аяттардың жан сырын да басқалай өлеңдермен суреттеп көрсете білген. Аз ғана үзіндіні келтіре кетсек; «Қаның қашып, жасаурап екі көзің, Не болды деп табалап өзіңді-өзің. Өткен іс ойға түсіп ұялтады. Қисынсызды қызық деп қуған кезің…Енді қайтіп сен мықты бола алмассың, Жас күндегі тұғырға қона алмассың. Кейін баспай, ентелеп ілгері бас. Құр айналсаң, еш жерде оңалмассың. Соны ойла өзге қызық істі ойлама, Біреуге айла, біреуге күшті ойлама. Кеткен қайта келмейді кейісең де, Түнде көрген көлеңке – түсті ойлама.» деп «Қазақ айнасын» жалпы естілігін, дінін бейнелесе, ал шариғаттың базарын «Қайтқан шал» деп; «Күнде керуен келеді бір сарайға, Неше бөлек үйі бар әрбір жайда… Нені іздесең бәрі бар сол сарайда, Кейі залал үйренгенмен, кейі пайда. Сан керуен қылады сауда-саттық, Не боларын көбі тұр байқамай да…Жақсы қымбат, жаманның бағасы арзан, әркімнің өз сүйгенің болар дұрыс…Кейбіреу жүр асыл деп арамды алып, Өз қылғанын демейді ешкім бұрыс…Мен де жүрдім ол жүрген сол сарайда, Тамағым тоқ, қайғы жоқ, төсек майда. Аздан кейін азайды жолдас сиреп, Кетіп жатыр, білмеймін, әлдеқайда…Кейінгіге сәлем айт біз байғұстан, Бұл сарайда көп екен бізге дұспан. Қызықтырып, қыздырып алдайды екен, Біреуі іштен болады, бірі тыстан… Мал да бар лапкесінде, мақтан да бар, Көзіңше мақтан алып жатқан да бар, Көңілдің жұбатқаны-көп ойын бар, Ұстайтын дұспаныңды қақпан да бар…Жар да көп жалындаған жан құмары, Жақындасаң әкетер онан әрі. Жаду көзбен сиқырлап жаныңды алып, Ішіңді елжіретіп тұрғандары… Айырылып серігімнен (ақылымнан, рух) қалдым нағып, Мұңымды ұқтырайын кімге шағып. «А, құдай, өзің оңда»-дедім-дағы, Жөнелдім жапа-жалғыз бүкең қағып. Жігіттер жалған емес, мұным анық, Бұрыннан осы сарай елге қанық, Қайта келмес қақпаннан әрі өткізіп, Шығарып салып мені қайтар халық.».

       Атамыз бұл сүренің өліммен байланысты болып, ұйқы кезінде сол сарайдан малыңды, несібеңді, көретін жарығыңды алып өлімге де осы сүре арқылы аттанатыныңды ескертеді. Бұл сүренің сандық құпия сыры 30 пара мен мұсылмандық бес парыздың бірлігін көрсетіп, ал бірлік дәрежеде 8 кітапты барлық 4 кітаптың нұсқауларының жинағын, яғни ішкі рухтың сегіз қырын, ер азаматтың барлық өнерлерді, естілікті меңгерген «Сегіз қырлы бір сырлы» (се-гіз, ес-егіз) аталып шариғат істерінің шектерін толық қамтиды да 10-шы кітап «Юныс» сүресіне жалғанып 18 санымен Інжілдің өлімді жеңудің, қайта тірілудің, рухтың дәрежелену сипаттарын көрсетеді. Екінші жағынан пайғамбарымыздың «Барлық нәрсенің де, құлшылықтың да ортасын табыңдар» деген өсиетіне сүйенсек Ясауи бабамыздың меңгерген 70 кітаптың дәл ортасы 35-ші хикметтің намазының орындалу амалдары болып есептеледі. «Махабаттың шарабын ішіп рахатқа батқан, Дуананың мақамына кірді достар. Аш пен тоғын, пайда-зиян еш білмеген, Сауық-сайран, қызықпенен жүрді, достар… Шәблі ғашық сайран салды нұрын көріп, Мұстапаны енді көріп, сауал беріп. Дүние азабын артқа тастап, көзін жұмып, Сондай құлдар сауық сайран құрды достар.» (35-хикмет.)

      Бұл тақырыпты «Ғылым келу мен ғалым болу» деген халық арасына 2010 жылы қыркүйек айынан бастап үн парақтармен таратқан басылымға түсіндірме деп және Абай атамыздың; «Ғылым көпке келіп пе? Бірден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген (дін білмеген) көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын (дінді білген) кісінің (аруағының, кітаптың) керегі жоқ па екен?…» (23-сөз) мүміндік қағиданың қалай қалыптасуын түсіндірген кітапқа жалғау деп ұққаныңыз да абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *