Ғылымның қуаты мен суаты (218)

Бөлім: Зікір өлеңдер 110

Жақсы мен жаман парасы,

Ақ пен қуат қарасы.

Нәсілдерден белгі бар,

Аң, құс, жәндік жалғасы.

Мал, жаның деген аман ба?

Жансыз ақыл тола ма?

Жан өспей мал көбейтер,

Күш, қайрат қылық жалғанда.

Білуге құштар жандылар,

Білдім деп малды мақтанар.

Екі сипат мінезбен,

Адам әлде жын болар.

Төрт түлік малды бағатын,

Қуатын жындық ашатын.

Мінезін адам таныған,

Төрт түлік малға балаған.

Момын мінез жуасты,

Қой аузынан деп шөп алмасты.

Қой мінезді деп атап,

Мүміндік сипат тұрақты.

Секемшіл асты талғаған,

Ауырлыққа көніп шыдаған.

Жылқы мінезді қарасаң,

Адамдар бар малы ұқсаған.

Ұлықтық болса маңғаздық,

Аз сөйлер әбден ойланып.

Денеде болса ірілік,

Мінезі түйеге тартқандық.

Менмендік пен мақтан да,

Түйе мен деген жылқыда.

Пайғамбардан қалды өсиет,

Дерегі болмақ ғылымда.

Түлкідей қулық қылатын

Ел билеп мансап қуатын.

Ғылымсыз пенде хайуанды

Арамдық, өтірікпен танатын.

Қораға үрмес төбетті,

Кәсіп қылар дүние күзетті.

Ет ауыртып, арам тері шықпас,

Жалқаулық жастан мінезді.

Мінезін байқасаң ызақорды,

Ит мінезді бұл пенде қоры.

Бірде жеңіп, бірде жеңіледі,

Қатын көп қаншық долы.

Іштен шыққан жұбар жылан,

Қазақта бұл мінезге мысал болған.

Жылдардың он екі мінезі бар,

Хайуанмен, жәндіктермен есеп қылған.

Жыл деген он екі аяқ қозғалдырған,

Әр аяқта отыздан саусақ болған.

Перілігі адамзаттың жыланменен,

Сезіммен ақылға қақпан құрған.

Қылығы адамзаттың жаралыстан,

Ғылыммен жан көбейтіп болар Адам.

Ғылымсыз пенде міні ұқсас болар,

Хайуан мен жәндіктерді байқап тұрсаң.

Ғылымның дәнінен егін еккен,

Мінезіңді ақылмен бірле деген.

Ділің мен тегіңнің жібін үзіп,

Тозақтық қылықтармен төмендеген.

Менменшіл, тойшыл, тойымсыз,

Мінез болса сиырға ұқсаған,

Жуан мойын, мақтаншақ ісі жөнсіз,

Бұқа мінез еркек бар көзі аларған.

Өзің білме, білгеннің тілін алма,

Бұл қарғыс айтылған жындыларға.

Сиыр мінез тобыр, партияшыл

Білімді ілімсіз айтылар надандарға.

Жүрегің сипаты болып қоян,

Үркеді қозғалғаннан қарап тұрсаң.

Ақыл жетпестен қорқар қылық–сезім,

Ит мініп, есек артып, түйе айдаған.

Есек мінез білімін ақыл қылған,

Ел билік, ақын, жазушы партия құрған.

Жапарқұл мырза атақ, дәрежемен,

Дәрігер көп ғылымсыз жаны жұтаң.

Жәндіктей түрлі-түсті таңғажайып,

Жалаңаштық сән деп қылмас айып.

Әйелдерден адамдық сүті қашып,

Мінездері көбелек, жылан, шаян анық.

Ешкі бас діншілер де ғұламалар,

Баққаны бес парыз намазы бар.

Ысқырығы жер жарып қылар мақтан

Мұрты жоқ текеге ұқсас сақалдылар.

Үстінде шапан, басында сәлде ораған,

Дегенін қылмағанмен араз болған.

Тәпсір білім, құранды жатқа алып,

Қоразға ұқсамай ма сопы, имам.

Есектей шама келмес жүк көтерер,

Есепсіз ғылым болмас жанға келер.

Ар, ұятты меңгермей адам болмас,

Көре алмас іші тарылған есі кемдер.

Қара нәсіл құмырсқадай жүк көтерген,

Нәсілмен мінез-қылық бірге жүрген.

Сырты қазақ, сөзінде салмағы жоқ,

Жаны әлсіз, алтау араз иттей үрген.

Мысық мінез нәзіктер ділі азған,

Ит мінезді еркекпен нәпсі қосқан.

Мінездер қайшылығы жауластырып,

Көрместей кетер қайта қосылмастан.

Құранда жәндіктерден мысал келген,

Араның тілі улы, бал өндірген.

Аналық омартасын күзетеді,

Рұқ пен жаннан осылай дәлел берген.

Қазіргі заман теңдігі гендір деген.

Нәзік жанның қылығы мүлде өзгерген.

Еркектің қылығымен бал жинамақ,

Бал орнына қол,аяқтан уын берген.

Беті адам арты шаян у жинаған,

Мінезі елдің арсыз салты болған.

Қара қатын, қызыңда бой жарықсыз,

Бірі қаншық, бірінде суық жылан.

Мінез бар елде тілемсек, дәме деген,

Бұл қасірет нәсіл боп әлем кезген.

Әлемнің арсыз салтын жинап алып,

Сығандықтың бұл түрін көбейттірген.

Абайдан сөз қалды ма түзелмеген,

Ел мінезін жетпіс екі түрге бөлген.

Ала қойды көргенде көзі ауырып,

Қасқырға қой бақтырған кім дер едің?

Құзғындықтың сипаты дінмен келген,

Жан өлтіріп, ібіліске қызмет еткен.

Ата жолы, дәстүрін заңмен соттап,

Ғылымсыз ел жаңғыртпақ білімменен!

Алты аймен малдық қуат жан өсірген,

Он күнің рұқ пен жанды бірлендірген.

Қазақта бұл сырды шешкен дана,

Шәкәрімдей әулиең бар, ғылым білген!

(Желтоқсан 2018 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *