Һұт-Мәлік Сыдық пайғамбар зияратына барғандағы ой.

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 59

«Асалаумағалейкум» деп келдік,  баба

Бізде өзіңнен тараған ұрпақпыз, әлі бала.

Сәлемізді қабыл алып, үн қатшы бізге баба,

Ақыл бер, адасқан біздердей ұлмен, қызға.

Жұмбақ боп жатырсың ба?- дана баба

Тілдесіп жаратқанмен, елшісі болған дара.

Хикметін, мұғжизасын, кітап алып

Әлемге исламнан үлгі болып, ашқан сана.

Ақжолтай баба, әлемге болып едің,

Талай жыл, өзіңді іздеген балаң менмін.

Сүреңнен өзің алған, мен аятпын,

Жалғанған аруағыңа, ағаштан дәнің едім.

Қазаққа мен де Ақжолтай болсам деймін,

Батаңды баба өзіңнен алсам деймін.

Білемін әлі шикі, ақтамай жүрген сенім,

Болашаққа бағдар беріп, жолыңа салсаң деймін.

***     ****

Қай ғасыр, қай замандарда өттің екен?

Арманыңда мұндай заман болды ма екен?

Біз Қазақтың жалғасы, өзіңнен тарағанбыз,

Сан ғасырлар аруағыңнан көктеп өскен.

Мұхаммедтей пайғамбардан дерек еді

Адамзатың асылы ол да рухыңнан желек еді.

Пайғамбарлар анасы бөлек болғанмен,

Рухани әкеміз біздердің бір, деген еді.

Астарын бұл өсиетің кім бар шешкен?

Ұрпақтарың адасты баба бүгінгі өскен.

Санасыз көп, санды айтқанда түсінбейтін

Жан ғылымын шығардық, мүлде естен.

Құранда тұрсың баба бірліктердің басы болып,

Он бір санды Һұд сүресі адамзаттың Құты болып.

Мәлік Сыдық аталып, біздерге үлгі қалды

Бата берген Ыбырайымға, Алланың досы болып.

Адамның басы Алланың добы деген,

Қанша бас, аруағынан таралып өсті екен?

Қанша жанға уахи болып батаң дарып,

Құлшылықта әулиелікке жеті екен?

Зияратыңа тағзым етіп, сұрау салдым,

Білмекке бұл жерден санның мәнін барын.

Тоқсан бір, деген артынша жауап келді,

Менімен бірге, деген әулие санын.

Тоқсан ауыз сөздің бір түйін боп,

Шәкіртерің әулиелер жиыны боп,

Күтіп халқын оянар, деп күтіп жатқан,

Айша ана туымен тура жолдың үлгісі боп.

Қияметің сын сағаты соқса, деген

Аруағың Мәді болып шығып жерден

Көктен рухы Ғисаның періште боп,

Ата жолы осы еді, бабалар салған ізден.

Кешір баба мәңгүтенген ұрпағың көп,

Сенімі бар дінге, бірақ иманы жоқ.

Ұлтымның мен де, өзіңнен тұяғыңмен,

Ел үшін жаным пида, беретін сұрағым көп.

****   ****

Тастарына зияртыңның таң қаламын,

Өздігінен көбейіп, үлкейумен жарылғанын.

Бұл  хикметтің ішкі сырын, сезіп, білдім

Айта алмаймын білемін жынды атарын.

Әлем халқы күтіп жүр баба өзіңді,

Махди болып Ғисамен, айтар сөз кесімді.

Бата берген Ыбрайымдай данаға да

Жалғанайық біздерге батаңмен бер ізіңді!

Оятшы ел билеген қазағымның басшыларын,

Нұрдан зекет, көзін аш ойшылдардың.

Сын сағаты соқты деп, дабыл қақшы,

Есіңді жи, арыңды ізде, деп ұрпақтарым.

Білемін  басшылардың намысы оянады,

Зияртауға заң шығарып  жол және үй салады.

Бәрі бірдей олардың опасыз, кәпір емес,

Зиялы қауым да, дәстүріне қайта оралады.

Халқымның шаруа баққан көп тілегі,

Көп үшін келдім, баба  кешірімді берші енді.

Ерлер бар қазағымда, естісе тыныш жатпас,

Ел басы өзі келіп, бұл сөзімді ісімен бекітеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *