Іңкәр жүрек(156)

Бөлім: Зікір өлеңдер 69

Іңкәр жүрек түнектен,

Алып шығар жарыққа.

Аманатын Алланың,

Арқалап келер заманға.

Қай ғасырда дүниеге,

Жүрегі кімге келседе

Құдіретін Алла таниды.

Жалғаналы мөріне,

Елшілігі Бір Алла,

Таза ақыл үнсіз тіліне.

Хабаршылық арада,

Ашылар жүрек көзіде.

Жан береді қайтадан

Ұйқыда жатқан өліге.

Жетеден сана ашылып,

Тыңдатып жүрек үніне.

Жер анаға табан жалғанып,

Уахи мен аян көріне.

Жүректерді Алла қосады,

Бірлігі ислам дінінде.

Үш сүйюді меңгерген,

Иманның гүлі мүмінге.

Іңкар жүректер тыншымас,

Қосылмаса бір-біріне!

Тоғыз төре төбеден,

Бірлігі жүрек әлемге

Жалғанып қуат алатын,

Алладан келер ілімге.

Жеті жүрек тіріде,

Екеуі ақирет өмірде.

Өлілер риза болмаса,

Бекімес иман сенімге!

Жер мен көкке жалғанар,

Алланың нұры жібіне!

(Қазан 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *