I- Ойға түрткі, ақылға дем                                Ұлт жобасы, арманы – Әлеуметтілік  туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 46

      «Баста жаратылыс сөз болған, сөз құдайда еді. Құдайдан сөз нұр болып бөлінді»-деп түсіндіреді Інжілде, ал құранда Раббымыз; «Алла бүкіл әлемді шындықтан жаратқан» дейді. Сөз шындықтан, ал шындық жаратушының ойы – таза ақылдан яғни ғылымы мен кереметінен жаратылғаны да хақ. Адам атамызға атау сөздерді, әлемдік шындықты үйретіп, онан пайда болған жаратылыстың қасиеттеріне ат қоюды бұйырып, Адам атамыз жаратылыстың нәрселеріне ат қойып шығып, өзінің ең жоғарғы ақылды жаратылыс егесі екенін барлық періштелердің алдында дәлелдегенін баяндайды құранда. Сондықтан әрбір қасиеттің, қозғалыстың, тектің ішкі сыры, үні-зайыры болып, сол үнді танып, анықтап, оған ат қоя білу адамдықтық жалғасы, ғылымды меңгерудің, ақылды жетілдірудің, әулиелік, даналықтың белгісі болып табылады.

    Жаратылыста қарсылықсыз ештеме өздігінен қозғалып, өсіп өркендей алмайды да. Сондықтан Алла тағала бұл қарсылықтың негізіне Ібілісті арнап жаратып, ібілістің жыннан жаратылып, дүниелік, жер бетіндегі тіршіліктік білімді меңгеруге және адамзаттың еркін, еріктілігін адамдық болмысын сақтауға түсірілген дініне, ілімге әрқашан теріс ойды және онан пайда болған білімді қарсы қойып отыруды міндеттеген. Олай болса біздің білімді меңгеру тұрғысында  таза ақылдан Раббымыздың ғылымынан, нұрынан қуат алып отырмасақ және бізге замандық қозғалысқа қарай, әрбір пендеге түсіріліп отыратын ілімге-жобаны алып, ілім мен білім ортасынан ғылымын, таза ақылдың үнін тауып, білімнің қарсылық үнін тазартып, іліммен бейімдеп үшінші текті қалыптастырып отырмасақ, адасуға түсіп тура бағытымыздан айырылып, ібілістің жолына түсіп аламыз.

Олай болса, бұл ғылымның негізі сөз атауларының әрбір жүз жыл сайын өзгеріп отыруын және өзгермейтін де тұрақты сөз атауларының замандық білімге қарай бейімделуін зерттеп, сандық қуатын анықтап, ұлттық тіл білімінің өркениетін қалыптастыру философия, дін мектебінің, зиялы атты қауымның шұғылданатын негізгі қызметі болуы шарт. «Барлық бәле тілден келеді» деген данагөй бабаларымыз. «Тіл деген сіріңке сияқты, бір тал сіріңкемен бүкіл орманды өртеуге болады, сол сияқты бір ауыз сөзбен алапат соғыс өртін тұтады» деп түсіндіреді інжіл жазбаларында.

Енді бүгінгі таңда қазақ мемлекетінің ұстанған саясатындағы ұлттың арманы, жобасы әлеуметтік даму, яғни шаруашылық, өнеркәсіпте әлемде алдыңғы қатарда келе жатқан 30 елдің қатарына қосылу деген бағдар жасалып, бұған бүкіл қазақтың ел билеуші, зиялы білімді қауым өкілдері халыққа ұрандап, ел басымыздың бұл жобаларымен көп ұзамай дүниелік дағдарысты жеңсек болды, бақытты елге айналамыз деп ұрандатып жатқаны да белгілі жағдай. Бірақ Раббымыз; «Ертең қандай істі бастайтын болсаңдар Алла қаласа деп айтыңдар» деген аятта. Мұндай жағдайда; Қандайда бір алға қойған мақсат, мұратымызға белгілі бір сөз ұғымдарын пайдалану үшін де Раббымыздың бізге білдірген сөз ғылымына да сәйкес болмаса, ібілістің жолын дәріптеушіге айналатынымызды да естен шығармау керек.

Сонымен ел басымыздың ұлттық жобамыз, арманымыз яғни болашақта бақытты мемлекетке, құдай патшалығында, алтын ғасырда өмір сүретін, қайырлы елдің тұрғындарына айналу үшін, бірінші экономикалық өркендеу мен елдің тұрмыстық, дүниелік өмір сүру деңгейін алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қоссақ болды екен. Бұл қозғалыстың екінші бөлімін әлеуметтік жағдай деп атау беріп, қазақтың зиялы, білімді қауымы  түсіндіріп, үгіт насихаттарын жаппай ақпараттық жүйелерден халықтың құлағына құйып жатқаны да хақ. Қандайда қозғалыстың үш түрлі тектің араласуымен болатын қазақта даналар; «Үш ағашқа атын байламаған еркек, еркек емес» деп астарлаған екен. Ата жол жазбаларында ел билеуші мен зиялы қауымды сынап, олардың әлемдік тұрғыда «Армагеддондық», яғни ібілістің жолына қызметке тұрғанын, қазақ халқының «ұят, жете, ұждан, сана, ар» деген бес күнінің жоғалып, қияметтік мезгілді қолдан жасап жатқанына дәлелдер берумен, құдайдың ескертуін де жеткізумен келеміз, бірақ оны тыңдайтын «қатты құлақтың» (жынсыз) ел билеушілер мен іс басындағылардан көрінбей жатқаны да жалған емес.

Енді бұл жағдайға тағы нақты дәлел келтірсек, ел басымыздың экономиканы жоғарғы деңгейге көтеріп, халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруға қабылдаған шешімдерін терістеуден аулақпыз. Қазіргі таңда ең дұрыс та, әрбір батыл да қадам екені сөзсіз. Бірақ әлеуметтік жағдайдың, осы екеуінің ортасын таразы басын тең ұстап тұратын ұлтымыздың руханиятымен, дінімен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен туындайтын ұғым екенін ұмыттыруға, ібілістің салған теріс ойымен ел басшыларымыздың үлкен қателікке бас ұрғанын да білген жөн. Әлеумет деп; «Алла жолында қажырлық танытып, сенімімде нық ұстанған, қандай қиын-қыстау сынақтарда «Құдайсыз қурай сынбайды» деп тәуекелінен ажырамаған,  Алланың хикметті білімнен үлесін, кітабын алған топ болып, Мұхаммедтің шапағатына жалғанған әулие-әмбилер, даналар, абыз, би, батырлар тобынан болып, ақиреттен елшілік ісін атқарушылар болып саналады.»

Сонымен қазақтық әлеуметтік сипаты, «Өлі риза болмай тірі байымас» деген ұғыммен, әрбір пенденің осы топқа жалғанып, үш байлықты шамасына қарай меңгерумен ғана өлшенеді. Бұл үш байлықтың шамасын «ұят, жете, ұждан, сана, ар» атты бес қуаттың жағдайымен анықтауға, негізінде әрбір пенденің ай нұры, ақтың ішіндегі апталығы болған жеті өрісінің, бой жарығының жағдайына да тәуелді болмақ. Ал енді қазіргі қазақтың әлеуметтік жағдайын әйел, қыздарымыздың етегімен, яғни төменгі саналық қуатымен және ақ жаулық діл қуатымен, қан тазалығымен өлшейтін болсақ; онда тәуелсіздік алғаннан бер 25 жыл ішінде қазақтың жалпы тарихында болмаған ең төменгі әлеуметтік жағдайға құлдырап, енді мұны жасыру үшін, ібілістің ұрпақтары бұл ұғымды тұрмыстық, дүниелік жетістікке айналдырып алуға үш тағандық саясатты ұстанбауға мәжбүр еткені де хақ. Ел басшымыздың әуел бастан «гендерлік теңдік» деген әлемдік азғындық жолға қолдау беріп, 25 жыл ішінде ең болмаса ұяттылықты сақтау туралы, ер әйелден, қыз жігіттен ұялайық деген бір сөзді айта алмауына да себеп болғаны хақ. Сондықтан дәстүр деген киелі ұғымның, әйелдердің ақ жаулығы мен етегінің қадірі сияқты кез келген салттың, әдеттің жетегінде кетуіне жол берілгені де жалған емес.

Әлемдегі барлық қияметтің, дағдарыстың себебі де осындай әлемдік әлеуметтік жағдайдың ібілістің басқаруына өтіп, дінді теріске алып, ақиреттік әлеуметтік топтың басқаруына көнбей, азғындыққа түсуіне құдайдың жауабы, лағнеті деп түсіндіргенмен мұны қабылдайтын бөрікті бас қазақта табылмай жатқаны да жалған емес. Үлкендік жасқа жетіп жігіттік-жындылықпен қоштаса алмай, жалаңбас «қақ-ты басқа» айналғандар да бастағы төрт жын қуатының тазарып «қатты құлақ» болып, жанына құпия білім аян, уахи алуы да мүмкін емес. Сондықтан біздің бұл дерегімізді мұндай білімді қауым өкілдері ұждансыз ақылмен қабылдаулары да мүмкін емес. Себебі ұяттылықты толық меңгермей жетелік жетілмейді, ал жетелік азда ұжданның толық жетілуі де мүмкін емес. Егер ұжданның көңіл құсы жетілмесе, онда сананың да қалыптасуы мүмкін емес. Ал саналық қуат аз болса ар сауыты да қалыптаспайды. Осындай себептерден кез келген білімді немесе дін меңгерген ілімді пенденің ібілістің ұрпағы немесе шайтанның жамағаты болудың да заңдылық екені, ал кітаптан ғана меңгерген білімнің ақылға айналып, тура жолдың қисығына түсіп алуға ғана жағдай туғызады. Сонымен мұндай жағдайда қазақ ұлтының арманы, болашағы, құдайдан алатын жобасы да, ұлт әлеуметінің, әулие-әмбилерінің аруағынан беріліп жатқан құдайлық хабарларды ескермей ой жорумен, біліммен ғана шектеліп ел билеуші, іс басындағылардың өздері жер тәңірісіне айналып, құдайдың орнына өздерін қойып, жол-жоба жасап алуына да себеп болатыны хақ. (жалғасы бар. Қаңтар 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *