I-Құран және қазақтың сөз ғылымы

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 96

      Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайын осыдан 3-4 жыл бұрынғы кезеңмен мүлде салыстыра да алмаймыз. Енді бұл жағдайды немен өлшеп тануға болады деңіз. Сонымен нақты деректерге жүгінсек; 2004 жылы «Ақиқат бастауы» атты кітаптың 1-ші бөлімін шығарып және кітап түрінде таратқанмен оны зиялы қауым өкілдерінің оқудан бас тартқанды былай қойғанда, ел билік тарапынан  қудаланып, тиым да салынған болатын. Ол кітапта қазақтың дәстүрін, әдет-ғұрпын, дін ұстанымдарымен бірге құранның  қазақ тіліндегі аудармаларын Халифа Алтай атамыздың аударған еңбегімен салыстыра отыра өз пікірімді жазып сынаған да едім. Және онай кейін де 10 шақты кітап түрінде, мыңнан астам тақырыптармен ата жолының қазақ дәстүрі болып, құранның аяттарымен, пайғамбарымыздың өсиеттерімен және әлемдік тұрғыда киелі кітаптар насихатымен, философиялық білімдермен, іргелі ғылым деректерімен, Абай-Шәкірім және қазақ даналарының қалдырған мирас, аманаттарын сандық ғылым тұрғысында тылсымнан әулиелердің батасымен, көрсеткен аяндарымен баяндап шыққан едік.

Сонан бері талай қазақтың білімді, қазақтың арын, намысын ойлайды деген зиялы атты қауымның есіктерін жағалап, бірінен ескерту алып, біреулері апарған жазбаларды тартпасына сала салып, біреулері арқадан қағып шығарып салып, ал дінді білемін дегендердің тарапынан қарсылық сөгіс, ұрыс естіген жағдайымыз да көп кездескен де еді. Сол кездерден бастап  аруақтардың  білдіруімен, ескертуімен қазақ халқына келетін рухани сынақтарды және бүкіл халықтың түбінде амалсыз қазақ дәстүріне, ата жолы біліміне, қазақ даналарының көрсетіп кеткен жолына келуіне мәжбүр болатыны да қайта-қайта жазылып, ескертіліп келгенмен құлақ асқан ел билеуші, ақпарат басындағыларды көре алмадық. Ал, енді бүгін неге қазақ дәстүрін мойындаушылардың көбейіп, қазақ даналығының маңызын түсінушілер, оны дәріптеушілер аяқ астынан бұрынғы қарсылық пікірін өзгертушілердің саны күн санап артып келеді? Бұл екі жүзділік пе, әлде құдайдан қорқудың нышаны ма?

Ал негізінде бұл Құдайдың әрбір пенденің, елдің тағдырын қалауынша өзгертеді, қаламаса мүлде ақылын алып қойып, дүниелік білімінің соңына ит құсатып ертіп қойып, адастырып, азаптай да алатынына айқын белгі де болады. Бірақ қаншама өтіріктер мен жалған, тарихта, шығармашылықта бұрмаланған ақпараттың арқасында жағарғы лауазымдық орынға жетіп, халық алдында уақытша бедел жиғандардың ары болып, көместік «метафизикалық» тұрғыдағы шындықты түсініп, болашаққа қам жасау түгіл, мұндай құдайдың хақиқаты, сынақтары арқылы нақты бейнеленген уақиғаларға, ұлттық тағдырға, шынға айналған жағдайды мойындап, әділ заң шығарып ата жолын түбегейлі зерттеуге деген ниеттің жоғына, тағы да бұқара халықтың куә болып қана қоймай, құдайдың елге түсірген сынағының зардабын тартып жатқаны да хақ. Бұл жағдайдың мәнісін сұрап Раббымызға сұрақ қойғанда, Ясауи бабамыздың аруағы арқылы жауап келген еді. «Жалпы қазақ елінде, ұлтында 10 мың ғана жетесі бар адам баласы бар. Солардың осы ата жол жазбасын оқып меңгеру арқылы ұждандарымен 100 мың адамның жетесін ашып санаға жол салады» деген бата келді. Және іс басында тұрған ел билеушілердің 7-еуі ғана жетелі болып, қазіргі таңда 9-ға жетті деген хабар да келді.

Олай болса сана, ар қуатын толық меңгерген қазақта зиялы қауым өкілі жоқ. Бір ақыл-жетелікті де енді меңгере бастағандықтан бүгінгі таңдағы жақсылыққа деген ниеттің пайда болуы, ата дәстүрінің кең насихатталып жатқан көрінісі бар, бірақ әлі екіжүзділік тұрғысында ғана. Себебі Ар, ұят туралы пәтуаның болмай, ұятсыздық арқылы қазақ дәстүрін, дінін, тілін дәріптеу деген тағы да шайтанның ықпалын жүзеге асырумен байланысты да. Біріншіден; ата жолы «Өлі риза болмай тірі байымас» деген қағидамен қазақ дәстүрінің негізін қалап, барлық дін шариғат,  тарихат, мағрипат, тарих, шежіренің ақ бастауы өлілермен байланысты, ақиретік өмірмен жалғанумен ғана көрінісін табады. Ал енді заң жүзінде ата жолын соттап, қудалап екінші жағынан сол пенделердің аузынан дәстүрді мақтап жатқаны тажалдық қана. Екіншіден; Мейлі өнерде, әдет-ғұрыптық амалдарда, күнделікті тұрмыста болсын, қазақтың ар білімі болған ұяттылықты толық меңгермей, дәстүрді орындаған болып саналмайды. Дәстүрлі ән салып, я басында, я үстінде ұлттық киімі жоқ немесе үстіне ата-баба шапанын жамылып, басы жалаңаш дәстүрлі ән деп халық алдына шығып жатқан өнерлілер тажалдың еркін орындап арсыздықты дәріптеу болып саналады.

Жалпы қазақтың дәстүрі болып, Ар біліміне ешқандайда қайшылықта және қарсылық зиян келтірмеген жағдайда ғана мұндай намаз орындау құлшылықтары дәстүрлі амалға жатады. Ал Ар деген 8-ші өріс «Ақ сауыт» 7-ші өріс сананы бекітіп тұратын Алла тағаланың Өзі сипаты болады. Олай болса басы жалаңбас жүрген қандайда бір мейлі ғұламаның болсын сана түгіл жетесі толық болмайды. Сондықтан мұндай жоғары лауазымды пенделердің бойында теріс ақпараттар болып, үлкендік жасқа жеткенмен ішкі дүниесі, жандары тазара алмай, кісілігі жетілмей, жетеге жол ашатын нақты амалдарға қарсылық білдіріп, әділетті заңдар шығаруға қорқады, ақылы жетпейді де. Сонымен бірге мейлі қандай жаратылысынан текті болып туылған еркектің некелі жұбайында ақ жаулық пен төменгі сана етектік киіз қазығы, бой жарығы болмаса, еріне беретін қанын қуаттандыратын таза шарабы болмай еркектің жаны жетілмей санаға жол жабылып, ұжданы, жүрек көзі ашылмайды. Қазақ дәстүрі масһабпен ғана шектелмейді, үш сауалға жауап алумен нәтижеленеді. Ал үш сауалдың негізі үш байлық болып; «Денсаулы, Ақ жаулық, Он саулық» деп аталатынын білмейтін қазақ жоқ  болар.

Сондықтан араға қайшы екі жүзді заңдар шығарып ұлттың, болашақ ұрпақтардың тегінің әлсіреуіне, ата дәстүрді дәріптеу арқылы көз бояушылықпен айналысатын тажалдың еркін орындайтын қазақ ел билеушілерінің бүгінгі таңдағы көрінісін қалыптастырғаны да хақ. Бұл жағдайға нақты дәлел болған; «Ауруыңа ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» атты жазбадағы 70-тен аса әлемдегі қамысқа түскен өрттей, адамзат ғұмырын жалмап жатқан індеттердің себебін жазып таратқан едік. Бұл жазбаны таратқандарды ел билеушілер түрмеге қамап, айыппұл салып, керісінше құдайдың лағнетін түсіріп , Перғауындық билеушілер сияқты халықты тозаққа қарай бастап келе жатқанын аңғаруға шарасыз. Бұл сөзімізге айғақ болатын әрбір алты ай сайын, екі жылдан бері Құдайдың жіберетін сынағын алдын ала ескертіп жазғанмен, оның 70 пайызы нақты шынға айналғанмен, бұған ойыншық түрде қарап құдайды жеңбек болып, бүгінгі болып жатқан су апатын қолдан ұйымдастырды дегенмен, мұны түсінетін саналы адам баласын қайдан табасыз? Демек, ақылдың маңызы жоқ, ата-бабалардан қалған мирас білімді ақылмен өлшемей, ой жорып, сондықтан да  құранды түсінуге деген қазақ сөз ғылымының маңызы, беделі жоқ десек жалған емес. Ал енді 2-3 жылдан кейін бүгінгі жағдай мүлде өзгеріп, ел басшылары амал жоқ ата жолының, құдайдың әулие аруақтары арқылы беріліп жатқан талабын жүгіріп жүріп орындап, бүгінгі күнгі тажалдықтарына өздері қарсы болары да хақ. Неге десеңіз құдай мұндай рұқы өлі, дүниемен көзі байланғандарға азаптар мен сынақтарын арттыратыны да сөзсіз. Ештен кеш жақсы ағайын, деген сөзімізді тағы да жалғап көрейік. Мүмкін бір адам баласы болса да өзін, жан ұясын, ұрпақтарын мұндай қияметтік сыннан аман алып қалар деген үмітіміз де бар…(Жалғасы бар Сәуір 2015 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *