II-Құран және қазақтың сөз ғылымы, дін ақылдың сәждесі

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 51

        Әлем халқының бүгінгі замандағы ең үлкен алаңдатушылық туындатып жатқан түрлі бүлікшілік және таң қаларлық адам ақылы жетпейтін уақиғалардың, көріністердің біздің замандық білімнен тыс «метафизикалық» жағдайлардың көрінісін түсіндірмек болған философиялық пайымдаулармен және талай дін топтарының туындауына себеп болып жатқаны хақ. Сонымен мұндай құбылыстарға қазіргі болып жатқан қияметтік оқиғалардың жауабы, түсінігі бар ма?-деген сауалды қойып жатқандарымыз да жеткілікті. Неге  «гендік»теңдіктің, «демократияның»  үлгісі болған Америка құрлығында апаттар 3 есеге артып және біздердің қатарына қосыламыз деген дамыған аталған мемлекеттердің де осындай кенеттен, тосыннан келетін табиғаттың тосын мінезінен зардап шегіп жатыр? Бұл жағдайлардың теңізге жақын орналасып, табиғаттың кездейсоқ оқиғасы десек, мұндай теңізі жоқ және теңіз деңгейінен ең биік жерде орналасқан қазақ елін су басып жатыр. Көрші тұрған қырғыз, өзбек, орыс, тәжік елінде неге мұндай жағдай жоқ?

Және қазақ елі сияқты өртпен, жол апаттарымен, түрлі індеттермен де қайғы-қасіретке  ұшырап жатқан түрік елдері де, көршілеріміз де  неге аз? Ал енді бұған ескертуді, Раббымыздың белгілерін, біздің еліміздің болашағы қандай болады деген сауалдарға жауапты алдын-ала беріліп, оны тыңдайтын ел билігі, білімді қауым болмай енді соның зардабын тартып жатқанымызды білеміз бе? Әрине мұны түсінетін қазақта аз ғана адамдар тобы бар десек жалған емес. Неге соншама білімі жетілген ел тұрғындары бар бәріміз бірдей түсінбеуіміз керек деп сұраңыз. Барлық біздің сауалдарымыздың тегін осыдан тарқатқан да дұрыс болар. Әр халықтың сөз байлығы, үндік ерекшелігі, тұрмысы, әдет-ғұрпының ерекшелігі болғандықтан өздеріне тән ақылдың тәрбиесі, білімдік қуаты яғни дін дәстүрін сақтаумен тікелей байланып тұрғанын да білген жөн. Себебі бұл әлемдік жаратылыстың бұлжытпас заңдылығы, қуаттардың жүйесі болады. Бұл қуаттардың жүйесінің әрбір жаратылыстың нәрсесіне берілген жаны, яғни діні болады. Жаны бар нәрсенің бәрінің белгілі бір түрлену, өзгеру, жоғалуы болады, онда діні де болады. Сонымен жоғарғы ақыл иесі адамзатқа түсірген барлық діндердің бірлігін ислам қылып түсіріп, әлемге түскен барлық ақпараттардың жүйесі сандарға бағынышты құран арқылы қандай сауалға да жауап бар десек; Ол хақ. Олай болса құран барлық бізге керекті ақпараттардың кілті болып, оны пайдаланудың тәрбиесін, білімін құлшылық (қызмет), сәжде (таным, тану)  деп атаймыз.

Барлық жаратылыс нәрселері Алланың әміріне, түсірген дініне бағынады, себебі Алладан басқа тәңір яғни қуаттардың жүйесі бастауы да жоқ. Сонымен жаны бар жаратылыс егесінің өзінің шыққан тегін жаратушысын тануы міндетті болмақ. Бұл міндет парызды; Сәжде-Тану деп атайды. Олай болса аятта; «Мұхаммед көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.»(22-18) Олай болса қазаққа ғана емес, әлемдегі исламдық діншілердің дінді тек мешіттермен шектеп, бес парыздық намаз оқып, ораза тұтып, қажылық жасаудан тұрады деген пәтуалары тажалдық болып, діни «экстремизмнің» құранды оқып түсіне алмаған ақымақтық надандықтан туындап жатқаны да хақ. Масһабты тура жол ғылымға айналдырып алған қазақтың барлық  сенуші білімді қауымдары надандар болып саналуы керек. Бұл Аллаға ортақ қосу болып саналады да.

Сонымен Алланың үкіміне; «…күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады.» яғни белгілі жан болып берілген, діннің аяттары мен шарттарына бағынып, қызмет құлшылық қылады. Бірақ; «Және де олардың көбіне азап тиісті болған.» деген үкімді адамзатқа ғана тиісті болғанын растаушы болып; «Рас аманатты (қарсылық дінді, нәсілдерді) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, залым, тым білімсіз…» (33-72) Олай болса, жаратылыстың адамзаттан басқасы тұрақты діні болып, ал адам баласының дініне қарсылық болған күнәлардың, адамзаттың өмірден өткен, дамымай қалған қозғалыс себептерімен замандық уақытқа тәуелді түрде жүктеліп, күнәсынан тазартып, ақтап алып және мұндай қуат жүктерді, тек, нәсілдерді меңгеруге үнемі ақыл күшін арттырып, дамытып отыруға мәжбүр боламыз. Демек дін ғалымдарының пәтуаларының; жын, нәсілдерді теріске шығарып бас тартуынан да адамзат қауымына азаптардың түсуіне себепші болады.

Біз қандай жағдайда өмір сүрсек те дін-жанымызды тағдырымызға жазылған  ата-бабаларымыздың  аруағы-ғұмыры кітабын алып, жалғанып, жүктеліп тазартып қайтару аманатымыз болып саналды. Енді әр ұлттың бұл тұрғыда жол-жобасы, яғни қалыптастырған әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болып өткен замандарда әлемдік қозғалыспен тұтастыққа жалғанумен қалыптасқан өмір сүрудің шежіресі — өмір шындығы болып табылады. Бірақ біздің ата-бабаларымыз белгілі бір тарихи оқиғаларды бастан кешіп, оған амалдарын тауып бірде жеңіліп, бірде жеңіп ұлтымыздың тегін, жанның өркениетін сақтай білгенімен, мұндай жетістіктерін сол қалпында алып салтымызға айналдырудан да керісінше тоқырауға түсетініміз де хақ. Неге десеңіз әр заманның білімдік тұрғыда дамуының үдерісі болып, оған ақылымыздың қуаты да сәйкес болуы шарт. Және осындай жағдайда ақылдың тәрбиесін бұрынғы замандағы даналардың қалдырған өсиетін, насихатын сол қалпында алғанмен де зиянға ұшыраймыз.

Мұндай жағдайда шариғатты жол- ғылым қылған исламдық дін ұстанымының кесірі бүкіл әлемге тигені де сөзсіз. Себебі ақылды пайдаланғанмен оны жетілдіріп біз өндіре алмаймыз, оны тек жаратушының өзінен ғана алып отырамыз ескі ақылға білімді қосып Алланың нұры-таза ақылдан қуатын қосып алу арқылы ғана ақылдың жаңа сапасын өндіреміз. Ол үшін де құранды түсіну, бұрынғы замандағы даналардың, ғалымдардың қалдырған еңбектерін түсіну қабілетімізді ақылдың дәрежесін солардың деңгейіне дейін көтере алғанда ғана ақылымызды одан әрі қарай қуаттандыруға мүмкіндік болады. Мұны енді жан, сөз ғылымы, дініміздің сәждесі, танымдық ақылдың дәрежесі, жетелік деп атаған жөн. Тура жол деп сөз ғылымын жоғарғы дәрежеде меңгере білумен, ақылдың саналық қуатын меңгерумен және біртұтас халықтың, ұлттың еркін меңгеру үшін салт-дәстүр тұрғысындағы құлшылығына айналдыра білген елдердің дін ұстанымын айтамыз. Бұл жағдайда бұрынғы замандарда әрине құраннан биік үгіт және ақылдың білімі де болған жоқ. Бірақ бұл белгілі бір орта топтың дәрежесі, тұрақты қазығы, үгіті болып қалып, құранның насихаты аудару арқылы үндердің қуаты жетілген ұлттарға ауысып отыратынын да мойындауға неге шарасызбыз? Қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде», «Жетесізге жеті айтсаң да, санасызға сан айтсаң да түсінбес» деген нақылдың  сыры; жетелік ақылдың арттағы шежіреміз тарихпен, тарихатпен ал сана ғылымды болып, болашақ пен ақиреттік өмірдің, қияметтік уақиғалардың сырын, жанның құпия білімін меңгерумен мағрипаттық дін білім дәрежесімен байланысты екенін құранның аяттарында баяндап тұрғанын білеміз бе? ..(жалғасы бар. Сәуір 2015 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *