Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
( Жалғасы, басы1;- 23;-шы бөлімдерінде)
Сонымен бұл жазбаның негізгі мақсаты да діншілердің, теолог ғалымдарының тажалдық білімге байланып жын, шайтан қуаттарының адамзаттың еркек, әйел гормондық жыныстық қуатының негізін қалап, адам баласының ақылы, жаны арқылы бір тұтастыққа, қарекеттік, кісілік, періштелік бейнемен жаннатқа барлық періштелердің даналықпен бейнеленген жарықтың күрделі сапасы Адам болып енетінін әрі қарай бүкіл жаратылыстың түрлендіруші орындаушы жер бетіндегі тіршіліктің халифасы болатынын да дәлелдеу еді. Осы тұрғысында; Сендерге 8 түр жарттым деген аяттың және сегіз түрдің, қасиеттің сипатын ескерсек; 1.Ми; 2.Құлақ; 3.Көз; 4. Ауыз; 5. Асқазан; 6. Алақан; 7. Бүйрек; 8. Табан; болып қара қуаттардың яғни жындық қуаттардың адамзаттың осы ағзаларында орны болатынын ескертіп тұр. Сонымен осы ағзаларды тазарту жарыққа айналдыру арқылы біз жынымызды көркем мінезге, ақылға, даналыққа түрлендіру арқылы ғана тақуа яғни кісілікке жетеміз. Қазақта; «Екі жарты бір бүтін болайық» деген ұғым да осы әйелдегі сезімдік яғни шайтандық қуаттық бастаумен, еркектегі рухани жындық қуаттың өзара қосылып тұтастыққа қара қуатқа айналуын білдіреді. Сонымен бірге бұл қара қуаттарды да түрлендіру, өсіріп-өндіру үшін осы жазбаларда баяндалған сыртқы кеңістікте екі аралық бейнеленген 5 қуаттың ақылға айналдырылумен адам баласының туғаннан әрбір 8 жыл сайын үнінің өзгеріп ол 5 рет қайталанып 40-қа келгенде ақылдың толуы осы бес үнді яғни жалған күнді қара қуаттарды меңгерумен ерекшеленеді. Енді адам баласы бұл қасиеттерді даналықты, мінезді де ой қуаты арқылы ғана меңгерумен нәтижелі болмақ. Ақылдың қуаттылығы білімге тәуелді болса оның кеңдігі, биіктігі шамалары ойлау қабілетіне тәуелді болмақ. Сондықтан ақылдың бейнесін текшемен «Қағбамен» нәтижелесек, ал ой қуатын меңгеру 7 жұлдызға жеті санына тәуелді болып алты айлық нұрмен жүректі тазарту, жүрек көзін ашумен байланысты болса, ал жеті жұлдызбен жалғану арқылы оны 7 күнге яғни адам баласының тәніндегі 7 чакрамен байланысты адам бойының, жарығының, өмір қабының, денесінің қалыптасуымен да байланысты болатыны да сөзсіз.
Және енді қандағы 11 жұлдыз адамзаттың ұлттық үнін, ділін және алған кітабының белгісі саналық қуатын бұған қоссаңыз 6+7+11=24 сандық мәндегі «Нұр» сүресінің пайда болуы да көп жағдайды ескертіп тұрғаны да хақ. Бұл адамзаттың көбеюі, өсіп-өнумен яғни гормондық та қуаттардың тазарып жетілуімен байланысты болса, ал енді жоғарғы бөлімдерде баяндалғандай екі негізгі қозғалыс қуаттың және; «Отсыз түтін, түтінсіз от» түрінде болып оның негізгі тазарған түрін аятта; Оларға; «Сендер бізге екі игіліктің біреуінен басқасын келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық» де» (9-52) (7) Бұл аяттың сырының өзі ақыл-ой қуатын меңгеру арқылы игілікке жетуді және шайтандық сезім қуатының қанмен бейнеленіп түрлену арқылы пайда болатын 11 санды отсыз түтінмен, 8 санды түтінсіз оттың нәтижесінде 19 санды адамзаттың негізгі сынағы болып, оны 7 санды жұлдыздық мәнмен «Жеті сүйектік сәждемен» меңгере алатынымызды да баян қылдық. Енді ислам құлшылығының негізгі нәтижесі қажылық болып, оның қағба текшемен және «умра» атты қажылық сапармен, киелі орындарды зияраттаумен байланысты екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы.
Олай болса қағбаға тәуап, зиярат ету 6 санды ақылдық қуаттың даналықты меңгерумен байланысты болса, ал әрбір нәрсенің жұбы болатынын ескерсек осы даналықты дарындылық арқылы яғни жоғарғы жазбада баяндаған бес саусақтық ақылды меңгеру үшін алақандағы 8 түрлі рухани сипатқа да тәуелді екен. Олар; 1-Асқазан; 2-Тіл; 3-Өңеш; 4-Жүрек; 5-Бас; 6-Өмір (өріс бақша); 7-Таңдай; 8-Тамақ болып осы ағзалар арқылы қара қуаттардың ақылдық дарындылық қуат көзіне айналуын ескертіп тұр. Сонымен Енді бұл 8 түрлі жындық қара қуаттарды меңгерудің де 72:8 = 9 санды құлшылықтың яғни тәубе арқылы меңгеру керек болса, ал барлық ішкі қуаттарды меңгеруді 7 жұлдыз, чакра күнмен белгілеп және оған 4 санды жандық қуатты (алдағы жазбаларда дәлелденетін) яғни төртеуді түгелдеумен 11 санды мәнінің негізі шығып, бұл сырды сопылық құлшылық арқылы меңгере аламыз. Сондықтан рухани да жандық та қуаттарды толық меңгеру үшін масһаб, ислам діншілерінің ұсынған 5 парыздық амалы жеткіліксіз болып негізінен екі түрлі 9 санды тәубелік және 11 санды сопылық ұстаным арқылы ғана толық жетістікке жетіп, адамзаттың кемелдік дарындылық қабілетін меңгерумен ғана көрінісін табатынын да білгеніңіз жөн. Осы тұрғыда түркілік даналықта Алла тағаланың 8 сипатын меңгеру деген ұғым бар.Олай болса Алла тағаланың бұл сипаттары 8 жарықпен, жаннатпен байланысты болып осы жарықтарды біз зейнеттелу арқылы өзіміздегі 8 түр қара қуаттарды дарындылыққа айналдыра аламыз. Абай атамызға жүгінсек; «Оның алла тағаланың сипаттары; Хаят-өмір, тіршілік; Ғылым; Құдірет-күш, қуат;Басар-түсіну қабілеті, жүрекпен қабылдау қасиеті; Сәмиғ-естуші, тыңдаушы; Ирада-тілек, мақсат, қалау; Кәләм-сөз, тіл; Тәкин-тудыру, жасау, бар қылу» (38-сөз) қабілеті болып осы 8 сипатты біз құдайдың қалауына жету арқылы зейнеттеле аламыз.
Енді бұл сырларды неге біздің масһабтық ғалымдар және исламдық діншілер құранда жоқ деген пәтуамен оның намаз орындау сырын теріске алады? деген сауал қойыңыз. Бұл қасиеттерді меңгеруді Тәурат жазбаларында онан кейінгі пайғамбарлар жазбаларында ашық баяндаған құлшылық істерін де құрбан шалып, иіс шығару үшін арнаулы орындарды дайындағанын, ал қазақ дәстүрінде мұндай киелі орындарға ақ шүберек белгі қалдырып, ондай жерді киелі орын деп күтіп, мал бастырмай қоршап құран оқып, зияраттап тілек тілейтін орындарға айналдыра да білген. Сондықтан да Абай атамыз осы сегіз сипатты меңгеруді насихаттап; «..Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә (кішкентай бөлшектері) аттас сипатарымызды ол алла тағаланың сегіз ұлық сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің алтымыз (Алты ақыл қуаты, қаж-қағба) мүслим бола ала ма? Болмас керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды (8-түрді) һәм ол аттары бірлән ағламланған (белгіге сипатқа айналған) құдайға пиғылымызды, әрекетімізді ертпек немен табылады, қалайша табылады, оны білмек керек. Ол-алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылған сипаттар бірлігін танымға айналдыру керек….» (38-қара сөз) Және Абай атамыз осы сегіз сипаттан ғана біз Алла тағаланың «Бір» деген сипатын анықтай меңгере алатынымызды да ескерте отыра бұл бірліктердің де 99 сипаты болатыны оның нәтижесі екі түрлі Алла тағаланың өзіне лайықты меншікті және нақтылы сипаты яғни «Өзі» деген ұғымның айқын болуын да ескертеді. Демек қазақтың ұғымындағы Ар деген қасиеттің осы даналықтан және ақылдан да жоғары тұратын құдайлық бірліктің, махаббаттық қуаттың да сипаты болып шығады. Сонымен алты сипатты даналық ақылды меңгеру үшінде құдайдың «Өзі» болған сегіз сипатты «Бір» -ді меңгеру зейнеттелу арқылы ғана нәтижесін береді. Олай болса 8+6=14 санды «Ібрагим» сүресінің де мәні шығады.
Сонымен енді Алла тағаланың сегіз сипатын даналық қуат деп атап біздің жындық, қарекеттік және интеллекттік ақылымызды тазартып және толықтырылып жетілдіру үшін пайғамбарлар жазбасында да 8 санымен белгіленген насихатқа жүгініп көрелік.
Құдайдың сыйы – даналық
(Пайғамбарлар жазбасынан)
Даналық шақырады біздерді,
Парасат та қосты үндерді.
Жол жиегінде биік жерлерде,
Соқпақ пен тар іздерде,
Қақпалар арқылы кіргенде..
Әр қалаға барар жолдарда
Даналық тұр шақырып біздерді.
«Уа халайық, сендерді шақырамын,
Бар деп менің адамзатқа айтарым.
Ақылы толмағандар үйреніңдер,
Надандар түсінік иелеріңдер!
Тыңдар Менің асыл сөздерімді,
Ақиқат-айтпағым бар бәріңе.
Шындық сөз айтқаным бәріңе,
Жиңркеніш өсек сөз әрине,
Дұрыс сөз менікі тәрбие.
Менде жоқ бұрыс сөз, арамы,
Саналыға болады бұл шынайы.
Білімдіге мінсіз әрі сенімді,
Күміс орнына алыңдар тәлімді.
Саф алтын орнына алыңдар білімімді.
Даналық құнды тастардан асылды,
Адамзат аңсаған бар қазыналары
Даналыққа болмас тең бағалары.
Даналықтың кеңесі мен жемісі
Мен, даналық, парасатпен біргемін,
Менде білім, түсінікті де беремін.
Жаратқанды қастерлеп мойындаушы,
Жамандық атаулыны жек көремін.
Жек көремін паңдық пен менмендікті,
Жаман әрекет пен бұрма сөздерді.
Мен кеңес беріп, көмек көрсетемін
Парасат, күш қуатқа да иемін.
Мен арқылы патшалар басқарады,
Әкімдер әділ заңдар шығарады.
Әміршілер және күллі көсемдер де,
Менің көмегіммен әділ билік айтады.
Өзімді сүйгенді мен де сүйемін,
Тауып алады мені өзі іздеген.
Менде сый байлық пен даңқ беруге,
Таусылмас қазыналар мен игілік те.
Менің беретінім алтыннан да құнды
Ол тіпті саф алтыннан да бағалы.
Беретін өнімдерім менің таңдаулы,
Күмістен де әлде қайда жоғары.
Тура әділетті жолмен жүргіземін,
Мені сүйетіндерге байлық сыйлап,
Қазыналарын еселеп толтыра беремін.
(Нақыл сөздер 8-тарау пайғамбарлар жазбасы)
Олай болса бұл даналық пен парасат қуатын біздердің ұғымымызда «Ғайып ерен қырық шілтен» деп атап 8 түр сипаттың бес қуаттық парасатпен дәрежеленуінен пайда болады деп түсінген абзал. Жаратушы иеміздің «Жердің бетін кезіңдер, Алла жолында мал, жандарыңмен соғысыңдар, артық хайыр жасаңдар, бұрынғылардан қалған белгілерді көріңдер, жолда қалғандарды құтқарыңдар, кедергілерден өтіңдер шаң тозаңдағы мүсәпірді де…» деген құранның басына аяғына дейін кездесетін аяттардың барлық даналықтың белгілері қазақ елінің қай қойнауын түртсең де киелі орынға тап болатын қазынаға бай ел екеніміз де хақ. Бірақ жер ана рухына жалғанатын есік пен көк отанына жалғанған өмір ағашын іздегендерді, ата жолын қудалап масқараға ұшыраған ел билік пен зиялы қауымға, діншілерге бұл сырларды түсініп, арланып халық алдында тізе бүгіп кешірім сұрауға жүректерін мөрлеп, жын қаралықтарды жүректеріне кіргізіп, көздері жылан көзденіп алғандар азапқа түсіп, ажалмен жоғалмай мойынсұнуы де екі талай. Осындай сынаққа түскен пенделерге де кешірім және даналықты, парасатты меңгеру жалғану орны болған, әлемде теңдесі жоқ ірі белгінің бірі Ғайып Ерен сипатын алдағы жан туралы насихатында ашып көрсетеміз. Сонымен мұндай надандыққа да түсуге себепші философиялық мектебіміздің жоғалуынан, психолгия жан сырының жан күйінің де білімінің қате екенін білгіңіз келсе мына аз ғана мысалмен жоғарғы тарауларда келтірілген ақылдың алты дәрежесін «қағба» -кірпішін меңгеру үшін;
1-мимен байланысты «Жете» болып ақ жаулықпен және бастың бес мүшесінің тазалығымен байланысты болса
2.-Құлақпен байланысты «Зерде» есту қабілетіне тәуелді болмақ
3.-Көзбен байланысты «Зейіндік» қабілеттің дамуы болса
4.-Төбе «чакрасы» арқылы көк аспанмен байланысты «Саналық» қасиет дамиды.
5.- Білектің жермен, топырақ өнімдермен майланып ағаруы арқылы «Жат» жаттау қабілеті дамып және -Қос жауырында тілмен байланысты «Жады» есте сақтау қабілеті де жұбы болмақ.
6.-Көкірек ұжданмен байланысты балтырдың, тізенің жағдайына тәуелді «Зеректік» қасиет пайда болады екен.
Енді осы белгілерге ойлау қабілетінің 7 сипатын, ұшқырлық, кеңістік, таяздық, тереңдік, тұжырымдық, толыққандық, лездік сапаларымен де адам баласының жан күйлік (психологиялық) жағдайында тәндік, рухани өрістік бейнелермен анықтауға да болатын болашақты ғылымның да қайта жаңа түрмен дамуына да философияның өркендеуі себепші де болмақ. Және қазіргі психологиялық білімде насихатталған бұл қуаттардың тәнге адам баласының құдайлық парыздарды, шариғат тазалығы мен дәстүрдің маңызын мүлде ескермегенде және осыған байланысты қара қуаттардың, нәсілдік қарсылықтардың қандай әсері барын, оларды тәрбиелеудің маңызы мүлде әлем психологиялық білімінде қарастырылмағандықтан адамзаттың осындай дәрежеде төменге түсіп азғындауына да себепші болғаны да хақ. Бұл даналықтарды меңгеру біздердің әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің негізі болғаны да сөзсіз. Сондықтан осы тұрғыда бүгінгі таңдағы енді қазақ еліндегі рухани қозғалыстың ақ бастауы болған ата жол дәстүрімен, аруақтық біліммен белгілеп көрсек,
1.-Айша ана төбеден белгі беріп сана қуатына шапағат нұр береді.
2.-Қайназар ата екі шекеден белгі беріп «Зейін», аңғарымпаздық және лездік шешім қабылдау, ойлау қабілетін де арттырады.
3.-Сүйінбай ата жүректен белгі беріп «Зерделік» қабілетті және жүрек көзімен байланысты да қуаттардың шапағатына себепші болады.
4.-Түктібай ата жауырыннан белгі беріп тіл білімі мен «Жадылық» есте сақтау қабілетке себепші болады.
5.-Жамбыл ата-желкеден белгісі болып «жетемен» байланысты қабілетті арттыруға себепші болады.
6.-Сарыбай ата білектен белгісі болып, жер ана рухымен, топрақтық ерекшелікпен байланысты «жаттық» және сабырлық қуатының зейнетіне себепші болады.
7.-Арыстан баба тізеден белгісі болып, толықтанудың ойлау жүйесімен және «Зеректік» қабілеттің жетсітігіне себепші болады.
8.-Ясауи баба балтырмен байланысты ділдік, қандық тектің негізі болып иманның зейнеттелуіне де жол ашады. Сонымен бірге бұл белгілердің қазақ жерінде көптеген әулиелердің қайталауымен және адам ағзасының, тәнінің барлық рухани ошақтарынан белгісін беретін 103 әулие, 33 сахаба болып 136 санды даналыққа, парасаттылыққа, рухани кемелденуге, нұрдың зейнеттелуіне қазақ халқына нығмет түскені де хақ. Бақара сүресі; бағыштау, жол сілтеу болып қазақ тіліне аударылса, бұл рухани құпия сырды аятта; «Және оларға:»Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбрайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұптарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғисаға берілген нәрселерге, сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. Және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер» (2-136) (10;12) Міне масһаб дін ғалымдарының «Алладан басқа» деген пәтуалары осы аятқа жала жауып, ортақ қосумен айналысқандарына да дәлел болып тұр. Ал Раббымыздың ашық белгілері және «Маған, Ол Аллаға құлшылық жасап, Мені еске алыңдар» деген астарлы сөздің және даналықтың, Алла тағаланың сегіз сипатының да насихаты, құлшылығы, ата жолының дәстүрі де осы аяттан пайда болғанын растап тұр. Және жоғарыдағы пайғамбарлар жазбасына да иман келтіру де міндетті екенін білгеніңіз жөн. Және екілік жүйемен сандарды тергеп көрсек, 10, 12 (21) сандардың мәні де бұл аяттың тікелей Жүніс, Жүсіп, Әнбия сүрелерімен байланысты екенін де растап тұрғаны да хақ.
Бұл құлшылық сырларының қағидалары да және масһаб ұсынған шариғаттық білімде бұл амалдарды меңгеру үшін орындауға тиісті намаздарды құрап, ал қазақ елінің дәстүрлі діннің масһабтық ұстанымынан әлденеше есе күрделі және тиімді тәсілдері тазару, ақталу, ақылдың күшін толықтыру арқылы нақты тұрмыста, рухани тәрбиеде, денсаулықта да, дарындылық қасиеттерді меңгерумен де жетістіктерге жетумен айқын болатынымен ерекшеленеді.
Енді қазіргі әлемдік философия мектебі мен психология білімінде сөзді Сеченов ғалымның зерттеуі бойынша екі белгіден тарайды деп түсіндіреді де, барлық зерттеу философиялық болжампаздық та осыған байланып қалған. Ал енді құран ғылымына жүгінсек сөз осы 8 түрді Алла тағаланың сегіз сипатын меңгеру арқылы 8 белгіден және ақыл мен ойдың бірлігі 6+7=13 санымен байланысты болуын осындай құран арқылы сан ғылымына жүгінген есті адам баласына айқын дәлел де болмақ. Сондықтан да осы сөз ғылымының қазынасы 8+13=21 санды «Әнбия»-әспеттеу болып аударылып, яғни түсіндіру, даналықты құдайдың еркін үйрету болып, ата жолының Айша ана туымен 21 жұлдыздың бейнелену құпиясы да осы даналықты, ақыл-парасатты меңгеру ілімінің ақ бастауы екенін әшкере жариялап тұрғаны да хақ.
Қазақтың дәстүрінде мүшелдік жастың алғашқы кезеңі 13 жаспен басталып саналуының өзінде жан ғылымының негізі болып, «13-те отау иесі» деген астарлы нақылдың да сөзбен байланысты сүйектің бекуін, тіл білімінің толық зейнеттелуін білдіреді. Бірақ сөз ғылымының ақыл-ойдың сыры түгіл сөз астарының түсінігін жоғалтып, ел билеуге надандардың келуімен енді қазақ елінде 3 тұғырлы тіл деген бастамамен жас балаларға қандай рухани ерекшеліктің болуын Раббымыздан сұрадым; «Ана тілі толық жетіліп қалыптаспай өзге шет тілдерін зорлап үйретуден қандай рухани зиян келеді? Және адам баласында қай жаста тіл қуатының жетіліп қалыптасуы пайда болады? Жауап: Мұндай жастардың, адам баласының жүрек иманы жетілмейді. Екі жүзділік мінез пайда болып, тағдырына зиян береді. Ана тілі қуаты 13-жаста ғана кемелденіп толысады.» Бірақ бұндай қазақ еліндегі жын-шайтандық қуаттарының тазармауынан пайда болатын аурулардың, рухани кеселдердің себебін жазып білімді қауымның алдарына апарып беріп, ел басшыларына тікелей хат та жазып таныстырғанмен неге олар бұндай құдайдан беріліп жатқан таза ақылға құлақ аспай, шайтандай қасарысып өз беттерінен қайтар емес деп сұраңыз? Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін енді даналықты, ақылды меңгеруді ойдың, сезімнің аңғарымпаздығы тұрғысынан, жан ғылымының тұрғысынан да қайта талқылап өтпей түсініксіз де болмақ. Сондықтан бұл жазба енді рухтың түрленіп, зейнеттеліп ақылдық қуатқа, даналыққа және қарекеттік интеллектке, білімге айналуы болса, енді осы қуаттардың бәрі жанға суат болып жан деген қуаттың рухтан да ерекше құпия сыры барын талқылап көрейік. Сол үшін де енді аяттағы; «Мұхаммед; «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңді өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де» (10-16) (7, 17) деген құпия сырдың мәнін ашумен бұл жазбадағы берілген рухани қуаттарды енді жан тұрғысынан зейнеттелуін де қарастырып көреміз. Және бұл аяттың да сыры Мұхаммед пайғамбарымыздың миғражға көтеріліп Алла тағала алдына алып келген екі аяттың (285; 286) сандық мәндері екілік, бірлік жүйеде; 285-15-6; 286-16-7; сандық мәндерімен біздің талқылаған жын-шайтан (гормондық үн) қуаттарымен нәсілдік, тектік қуаттарды меңгерумен даналықты жетілдірудің негізгі сатысы 6+7=13 сандық мәнінде де хикметті белгімен ескертіп тұрғаны да хақ. Сонымен бұл тақырыпты құраннан пайда болатын 7 үнді негізге алып 7-ші кітаптың бірінші бөлімі ретіде осы тараумен аяқтап енді келесі бөлімді; «Жан сырының құпия сырлары» деген атпен құран аяттарынан дәлелмен осы уақытқа дейін қазақ даналарының жасырын ұстаған құпия білімін тарқатып көреміз.