XXIII- Адамзатың нәсілдік, ақыл-ой қуаттарының философиялық түсініктері.

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 48

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

( Жалғасы, басы1;- 22;-шы бөлімдерінде)

 «Егер дүние себебі беймәлім кездейсоқ құбылыстардан құрылса, онда не адамдардың іс-әрекетінде, не заңдылықта, не саясатта береке болмас еді. Өйткені, егер қорқыныш пен үміт болмаса ешкім ештеңені ойламас еді, бағынышты басшысына бағынбас еді, ал басшы бағыныштыларына қамқорлық жасамас еді, біреу біреуге рақым қылмас еді, құдайға құлшылық құрыр еді, тақуалық болмас еді» (Әл-Фараби). Шынына жүгінсек қазіргі таңда саясатта да, заңда да, адамдардың іс-әрекетінде де береке кетіп, әлемді «экстремистік» яғни тажалдық білім жаулап алып, арты бүліншіліктің әлем экономикасының дағдарысқа түсуін туындатуына да басты себеп жаратылыс заңдарының дұрыс зерттелмей, дін ілімінен қашықтап, философиялық даналықтың тоқырауға ұшырауынан, адамзатта рухани тұрғыдағы қажетті адамдық қорқыныштың жоғалып оның орнына жалғандықтың үстемдігімен; кедей болудан қорқу, ауырып қалудан, түрмеге түсуден, ғашығынан айырылудан, өсекке ұшыраудан, әдемі көрінбеуден, жұрттың алдына еш нәрсесімен мақтана алмаудан, өліп қалудан сияқты  түрлі таза ақылға қайшы қорқыныштың құрсауына түсіп алып, ел басшыларына бағынбау, ал ел басшыларымыздың жемқорлықпен өз елін тонауы сияқты әдеттердің белең алғаны да сөзсіз.  Бұл жағдайды да ел билеуші, зиялы қауымның құдайлық рухани білімге қарсы болып, өздерін діннен бөлек жаратылып, яғни өлімсіз шайтан ретінде бағалап және халықты өзінің шежіресінен, дәстүрінен ажыратуға жан беріп,  жан алысқан қазақ елінде ғана емес, бүкіл әлемдегі даналықтық, философиялық құндылықтың ақыл өнімдерінің мектебінің жоғалуынан деп түсінген де дұрыс. Осындай жағдайда көмекке келіп, халықты мұндай рухани тоқыраудан  шығаруға тиісті дін саласындағы рухани қызметке тұрғандар да өздері де шайтанның қақпанына түсіп, халықты рақымсыздыққан сараңдыққа, елді бүлікке бастайтын әрекеттерге бой алдырып, құдай ісіне деген құлшылықтың жоғалып, жалпы тақуалықтың да, сопылықтың да жалғандыққа түскені хақ. Осы тұрғыда енді не істеу керек, қандай бағытты таңдауымыз керек?-деген сауал да туындайды;

    «Жаратылыста әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек. Ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын, көптеген адамдар бірлестігі арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жете алады.» (Әл-Фараби). Демек әрбір адамды кемелдікке жеткізе алатын философиялық, психологиялық, діндік білімсіз және амалдарынсыз мүмкін емес екен. Сонымен бірге бұл қазіргі кездегі ел билік, масһаб пен білімді қауымдар тұрғысынан қудаланған ата жолы қозғалысының да қағидасын ақиқатқа айналдырып тұрғаны да сөзсіз. Ал енді кемелдікке жету үшін бір адамның қауымын қажет ететінімізді де құран аяттарында: «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушылары бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ» (13-11). Сонымен Әл-Фараби атамыздың ескерткен қауымы да құран аятына, құдай еркіне сай біздің алды артымыздан қорғап, ескертіп жүретін аруақтық періштелерімізге тәуелді екен. Егер бұл қауымға тағдырындағы кедергі қарсылық жазу  болса, олар оны өзгерте алады және Алладан келген жаза бейнетті де «Өзінің» яғни Алла достары арқылы да өзгерте алады екенбіз. Яғни біздің бұл жазбадағы тақырыпқа негіз болған тұлғалық кемелдікті қалыптастыруға деген аятта; «…Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла, Тағы бұлардан аз, ия көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады….» (58-7) Алла әмірінің қазақ даналығындағы: «Төртеу түгел болса төбеден келеді, Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылына сәйкес келеді. Және бұл аятта жаратушының жаратқандық сипатының тек жұп сандармен ғана өзін бейнелейтінін де ескертіп тұрғаны да хақ. Олай болса; «Тағы бұлардан аз, ия көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады» деген ескертуін де назарға алсақ; онда 2;8,10 сандық мәндерде де жаратқандық яғни құдайлық сипаттың негіздері де болмақ. 10 саны туралы көктік сан екені және үшінші байлық «10 саулық» да осы Алланың нұры, сипаты екенін әшкерелеп тұрғаны сөзсіз. Енді сегіз сипатының маңызына, ішкі сырына талдау жасап көрейік.

    Сонымен алдыңғы жазбаларда баяндалғандай енді біз алты түрлі нәсілдік, рухани қуаттардың үш сипатын баяндап өттік. Ал қандай да бір жаратылыс үш негізгі қозғалыстан басталып, нәтижесінде осы үшке айналу арқылы 4-ші түп негізге немесе бірге түрленумен көрінісін беру керек. Сондықтан енді осы ақылдық қуаттарды көлденеңінен үш жиілікке түрлендірсек; адамның ақылы танымдық және қаракеттік, сезімнің аңғарымпаздығы болып негізгі үш сипаттан тұрып төртінші сипат даналықты табу керек. Ол үшін де қайтадан бес қуаттық дәрежемен жіктеп көрсек; Бала болып өмірге келгеннен кейін ең төменгі жиілік сезімдік ақылды меңгеру тиісті. Бұл сезімдік жиілік өсімдіктер әлемі және жәндіктер әлемінің адамзат жаратылысына өзін бейнелуі болмақ. Сондықтан жас баланың жетілген жәндік тәрізді нені де болса дәмін татып, ұстап көріп дегендей жаратылысты зерттеп білуі және сезген нәрсесін ақылға айналдыруы да болмақ. Бұл қуаттың негізі үндік қуат болып, шайтан қуатымен байланысты өсіп жетіледі. Ал екінші ақыл қаракеттік болып, жан-жануарлар әлемімен, түйсікпен яғни дыбысын, шуылын, қимыл-әрекетін анықтау арқылы; Әрбір нәрсенің қозғап, жүргізіп, тұрғызып, ойнап дегендей көбіне бұл қуат ұл балаларда зор және жынмен де байланысты дамиды. Сонымен қаракеттік пен сезімдік қуаттар негізінде адамның білім аңғарымпаздығы яғни ақылдың үшінші дәрежесі пайда болады. Аңғарымпаздық есту, көру, ойлау сезімдерімен және тәрбиемен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен де тікелей байланысты. Сонымен енді төртінші тұрғыда танымдық ақыл бұл қаракеттік ақылға интеллектік (түйсіктік) қабілет болса, ал сезімдік ақылға аңғарымпаздық (интуиция) қабілет, қасиет қосуымен бірге дарындылықтарды, түрлі адамдық рухани қасиеттерді меңгеруге арналады. Бұл қуатты меңгеру адамдық болмыспен, ілім, білімді меңгерумен тікелей байланысты өсіп жетіледі. Осымен алдыңғы жазбаларда баяндалған негізгі (ақ, көк, қара, көгілдір) төрт түрлі нәсілдік қуаттарды яғни төрт саусақты көлдеңінен төрт ақылдық сипатпен меңгеру дәрежесін саусақтың және алақандағы көлденең кесінді сызықтарға қарасаңыз (саусақтарды қосып алақандағы сызықтармен қоса) бұл бейненің де құдайдың алдын ала бізге жазып қойғанын көруге болады. Жоғарғы тырнақ буынын бөліп тұрған көлденең сызықты асқазанмен яғни сезімдік ақылмен байланысты болып, ал екінші орта буын төрт саусақтың көлденең сызығы ол тіл білімімен, ана тілімен және ағарымпаздықпен, түйсікпен де байланысты болмақ. Саусақтардың алақанмен жалғанған буындар көлденең сызығы өңешпен, дауыспен, (дауыс, вибрация) қаракетпен жалпы жермен жалғанумен көрінісін береді. Ал енді төртінші танымдық ақылға тән бұл 4-саусаққа ең жақын (алақандағы үш негізгі сызықтың жоғарғысы) негізгі үш сызықтың бірі ол жүрекпен байланысты. Сонымен енді бесінші саусақ жанмен байланысты даналықты меңгеру болып, бұл бесінші ақылдың дәрежесі де жоғарыдан төмен қарай 4 көлденең сызықтардан байланысты болмақ. Бас бармақтағы алғашқы буын сызығы тамақпен байланысты болса, екінші сызық таңдаймен, онан төмен алақандағы бас бармаққа таяу орналасқан сызықты тағдырмен өмір сүру ерекшелігімен байланысты деп, енді алақан ортасындағы сызықты баспен аяқтауға болады. Сонымен нәтижесінде төрт түрлі нәсілдік және тектік қуаттарды ақылдың төрт сапасымен меңгеріп оны «Ниса» сүресімен белгілеуге болады. Осы ақылды қысқа ақыл деп оны 40-қа келгенше ер азаматтар мен әйелдерге ортақ танымдық ақыл негізі болса, бесінші дәрежелі ақылды, даналықты меңгеру жалпы 40-тан асып ақылы толған, ердің жасына келген ерлердің барлығына да мүмкін болып, ал әйелзатының бұл ақылды меңгеруі «Ана болдың-дана болдың» немесе бәйбіше, кемпір болумен ғана мүмкін болмақ. Осы тұрғыда осы бес қуаттық шама арқылы енді 8 түрлі адамзатқа тән рухани аңғарымпаздық, болжампаздық қасиеттік қуаттарды меңгерумен барлығы 13 саны жарыққа айналудың бір дәрежесі де болмақ. Сонымен құранда жаратушы Иеміздің; «Сендерге 8 түр жараттым» деген аяттың да құпиясын жұбын парын қарастырумен кең көлемде насихат түсінігін ала аламыз. Жалпы ислам ғалымдарының барлығы дерлік бұл сырды тек 4 түлік малмен яғни малдық адамзатқа тән жындық қуатпен ғана қарастырса, ал Інжіл жазбалары бойынша Ғиса пайғамбарымыз 8 түрлі жындардың болатынын, адам арқылы бейнелетінін ашық ескерткен. Яғни малдық қуат дегеніміздің өзі қара қуат негізі жындық қуаттар болып табылады.

    Енді осы сегіз түрлі қуаттық белгінің адамзат өмірінде тәннен бейнелену орындарына қарай сипатын баяндап көрейік. Себебі біздің оң қолымыздағы қуаттар негізі аңғарымпаздық, болжампаздық қабілетті қалыптастырса сол арқылы түрлі көріпкелдік те қасиеттерді меңгеру керек. Сондықтан енді сегіз түрдің, қасиеттің сипатын ескерсек;

1.Ми; 2.Құлақ; 3.Көз; 4. Ауыз; 5. Асқазан; 6. Алақан; 7. Бүйрек; 8. Табан; болып бұл періштелік қара қуаттардың (жындардың) өзара дәрежеленіп тұтастыққа (кісілікке) айналып, жалғанулардың да құрандағы мәндері; 111; 3; 1; сандық аяттарымен тікелей байланысты болмақ. Осы ағзалар, ақпараттық орындар қара қуаттардың қоймасы болып оның енді жаратылыста да 8 түрлі қуаттық шамасы бар екенін Абай атамыз:

        Алла мықты жаратқан сегіз батыр

        Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

        Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

        Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

                 ****  ***

         Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

         Таба алмасам, ақылды болар неміз?

         Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,

         Жақсылық пен жамандық-болды сегіз.

Сонымен Абай атамыз да ақындықтың ақылды меңгеруге және осындай сегіз қуатты табиғат әлемінен де зейнеттеп алуға да тәуелді екенін астарлап насихаттап өтіпті. Сонымен бірге;

             Әсемпаз болма әрнеге,

             Өнерпаз болсаң, арқалан,

             Сен де — бір кірпіш, дүниеге

             Кетігін тапта, бар қалан!

«Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп, ал өнер арқылы ақылдың меңгеріп кірпішке, қағбаға алты жақты текшені қалыптастыру яғни даналықты, қажылықты меңгеруді барлық діндердің құлшылық негізі болғаны да хақ. Ақыл-өнерді меңгеруді құлшылықтың негізі десек, ал енді бұл қуаттардың соңғы нәтижесі де біздің жан дүниемізді байыту үшін кемелдікке, данышпандыққа жету үшін қызмет, құлшылық жасауы керек.

Сонымен осы тұрғыда Әл-Фараби атамызға жүгінсек; «Ақылмен жету адамның жан дүниесіне  лайық сипат: сезімге әлденені аңғарудың өзі жеткілікті, ал аңғарымпазға төзімділік кажет. Мұның дәлелі, сезімнің аңғарушы ықпалында кететіні. Бұл құбылыстардың мініне ақылмен жүгінген ғана олардың сезімге бағынғанына сәйкес жан дүниесін байыта алады. Ендеше, жан дүниеміз ішкі құбылыстарға сезімнің көмегімен жетсе, ақылға бағынатын құбылыстарға оларды аңғару арқылы жете алады екенбіз. Өйткені аталмыш құбылыстарды ақылға бағындыруда сезімнің аңғарымпаздығын пайдаланады.»

  Сонымен енді сезімнің аңғарымпаздығын (интуцияны) жетілдіру арқылы ғана біз ақылдық қуаттарды және интеллекттік қабілеттерді де толық меңгере аламыз. Енді қанша дегенмен әйелдер нәзік жанды деп аталып тылсымдық сыртқы әсерлерге қарсыласу күші жындық қабілеті де бастағы шаштың да жағдайына байланысты әлсіз, жіңішке, ұзын болғандықтан да рухани тазалықты, ұлттық тәрбиені, шариғатты ұстанбаған жағдайда сезімнің аңғарушылық ықпалында яғни шайтанның ықпалында кетуімен қарекеттік, интеллекттік ақылды да меңгеруі әлсіз болып 4 нәсілдік қуатты да меңгере алмауынан 40 ошақ жан үйлерінің де қуаттылығы болмай қазіргі заман әйелдер қауымының дертті ұрпақ туып, түрлі азғындыққа тусуінің өзі осындай белгілерден пайда болатыны да хақ. Әрбір сүре атауларының жалпы  сандық мәні сүре санымен қосылып толық аяттар санын беретінін де білгеніңіз жөн. Сондықтан Ниса-4 сүресі 176+4=180 сандық мәнді 40 ошаққа бөлсек, 180:40= 4,5 сандық мәннің Абай атамыздың 45 қара сөзін былай қойғанда, Әл-Фараби атамыздың 4 пен 5-тің қатынасы «терция» үндердің ғылымы шығады. Бұл екіншіден жындық және шайтандық гормондардың қатынасын білдірмек. Сонымен қазақ даналығындағы; «Қара» сөзі мен қара қуаттың арасында осы біздің жындар туралы білімнің негізі шығады. Егер тазармаған жындық қуат болса «қаралық» яғни арасында шайтаннан болған қызылдың болуымен белгіленіп оны «Мал» деп те атайды. Ал тазарған «Қара» қуат бейнесі «КІСІ» аталып енді кісінің де жарықтық, қараңғылық түрлі сипаттары барын да білген жөн. Оны 7 тозақтық және 8 жаннаттық белгінің қосындысы 15 санымен жүректік қуаттың да шамасы шығады.

   Ал енді сезімдік қуат негізі өсімдіктер және жәндіктер әлемінен пайда болатын шайтандық қуат негізін суықтық бейнемен тазарған адамдық болмысқа айналған қуаттық шамасын «Қар» деп атап, «Қатын» сөзінің өзі арды тазартушы, толықтырушы деген ұғымды да береді. «Қалауын тапса қар жанады» дегенде осы шайтандық қуатты яғни натрий өнімді әйелдік құйрық майды жағуды білдіреді. Сондықтан әйелзаттарының майлы құйрықтарын шалбар киіп әшекейлеуі де шайтанын дәріптегені болмақ. Қазақ даналығындағы «мал бағу, бақташы, қойшы, шопандық» сөз ұғымдары осы қара қуаттар мен төрт нәсілдік белгіні меңгерумен бейнеленіп құрандағы «мал» туралы аяттардың бәрі де осы ғылымға, құлшылыққа негізделген. Абай атамыз; «Сұлу аттың көркі-жал, Адамзаттың көркі-мал. Өмір сүрген кісіге Дәулет-қызық, бала – бал...» деп астарлап осы қуаттардың қалай түрленуін және оны 144 санымен белгіленуінде де қаншама насихат жатыр десеңізші. Бірақ сан ғылымы түгіл қарапайым аяттардың да ұғымын ескі замандардағы атау ұғымдарына апарып қайта таңып ғалым аталып, халықты тажал болып азғыруына да жол берген ел билік пен философ ғалымдарға Абай атамызбен баға берсек;

Қарашада өмір тұр,

Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме?

Арттағы майда көңіл жүр,

Жалынсаң, қайтып келер ме?

Майдағы жұрттың іші-қар,

Бәйшешек қарға өнер ме?

Ішінде кімнің оты бар,

Қар жауса да сөнер ме?…

Міне құйрыққа көңілдік, жүректік қуаттың кетуімен, тектілік, ніәсілдік, ақылдық, даналықты меңгере алмаудан мұндай адам баласының іш майлары да өсіп, оған «бәйшешек бақшасының» рухани егінінің өсіре алмайтынын да ескерткен. Сонымен «ҚАРАША» сөзінің ұғымы жын, шайтан қуаттарының «терция» яғни жоғардағы 4,5 сандық мәнімен белгілі болып енді даналықтың негізі көктік сан 4+6-ның қосындысы 10 саулықтың, ғылым берілуімен де байланысты болса, ал 6 санды даналық ақылды осы онға қоссаңыз16 санды «Нақыл» немесе «Саф» тазалықтың шыңы елшіліктің, Ахметтік қасиеттің белгісі шығады. Сондықтан да аятта; «Мұхаммед; «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңді өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»-де» (10-16) Олай болса «Мен сендерге күре тамырдан да жақынмын» деген құпияның адамзаттың даналықтан жаралып оның негізі Адам атамызға берілген «Мұхаммед» атты шырақ нұр еді. Абай атамыздың; «…Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөнер ме?…» Әр адамның ішінде бір шырақ жанып тұрғанын ол қуатты болғанда  ғана мұндай «қардың» шайтандық гормонның еритінін ескерткен. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымыз да пайғамбарлардың, даналықтың ең соңғы жетік үлгісі болып, киелі рухтың бейнеленуімен адам түрінде арамызда өмір де сүрген еді де біздің сырттан алатын даналық қуаттарды меңгеру үлгісін де «Ахмет» болып жалғастырған еді. Ал енді; «Әр нәрсені жұп, парымен жараттым түсінулерің үшін» деген жаратушы үкімін негізге алып, әрі қарай тарқатып көрсек….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *