Ғибраттану(125)

Бөлім: Зікір өлеңдер 116

Ғибадат түбі береке,

Құлшылық мәні жүректе.

Сан-сауалды қойдырған,

Ақылдың күші ерікте.

Ындын және мақсатың,

Өмірмен алған талабың.

Еркің ол жол табар,

Түскенде басқа сынағың,

Ақылың, ерік, жігерің,

Бес қуатпен қол өнерің

Алтыншы орын көңілден,

Ғыфырмен хабар келетін.

Өлілер алып ризасын,

Мирасын алған сыйласын.

Таусылмас иман қуат боп,

Сенімі бекіп қорғасын.

Білімсіз аяқ тұсалып,

Тұра алмас өріс жаңарып.

Мың бір есік тылсымнан,

Ашылмас пенде жол тауып.

Ашылмай есік сарайдың,

Сауалға келмес жауабың.

Енбейді иман жүрекке,

Қуаты болмас сананың.

Болса да қолда мол байлық,

Еңбек етпей қозғалып.

Ет малдан арам тер шықпай,

Тазармас тағдыр ақталып.

Жалғанбас Құдай жібіне,

Саларсың жанды бейнетке.

Таусылса жиған иманың,

Қалады басың әлекке.

Сабыр түбі сары алтын,

Іздеген табар мұратын.

Ғибратпен Алла досынан,

Раббыңнан түбі табасың.

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *