Бояулы көңіл(126)

Бөлім: Зікір өлеңдер 50

Түбі жоқ, түпсіз жемқорлар,

Қарынды отқа толтырар.

Халықтың жеп үлесін,

Кеудесін керіп жылмияр.

Жаны ашыр аз бүгінде,

Жындылық артық еліңде.

Дүние мен байлық, білімі

Жансызға қуат өмірге.

Билікке қолы жеткендер,

Ар-ұятты алмай өскендер.

Жөн сілтеп алға бастырмақ,

Ой жорып тілмен бөскендер.

Десін, деп барлық дүние ісін,

Жоғалтқан сана, жетесін.

Құдайды қайтсын сорлылар,

Міне алмай ақыл кемесін.

Ғылымға мінез керекті,

Ар-ұждан қалай өспекті?

Үш тілден ғылым шығармақ,

Құраннан алмай деректі.

Әкімдер өзімен әлекті,

Жаңалық ашпақ бөлекті.

Әлемнің жинап өнерін,

Құрылысшы болды міндетті.

Жындарға құрылыс салдырған,

Сүлеймендей дана ғибраттан.

Шынжырлап байлап шайтанды,

Теңізден асыл жидырған.

Ендігі бар ма патшамыз,

Құдайшыл болып қылған іс.

Жер тәңірісі болғандай,

Жабылған жете, санамыз.

Теріске бұрып қалдырған,

Шерігін әлемнен алдырған.

Шайтан жын көбейтіп,

Саясаты билік елді аздырған.

Көңілін билік бояған,

Қызығымен дүние алдаған.

Дінсіздік індет таратып,

Арсыздықпен елін баураған.

Байысам деген жалғанда,

Дәулеті жиған қазына.

Қалады түбі артында,

Машһарға түбі барғанда.

Рұқына ұрпақ аларға,

Азығы жанға болар ма?

Ар-ұят тапқан ұждансыз,

Жазылмас тегің тағдырға.

Адамдық асыл керекті,

Тағдырға жалғар себепті.

Мирасын баба тастаған,

Шошқадай тегін жемекті!

Кірлетпей ұстар жүректі,

Құраннан алып деректі.

Адамдықтық қадірін,

Ғылымнан сыр жанға керекті.

Иманды текті, білікті,

Меңгермей заман себепті.

Құдайдан жол-жобасыз,

Ғылымсыз хайуан демекті!

Атаңның атын жоюға,

Адамдыққа қарсы нанымға.

Біліммен бояп көңілді,

Тарылды өріс жаныңда!

(Қыркүйек 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *