Әл-Фараби атамыз; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы болады» деген өсиетінің де маңыздылығы біздердің жаратылысымыз періштелік сипатта, яғни махаббатың бір бөлшегі, ұшқыны иманнан тектен пайда боламыз. Әсіресе әйелзаттарының екі қанатты періштелігі болып жаратылысынан иманның сырын, ұлттық байлығын, сөздердің ой қуат үнін қандарында ділмен алып туылатындарын да білген жөн. Ал енді ерлерде қанында болатын бұл тектің дәнін біз жасымызға қарай тәнімізбен бірге өсіріп отыра алмасақ, онда меңгерген біліміміз, іс-әрекеттеріміз, ақылымыз да белгілі бір сенімді қалыптастырып және рухани болмысымыз да тәрбиемізге өскен ортаның қылығына да тәуелді болмайды. Сондықтан сол ортаның белгілі бір үлгісі билері, ел басқарушысы, зиялы қауым өкілдеріне табынып, кімге, қалай сенсек солай өмір сүріп білім қуатымызды да соған бағыттауға тура келеді. Мұны көңілдің айнасы деп те атайды. Бірақ әрбір пенденің ішкі жарығы, иманы, қуаттық өлшемі де тағдырында бірге берілгендіктен біздердің жаратылысты, руханиятты пайымдау, еліктеу, табыну ерекшілігіміз де алуан түрлі болуы да сөсіз. Сонымен иман жүректе зейнет жарығы болып және қандағы 11-жұлдызбен байланыста тұратын оларға қуат беретін Алла тағаланың сегіз сипатынан пайда болған Рахмандық біздің жердегі тіршілігімізге тән қасиеттердің, яғни 99-көркем есімдердің белгісінен жанның ойлау қабілеті; «Меніміз» болмақ. Бұл меніміздің бізде; Иман, имандылық болып жалпы әрбір атау сөздің ұлттық сөз өнерімізге сай ұғымдарының болатыны да хақ.
Иманды болу дегеніміз-Ақылды, пайымды, ізетті, көркі өзіне сай ізгілі, сабырлы деген мағыналарды береді. Алла тағалаға; Иман келтірдім дегеніміз; «Алла тағаланың осы бізге берген көркем есімдерінің бір сипатына сай боламын» деген уәдеміз, берген сертіміз болмақ. Ал енді сенім болса біздердің әрбір заманның ерекшелігіне қарай қозғалыстық, уақтық жылдамдығына қарай меңгерген қаракеттік ақылымыз бен білімімізге сай, белгілі бір рухани жетілу бағытын таңдауымыз болады. Сондықтан да сенімнің де 11, 81, 9 сандық өлшемдерінің 11+81=92; 92+9=101; сандық құлшылықтық өлшемдері болып, Әл-Бұхари атамыздың пайғамбарымыздың хадистерін 92 санмен белгілеуінің өзінде сенімнің құлшылығын меңгеруді білдіреді. Және қазақта; «Жүз бір атты пәледен, 1001 атты қатерден сақта, құдай» деген сөз де осындай адамзаттың сеніміне қарсылық 101 (99+2) қаралық, қарсылық күштердің барын және иман қуатымен жоғары саналықты меңгеруді; 1001 белгісінің, есігінің қатердің барын білдіреді. Абай атамыз; «Мыңмен жалғыз арпалыстым» деп осы мың есікті көрсетіп ашып кеткені болып, енді оның ішкі құлшылығының бәрін Шәкәрім атамыз ашып көрсетіп біздерге осы заман білімімен, сөз құпиясын философиясын ашып, құранмен негіздеп, Ясауи бабамыздың ақылының сырын, ғылымдардың көзін, хикмет білімін тылсымдық есіктерін ашу ғана қалған жоқ па? Иман қуатының да екі белгісі, тектік көркем сөзден жарық ағашы болып, бір ақылмен — алтымен, бірі ойшылдықпен — жеті санымен байланысты көктен нұр-он саулықпен дәрежеленіп; 60;70; бұтақты иман ағашын өсіруіміз және мұнымен де адамзаттың рухани дамуы тоқталмай жоғары саналықты меңгерудің де сырлары барын, төменгі сананы да меңгерудің жібін үзіп алған масһаб ұстанымында құлшылығы, намаз орындаулары қарастырылмайды. Себебі бұл ізігілікті тұрмыстық өмірдегі намаз орындаулармен және шариғаттан бастау алған дін құлшылығы тарихат мағрипат білімдерімен де байланысты болмақ.
Сонымен қазіргі масһаб білімі дегеніміз сенімді бағыттап, жындылықты тазартып, мұсылман болумен ғана шектеледі. Имандылықты жетілдіруге; масһабпен яғни намаз оқумен, зекет беріп, ораза ұстап, бір рет қажылыққа барып және тек белгілі мерзімдерде ғана сауап ісімен айналысумен өсіре алмайды да. Мұны құранда «Сендер иман келтірдім демеңдер, мұсылман болдым деп айтыңдар» деп ескерткен. Және мұндай сенімдерің түрлі азаптармен, аурулармен, аштықтармен сыналасыңдар деп иманның сынақтарды меңгеру арқылы зейнеттелетінін де ескерткен аяттарда. Ал мұның нәтижесінде иманды меңгерудің сыйлығы да уахимен байланысты екенін де; «Мұхаммед оларға: «Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді.» де (49) Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымынан уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын» де (50) «Оған (Раббысынан келетін көрсететін шындыққа, уахиға) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарынан қалайша келеді.» (34-52) Қырық тоғызыншы аятта қандайда бір елге келген бұзықтықты, түрлі пікірдегі «экстремизмді» де уахидың келуімен, көктен түскен түрлі хикметті белгілерді меңгеруімен халықтың иманға келіп тазаратынын да ескертеді. Сондықтан әрбір пендені тура жолға салу Раббымыздан келетін аян, уахимен ғана байланысты болып, бұл тұрғыда әлем мұсылмандары түгіл қазақтың масһабшыларының тұтастай иман келтіруі де, яғни жүректеріне жарық зейнетін алып тура жолға түсуі де мүмкін еместігін білдіреді.
Олай болса, иман қуатының тек Раббымыздың көркем есімдермен жалғанған, Алла достары арқылы Рахманнан ұлықсат берілген шапағатшылары арқылы бізге оқылып көрсетілетін болса, оның ұзақ жерден жұлдыздардан қолымызға «қолдау» яғни «су нұры», «кісілік» болып енуі де мүмкін емес екені да хақ. Мейлі құранда, мейлі қандай бір киелі кітаптарда болсын; Сендер намаз оқып, зекет беріп, ораза ұстап жаннаттық боласыңдар деген аят жоқ. Тек ойдан құрастырылған хадистер болмаса, жалпы пайғамбарымыз да намазбен, оразамен, зекетпен, қажы болып жаннатқа кіресіңдер деп айтпаған да. Керісінше «Жомарт жүректермен жаннаттық болады» деп өсиеттеген. Және иман тек исламмен байланысты деген мүлде тажалдық. Әрбір діннің ерекшелігі сеніммен ғана айқын болады. Егер сенімді Алла беретін болса онда әлемде бәрі періште болып кетер еді. Сол сияқты иманды Алла бермейтін болса онда жер бетінің адамзат қауымы әлде қашан хайуанға айналып бірін-бірін құлдап, тонап жоғалар да едік. Сондықтан иманда ешқандай дін болмайды да, ол Алла тағалының дінсіз таза қарама-қайшылығы жоқ тек жақсылыққа, ізгілікке бағытталған ақылының біздердің тіршілігімізбен байланысты 101 атты пәлені, қарсылықтарын меңгеруден пайда болған жарық нұрдың сипаты болмақ. Ал Мұсылман деген-мүмін жандар, дәстүрін сақтағандар болып ұғымдары тарқатылады. Олай болса, мүмін болу сенімнің беріктігімен, жаратушысын танумен байланысты болып, кез келген әлем халқының, кез келген ұлттың жаратушысын таныған тағдырындағы ізглік жасауға, махаббатпен көбейіп, өсіп- өніп өркендеуге берілген жобасын, иманын жоғалтпаған пендесі де мұсылман болып табылады. Бұл жерде исламның намаздық құлшылықтары иманды өсіріп жетілдіруге, өрістетуге өзге діндерден үстем екенін дәлелдеу арқылы ғана артықшылығы көрініс беру керек. Әлем халқының иманнан, яғни махаббатың бір бөлшегінен жаратылатын, сол иманды сақтау жолында талайлар намаз оқушы «намазхан» аталып, шынында бірі жалған бес парыз меңгеруші қандайда бір діншіден, өзге қандай дінде болсын, дінсіз болсын бірақ ізгілікті істерімен белгілі болса, онда мұсылмандығы да артық, иманы да тұрақты екенін де мойындаған жөн. Экстремизмнің өзі осындай сөздің ұғымдарын өзгерту арқылы құдайдың үкімдерін терістеп, ортақ қосып, дінді бөлшектеп сөз атауларын жасырып, өздерін артық қылып көрсетпек болған тажалдық білімнен тарап жатқанын да әлемге құран арқылы дәлелдеудің де маңызы зор бүгінгі таңда….. (жалғасы бар)