III-Имандылық пен сенім ерекшелігі

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 0

     

Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ, сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парыз бен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз. Ал иманның ғылымына жүгінсек және пайғамбарымыздың да өсиеттері бойынша жақсылық, сүйіспеншілік атты адамдық қасиетті адам баласына ұлтына, жынысына қарамай тағдырында жазылатыны, егер мұны алып қойғанда адам баласының хайуаннан айырмашылығы болмайтыны да сөзсіз. 

Қандай жағдайда болсын, адам баласы мұсылман болып жаратылады да тағдырмен бірге жақсылық жасау махаббатын, яғни имандылық, 3-түрлі «МАН»-дық белгісін де (екі қол, төбе таңбасы) сыйға алады. Қандай да бір атау сөз ұғымының сандық, сызықтық, таңбалық ішкі сырлары болып және әлемдерге ортақ қасиеттілік сапалық белгісі болуы шарт. Енді МҰСЫЛ+МАН ұғымының «Мұсыл» белгісі төбедегі қорған тақия сияқты жарықтың және 9 санды саналық, кісілік қуаттың белгісімен айқын болса, ал «Ман»-ұғымы 3 түрлі тәндік қасиеттің белгісі болмақ. 1. Шеберлік 7 санымен байланысты; 2.Көріпкелдік 4 санымен байланысты; 3.Үнмен айтылатын қасиет-мақамды белгілерден тұрады. Негізінен құранның жеті үнін меңгеру арқылы 8-ші өз үніңді қалыптастыру болса, онда 7+4+8 =20 және 9 санды белгіні қоссаңыз, Мұсылман деген 29 санды барлық құлшылықтың белгісі пайда болады. Сонымен толық, кәміл мұсылман болудың барлық амалын Мұхаммед пайғамбарымыз бекітіп көрсетіп кеткесін және бұл белгіні 29, 92 сандық өлшеммен исламның сәждесі болып, дінде құран арқылы сенімге келушілерді мұсылман атап, ал қалған діндерді мұсылман емес деген ұғымның пайда болуы да осындай пәтуадан шығады. Бірақ құран бойынша Нұх, Ыбырайым, Мұса, Дәуіт, Ғиса үмметтерінің бәріне мұсылман деген дәреженің берілгенін құрандағы ашық аяттың үкімдерін де масһабтық дінші қауымы мойындап ескермейді де. Қандайда бір жаратушысын мойындап сенімге келген, жер әлемнің барлық адамзаты кәміл, толық болмаса да жалпылық тұрғыда; мұсылман болып табылады десек қате емес. Керісінше ислам дінінде жүріп иманға қарсы амалдарды дәріптеушілер шала мұсылман немесе кәпір болып алғанын да білген жөн.

Мұсылмандық тәнмен және рухани жарықпен, бастың тазаруымен байланысты болған адамзаттың саналық, жетелік ақыл-ой қабілетімен, үш түрлі рухани қасиетімен байланысты  тағдырға берілген жақсылықтарды көбейтіп, өркендетіп орындаушы болмақ. Сондықтан Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты..» деп иманды яғни тағдырдағы сүйіспеншілік, жақсылықты ескерткен. Біздің хайуаннан айырмашылығымыз да осындай махаббатың бөлшегінің жаратылысымызда яғни кісілік тегімізде болып, аманат жанымызбен бірге берілуінде болмақ. Бұл жерде мұсылмандық адамзатқа ортақ текпен байланысты және онан пайда болатын имандылықтың, адамгершіліктің негізінің белгілі бір дін ұстанымдарға, құлшылық әрекеттеріне, дін сеніміне, алған біліміне ешқандайда да қатысы болуы да мүмкін емес. Имандылықты жер бетінің барлық тұрғыны да ұлтына сай әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен сақтап өсіреді жетілдіреді де.   Олай болса, иманды болу мен белгілі бір дін ұстанымға, құлшылық рәсіміне байланысты сенімді болудың екеуі екі түрлі ұғым болмақ.

Сондықтан дінде  иманды болуды діннің сенім тұрғысындағы рәсімдік құлшылығымен ғана қалыптастырады деп және білгілі бір  діннің парыздырын мойындауға байланысты сенімді бекітуді иман келтіру, жетілдіру деп атап атаулық сөздің қарапайым ұғымын өзгерту арқылы дінді, құранды, кітаптарды теріске алып бүкіл әлемді  рухани ақыл-ойдың дамуын тежейтін дағдарысқа, бүлікшілікке апаруға болатынын адамзат қауымы әлі анықтай алмай келеді. Біз жаратылыстан тағдырымызға алған иманымызды, жақсылығымызды ғана белгілі бір дін сеніміне арнап; «Иман келтірдік», имандылығымызды, адамгершілік қабілетімізді осы дінге, сенген бағытымызға, жолымызға арнадық және түсіну қабілетіміз, иманымыз арқылы барлық сәжде үкімдеріне бағындық деп уәде береміз.  Мұндай жағдайда сәжде ұғымы да намаз оқу, ораза ұстап, зекет беріп қажыға бару ғана емес оның да құран бойынша 30 түрлі шарты барын да ескерген жөн болар. Мұның ішінде мұсылманға тән 29 белгі құлшылық амалдары баяндалып, мұның тек біреуі ғана құпия жеке берілетін аманаттармен байланысты болмақ. Мысалға; масһаб діншілері бас тартып қарсылықтарын да үдетуден танбайтын бұрынғы өткен ұлттардың аруақтарымен, нәсілдерімен аян, түс көру арқылы байланысқа түсіп хабар алуды мүлде жоққа шығарады да жалпы халықты да осыған насихаттайды, сендіреді де. Бірақ бұл жағдай иманды жетілдірудің, меңгерудің негізгі белгісі болып аятта; «Бұлардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?» (Сәжде; 32-27) Енді бізбен бірге жер бетіндегі тіршілік өмірде қатар өмір сүріп жатқан түрлі сипаттағы жындардың, періштелердің, аруақтардың толық бейнесінде болған нәсілдерді дәрежесіне, тазалығына қарай біз қалай тыңдауымыз керек? Олар сонда бізге қандай ғибрат және қалай айтады екен? Бұндай жүздеген аяттарды неге масһаб ғалымдары айналып өтіп керісінше түсіндіреді? Неге дін ғалымдары құранға ашық қарсы болып, ортақ қосып және ойдан пәтуалар аяттар шығарады? Сонда меңгерген, келтірген Имандары мұны неге қабылдай алмайды? Демек сенімдері, тәпсірлік білімдері де дұрыс бағытта емес деп айтуға толық құқымыз да бар.

Сонымен мұсылман болу; мүмін болып, дәстүрін сақтаушылар болып аталады. Бұл құлшылықты пайғамбарымыз; «Сендер ата-бабаларыңның ғұрпын сақтаңдар. Олар кесірткенің ініне кірсе сендер де кіріңдер» деп ескерткенде, сахабалар; «Бұрынғы аталарымыз християн, якуди болса да ма?» деп сауал қойғанда «Ия» деген жауап болған екен. Сондықтан кез келген адамзаттың баласы, қауымы әдет-ғұрып, дәстүріне сай құдайдың бұйырған ізгілік, жақсылық амалдарын орындайтын болса, онда ол, олар мұсылмандар, ата тегіне берілген аманаттарды, нәсілдік уәдені орындаушылар болмақ. Аятта;  «Бәдеуилер; Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейрімді» де » (49-14) Олай болса біздердің масһабтық намаз оқуымыз, зекет беріп, ораза ұстанып жасаған құшылығымыз толық сәжде болып, иман келтіру емес, біздің иманымызды сақтауға, істеген амалдарымызға құдайдан жауабын алуға жасаған құлшылық болып табылады. Жалпы иман келтіру 9; 49; сандық мәндерімен байланысты болып және мұндай жағдайда толық сәжде аятта; «Олар, Аланың нұрын (сөзін, дінін)ауыздармен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнтпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) Қазақ даналығында бұл аяттың үкімін «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп иманның белгісі сөзбен, ана тілін, сөз даналығын меңгерумен яғни жетелік, саналықпен байланысты деп ұғынған.

Сондықтан сөз өнерін меңгеру де біздің меңгерген ақылымызға, білімімізге байланысты қандайда бір берген пәтуамыз құранның ғылымымен, аятарының насихатымен сәйкес келмесе онда ол күмәнді болмақ. Олай болса, құраннан иман туралы насихаттарға тоқтала кетсек;  «Мұхаммед саған осылайшы бір «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (43-52) Сонымен иман дегеніміз тек сеніп бес парызды орындау емес, таза ақыл РУХ-тың жолдарға айналған РҰҚ-тан уахи болып, құранның түсуімен онан кітаптардың бөлініп шығып, кітаптардан Иман атты бейнеленген ақпараттық жарықтың кісіліктің пайда болуын білдіреді. Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз тек арап халқына немесе исламды ғана қабылдаған елдерге емес, барлық әлемге нұр, шырақ (иман) түрінде жіберілді деп ескерткен.  Олай болса біздер жаратылысымызда бар имандық қуатты, құранымызды да сыртқы қарсылық күштерден қорғап, күзетіп, ішкі сырымызды, меңгерген иманымызды құпия сақтау үшін бой ұсыныу яғни сенім қуатын да меңгеру керек екені сөзсіз. Біздің сенімімізге қарай істеген әрекетіміз, құлшылығымыз арқылы иманымызды қорғап және оны көбейте аламыз, яғи қосымша иман қуатын келтіре аламыз. Сондықтан аятта; «Соқыр мен (аян, түс) көруші тең емес. Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер мен жамандық істеушілер де тең емес. Аз ғана түсінесіңдер.» (40-58)  Біздердің жүрек көзіміз жабық болса тылсымнан хабар ала алмай, біздердің кітап жүзінен ғана алып меңгерген ақылымызбен, білімімізбен түбінде адасамыз, тек қана құдайдың көрсетуімен ғана жасаған істеріміз жақсылыққа айналады екен. Бұған ислам әлеміндегі құраннан оқып, тәпсірден біліп, теріс ұғынып бірін-бірі өлтіріп зұлымдыққа түсіп жатқандары  құдайдың берген аянын, уахиын, жол-жобасын көре алмаған соқырлықтан пайда болғанын осы аятта растап тұр.

Және мұндай жағдайға негізінен осындай бедеуилік елдердің ұшырайтынын да аятта; «Оған (шындыққа, уахиға) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді.? (52) Расында олар, оған бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді.(53) Олар мен олардың қалған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші.» деген (34-53).  Сонымен иманды келтірдік дегенмен Құдайда белгі аяны болмаса және мұның ақиреттен өлілермен шапағатшылық дәрежесіне жеткен Алла достары арқылы да келетінін ескерткен аяттар да бар. «…Мұхаммед оларға: «Егер тауратқа иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені бұйырған де» де (2-93) «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) Егер адамзат алған білімі тұрғысында белгілі бір діндегі сеніммен зұлымдыққа түсетін болса бұл иманың бұйырғаны емес, керісінше тажалдардың еркіне ақылын байлағандық болады. Сондықтан ешқандай қарсылығы жоқ таза ақылды-иманды Алла өзінің бұйрығы бойынша сенімін сынап, жасаған жақсылық ізгі істеріне, сауабына қарай сыйға беріп отыратыны да хақ деп біліңіз. Қазақтың дәстүрінде иманды өлілерге сұрап, өзімізге оның берекетін неге сұраймыз? «Өлі разы болмай, тірі байымас» деп неге айтамыз? Мұның сырына неге үңіліп ой жібермейміз?

Қазақ халқының да талай жылдар орыс халқымен бірге рухани тұтастықта өмір сүруден тіліміз де сөзіміздің құндылығы да әлсірегені де сөзсіз. Ал жеке дербес ел болып, егемендік алысымен түрлі діндердің бағыттарының шабуылына ұшырап, біздің бұған қарсы тұратын насихаттарын електен өткізетін зиялы атты қауымның да біліксіздігі, қазаққа тән еліктегіштігі де кесірін тигізбей қоймады және жалпы ұлтымыз бұрын  дінсіз, имансыз болдық деген қате пікірмен тағдырымызда жаратушыдан жанымызға сыйға  берілетін  бар иманымыздың маңызын, салт-дәстүріміздің қадірін ұмытуға да, сөз байлығымызды зерттеп меңгеруге де құлықсыздықты қалыптастыруға негізінен дінші қауымының, ғалымдарының жалған пәтулары себепші болғаны да хақ. Дінді қиындатуға болмайды, яғни ұлттық наным сенімді, ана тілінің қадірін, қасиетін арттыру арқылы насихатталу керек болса, қазақ дін ғалымдары керісінше бұрын аударылып ішкі сыры мәлім болған ұғымдарды  немесе замандық сөз байлығына, үндік жетілуге байланысты аударуға болатын сөз атауларын бағзы замандағы түсінігіне қайта оралып замандық қозғалыс, уақыт жылдамдығымен сәйкес келмейтін яғни санамен қабылданбайтын, жалпыға түсініксіз атау сөзге айналдырумен арап тілінен аударылған қалыптасқан ұлттық саналық ұғымдарды да жоғалтуды әдетке айналдырып алғанымыз да сөзсіз.

Жалпы имандылық қағидасы, адамгершілік негіздері; ақылды болу, ізгілікті болу, ізетті, әдепті болу деген сияқты құдайлық парыз, қарыздар барлық адамзатқа ортақ болып, әрбір халықтар мен дін топтары имандылықты онан әрі қарай жетілдіру үшін де   саналықты меңгеру арқылы даналыққа, данышпандыққа жетілдіруге, әрбір ұлттар, үмметтер дін топтары бірімен-бірі ақылды, білімді, ілімді жетелдірумен, жақсылыққа жарысу арқылы иман қуатының нәтижесі, өнімі тектілік ағашын жетілдіруде, танымдылық, даналық арқылы ғылымды меңгеруде қасиеттілік, дұғаның күші арқылы ғана кімнің дұрыс жолда екенін дәлелдеу керек еді. Бірақ арап жұртынан пайда болған надандықпен уланған, жаратушысын  тәпсір білімімен намаз оқу арқылы тануға негізделген,  шариғат ісі болған сенімділікті дінде тура жол дәстүрі деп алдық. Ал тура жолға  Алланың өзі түрлі себеп хикметі арқылы, құдай ісімен, достары арқылы түсіретін хикметті мұғжизасымен әрбір адам баласына, тағдырына байланысты аянмен жобасын алып, намазын орындау арқылы  меңгеретін;  имандылық, ізгілікті мүлде құлшылықтан шығарып тастадық. Яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген, әуелі төрт ақылды меңгеріп, сосын алты ақылды бір ақылға, саналық қуатқа, естілікке айналдыруды  бұрын кем дегенде  50 жастағы адам баласына сай меңгеру керек болса, енді кез-келген намаз оқыған 40-қа келіп 4 ақылы түгелденбеген жас баланың да даналық түгіл, бесінші сипат танымдылық ақыл тұрғысында есті, имандылықтан жетілген, саналы аталуына жол берілді. Сонымен кәмелетке толмаған жас баланың намаз оқып, шариғаттың амалдарын меңгерсе болғаны, мұнысы құранға да қайшы ұғыммен «толық сәжде» деп аталып, ал енді өмірдің ыстық-суығынан, құдайдың тағдырға жазған сынақтарынан, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрмен орындалатын сәжделік амалдарды шамасы келгенше иманы арқылы орындап, елге қызмет қылып, бала өсіріп, тәрбиесін беріп, дін құлшылығын яғни рәсімдік намазын орындап, тағдырлық  иманын өсірмесе де еңбегіне қарай зейнетін алған кәріден енді түк бітірмеген құранды жаттап алып, намазды мешіттен шықпай көбірек оқитын сенімін ғана бекітіп, тазартып, бірақ ақылы толмаған, маңдайынан тер ағып, халыққа қызмет қылмаған, тіптен әлі отау құрып, жар сүйіп жыныстық міндетін де, аманатын атқармағандар тағдырлық иманының міндетін, жобасын алып орындай білмегендер  жоғарғы лауазымды дін ғалымы, имам болып халыққа жөн сілтеуге лайық болды. «Бастық қойсаң тырнадан қиқу кетпес басыңнан» дегендей халыққа ақыл беру орындарында кітаптан алған біліміне мас болған, ұлттық дәстүрінен бас тартқан, иманын жоғалтып алған, аяқтары бекіп, табаны ағармаған шала мұсылмандар отырса, онда мұндай «экстремизмді» қолдап  дәріптеп отырғандар кім аталмақ?

Олардың арасында үлкен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оларды қолдаушы әлемдік тұрғыдағы философ ғалым, психолог, шейх, хазіреттер бар емес пе, олар не бітіреді деп сұраңыз енді. Бұл жерде тағдырлық иман дәнін өсіріп жетілдіруге белгілі бір сенімнің дін білімінің иманның күзетшісінің керегі сөзсіз. Сол біздің сеніміміз бойынша орындаған қосымша амалдарымыз арқылы да иман қуатын жетілдіріп, боймен, ар сауытымен қорғап бұзылудан, жоғалудан сақтап, тек ағашына айналдыру да керек.  Сонымен иман біздің іштегі жарығымыз болса, сенім сырттағы бойлық күзетші қорғаны болары да хақ. Жалпы дін құлшылығы сырттан екі аралықтан, жерден, көктен, табиғаттағы барлық жаратылыс егелерінен адамзаттың рухани, малдық, жандық өркендеуіне түрлі өрістік, иістік, қарсылық қуаттарды шамасына қарай өлшеммен жүктеліп, меңгеруді қалыптастыру керек. Және бұл бір тұтас әлемдік тәңірлік сипатпен, бірліктермен адамзаттың тәнінде, денесінде толық белгілері болып байланыста тұрумен де өзінің нәтижесін береді. Бір Алла- дегеніміздің жалпы әлемдік өз ара тығыз байланыста болатын, Алланың Өзі сипаты болатын бейнеленген барлық таза, пайдалы қуаттардың, періштелік, кісіліктердің адамзаттың болмысына сай өлшемді жиынтығын айтады. Бірақ мұндай Алланың сипаттарының ғылымын тарқату, кейінгі замандарда келген әулиелерге тиісті болып мұның тарихат, мағрипат деген шариғаттан да жоғары тұрған және мұны философиялық мектептер арқылы халықтың дәстүріне, тұрмыстық және мәдениетіне, руханиятына  қарапайым тұрғыда қойшыдан патшаға дейін ортақ амал болатын құлшылық сәжделік істеріне айналдыратын заман келетінін де болжаған және ашық аяттармен түсіндіргеніне қарамастан қазақ деген халықтың бұл сынақтан өте білген Ясауидей ғұламасы болғанын және дін шежіресінің өркениетін ұмытқаннан ислам әлемі түгіл, бүкіл жер әлемінің адасуына себеп болған десек қате емес.

Әлемге қазақ халқының мұндай дәстүрлі дінінің қандай қатысы бар деген сауал туындайтыны да сөзсіз. Мәселе де мұндай әлемдік сынақтық жаңа өркениеттің үнемі қазақ халқынан басталып  және  оған қарсы зұлымдықтар мен тажалдық білім де қазақ ұлтынан басталатынын, бұл әлемдік жағдайдағы қалыптасқан әдет екенін біздер тарихтан шежіреден аянмен салыстырып үлгі алып болжауды да ұмытып қалдық. Мұндай жағдайда әрине арамыздан иманды меңгерудің тазалығын көрсете білетін де, оны қарсылықтармен аздыратын да қауымның шығуы да сөзсіз. Имандылықпен, ақылдылықпен, саналық қуатқа тән көргендікпен елдің шаруасын қалыптастыруға, Астана деген бас қаланы салуға да Нұрсұлтан мырзаға осындай тағдырмен берген иман қуаты және саналықтың қасиеті болып, оны ол кісі иманының білдіргенін, көрсеткенін орындап қазақ халқын бұл тұрғыда әлемге паш еткені де сөзсіз. Бұл тұрғыда ізгілік, игілікке ақылын жұмсауда яғни имандылық тұрғысында ел басшымыз қандайда бір ғұлама дін ғалымы, хазірет, шейхтардан да иманы, саналығы артық екені де хақ. Бірақ барлық нәрсенің жұп болып жаратылып, білім мен шаруашылықтың дамуын меңгерумен бірге елдің рухани өркениетін де қалыптастыратын  имандылық, саналық қуатының жалпы халық арасынан шыққан қарапайым адамдарға берілгенін және ұлттық дәстүрімізден құдайдың ісін, көрсеткен белгілерін, хикметтерін мойындаудан бас тарттық.  Осындай надандықтың  нәтижесінде ел басшымыздың  сенім артып ғалым деп мойындаған және ел басқарушылық, уәзірлік қызметке тағайындалған иманды, саналы аталған пенделердің керісінше саналық түгіл, тағдырлық иманын да меңгере алмай құр біліммен, ой жорумен ақырында тажалдық білімді насихаттаушыға айналып алғаны да хақ. Сондықтан ойдан шыққан пәтуаларға, масһабтық білімге сүйеніп  өз ұлтына, дәстүріне қарсы шешімдерге қол қойып жинаған имандық қуатын жоғалтуға мәжбүр еткені де жалған емес. Иман таусылуға, жоғалуға тән болғандықтан сана қуаты жинаған өсірген иман ағашына, тегіне байланысты жемісі болып, иманға қарсылықпен саналық та жоғалып отыруы да сөзсіз.

Сондықтан да тағы да қайталап өтсек, әрбір есті адам баласына түсінікті болу үшін; Имандылық дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болуды қалыптастыратын болса, онда осындай шариғатпен, масһабпен, түрлі сопылық жолдармен жетілдірген қазақ ұлтының қандайда бір білімді азаматы, азаматшасы өз ұлтының мыңдаған жылдан бері қалыптасқан, түрлі хикметтермен бекіген, ата бабамыздан мирас болған ұлттық рухани құндылығымыз ар білімі аруақтарынан жансыз шерік атап неге шошып бас тартып және иманды аталған жастарымыз қолына қару алып, өзге елдің мүддесін қорғауға құштар болып зұлымдыққа түсіп кетті? Ал иманды кітап жүзіндегі біліммен жетілдіруге болатын  болса онда жоғары  білімді, ақылды аталған кейбір үлкендеріміз де өзге діннің жетегінде неге кетіп,  өзін тану арқылы жаратушысын тануға құштарлық танытып жатыр?  Олай болса, бүгінгі таңдағы исламдық дін ұстанымында, масһаб білімінде де иманды жетілдірудің ең маңызды қуаты;  2.Пайымдаулық (ойлана білу) сапасын, жетелігін жоғалтып алған десек жалған емес. Жаратушы иеміз исламның дін ғалымдарының да және түрлі топтарға бөлшектеніп алуының де негізгі себебін аятта; «Мұхаммед оларға айт, «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсіргендерді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген құран (хадистер) олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68)  Құран аяттарын толық ашуға пайғамбарымызға түсірген хадистер жеткіліксіз болып, тек қана құранмен хадистермен пайымдаудан барлық елдердің де адасатыны  ал құранның хақиқаты Інжіл, Тәурат және әрбір ұлтқа берілген сөз байлығында тұрғанын ашық ескертеді. Бірақ бұл аятты оқырмандардың өзінен санаулы ғана адам баласы жүрегімен қабылдап, ал жоғарғы дәрежелі философтардың, академиктердің, дін ғалымдарының, ақылды аталған ел билеушілерінің өзі бұндай ашық аяттарды ұғынуға неге иман қуаты әлсіз сондықтан да санасыз болды деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек….(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.