II-Сенім мен иман және дәстүр философиясы

Бөлім: Без рубрики 2

Жалғасы, басы; «Жалған пайғамбарлық және дін философиясы» атты тақырыпта)

Абай атамыз иманның ғибадат-намазы, яғни бұрнығы өткен  пайғамбарлардан, даналардан өнеге ала отыра қалыптасатынын және екі шарттан тұрып үш түрлі сипаты болатын 5- түрлі құлшылықтық сипатын белгілеп кетіпті; «…әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Бірақ ондай адамдар толымды ғибадатқа (намазға) ғылымы жетпесе де қылса екен дейміз..» (12-сөз) Имандылық ниеттен басталып, негізінен ғылыммен ғана имандылық намазы толымды болатынын ескертіпті. «..Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі-иманның сенімін (сенім қуатын, күшін) бекітіп орнықтыру керек. Екінші; үйреніп жетенше осы да болады ғой демей, үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты (орындаған намазы) ғибадат болмайды. Ал, кімде-кім иманың неше нәрседен бірленіп толығатынын білмей, қанша жерден бұзылатынын білмей, басына шалма орап, пірәдәр атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені-көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзіән-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғыртықтың иманы бар деуге болмайды.» (12-ші сөз) Абай атамыз бүгінгі дін масһабшыларының ғалымдардың иманмен сенімді бір атап, сенім қуатын қалыптастыратын бес парызбен иман келтірдім деген, пәтуаларын жалғанға шығарады.

Сенім қауаты иманың күзетшісі болып, оны «көңілге-қалың беру» арқылы яғни рухани сүнетелу, білімен көңілді бекіту Інжіл жазбаларындағы Ғиса пайғамбарымыздың астарлы түрде; «Мен күйеумін, мен үйленуге келеген кезде ұйықтап қалмаңдар», деп ескертіп және Ғиса пайғамбар аруағы келген кезде, бес қыздың шамында майы болып, бес қызыдың майы болмай, олар шамына май құю үшін қалаға базар аралап кетіп, көктен күйеу жігіттің, рухтың келіп, бес қызбен (көңілмен) бірге үйге кіріп, ал қалған бес қыздың үлгіре аламай, есік жабылып қалатынын ескерткен астарлы жұмбақ философиялық әңгіме қалған. Бұл сырды шешкен қазақ даналары көп, Абай атамыз; «Бес қуатың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп насихаттаған. Осы бес қуатың жұбымен; «Он саулық» зор байлық, деген де нақыл қалдырған. Сонымен бұл «Он саулық»-көңілге қалың беру амалын, сенім қуатын бекіту арқылы ғибадат-намазы орындалады. Менің 6-үнді жазылған кітаптарымның тақырыптарында сенім мен иман қуатының өлшемдерін, ерекшелігін таныстырап өткенмін. Енді тағыда қайталай кетсек; Сенімді бекіту ғибадат намаздары;11;81,9 сандармен құран сүрелері аяттарымен баяндалады. Ал иман қуаты; 49; 9 -сандық сүре, аяттармен байланысты да сенім мен иман негіздері 9-санды тәубе амалы арқылы өз ара бірленеді.

Сонымен Абай атамызда жаратушымыздың; «Бәдеуилер: «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейрімді» де» (49-14) деген мұсылман болу сенімге байланысты да, ал иман келтіру, иманды болу, мүмін болумен  пайғамбарымыздың сүнеттерін толық орындаумен және Алладан түсірілген барлық кітаптармен байланысты екенін есекертеді. Сондықтан ниеттің де өз өлшемі сипаты болып, сенім мен ниетті толық бекітудің бірлігін Абай атамыз 13-санды қара сөзінде және 31-санды қара сөзімен даналықты меңгеру деп түсіндіреді. Құранда да осы 13;31 сүрелермен байланысты адам баласының имандылығын және даналығын Алламен толық байланыста болумен түсіндіріледі.

Енді жалпы құран философиясымен иманды болудың, яғни иман келтірудің сенімді мұсылман болумен  ерекшелігін тәпсірге байланбаған еркін ақылмен пайымдап көрейік. Қазіргі масһабтың және жалпы ислам әлемінің бес парыз намаз құлшылығының қажылықтан басқасы сенім қуатын жетілдіруге ғана арналғанын жаратушымыздың аятта; «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) деген ескертумен иманның жоғарғы таза ақылмен жан білімімен байланысты екенін аталармыздың «Төртеу түгел болса, төбеден (иман) келеді» деген нақылын растайды. Сонымен төбеден періште иманның яғни бақ құсының қонуы да және «Кім иман келтіріп, жақсы іс істесе, оң істесе..» дегендей жүздеген аяттардың иманы бар мүміндікке жеткен адам баласының ешқашанда жамандыққа баруы мүмкін емес және жақсы жаманды айыратын қабілеті болып, Алла оған жаман мен жақсыны айыру қабілетін, таза ақылдың пайғамбарлық қасиеттің, әулиеліктің және ғылым (ілім) берілуін де ескертеді. Алдыңғы тақырыпта ескерткендей мүмін адам баласының игі түсі уахимен байланысты болып; «Пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деп есерткен Алла расулы. Олай болса уахи болашақты болжаумен байланысты пайғамбарлық қасиетті меңгеру яғни иман қуатын меңгеру болып саналады.

Олай болса қазірге масһаб, және ислам елдеріндегі болып жатқан «намазхан» қауымның бүлікшілдігі, өз туысын дүние үшін өлтіру және да қазақ еліндегі дүние үшін ата жолын, дәстүрін дүние байлығымен бағалап, қудаланып, түрлі дау жанжалдарға еліміздегі Сирия мемлекетінен де көптеген есе шығынға ұшырап жатқан қанды қызыл қырғынға құдайдың сынағына душар болып, қиямет сағатының басталуына дінші қауымыныңда, ел биліктіңде себеп болып жатқаны имандарының аздығын, немесе мүлде жоқтығына айқын дәлел бола алады. Бірақ, бұл жағдайды ел билігі мен зиялы қауым өкілдерінің де раббымыздан келіп жатқан белгілер мен, уахиларды ертек түрінде қабылдамай философиялық ұзын ақылмен пайымдай алмауына да, олардың сенімінің оны бекітуге алған түрлі білімінің жеткіліксіз еенін және оған иман ілімінің қазақ дәстүрінің де жетпейтінін де түсіндіру мүмкін емес. Өйткен олар жалпы надан қауымнан емес, білімді және құдайға да құрнаға да сенгенімен, тек дін ғалдымдарынң жазғанымен кітапта берлгене біліммен өздеріне жақын шенділердің айтақына ғана сенгендіктен Абай атмыз ескерткендей, мың кісі келіп жалбарынса да өз бағытынан қайтпайтын, берік сенімді «такледи» иман өкілдері болып саналады да және сөз астарын түсінбейтін, қазақ даналығын философиялық құндылықтарын менсінбейтін жындылықтары да бар. Сондықтан да қарапайым ақылы толмаған жастарға және әйелдер қауымына тән логикалық пайымдаумен талқылап отырған жайымыз бар.

Ал, имандылық болған жерде сөз астарын жетік білумен ар қуаты да таза болып, арланудың, ұялудың, ұлтына  сай намсытылықтың болуынан ешқандайда даудың да, басқалай келіспеушіліктің де болуы мүмкін емес және Алладан құпия білім, (Төртеу түгел болса төбеден келген) ілім алған әрбір иманды адам баласы ақ пен қараны жамандықпен жақсылықты алдын-ала болжап, оған лайықты әрекет ете білу қабілетіне еге болуға тиісті. Сонымен бірге жаратушымыз иман келтіргендердің, арлы болудың, мүмін болудың артық хайыр жақсылық жасаумен Алла жолында соғысумен тікелей байланысты екенін ескертеді.

Енді, дін масһаб білімінде Абай атамыздың ескерткеніндей; «…Ал, кімде-кім иманың неше нәрседен бірленіп толығатынын білмей, қанша жерден бұзылатынын білмей, басына шалма орап, пірәдәр атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені-көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды…» Олай болса масһаб тобының ұсынып отырған білімінде иманның қандай жағдайда толысуы туралы білім жоқ. Тек қана қандай жағдайда бұзылуы туралы ғана білім бар. Ал, иман мен сенім бірлігін қалай қалыптастырады? Бұл туралы да мен өз басым масһаб білімінде жазылған насихатты кездестіре алған жоқпын. Керісінше иманның толысуына қарсы ашық жала, қарсылық насихаттар жеткілікті. Сонымен қазақ дәстүрлі діні бойынша; парыз намаздарды орындау сенімге келудің, сенім қуатын рухани тазартудың құлшылығы болып, иман келтіруге байланысты; артық хайыр жасау, ізгілік істеуге жатпайды. Себебі кімде-кім намаз оқыса, ораза тұтса, зекет берсе де өзінің бас амандығын, сенімін жетілдіру, рухани ақталу үшін ғана орындайды. Сондықтан қандай да бір Алла тағаланың  адамзатқа парыз қылған намаздық амалдары, ол өзгелерге  артық хайыр жасау емес, өзінің дін амандығын сақтау, тағдырын тазарту үшін ғана керекті құлшылық түрлеріне жатады. Ал, қажылыққа бару, адам баласына шамасына қарай орындайтын иман жинау, жинаған иманын бекіту құлшылығына жататын болғандықтан, оны парыз деп ескертпеген және Абай атамызда; «Кейбірі пірге қол береген, Іші залым сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмасада қаж парыз..» деп сынаған. Бұл жағдайдың пайғамбарымыздан кейінгі ислам ғалымдарының қажылықты парыз қылумен, сенім қуатын жетілдіру амалы болып, сонымен иман келтіруден ислам әлемі мүлде ажырағанын көрсетеді. Қажылық арқылы иман қуатын меңгеруге болатын болғандықтан арап елдері үшін бұл жағдай жеңіл себебі жылда қандай мезгілге де қармастан хаж амаладры түрінде орындауға болғандықтан да, және орта топтық иманның 60-бұтақты сипатына жатады. Ал Меккелік араптардан басқа елдерге иман қуатын меңгерудің ұлттық сипаты болып және өз жерлеріндегі хаж амалдарының еркешелгі де болғандықтан, арап елдері түрлі масһабтармен, топтарға бөлінсе, ал түркі елі ғана дәстүр арқылы жетілдірумен, сопылық жол арқылы пайғамбар, сахабаларға тән 70-бұтақты сипатын меңгеру амалдарын яғни тура жолды меңгере білген. Шындығанда түркі елінде, иман келтіру амалдары сопылық топтарға ауысып, бірақ қазіргі таңдағы көптеген сопылық топтарда намаз оқу мен парыздарға басымдылық беріп, иман қуатын жинаудың артық хайыр жасаудық, мұсылмандық ата-анаға қарыздардың, дәстүрлі  шүкірліктің, тазарту, емдеу, бақсылық істері сияқты негізгі қағидаларынан мүлде айрылғаны да сөзсіз.

Ал енді иман болмаса, адамзат мүлде азып, құр сеніммен ешқандай ғылым да өркениетте қалыптаспас еді. Онда көптеген ел басқарған және зиялы қауым өкілдері халықтың руханиятын да жоқтап жүрген жазушы, ақын, ғалым, дінші қауым өкілдерін қалай имансыз деп атаймыз? Міне жан ғылымның адамзаттың жаратылыс құпиясынаң бір сыры да осы тағдыр, деген бізге беймәлім өмірдің құпиясында жатыр. Абай атамыздың «Аллла адамзатты махаббатпен жаратқан..» деген ескертуінде, қандай да бір адам баласының бұрынғы өмірден өткен ата-баба жандармен байланысты олардың аруағынан яғни белгілі бір иманның дәреже қуатынан жаратылады. Яғни ана қанындағы ділдің тазалығына, махабатынан иманның сипатынан әйел халқының қан тазалығы, тектілігі, арлылығы жалпы ұлттық тағдырымызға, имандылық дәрежемізге тікелей байланысты екенін де білген жөн. Сондықтан; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан, үйдің жақсы болуы ағашынан» деген ананың әкесінің иманы мен баланың әкесінің имандылығынан; 3-түрлі тағдырлық белгімен біреулер мықты тағдырмен, жаратылыстан иманды болып, белгілі бір қасиет егесі болып жаратылады. Кейбіреулер орташа тағдырмен, тәрбиеге қарай не жамандыққа не жақсылыққа ілгерлеуші иманды меңгеруші болып туылады. Жаратқан иеміздің; «Тозақ үшін де пенделерді жаратым» деген насихатына сәйкес кейбіреулер жасынан иманы әлсіз болып, ортасына қарай  зұлымдыққа не тағдыры жақсы имандылар тобына қосылуы да мүмкін. Бұл иман мен сенім бірлігінен туындаған тағдырлық иман себебін Абай атамыз 13-ші қара сөзінде 3-түрлі иман дәрежесін ескерткен. 13 санын неге иманның кілті қылып алаған Абай атамыз? Жоғарыдағы ескерткендей иман қуаты; 49; 9-сандарынан тұрса, онда қосындысы 58 саны дәржелесек (5+8=13) саны шығатынын білген де жөн. Сонымен Абай атамыздың насихаты бойынша; Біріншісі якини-айқын-шындық иман болып, оған ақылы, естілігі, білімі құранмен, хадистермен, философиялық тұрғыда пайымдауға жетсе, және құдайдан алатын кітабы уахида болатын болса, онда бұл айқын, иман шындығы болмақ. Ал, екіншісі; кітаптан оқу арқылы, молдалардан, діншілерден есту арқылы және бұл сеніміне берік болса, біреу зорлағанмен, өлтіремін деп қорқытқанмен айнымасатай көңілі болса, оны «тәкледи иман» деп атаған атамыз. Бірақ бұл осы кездегі масһаб және ислам діні ұсынып отырған сенім қуатын бекітіу ғана. Ал иманың дәрежесі бұл жағдайда тағдырымен берілген ділмен келген иманың шамасына ғана тәуелді. Ал, заманға қарай, түрлі себептерге қарай иманның дәржесін меңгеруге, толықтыруға болжампаздық, әулиелік, елшілік дәржелерді қалыптастырға бұл тәкледи иман жеткіліксіз. Қазақ еліннің ел биліктің, зиялы қауымның және дінші масһаб қауымының ұстанымы негізінен имандылықтың осы екінші түріне жатады. Ал үшінші түрі; «..Якини (шындығы, құдай ісі,) иманы бар деуге ғылымы (алған ілім кітабы, уахиы) жоқ, такледи иманы бар деуге беріктігі (сенім қуаты жоқ) я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтрікті шын деп ант еттетұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын..Иманға қарсы келерлік орында әрбір пендені құдай тағала кеңшілгімен кешеді дағы демесін, ондайлар үшін құдай тағаланың рахымына яки пайғамбарымыздың шапғатына да сыймайды..» (13-ші сөз)

Енді қазақ елнде «террорист, экстремист» аталған ел билікпен ашық майданға шыққан жастарымыз осы 3-топқа жатып, артының қандай қайғылы оқиғаға ұласып жатқанына бүкіл әлем де куә. Ал ел билікпен, зяилы қауым және дін масһаб өкілдері тек такледи иманның яғни сенімнің беріктігін қалыптастыруға, халықты заңмен мәжбүрлеп, якини-хақиқатты иманға шақырған ата жолының осы уақытқа дейін де қудалап жатқаны да өздерінің иман қуатының әлсіздігінен, тек тағдырмен берілген иманына ғана сүйеніп, көбі иманды толқтру,бірлеу дәстүріне ашық қарсы болғандықтан бұл иманын да тауысып алғанын, жүрек көздернің де жабылғанын білдіреді. Иман неге таусылады, жүрек көзі қалай жабылады? Себебі қай жерден иманың бұзылатын білімінде жоғалтып алғаннан, ата-баба амантат, уәдесін, шүкірлік намаздарын орндамағандықтан, масһабтық пәндік білімге ғана сүйенгендіктен деп біліңіз. Пайғамбарымыз; «Таусылмас иман, шүкіршіл жүрек, зікіршіл тән бер, деп тілеңдер» деген өсиетті бекер айтпаған.

Бұл жағдайға, қазақ халқының өз дәстүрінен алшақтап зұлымдыққа түсуіне де себепші масһаб ғалымдарының пайғамбарымыздың: «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде, (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) деген өсиетін мүлде теріске алуынан философиялық пайымдауына алшақ кетуінен де себепші болды. Діл білмен Қайрат Жолдыбай дін  ғалымы аталып, кітіп жазып, керісінше ділді масһабтық тәпсірге айналдырып жіберіп халықтың логикалық пайымдауын да мүлде басқа жаққа бұрып жіберіп, қарапайым  тілі білімін де шала қазақша, шала арпшаға айналдырып, сөз атуларын аудармай сол қалпында пайдаланып, жүрек көздернің жабылуна себепші болғандықтан да,  ел биліктің ерекше назарына, рахметіне ілігіп отырығанынан да көп нәрсені аңғаруға; «Қотыр атқа, соқыр ат құмар болар» дегендей көш басшыларында философиялық, ойшылдық байқампаздық, болжампаздықтың жоғалып, бүгінгі күнгі жағдайға ғана сүйеген логикалық білімнің үстемдігімен, жалпы имансыздықтың белең алғанын білуге де болады. Ал, тіл білімінің дәрежелері түрлері, меңгеру амалдыр осы иманды толықтру намаздарна жатып ол туралы да бөлек тақрыпен әңгіме қозғаған жөн. Қарапайым тіл білімінің негізгі баспалдағы туралы қазақ ұлты есебінде Аллаға берген уәдеміз, нәсілдік куәлігіміздің ілімдік емес қарпайым пән түріндегі, білімдік сипаты да сақталмай керісінше қазақ тілін, тіл байлығын, сөздік қорын аздыруға, мүмін аталып аян-уахи көрмеуге қарсы іс шарларды масһаб ғалымдары, дін имамдары да Нұр Мүбәрәк жоғарғы дін оқу орны арқылы да кешенді түрде ел басшының өзінің қоладауымен жүзеге асып жатқаны да мәлім жағдай.

Осындай жағдайда халықтың руханиятын қалыптастырушы, сөз байлығын қорғаушы философия мектебінің ғалымдары да, зиялы қауым өкілдері де имандарының әлсіздігін және көбінің иманы әлсіреп, керісінше сенімділігі тек жындылықпен ғана айқыны болып жатқан жайы бар. Жындылықтың бір көрнісі қанша құдайдан келеген үкімедерді, уахиларды ескерткенмен де дін мамандарының елді тазалыққа шақырған насихатына да қарамастан бір жақты пайымдаумен, халықты түземек болып түрлі партия ұйым құрып, өз ара жікке бөліп, халықты билікке қарсы шығуға арандатып жатқан саясатшыл, зиялы қауым өкілдері де жеткілікті.

Мысалға дінге де қайшы қазақ дәстүріне де қайшы, Жаңаөзендегі болған жағдайды ұлттың бір рухани жетістігі, жастардың ұлтшылдығы ретінде, ал соған қатыспаған дем бермегендерді ұлтсыз, намысыз, деп құдайға, аруағына ашық қарсы болып, өзін –өзі рухани түрде жарып жіберуге, яғни сынаққа түсіп тағдырын ойрандауға халықты арандатып жатқан білімді, зиялы аталған жындылар тобы бар. Себебі бұл сынақтың болатыны да біздерге Раббымыздан екі ай бұрын ескертілген еді.  Сол сияқты халықты сабырлық, бірлік арқылы рухани кемелдену ар білімі арқылы, ел биліктің де жалпы қазақ халқының жіберген қателерін мұндай рухани күйзелістен аз шығынмен, ел тұтастығын сақтай отыра шығу жолын философиялық түрде пайымдайтын көптеген ел ағасы болған жазушы, оқымысты қауым өкілдерінен бір жақты ел басшыны ған кінәлап,  қарғап, қазіргі ел билікті құртып, байлықты халыққа тең бөліп беріп дегендей түрлі құдайға қарсылық жолдармен өздерін ел басқарған көсемге айналдырушы, құтқарушы болып, бірақ кісілігі түгіл дін иманынын айрылған жалған пайғамбарлар да жеткілікті елімізде. Ондай халыққа іріткі салушы тоб өкілдеріне,  мұндай пәтуа беруге де біздің хақымыз болуы да, құдайдан келген, әулиелерден оқылып жатқан халықты бұл сынақтардан шығу жолын көрсеткен қағидаларына мүлде қарма-қарсы. Олай болса, олар құдайға да ашық қарсылық білдіруде.

Бұндай құдайға қарсы жындылар тобына, бір ай бұрын қазақ халқының арсыздығына, дінге ашық қарсы болуына қарай, төбесінен сынақ түсетінін яғни протон зымыраның  құлайтынын ескерткенін менің оны халыққа ашық сайт бетеріне жариялағаныма да  қарамастан онымен таныс болғандар сонда да, бұл оқиғаны ел билікпен орыс билігі әдейі ұйымдастырды деп құдай уахина да қарсылық білдіріп жатқандар да жеткілікті арамызда.  Сол яиқты бұл жындылар яғни имансыздар, ессіздер тобына білім беруші қауым өкілдері де, денсаулық сақтау саласының ғалымдары да менің құдайдан ашық берілген арсыздыққа қарсы түрлі аурулар себебі мен тіптен таңба ауысудан да пайда болатын рухани кеселдерді ескерткенге қарамастан, зертеу талдау түгілі ашық қарсылық білдіріп, түрлі заңдар шығартып, халықты қырғына қарай бастаушылар да осы топқа жатады. Және өздерін керемет ұлт жанашыры болып, «Тек»,- деген аты жөніңді қазақ атымен атау керек, ал «Ов, ова, ев» жалғауынан Алллаға емес, орысқа құл боласың деген құдайдың ашық уахина да құран нысихатына да жалпы сөз философиясына да қарсы жастармен ақылсыз қауымды рухани дертенуге шақырып жүрген қауым өкілдері де кіреді. Олар өздерінің тағдырымен ойнап, иманын жоғалтып, таусып қана қоймай шаңырақтарын болшақ ұрпақтарының тегін, нәсілін аздырып, отауларын өз қолымен қиратып жатқанын қайдан білсін?  Себебі олар ашықтан-ашық, иман қуатын меңгеру жолынан бас тартушылар. Бірақ құдай өз саясатын тоқтатып қоймайды, жамандық арқылы осындай пенделерді ашық жазалау, халыққа үлгі қылу арқылы да өзінің дінін қалыптастыра алтынын да білген абзал. Олардың масқара болып жеңілетін де мезгілі жақын қалды.

Бұл сынақ және ел биліктегілерге келіп, ел басының өзіне құдайдан уахи түсіп ашық ескерту және кесімді мерзімде берілді. Бірақ, менің жыл басынан бері елге келетін түрлі апатарды ескерткен жазбаларымның осы уақытқа дейін 80-пайызы орындалып, енді қалған екі жарым ай ішінде міндетті түрде құдай өз уәдесін орындай алатынын түсіну үшін де иман қуаты, философиялық болжампаздық қажет екені де даусыз. Ел билікпен, зиялы қауым, дін өкілдерінің иманының әлсіздігі де осындай ашық берілген ақпаратарды тексеріп алуға өздерінің иман қуатарының шамасы жетпесе де, философиялық тұрғыда ойланып, құдайдың әрбір ескертуі оған иман келтіріп амалдарын орындау арқылы мұндай сынақтардан халықты аз шығынмен аман алып шығуа болатын қарапайым дін насихатын да мойындай алмауында тұр. Бұндай тоңмойындықтан да халық көбірек жапа шегіп жатқаны да даусыз.

Сонымен бірге, осындай ашық құдайдың уахина қарсылық, имансыздықтың сипаты әлем халқының дәстүрлі діндер құрылтайын Астанға шақырып, бірақ дәстүрлі дінімізга қарсы заң үкімімен сотап, қудалап жатқанын жасырып, халықты да, әлем діншілер қауымын да ел биліктің ашық алдауынан, болашақта айқын болатын масқара, зұлымдықтың тұрғанын құдайдың міндетті жаза беріп, ел туымыздың тағы да жерге түсуіне арандатқан әркетін имансыз  философиялық болжампаздықсыз тағы түсіну мүмкін емес. Соның бірі Павлодар қаласында ата жолының екі аққуын халықты тазаруға, күнәсінен ақталуға, зияратауға, иманға шақырғаны үшін, елдің бірлігіне қауіпті  «экстремистік» жағдай деп танылып, соттап, 176 мың теңге айып пұл салып, бір жағынан ел дәстүрін, тарихын жаңғыруға игі шара жасап жатса, екінші жағырнан сол дәстүрін, ата- баба аманат, уәдесіне қарсы болып, айыптап соттап жатқанын, құдайға қарсы екі жүзділікті қалай түсінуге болады?  Бұл ел биліктің де заң шығарушы парламент, сенаттың да имансыздығы былай тұрғанда, айқын жындылық белгісі, деп түсінген абзал. Сонымен жынды адам баласы, сенімді және білімді де болып, дінді де меңгеріп, халыққа қызмет жасап, ұлтшыл, отаншыл болып аталса да, бірақ болашақты болжайтын философиялық, көрегендік қабілеті жүректе иманы болмағандықтан,  сөз түсіну қабілеті логикалық білімменен, меңгерген заңынан, бүгінгі күн тәжрибесінен аса алмай,  ел басқару, қандай жағдайдағы мейлі шаруашылық, мейлі әлеуметік  істерінде болмасын тек біржақты логикалық пайымдаумен, заңның талабымен, меңгерген біліммен, тазармаған ақылмен ғана ойлағандықтан, болашақтық істерге бермесең ала алмайтын, дүниемен бағаланбайтын рухани жағдайдағы тәрбиеге де, дінге де, ар біліміне де, құдайға да ашық қарсы болады. Мұндай жындылықтың де дәрежесі, себебі де бар…

(ЖАЛҒАСЫ БАР)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.