II-СҰХБАТТЫҢ ӘДЕБІ ЖӘНЕ ДІЛ БІЛІМІ

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 125

Құран- Алланың біздерге көрсетіп қойған, Алланың көркем сөзі. Ал әрбір аяттыың орнын белгілеген сандар жүесі растығынан хикметінен белгі болып табылады. Құраның араптарға түсірген яғни арап тіліде мағлұм болған насихаты арап елдері үшін өз ара сұхбат құру мен философиялық пайымдаулардың шегін белгілейді. Бірақ, құранды арап тілінде оңайластырып үгіт түрінде түсірдік деген аяттар бар. Олай болса құранды арап тілінен тікелей оқығанмен, насихаты ғылымдық сыры түсіндірмейтін өз-ара ұқсас аяттардың құпия сырлары ашылмайды. Бұл аяттар өзге және жан ғылымынан нақылдары, сөз байлығы қалптасқан елдерге аударылу арқылы ғана және әрбір 100-жыл сайын сөз атауларының ұғымдарының өзгерумен арап тіліндегі атау сөздердің жаңадан мағыналарының ашылып отыруымен де ерекешеленеді. Мұндай ғылымен айналысатын философиялық сөз ғылымын меңгерушілердің де дарындылғына байлансты болады.  Сондықтан арап жұртынан философтар сұхбат білімін жетілдірген даналар шығуы да мүмкін емес. Өйткені арап тілі үнде тұрақты және өзге елдерден сөз атауаларын алып жетілуі де, құраннан атап кетуі де мүмкін емес. Керісінше арап емес тілдегілер өз ара сөз алмасу арқылы, сөз ғылымы үнемі жетіліп, сөз атулары ұғымдары кеңітіліп отырумен философиялық даналықтарда заманға қарай жетіліп отыру шарт. Сондай сөзі ұзын, барлық елдермен де сөз атуларын алмасып үлгірген, қазақ елінің философиялық даналығы, сұхбаттық өнері, діл білімі барлық елдерден озық, десек қате емес.

Бірақ қазақтың еліктегіш, өзіндегіні бағаламай өзге елдің жылтырағына да, сөзіне де, әдетіне де, өмір сүру дағдысына да құмарлық, құштарлығымыз қанға сіңген әдетіміз бар екені де жасырын емес. Осындай жағдайды өз мақсатына пайдалана білген тажалдардың қызметшілері, барлық сөз араптан пайда болған, деген ұғымен сонау мыңдаған жылдар өтіп, ол сөздердің аударылып біздің санамызға сіңіп, діл-қанымызға кітап жұлдызшалары болып жазылып қойған сөздің қуатымызды әлсірету, иманды өсірмеу мақсатында түрлі тәпсірлермен санамызды ескі сөздермен жауып та үлгіргенін, сайттардың, басылымдардың беттерінен жазба әдебиеті өкілдерінің еңбектерінен, өз ара пікір талас пәтуаларынан көрнісін тапқан.

Бір ғана мысалмен; ТАБЫНУ-сөзін енді, тек Аллаға жаратушыға ғана табынуға болады да, ал жаратушы үкімнің тек жансыз шеріктерге, қарсы күштерге табынбаңдар «МАҒАН» яғни жаратушының ақыл, жан, ғылым, хикметеріне және өзінің жер бетіндегі ерекше белгілеріне, Алланың достарына табынуды сұхбат білімінен мүлде кездестіру қиын. Ал табыну атты, сөз ұғымына терең үңілсеңіз, басы жоқ, аяғы жоқ, ортасы жоқ, біздің ақылымыздан тыс нәрсеге ,адам баласы табына алуы мүмкін емес. Табыну үшінде, табынатын болмысыңды, осындай болсам деген ниетпен оймен көңілде бейнелей алу керек. Ал, Аллаңды жаратушы қуаттарды қалай бейнелейсің? Растығын, бізге білдірген хикметті белгісіне қарап қана Алланы танып, хикметіне қарай бағалап, құдіретіне ғана табына аламыз. Ал қазіргі жағдайда, егер жазатайым мұндай сөздерді сұхбат барысында пайдалана қалсаңыз, аяқ астынан «кәпір» атынып шыға келесіз. Бұл жағдайдың қазақ елінде философия даналығының мүлде қалыптаспағанын, сол себепті сұхбат білімінің пәтуасыздығынан, жастардың түрлі түсініксіз ағымдарға еріп кетуімен және қазақ руханиятының өз жемісін бере алмай жатқандығына айқын дәлел бола алады.

Сондай жағдайға байланысты қазақ дәстүріндегі шариғаттан әлде қайда терең сырлы дін білімінің, сопылық, тақуалық ұстанымдардың қарапайым өмір сүру дағдысына айналаған белгілері, сөз ұғымдары, нақылдар керісінше түсіндіріліп, немесе ескіліктің ырымы түрінде қабылдауға дейін төмен түскен.

Бұл жағдайға бірден-бір себепші, адам баласының жұбы болған жындық болмысының яғни кісілігің, әйелдерде жыныстық қуаттың негізі болса, ерлерде ерік қайратылығының негізі болған  жағдайын ырымға айналдырудан, жан түгіл рухани білімнің сұхбатта сауатсыздық пайымдауларға, пәтуасыздыққа апарып соқтырып жатқанын да аңғарудан да қалғанбыз. Осындай себептерден қазақтың діл білімі жетілмек түгіл барының өзін сақтап, тазартып тегі таза ұрпақтарды өмірге әкелудің өзі қиын шаруға айналғаны хақ.

Бірақ қанша дегенмен, тіл сауатылықтың –«язычник», қарапайым халық арасында жазба әдебиетіне қарағанда үндегі тазалығын сақтағанының арқасында, қазақ елінде аз ғана топтардың, діл тазалығы мен тектіліктің сақталуын қамтамасыз етіп жатқан сөйлеу өнерінің яғни сұхбатың екінші жартысы жұбының жетістігенен, деп түсінгеніміз дұрыс. Сөйлеу өнерінде орыс тілінің араласуымен үндестік заңына көп зияны тиіп жатқанымен, бірақ діншілердің және жазушылардың жазба әдебитінде тықпалап жатқан «ыстықпар, ақида, мағпират етеу, тәуәсіл жасау, алаһым, аллаһ тағала,….домыра пати…зайырлы мемлекет..тұлғаларды сотау…жұлдыз болу…дәстүрлі белеспед жарысы… Назарбаев зияткерлік мектебі (білімге қарсылығы, шектеуі)..жан сақтау бөлімі…т,б» күнделікті сөз басында жүрген шешендердің, айтқыштардың, тілшілердің құдайға қарсы ұғымдағы сөздерін есі дұрыс қазақтың ұлтжанды өкілдері сұхббатта пайдаланбайды. Бұл жағынан қазақтың ескі сұхбаттық өнері жоғала қойған жоқ.

Бірақ көптеген сөздер өз мәнін жойып, енді ондай сөздерді өз ара сұхбатта пайдалануда, кейде пікірталас барысы нда дауға да айналып кетіп жатқан жағдайлар бар. Мысалға; Әйел-атауы, жалпылық ұғым болып, әйел десеңіз; жақсы да, жаман да, жезөкше де,  ұры да залым да жалпы адамзатта әйелдерде кездесетін барлық сиптарды белгілейді. Ал қатын-ұғымы күйеуі бар, тазартушы, тазартушы, бала өсіруші..деген сиқты ұғымдарды қамтитынын некенің бар екенін де ескертетінін екінің бірі біле бермейді. Абай атамыз жаман, тәрбиесіз, шариғатты бұзған қатын деген ұғымды «қара қатын», деген ұғымен түсіндірген. Сонымен қатын сөзі тек байы бар, жан ұясына қызмет жасаушы, ошақтың түтінін түзу ұшыруға еңбек етіп жүрген әйелзатын айтады. Егер ондай әйелдің күйеуі өліп, немесе ажырасқан жағдайда жамандықтан бөлек тұрсын дегендей- жесір, деп атаған.

Менда сұхбат барысында жұртың бәріне ақыл айтып жүрген білімді, жасы да ортаға келген әйел затының «Қатын» сөзіне бат-бұйрат болып ашуланғанынан-ақ, ұлттық діл білімінің жойып алғанына, көптеген әйелдеріміздің ақылы тек білімен өлшеніп, естілігінің жоғалғанына тек басты шайқауға тура келді.

Ендігі қазақ әйелдерінің, қыздарының ділін аздыруға себепші болып жатқан, аталардан қалған жан ғылымның жоғалуынына түрлі арсыздық, ұятсыздықтардың керісінше сұлулық түрінде қабылдануынан да болып жатқанын аңғарудан қалдық. Мысалға халық алдына жалаңаш көрінген қандай да бір қыз, әйелдердің тәніне сұқ қалудан түрлі көрінбейтін таңбалар яғни «тату» жәндіктері пайда болатын және ол тәнге теріс қуаттардың бейненіп өтетін есігі ғана болып қоймай, бой өрісінде де еріп жүретін түрлі сипаттағы өрістік ақпараттық көлеңкелерді де қалыптастыратынын біле бермейміз. Сонан барып бұндай жандардың мейлі еркек болсын тағдырында өзгерістермен аурулардың пайда болуы, қанның азуы тектіліктің де діл білімнің де жойылуына әкеліп соқтырады.Мұнда жалаңаш жүріп «жұлдыз» атлаған қара қатындардың да ерлері жыныстық әлсіздікке, сансыздыққа және ұрпақтарының да болшақта шежіреден жойылып кетуіне ғана үлесін қосады.

Сондай-ақ жас балаларының да сүгірет бейнелерін, өздерінің сұлулығын мадақтаған түрлі бейнелерді не құрлым халыққа ұсынған сайын, сол құрлым тылсымдық жүктермен жүктеліп, тағдырына өскін құрақтарға уды сеуіп жатқанымызды біле де бермейміз.  Бұрынғы замандарда керісінше мейлі қыз, әйел жас бала болсын, түрлі әшкейлер тағып немесе күйе жағып; «Сұқтан сақта»,-деп кейбір көзі өткір пенделердің үйінің маңынан да жүруге, адам түгіл малын да айдап өтпейтін еді, енді керісінше; «Сұқтарың болса маған өзіме, қызыма, ұлыма қараңдар!» деген сайт, баспасөз, көгілдір арна бетеріннен ұран салған, жарнамадан көз аша  алмайсың. Және өзінің де о-жер, бұ-жерін қайта-қайта суретке тартып, сұғың түгіл, жын-перімен де ерегісіп, «маған не істей алсың?»- дегендер де жеткілікті. Және оған мәз болып, «кереметісің, сұлусың» деп мақтап, лайықтап есін одан әрі кетіріп жатқан, есті аталған қауым өкілдерін көргенде, жеткен жеріміз, қазақтығымыз, мұсылмандығымыз осы болғаны ма?-деп басты шайқауға ғана тура келеді. Әрине, менің мұндай пәтуларым, көп оқырманға шатпақ, түсініксіз әрі қабылданбайды да. Ол, үшін «қара магия», «гипноз» сияқты білімдерді де зертеп, оның кейбір «элементерінің» растығына көз жеткізіп, және «шизофрения», көтерілу, естен айрылу, қояншық, қан аурулары сияқты ауруларды ұзақ жылдар бойы емдеп, зертеп көру керек. Мысалға кейбір ауруларды адам баласының суретіне қарапта аударуға болатын тәсілдері, сол сияқты жалаңаш бойы қалыптаспағандарға сөздің, қарғыстың бірден тәнге оңай өтіп кететін білу үшін де тәжірибе жасап көру керек пе? Қазіргі кезеде жалаңбас бейнелеп, қабір басына іліп қойған сурттерден де өрістік түрде ауру жұғатынын да, туыстарының тағдырындағы кейбір жамандықтарынң сол сурет арқылы өз қауымына да ауысатынын білеміз бе? Әрине жоқ.  Сонда бабалар даналығының, қазақ әулиелерінің неге өз артында сурет бейнелерін көп қалдырмағанын, пайғамбарымыздың да суреттерді іліп қойуды жақтырмаған себебін де айқын түсінуге, білуге болады. Жалпы барлық жаратылыс, қозғалыс негізі де сөзден басталып сөздердің; көзге, жүрекке, қолға және аяқтың-желге, «жел аяққа», көліке, малға айналуын осыған байланысты аруақтық екі арлық жартылыс себебін, құранның мыңдаған аяттарының теріске алуынуына осындай арап елінен келген дін сұхбатының зияны қазақ руханиятына үлкен соққы болғаныда хақ.

Біздердің қазіргі сұхбат білімінде аталарымыз қалыптастырып кеткен, дәстүріміздегі көптеген осындай адам жанына теріс әсер беретін тиымдар, шектеулер мүлде жоғалғандықтан, қазіргі таңдағы сұхбат өнеріне белсене араласып жатқан жастармыз, әйел-қыздармыз көптеген арсыздықтарға, сөз арқылы жаманадықтардың таралуына жәрдем беріп таратумен, шайтан жамағаты қатарына қосылып, тұқымдарын аздырумен, діл білімін жойумен және күнәрапа жинаумен, артық жүктелумен айналысып жатқандар жеткілікті де. Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде, адамдар таңертең мұсылман болып оянып, кешке кәпір  болып үйге оралады» деген өсиеті ескертуі бүгінгі таңда қазақ елінде толық өзінің қияметтік көрнісін әшкерелеп жатқаны да хақ.

Қалай таңертең ұйқыдан оянғанда мұсыман болып оянады?-деп сұраңыз. Ұйқы- өлім, жан ұйқыда кеудеден шығып, ұжданға айналып сапар шегіп, ұжмақа өтіп, әулилер зияратарына барып, алтын жіптермен жұлдыздармен жалғанып, кәнасынан тазарып күндізгі көптеген жүгінен арылып қайта кеудеге келіп енгенде, адам баласы ұйқысынан бір қуат алып мұсылман болып оянғанмен, кешке дейін құдайға қарсылық сөз айтып, жазып, амалын да орындаумен жанын тағы қараңғылыққа қамап үйіне оралады. Сонымен мұсылмандық деген өмір шындығымен сәйкес болып өмір сүретіндерді атасақ, ал керсінше күнәмен жүктеліп, өмір шындығына қарсы болуышылар мұсылман емес, яғни «кәпір» болып саналуы керек. Күніне бес уақыт намазын оқып, орза ұстап, зекетін беріп, қажы аталыпта құран аятарына қарсы болып, өмір шындығына, құдай ісіне қарсылық жасауға, шайтанға жәрдем беріп кәпір болып өмір сүруге болады. Мұндаймен қазақ масһаб діншілерді де және түрлі сопылық, тақуалық топтардың аруақтың білімін, ақиретің дәнекерлік себептерін терістеумен, қабірдегілерін ұмытқан кәпірілік елдердің салтарын ұстанатындары да жалған емес. Сондықтан түнімен жаны тазарудан өтіп, бірақ күндіз қайта күнәлармен жүктелумен, үнемі  осылай жалғасуымен, мұның да тағдырға жазылған есебі, саны таусылған күні азапқа ұшырап немесе ажалдың да кенеттен жету де хақ. «Басқа бәле тілден»,-деген даналарымыз.

Қазақ елінде философиялық сұхбат даналығы мүлде қалған жоқ, деп айтуға да болмайды. Көптеген зиялы қауым арасынан да, ел биліктен де жастардың әсіресе әйелдеріміздің арасынан «әжелік» жақсы ойлар, пәтулар және жан ғылымнан да терең сырлы әңгіме, насихатарда аз да болса көрініп қалады. Бірақ ондай ойларға не жабылып мазаққа айналдырады, немесе оқыса да түсінбейді сосын жауапсыз қалып, көбіне ондай естілер мұндай жерлерге көп жақындамайды да.

Және бұрынғы қазақтың шешендік өнерінде белгілі бір тақуалық, сопылық тазалыққа жеткенде көкейге құдайдан сөз салу өнерін жетік меңгерген сәугейлер де көп болған. Қандайда бір діл білімінде болған ескі сөз ұғымдарын, ана сүтімен келген қасиеттердің оянуынан, аруақ арқыл көкейге салумен ақындық, шешендік өнерінің өркендеуін қалыптастыртыны да сөзсіз. Бұл туралы құранда «Шұғара» сүресінде насихаталса, ал Абай-Шәкәрім аталарымыз сөз өнерінің қыр сырын терең ашып берген. Шәкәрім атамыз; «Ескіден қалған сөз теріп, Өз ойымнан өң беріп, Үйретуді жөн көріп, Түзетпек едім адамды…Көре тұра көнбеді..» деп және «Бұл ән-бұрынғы әннен өзгерек» деген өлеңмен; «Буыны-8, алтауы егіз (6+6=12), Үшеуі деңіз екеуі (3х2=6) Кім дәл басты, кілтін ашты, Жақсы ұйқасты нешеуі?» деген сауалмен;8+12+6=26 «Шұғара-жол тізбек» жолға жалғанудың сырын астарлы баяндап өткен.

Бірде осындай ескіден қалған сөздерді аруақтың үйретумін жазған кітабымды баспасөз мамандарына  таратып жүріп, «Қазығұрт» баспасында бір ақынға бермесім бар ма. Сонан әлгі халыққа танымал ердің жасын алқымдаған ақыным; «Мұның бәрін қайдан алдың?»деп сұрағаны. Мен; «Құдайдан», деп жауап бердім. Ол; «Құдайдың өзінен бе?» деген сауалды қойды. «Енді кімнен болуыш, еді?», деп жауап беруім мұң екен; «Сендер өздеріңді пайғамбар атап, ..өткенде біреу шапыраштымын деп..» дегендей түрлі сөздермен мені желкелеп бөлмесінен қуып шықты. Ал, қазақтың есті ақындарының; аруақта ру болмайтынын, «Құдайсыз қурай да сынбайтын, білмейтін», Алланың басты себепші иелгі, жаны, құдірет қолы туралы ұғымы осындай болса, онда қалған жастардан қандай пәтуалы сұхбатты, діл білімінің ұлтық бейнесін, сөз өнерін күтуге болады?

«Қарамасаң қатын кетеді, баға білмесең бала өледі» дегендей мұндай сұхбат сарайларына өз үлесін қосып, тыйымдар мен шектеулерді меңгерген мамандар даярлау қазақ сөз өнеріне жазба әдебиетіне өте қажет. Ол үшін де біздер үшін қарапайым өзіміздің ұлтық діл біліміздің насихаты болған, Абай мен Шәкәрім насихатын санмен және құран аяттарымен түсіндіретін философия мектебін қалыптастырса болғаны, әлемнің бар мектебіне де, дін тазалығын қалыптастыруға да үлгі болуы да сөзсіз. Ол мектептің де шәкірттерін ата жолында аз болса да дайындап жатырмыз.

Жалпы сұбат өнерінде пәтуалы және пәтуасыз болып екіге бөлінеді. Пәтуалы болып өзіңнің өмір тәжрибеңнен, аянмен көріп құдайдан алған біліммен, ұлтық діл бімімімен, дәстүр аясында пайымдаулардан туындайды.

Ал, жинаған білімен, өзің  амал қылмай оңды соды мейлі пайғамбар өсиеттері болсын, құран аяттары болсын, өзіңнің тақуалығың, тазалығың өмір жасың да сәйкес келмей, өзің қылмаған амалды өзгеге тықпалап үйретушілерді; «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деп ақылыңа теріс келмегенін ғана алғанды жөн, деген аталарымыз. Бірақ ондай пенделердің, жастардың, әйел-қыздардың сөздерінде қуат болмай пәтуасыз сөздерге жатқызамыз.

Сұхбатта дарындылықты; «Батаменен ер көгерер»,-деген аталарымыз. Аруағымен жалғанып, санада сөйлеуді, көкейге салуды меңгермей сөз өнері, шешендігіміз дамып өркен жайуы да мүмкін емес. Ал, мұндай құдайдың өзі нұрын түсіріп, қазаққа беріп қойған нығметті, қоғам болып қолға алса, қазақ елі мұндай дарынды жастардың да естілердің де елі, діннің кенші болары хақ. Дінде адасушылық жастардың өзге ағымдарға еліктеуі де болмай, қазақтың ар-намысы да сөз өнермен, сұхбат тәрбиесімен оянуы да хақ. Алда, нақты ата жолының сұхбатымен, сөз өнерлерінің көзқарасымен салыстырып дәлелдермен, хикметтерге жүгініп көрейік….

(Жалғасы бар…)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *