I-ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ДІН ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ СҰХБАТТАН

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 80

Осы кезге дейінгі көптеген жазбаларымда, және арнаулы кітап түрінде де қазақ сөз өнерінің майталмандары болған философ ағайындарды сынаумен келгенім де рас. Бұл менің оларды жек көргенім емес, керісінше дін болсын, басқа барлық ғылым-білім саласы болсын кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін айыратын әділ қазы болуға тиісті философия мектебінің өкілдері болу керек.

Философия мектебінің білімін жете меңгермей ел басқару саясатында, дін басқару саясатының саласына басшы болу да үлкен қателіктерге бой ұрындыруға, әділ заңдарды қалыптастыруға зиян келтіретін білген де дұрыс. Сонымен бұрынғы кезде қазақ философтары дін десе басын ала қашып, немесе сенерін де сенбесін де білдірмей екі аралық, бейтараптық жағдайда келгені де сөзсіз.

Осындай қазақ философия мектебінің дін саласында, сөз атуларының өзгеру саласында, сұхбат білімінде, қоғамдағы ақпараттық және барлық білім, ғылым өндіріс саласына берген тұжырымдамаларында философиялық көзқарасының жетіспеушілігінен сұхбат білімі болсын, дінге, ғылымға, өркениетке, дәстүрмізге көзқарастардың кез келген еріккенің ермегіне, жаза білген, жазу сауатын меңерген жастардың, өмірден тәжірибесі түгіл, ақылы да пісіп жетілмеген қаламгерлердің де ермегіне айналғаны хақ.

Осындай жағдайда мені қуантқаны философия мектебінің көптеген өкілдері бұл салаға еніп, сұбатқа келіп, қалам тарта бастағаны үлкен жаңалық және қазақ елінің рухани жетілуге қарай қадам басқаны деп білемін. Сонымен осы мектебіні өкілімен арадағы сұхбаттан үзінді беріп, өз пікірімді де халыққа таныстыра кетсем.

Фейсбук бетінде философ-ғалым Абдаршит мырзамен болған сұхбаттан; Мен; «Абеке дін мен Құдай бір, дін бар жерде құдай бар құдай жоқ жерде дін де болмайды. Және дінің бейнесі діл болады.» деген пәтуама;

Абадрашит; «ДІЛ діннен шығады дегенге еш келіспеймін.»

Тоқберген: «Онда сен үшін Құдайда өтірікші болғаны ғой! Жеткен жерің қазағым осы болды ғой? Санда білмей, орынсыз сөз сөйлегендерге нендей өкініш. Ясауи бабамыздың Сәни дәптерін оқы, санын ал да есептеп шығар . Болмаса бала шағаға мазақ болма замандас»

Абдарашит: «Сезікті секірер… Жаратушыға деген Сеніміңізде күмән бар ау шамасы, содан өзіңізді-өзіңіз ақтау үшін шала, дүмше молдалығыңызды жан жаққа жария етіп әлек болып жатқаныңыз?.. Осындай молдасымақтар ғой — қазақтың ДІНІН әрі-сәрі етіп қойған, ал ДІЛІН күйрете бастаған… Алаңғасар орға жықса, дүмше молда — халықты діннен ажыратады: мысалы, ДІН мен ҚҰДАЙ дегеннің арасын ажырата алмайтын молда секілділер…»

Тоқберген: «Рахмет Абеке! Бағаңа қанықтым. Мейлі кім не десе о десін, Мұхаммед пайғамбардан алған батам бар, құдайдан алған мөрім бар, соған лайық талай сауап жасауға алған емшілік бағым бар, артымнан ерген халқым бар, мен несіне уайымдаймын? Жаратушы кімнің жағында, кімнің білімі дұрыс екенін уақыттың еншісіне қалдырайық. Қорғамақ болып, қатырақ айтып едім, секірген өзің отқа қарай. Сен сенбеді деп, Құдай күнделікті оқып жатқан кітабын тоқтатып тастамас, тәуекел. Дүмше болсам мүмкін дүмше шығармын, әйтеуір акедемиктерде менің көптеген есебімді шығара алмай, басы қатып жатыр. Дін мен Құдайды өзің ажыратып бөлек -бөлек қалтаңа салып ал, менде тұтас Құдайсыз дін, дінсіз құдайым да жоқ.»

Дінмен бар ма Құдайдың айырмасы?

Япырмау есітідің мұндай сөзді?

Дүмшесің, деп айыптап теріп сөзді

Білімді атап өзін, маған сауал берді

Ажыртып Дінмен, Құдайды алшы, деді.
Әулие ертеректе болған екен,

Тұрандай елімізді қылған мекен.

Қоштасып, атанбаққа ақиретке

Елді жинап, өсиетін айтқан екен.
Ұлы келіп, оңаша мұңын шақты,

Қандаймын әлде жаман, мүмкін жақсы

Болжамай, тағдырымды кетпексің бе,

Болашақта кім болмақпын маған айтшы?!
Шақыр деді, жолдасты, сұқбаттасты,

Ниетің бір, пікірлесің болса жақсы.

Болашағың, тағдырыңның айнасы ол,

Әулие, жолдасымен ұлын да бағалапты.
Тексізсің, орысша,- деп ныспың деген,

Ағайын, білімділер көп зәбір берген

Шықты біреу «дүмшесің» деп кіналаған,

Атамадым, оқырман білерсің кімнен екен.
Діннен бөлек, құдайды кімнен көрген,

Өлімің, дін амандығың кімнен екен?

Құдайсыз, қурайда сыбайды, деп

Дін мен құдай «Бір» екенін білмейді екен.

Абайын, әулие даналарын оқымайтын,

Бұл қандай тектілер сөзге де тоқтамайтын?

Бәріңде Мұхаммедтың ұлы боп, аталсаңда

Қаламаса құдай, арсыздықтан құтылмассың.
Діні ісімен Құдай ісін ажырта алмас,

Осындай сөз бастаған жындылар мас.

Құдайдан өзі көрмей, көргенге және себей,

Надандар көп қазақта тазыдай иіс алмас.

Абдаршит: «Өт жарылса да айтайын, ДІН «Құдай ісі» емес, «адам ісі»! Сондықтан адамдар әр дінге бөлініп алып, қырқысып жатқаны, …мына екеуіміз секілді…»

Тоқбереген:Өкіншіті. Бар мәселе менде емес, сендерде, ғалым философ мырзалар. Абайды танымайтын, дінді намаз оқу, жалбарыну деп қана бағалайтындардың өті жарылмайды керісінше тасқа айналады. Дін бауырыңмен де байланысты. Діні азғаның бауыры да тозады. Ал, енді Абайдан; «..Егер дін көңілің (ҰЖДАНЫҢ, ПЕРІШТЕҢ-тағдыр кітабың) өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі (ар-ұжданың) асырап алған шешеңнің мейрімі секілді. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім -ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды….» (32-сөз)

Сонымен туысқан, менімен бірге жауды қуыса алмай жүргенің өзі ұлтыңа, балаларыңа деген мейрімің шала. Тас бауыр, десем артық болар, бірақ бауырға тас байланып жүрмесін. Абай бол басқа бәле тілден деген.

«Абдрашит написали: Тоқа, босқа шабылып не керек? Сіз өзіңіз неғұрлым көп шабылған сайын беделіңіздің де төмендей түсерін ұқпайсыз ба? Мен Құдай адамға ақыл бергенін, оны бергенде «Құдай жолын» табу үшін бергенін, ал Құдайға қарау жолы Дін екенін жақсы білемін. Сондықтан адам санасындағы Дін мен Құдай түсінігі арасында еш теңдік белгісін қоя алмайсыз. Құдай «өзін-өзі тануға» мұқтаж емес. Оған адам мұқтаж — ДІН арқылы. Бірақ әр халықтың «Құдайға бару жолы» өзгелерге ұқсамайды. Ол жол сол халықтың жалпы мәдениеті мен білімімен, дүниетанымдық көзқарасымен ұштасып жатады. Ал Сіз осы екі ұғымды «бір ұғым» ретінде қарастыруыңыз өте зиянды құбылыс:

1) «Құдай жолына түссем» деген адамның ақылын, өзіндік ізденісін жоққа шығару! Шынында Дін мен Құдай бір ұғым болса, дайын нәрсені мойындап, тып тыныш отыра беру қажет қой. Онда несіне ізденеміз? Несіне өзімізді тәрбиелеп, жетіліп, адами тұрғыда кемелденіп отыруға ұмтыламыз? Несіне Құранды оқып, оның әр сөзінің астарынан мағына іздейміз?…

2) Адамды хайуанмен теңестіру! Өйткені, тек хайуанға ғана Дін де, Құдай да бәрібір. Олар ешқашан Құдай кім?, Дін не? деген сұрақ қоймайды. Міне, осы аз ғана сөздерден кейін, Сіз аздап ойланыңыз. Өйткені, мәселе дұрыс шешілуі үшін сұрақ дұрыс болуы тиіс. Ал әуел бастан қате сұраққа ешқашан дұрыс жауап таба алмайсыз. Ал мен Сіздің «қарғыстарыңыз» бен «лағынаттарыңызға» күліп қана қараймын. Ниетім де, пыйғылым да, ойым да таза -Құдай оны көріп тұр. Ал Сіздің МЕНІҢ пиғылымды қалай бағалайтыныңыз — мен үшін ешбір маңызды емес! Одан әрі айтыңыз — САУАБЫ МАҒАН!!!»

Ал енді осы жағдайларға байланысты; Құдай мен дін туралы мынандай ұғымды талқылап көрсек. Біреулерге; «Күна бар ма?»-деп сұрсаңыз, «Иә бар», деп жауап берері де сөзсіз. Ал мен «Күнә жоқ, себебі Құдайдың ол жерде болмағандығынан, ал Құдай бар жерде күнә өледі, мүлде жоғалады» дер едім. Сол сияқты; «Суықтық бар ма?» десеңіз, «Иә бар» деген жауап аласыз. Ал, мен; «Суықтық жоқ, ол жылудың болмауынан» деп жауап берсем не дейсіз?. «Қараңғылық бар ма?» десеңіз, тағы да «Иә, бар» деген жауап аласыз. Ал, мен; «Қараңғылық жоқ, ол жарықтың болмауынан» деп жауап беріп, жарықты қараңғылықпен жою яғни күнді сөндіру, сол сияқты, жылуды да суықпен өшіру мүмкін емес екенін дәлелдер едім.

Енді Абрашит мырзаның да пәтуасы бүгінгі заман көзқарасымен бір жағынан дұрыс, жамандықты да тудыратын дін-апиын екенін ескертіп отыр. Тек жаратушы иеміздің, «Бәрін жұбымен, парымен жартым» деген қағидасын қаперге алмай отыр. Сондықтан жаратушымыз өзінің нұр сипатын Құдайлық болмысы жаратып болғанан кейін, оған қарсы қараны, көлеңкені жалған ойды да жаратқан. Сонымен дін екі сипата бірі жарық нұр, екіншісі қараңғылыққа бастайтын ой.

Ойдан сөз пайда болып, жарықтық, құдай нұрына сәйкес сөздің қалыптастыруды яғни көркем сөз өсіруді арнаулы пайғамбарлар, елшілер арқылы тіүсіндіріп және көркем сөздер жинағын, кітабын да түсіріп қойған. Ал, ібілісті қарсы ойға жетелуші қылып, түрлі жаратылыс сипатын беріп, және оның да пендеге, адамзатқа айналуына сол арқылы ғана есті адамға айналып, жаратушыға қайта табысуына мүмкіндік берген. Сонымен теріс ойды жаратушымыз жаратқанмен жамадықты күнәні тікелей жартқан жоқ. Жамандықты адамзат тіршілігі барсында, дінге қарсы болуымен, ойды теріс жорумен амалға айналдырып, адамзат күнәні жартушыға айналып алды.

Сондықтан барлық адамзат күнәдан ғана жартылып, тек құдайын тану арқылы, яғни шынайы дінін анықтау арқылы, ақыл, есін жетілдіру үшін білімді-ғылымды заманына қарай меңгеру арқылы ғана нұр сипатқа, құдайлық болмыстың бөлшегіне айналып, әлемдік дәрежедегі құдай нұрын жанымызбен, жарығымызбен толықтырып отырамыз. Діннің шынайылығын негізгі құдайлық сипатын анықтау ғана барлық адамзатың ақыл ойына, естілгіне берілген сынақ.

Ол үшін де әр пендеге тағдырына жасына байланысты міндеті келіп отыратын иаманы яғни жарық-нұры, құдайлық несібесі бар. Онсыз біз, білім соңына түсіп, ақылымыз байланып, ілімсіз жетілмей, күнәға батқан сайын батып, қараңғылыққа мүлде түсе береміз.Мұндай жағдайда да, яғни күнәлі жағдйымыз тағдыр шегінінің өлшемінен асқан кезде ғана құдай өзін көрсетіп, нұрын түсіргенде біздің рухани күнәміз әшкере жария болып, өледі немесе бейнеленіп ауруға, жараға, дертерге айналып, немесе өзіміз оны өзіміз білген білім, ілім арқылы емделіп өлтіреміз.

Осындай жағдайдан барып, тағдыр сынағы деген ұғым пайда болады да тіршілік үшін мың өліп, мың тірілу шарт. Осыдан барып Құдай жолы және дін жолы дегеніміздің өзі,тағдырда міндетті, жаратушыдан берілетін сөз-несібе. Дін жолын дұрыс меңгеру арқылы ғана құдайдың тура жолына жалғана аламыз. Ал дінсіз немесе масһабтық шала дінмен тура жолға құдайға жалғану деген надандық қана. Аятта; «Кәпірлер аузымен Алланың нұрын өшіруге тырысады, бірақ Алла нұрын тамамдайды» деп ескерткен. Ал Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек Тәңір сені екі сөзбен атқан» деп дін жолы да, құдай жолы да тағдырыңда басында жазылған дейді. Демек өзіңдегі құдайлық болмысты да дін дәстүрімізді меңгеру арқылы ғана танып, көбейтіп өсіре аламыз.

Сондықтан да мен Абдрашит мырзаға Абай атамыздың қара сөздерін оқуды және 38-ші қара сөзін мұқият қарап шығуды ұсындым, Сонымен;

Абдрашит написали: «ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі — надандық, екіншісі — еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің. Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады. Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»

Мен Абрашит мырзаға қарсы пәтуамен, адам өздігінен есті бола алмайды, Құдай ісін меңгеру арқылы ғана осындай жағдайға жетеді. Құдайдан аян-уахи алып бағдар алмаса, құр білім жолымен бәрібір адасатынын ескертім. Сонмен дін жолы мен құдай жолын тең ұстап бір жолға айналдыру керектігіне және;

Осындай тәсілмен Құран аяттарын жеке-жеке философиялық ұғымға айналдырса, керісінше адамзатқа, өркениетке, ғылымға қарсы ілім болып шыға келеді. Енді Абайды өзіне-өзін қарсы қойып отырсыз философ мырза. Алла тағала дегеннің өзі-ғылым деген. Олай болса Құдайдың өзі ғылым.

Ал барлық тіршіліктің маңызы тек екіге бөлінеді. Бір басында жақсылық бір басында күнә тұрады. Күнәнің барлығы Құдайдың, Дінінің жоқтығы. Егер Құдай діні болған жерде күнәде, зұлымдық та, залымдықта, қаралықта болуы мүмкін емес. Сондықтан сендердің дін деп түсінгендерің дін емес, өздеріміз сиқты пенделердің ойдан құрастырған ой жору білімі. Оны түсіну үшін сан ғылымынын меңгеріп мынау-дін, мынау жалған-дін, адамзатың теріс ойы дегенді әуелі философтар білмегенде, өзге имамдардан, діншілерден, тіптен хазірет атағын алған надандардан не сұрау?

Дін надан, еріншек, залым, бол деп үйретеді, дегенді кім ойлап тапқан? Оны ойлап шығарған дінсіз яғни хакімсіз ғалымдар. Бар қателік өздеріңде. Ғылымды анық меңгере алмай, құр сөздің соңына түсіп, жалаңбас жүріп, бастағы жынды су тазармай, жаныңмен көктен білім суатын, он саулығыңды ала-алмай, құр намаз оқып, ораза тұтқаныңнан не пайда? Әуелі өзіңді танымай мені танытпақ болып шаршағаныңмен, менің артымнан ерген, мен сияқтылар тек өзіңе және берген пәтуа сөзің қарап күліп отырғанын біл.

Дін бар жерде хикмет бар. Ал хикмет бар жерде болашақты болжау, сонымен әрекет те бар. Менің қазақ еліне келетін апатты жағдайды ескерткен шілде айының соңына дейінгі жазған болжамым 90-пайыз орындалды. Ел билікте оны мойындады. Онда менде дін бар. Ал, егер ғылымыңа дінің сәйкес келсе, жыл аяғына дейін болжам жасап бер. Немесе бір ауруды құран арқылы дертін тауып емдеп көр.Сонда білеміз дініңнің бар жоғын, атаңның дәстүрін ұстадың ба жоқ па?

Абдрашит написали: Сіз ем қонатын жағдайдан кеткен екенсіз. Енді сізбен пікір таластыруды артық деп есептеймін. Құдай — «ғылым» болса, онда сіз ғылымы мықты, Құдайдың қолынан мөр алған жердегі Құдай екенсіз! Құдайдан мөр ала отырып, Пайғамбардан бата сұраған «тағы біреу» екенсіз. Енді мен Сізден, Сіз менен аулақ болыңыз, әйтпесе Сіздің алдыңызда күнаһар болып қалар түріміз бар екен. Хош мырза!

Енді оқырмандар мен мұндай қымбат сұхбатастармен қоштаса алмаймын. Мен үшін бұл болашақ жазылып жатқан жан ғылымның кітабына тақырыптарының қандай ойларды терең ашуға деген таптырмас бағдар. Болашақта мөр туралы, жол туралы және інжілде мөрдің қалай ашылуы мен ата жолындағы жүрек ашу мөрі туралы терең дәлелдеп ғылымдық маңызын да керектігіне ой салып отыр Абдаршит мырза. Сол сияқты дін ғалымдармен де осындай пікір алмасулар жиі болса екен деп те үмітенемін. (Қыркүйек айы 2013 жыл)

One thought on “I-ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ДІН ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ СҰХБАТТАН

  1. Рухани тірегімізден айрылмайық.
    Адамның қай уақытта да бір ғана құндылығы болған. Діннің міндеті-адам жанына үміт отын жағу және оларды барлық адамзаттың игілігі үшін өзара ынтымақтастықты ояту болып табылады. Демократиясы дамыған деген елдердің өзі, діни мәселерге келгенде үлкен жауапкершілікпен қарайды, себебі халықаралық лаңкестік ұйымдардың барлығы дерлік діни ұйымдармен байланысы болып шығуында үлкен саясат жатқанын меңзейді. Түрліше діни конфессиялар мен 138 этностардың басын біріктіріп, татулық пен ынтымақтың үлгісі болу қиынның қиыны .Әрбір адам өз ұлтын таңдап тумайды. Ал егер бір ұлтты әр түрлі діндерге бөлсе ол ұлт келе- келе жойылатынын тарих дәлелдеп тұр. Кезінде түркі тектес 50 ге жуық ұлыс болса қәзір 21 ғана қалды, онын ішінде егемендік алып мемлекет болғаны 6 ғана .Бүкіл адамзат дінді нұрмен теңестіреді, Алланың нұрында қараңғылық жоқ. Әлемдегі адамдар арасындағы татулық пен үйлесімділікті жарастырып , адамдардың бір-біріне деген ыстық адами ықыласының тірегі –дін. Ата-аналары бөлек болғанымен пайғамбарлар бір-біріне мұсылман бауырлар. Алла нұрын өзін сүйген халыққа төгіп тұрса, қазақ елі сол нұрды әлемге жарасыммен жалғастырып шашып тұр. Мешіттерді ,шіркеулерді т.б. құлшылық орындарына бірдей құрметтеп, түрлі діндердің ешқайсысын алаламауы еліміздің басты ұстанымы.Қай діннің өкілі болмасын жақсылықта бір-біріне көмек көрсетуі, жамандыққа жұмыла қарсы тұруы керек. Басты мақсат-татулық, оған жетү үшін Ислам үш кезеңді- өзіңмен өзің татулығынды, Құдаймен татулығыңды және сенімен бірге бір ғана адамзатты құрайтын басқа діндермен татулықты еңсеруге ұмтылады..

    Пайғамбарлардын барлығы мұсылман,ең соңғы Мұхаммет с.ғ.с.Алла тағаланың ақыретке дейінгі пайғамбары. Кұран, алдынғы кітаптарды , растаушы, толықтырушы, дәлелдеуші мұғжиза.Дін бүкіл адамзатқа ортақ, ешбір ұлттың,ешқандай пайғамбардың діні болмайды, дін Жаратушы Алла,Құдай, Господь, Годтікі. Бүкіл адамзат Адам Ата мен Хауа Анадан тараған болса олардың ұрпағының барлығының діні -Ислам. Құдайдын құзырындағы қабыл болатын дін, тек тыныштық , береке, бірлікті үндейді .Ислам бүкіл адамзаттың діні, Мұхаммет с.ғ.с. бүкіл адамзаттың пайғамбары. Алла бүкіл адамзатқа ортақ, Мұхаммет бүкіл адамзатқа рахмет етіп таңдалған және басқа пайғамбарлардың барлығы да адамзаттың таңдаулысы, Алланың сүйіктісі.Менің дінім, менің пайғамбарым деп айту, бөлектену, пайғамбарға иелік ету оның дәрежесін төмендететін, тек өзіңді қорғау үшін жасалатын мүдде.Ешқандай араптың, еврейдің т.б.діні де, пайғамбары да жоқ. Пайғамбарларды бір ұлтқа телу, оларға жасалған қиянат. Еврей баласын өз иуда дініне, христиан өз дініне, мұсылман өз дініне үйретемін деп тәрбиелейді, бірін бірі мойындағысы келмеуі де бөлінуден.Кез келген адам баласы дүниеге табиғи таза , жаратылысы Жаратушыны мойындауға бейім болып келеді . Барша адамның Алланы тануға ұмтылу жаратылысы бірдей,ол білім арқылы жүзеге асады, демек білімекке, танымаққа ұмтылу ортақ маңыздылық. Алланы тануға ұмтылысы, ең басты құлшылық Жаратушыны мойындау бұл адамның жаратылысының негізі , демек Алланы тану ең басты парыз.Мен адамдар мен жындарды құлшылық үшін жараттым деуі сондықтан. Даналықтың басы Құдайды танудан бастау алады. Исламның 5 парызының ең біріншісі иман, алдымен Алланы тануға байланысты.Алла айтады: «Ей, адамзат бетіңді тура дінге бұр,адамдарды Алла әу баста сол дін үшін жаратты,Құдай жаратқанды өзгерту мүмкін емес, сенің дінің хақ дін, көп адам соны білмейді»-деген Рум сүресінде. «Дінге бөлшектеніп, топтарға ыдырап, әрқайсың өзіңше мәз болып жүре бермеңдер»-дейді. Діннің бірінші шарты иман.Өркениеттің үрдісінен тоқырап қалмау үшін, мәдениеттің жалпы әлемдік көшінен қалмай, шынайы дін мәдениетін арап елдері мәдениетімен шатастырмай жаһандану үрдістеріне бейімдеу қажет. Ислам конференциясына төрағалық, біздерден тоқырап қалған мусылман әлеміне жаңа, соны серпін береді деген міндет жүктейді.Діндарлықты анықтаушы түр,сипат емес, имани жүрек, оның басты киімі ұяттан тігілген имани киім. Адамзаттың таңдаулысы Мұхаммет с.ғ.с. араптың емес бүкіл ғалам, екі дүниенің өмір сүру жүйелерін жеткізуші соңғы пайғабар екенін мойындау керек. Олай болса Жаратушы хақ тағала дінін толықтырды, аяқтады, бүкіл адамзатқа тыныштығын, рахметін қалады.
    Хадж сүресі,78 аятта: «Құдай жолында шамаларың келгенше күресіңдер.Исламға көмектесү үшін Алла сені таңдады,сонымен бірге бұл жолда ешқандай ауырлық қаламады. Бұл дін аталарың Ибрахимнің діні. Сендерді Алла бұрын ақ мұсылман деп атаған \Құранға дейін түскен кітаптарда\Құранда да дәл солай атады .Сендерге күә болсын деп пайғамбар жіберді,пайғамбарға куә болсын деп сендерді таңдады.» Кейнгі жастар арасында кімсін деп сұрасаң «мұсылманмын» деп жауап беретіндер үрдіске айналуда ,олар қазақпын деп жауап қатуға намыстанады. Ол неліктен десек тарихқа шегініс жасап аталарымыздың әлімсақтан мұсылманмын деген тұжырымына тоқталамыз.Аят соны дәлелдейді.Біз арапқа дейін , Мұхаммед пайғамбарға с.ғ.с.дейін де мұсылман болғанбыз.Сондықтан қазақты мұсылман етпек болып араптандырмақ болғандарға жол берілмейді,ешкімнің сүйегі ақ емес ,қазақ қара емес. «Біздің өткенімізде,ата-бабалар саралаған тағдыр жолында қазақ ұялатын еш нәрсе жоқ».Дана да дара ,ерекше қабілетті халық өз тағдырын ,болмысын, дәстүрін өмір бойы мұсылманға тән жалғастырып келеді. Ұят беттің пердесі деген қазақ халқы,шариғатқа тән киім үлгісін жасай білген.Жас ерекшелігіне орай түрліше киім үлгілерін, әшекейлерін жасаған.Құраннын Ағраф сүресінің 26 аятына сәйкес, имани киім негіз болған.Кейбір мектептерде бастауыш сыныптын қыздарына ақ орамал тартқызып қойған ата-ана қазақтын салтын білмейді,немесе ол қазақ емес рудан.Бір сыныпта бір ғана кыз араптын киімін киінсе,басқалардың алдында оның психологиясы калай қалыптасары айтпаса да белгілі,Бүкіл мектептің «шулы» атын шығарған ,сен шайтани білім беріп жатырсын деп ұстазына қарсы шыққан молданың кызы болса, ойланатын жағдай.Ата –анасына қарсы шығып үйлену тойын жасатпай,беташар болдырмай,келінге сәлем салдырмай дастүрімізге қарсы жасалған әрекеттер ағайынның арасына араздық түсіріп жаткан жағдайлар жиілеп,әкесі өлсе жаназасына тұрмаған перзентті ата-бабалаымыз көрмек түгілі естіген емес.Намаз оқымадың леп әкесінің жағасын жыртқан ұл мен иіс шығарма деп жеті шелпек пісірген ыстық майды анасынын бетіне шашқан қыз қайдан шықты,мұндай тәрбиені қайдан алды.Қазақтын қасиетті домбырасын және әруағын сыйлаған халықты ең қастерлі дәстүрі әруақтарға құран бағыштауын харам дейтиндерге дін үйреткен кімдер,туған анасының дайындаған тамағын сен мусылман емессін деп жемей қойған бала тәрбиені қайдан алды, дін мен дәстүрді ажырата алмаған ұстаздар қайдан шықты. Негізгі қоғамда орын алып отырған келіспеушілік, келеңсіздіктің шығуы ,улттық намыска барып тіреледі, Маселе ағымға ергендердің түр сипатында емес ,өзінің ата-бабадан келе жатқан рухани,мадени,дәстүр құндылықтарына қарсы болуы және ағымдағылардың ауаны арапқа ұқсағысы келуінде.
    Әлеуметтік жағдай осы кезеңде басты рөлге айналады қоғамдағы тұрмыс деңгейндегі алшақтық,жұмыссыздық, парақорлық,әділетсіздіктер араздықты тудырудың басты ықпалына айналады.Адам ақша үшін жұмыс жасаса,идея үшін жанын беруге дайын екенін ардайым есте ұстаған абзал.Дінді бетперде етіп ұстанған ағым басшылары арандату істеріне осы кезеңді ұтымды пайдалануда, діндарларымыздын бере алмаған насихатының орнын олар өз мудделерімен толтыруда.Кезінде балаларымызды шет елдерде діни бағытта тегін оқытқанымызға қуанып едік міне соның натижесін көрудеміз.Кешегі Сирияға джихадқа аттанған отандастарымыз, сол оқудын натижесі.
    Діни қызметкерлеріміздің сауатының төмендігі,белсенділігінің әлсіздігі,ағымдардың бос діни идеологиялық вакумды толтыруға қолайлы жағдай жасады. Тарихты топшыласақ арап халқы пайғамбар келгенге дейін сақал жіберіп әйелдері хиджаб киген ,ол оның мәдениеті, салт дәстүрі.Көп жағдайда діндарларымыз Ислам мемлекеттерінің халықтарының дәстүрі мен дін дәстүрінің аражігін ажырата алмауы діннің елімізде қанат жайуына тежеу болып отырғандай.
    Алладан бүкіл адамзатқа түскен діннің мақсаты біріктіру,сондықтан ағымдардың басшыларын түрліше пікірде болғанына қарамастан ,әкімшілік қызметткерлері басқосу ұйымдастыруы қажет. Пікір бөлісу пікірлердің жақындасуына.тоғысуына, ымыраға келуіне себеп болары сөзсіз. Дін мемлекеттен бөлек деп шарасыз отырмай, құқық қорғау органдары мемлекет заңдарын мешіттерде тусіндіру жумыстарын қолға алса натиже нақты болары сөзсіз.
    Бейбітшілікті үндейтін көк туымыз көкте желбіресін!!! «Мәңгілік Ел» болайық! Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол -тәүелсіз Қазақстан. Оян Қазақ Алға!!!
    Абдулла Бақадыр. «Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рух, аруақ ,ақырет жайында.
    Қазақ ықылым заманнан аруақты сыйлаган- неге?Сенімді анықтайтын көрсеткіш, корғаушы, қолдаушы тек бір Аллаға мінәжат болса, неге ата-бабаларымыз аруақ қолдасын деп дұға еткен?
    Зумар сүресі 44аят:»Шапағат Алланың еркінде,оның рүхсатынсыз ешкім шапағат ете алмайды.»
    Осы, пәни дүниеде ешбір жан ,ешқандай әүлие , пір, ешкімге шапағатшы бола алмайды, себебі жер деп сандырақтаушылар дінді қара басының пайдасына бұрмалаушылар.Қазіргі қоғамда кейінгі кездері неше түрлі жасанды пірлер мен жалған әулиелер көптеп халықтын басын улауда,адамның әулиелігіне баға беретін бір Алла ғана, «адамның аласы -ішінде» деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Кім әүлие екенін және кім шапағатшы болатынын, ақыретте Алла тағала ғана анықтайды.
    Анас Ибн Мәлік р.а. Пайғамбардың с.ғ.с. хадисін былай жеткізеді:»Әлбетте әркімнің амалы , яғни қылған жақсы -жаман амалдары өзінен ілгері дүниеден өтіп кеткен, өлген ата аналарына, бауырларына жетеді,егер жасаған істері сауапты болса,өлгендер разы болып Аллаға мадақ айтады,аруақтары шат шадыман болады,қуатты болады, егер жаман амал қылған болса олар азар болып, ия Алла пендеңді тура жолыңа салмайынша өлтірмегейсін деп дұғамен жалбарынады екен.Тірі адам дүниеде қандай азар болып қыйналса ,әруақ та қабірде де сондай азап көреді екен.Қабірдегі өлік , әруақ ,жақсы да жаман да амал жасай алмайды,онын амалдары қабірдің аузы бекітілумен тоқтайды, бірақ амалнама кітәбі қияметке дейін ашық тұрады,оған артында қалған ұрпақтары ,достары, иманды туыстары дұға етсе , сауапты істер жасап оған бағыштаса оң амалнама кітабына жазылып, күнәлерінің кешірілуіне ,жаннатқа кіруіне себепші болады «-деген. Бір сахаба қартайған шағында жеміс ағашын отырғызып жатса, оған таңданған адам :»Бұл ағаш жеміс бергенше сен өмір сүре алмайсын, не қажеті бар»- дегенде, ол: » Мен пайдаланбасам ,кейінгілер пайдаланады, ал маған сауабы барып тұрады» -деген екен. Сенім адамды жаман істерден сақтайды. Ақыретке сену қоғамның тазалығына, салауаттылығына кепіл болады. Иман әрбір адамды қоғамға пайдалы болуға, кедей -кепшікке, жетім- жесірге көмектесуге, қарайласуға, байлығынан зекет беруге міндеттейді және талап етеді. Мұны ақыретке сенімі кәміл адам ғана орындайды. Бақара сүресінің 83 аятында ата-анаға құрметпен қарауды ,» Сіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін.Аллаға ешнәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар» деп білдіреді Әнғам сүресінің 151 аятында, Лұқпан сүресінің 14 аятында:»Маған және әке-шешеңе шүкіршілік ет, қайтар жерің менің құзырым», Исра сүресінің 23 аятында :»Ата- анаға мейіріммен қарауды бұйырған, жақсылық жасауды өсиет еткен» Ахқаф сүресі 15 аят:»Біз адамдарға әке-шешесіне жақсылық жасауды өсиет еттік.Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетпеген бізден емес.Ата анасын сыйлап, жүзіне мейірілене қараған кісіге, Алла тағала да мейіріммен қарайды» деген елші.Адам пайғамбарларға , әулиелерге түрі, киімі емес, тақуалығымен әдебі, ізеттілігі, мейірімі, көркем мінезі және өзгелерді өзіндей көруімен ұқсауы дұрыс, сәлде ,мәсі, кебіс,сақал, балақ, орамалымен ешкім рухани тазара алмайды , ішкі дүниесі таза болмаса ол жәннатқа кіре алмайды.Рух Алла тағаланың заты ол мәңгілік өлмейді, жойылмайды. Әруақ рухтардын жиынтығы сондықтан дана қазақ атам әруақтарға Құран бағыштап, дұға жасаған.Дұға құлшылықтын негізі- мәні. Әрине аруақтар естиді, бірақ біздер оны ести алмаймыз, адамзат ұрпағы ата баба әруақтарын құрметтеу үшін, перзенттік парызымызды өтеу үшін, Алла тағала олпардың біліп білмей жасаған қателіктерін, немесе күнәларын кешіруі үшін, дұға жасап Кұдайдан кешірім жасауын өтініп жалбарынамыз. Демек біздің дана аталарымыз әруақты разы ету үшін, Алла жолында малын да ,жанын да аямаған, Ұрпақтың киелі жалғасы осыдан тарап , рухын қорлатпай ,пәктеген. Өлген , дүниеден қайтқан әруақтарды Алланың алдында деп құрметтегені ,Алла тағаланың затына деген қасиетті ұғым. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. қабірстанның қасынан өткенде, өлгендерді де, біздерді де жарылқа деп, дұға етіп, бет сипауы соған дәлел. Дамыған ғылым рухтын жойылмайтынын дәлелдеді.Анестезиолог Стюарт Хамерофф «кванттық сана» ешқашан өлмейді ол әуелден бар ол тәннен ажыраған соң кеңістікке шығады деп дәлелдейді, клиникалық өлімді басынан өткізгендер ол дүниені көрдік одан қайтқың келмейді екен деп айтуы соның айғағы.Шариғатта Құранды қай жерде оқысан да әруаққа тиеді деуі соның дәлелі, әруақ қай жерде деп ойласаң ол сол жерде, ол санаға да, түсіңе де еркін кіреді. Аталарымыздың адам өлген кезде жан тәннен шығып төбеден қарап тұрады дегені содан қалған.
    Алла сөзі Құран пәни дүние мен бақи дүниені жалғастырушы,ал ақырет әрбір адамзат тек өзі үшін жауап беретін кезең, ешкім ешкімге ,баласы әкесіне, әкесі баласына көмектесе алмайтын, тек жеке өзінің қамын ойлайтын кезең.
    Ғафур:18.»Қияметтің келетінін сен оларға ескерт,жүректері жутқыншаққа тығылатын қасірет күні.Ол күнде ешқандай шапағатшы табылмайды,ешкімнің мейрім шапағаты қабыл болмайтын күн Ақыретте көкректегі құпия ашылады.»
    Шуара:100-101.»Бізде шапағатшы да ,дос та жоқ арашашы болатын . \Бүл күні әркім тек өзі үшін ғана жауапты\»
    Муддассир.48.»Шапағатшылардың қайырымы оларға ешқандай пайда бермейді.»
    Лұқпан сүресі 32 аят:»Әй адам баласы, Раббыңнан қорқыңдар және ешбір бала әкеге ешбір әке баласына ешқандай көмек бере алмайтын күннен қорқыңдар.Күдіксіз Алланың үәдесі хақ, сондықтан дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын.»Та-ха: 109.»Ол күнде Рақымды Алланың өзі рұқсат еткен, үәделескен,\Алла жолына өмірін арнаған\ ұнаған адамдардан басқа ешбіреу шапағатшы бола алмайды.»
    Әнбия:28 «Алла періштелелердің не істегендерін және істейтіндерін біліп тұрады. Ал олар Алланың ықыласы ауғандарға ғана шапағат жасайды.»
    Бақара:255. «Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз шапағатшы кім болмақ?»
    Жүніс: 3.»Ол рұқсат еткендерден басқаға шапағат етүге мүмкіндік жоқ».
    Нәжім:26.»Көк жүзінде періштелер көп, олар өз беттерімен ешбір шапағат жасай алмайды,олардың шапағаты тек Алла өзі қалап,өзі рұқсат еткенде ғана пайда береді.»
    Ахзап:23.»Момындар арасында Аллаға берген сертінен айнымайтындар болады, өмірін дін жолында қиғандар, арнағандар. Олар уәдесінен айныған жоқ».
    Сәбә:23.»Алла өзі рұқсат бергеннен басқаға Тәңір алдында ешқандай шапағат пайда бермейді.»
    Нәбә:38.»Періштелер мен әулие , киелі рух, Алла жолында өмірін арнағандар қатар сапқа түрып,рухсат еткендерден басқа ешкім үн қатпайды,ақиқатты ғана айтады.»

    «Ей ,Алла, мені осы дүниеде және ақыретте де жарылқап тозақ отынан сақтай көр». Екі дүниенің жарылқауын тілеу неге керек.Осы дүниеде жарылқауын тілегендер материалдық дүниеге басымдылық береді \дінсіздер\, о дүниенің бақытын тілегендер рухани байлықты басты мақсат етеді. \Ислам әлемі\ Қасас сүресінде 77 аят:»Алланың саған берген бақ дәүлетімен ақыреттік орын тіле,бірақ бұл дүниелік несібеңді де ұмытпа»-деген.Әулие Шибли айтады:400 ұстаздан білім үйрендім, 4000 хадис жаттадым , таңдағаным мынау болды, соған лайықты өмір кештім дейді.Ол:»Пәни өмірге қажетті мөлшерде құлшына еңбектен,мәнгілік, бақи дүние үшін сауабы мол амал жаса, Алланы қаншалықты қажет етсең ,соған лайық құлшылық ет, тозақ отына түсірмейтіндей ғана күнә жаса».Ақыреттік амалмен дүниені қалағанға,ақыретте несібе жоқ. Ар намысы жоқ адам да,ел де рухани тозады, рухани азған адамға ақырет- азап,рухани азған елде болашақ- жоқ. Алла сүйіп жаратқан адамға деген құрмет, құлшылықтан абзал ,себебі адам құрметке мұқтаж, ал Алла тағала мұқтаждықтан пәк, құлшылық күнәні жою үшін ,саған ,демек адамға қажет.Әрбір адам баласы осы дүниеде істеген сауапты амалдарымен о дүниедегі баратын орынын белгілейді. Әрбір игі істі бастаушының ғалымның, қоғам қайраткерінің, ұстаздың ,пайғамбардың мирасқорларының өзі дүниеден өткеннен кейін де артынан сауабы барып тұратынын тарих дәлелдеп тұр. Ғалымдардың хаты , даналардың сөзі қоғамның дамуына үлесін қосып , Алланың өркениет көшін дамытуда. Адамға өмір үшін ауа қандай қажет болса, салауатты, өркениетті өмір үшін иман сондай қажет. Қоғамға ,адамға пайдалы білімнің бәрі шариғат,егер ол адамзатты тыныштыққа , береке бірлікке, сыйластыққа, мейірім махаббатқа үндесе.Ол адам Алланың ең сүйіктісі, досы.Сауапты амал иманға бастаушы, иманды күшейтүші, үмітті арттырушы, Аллаға жақындатушы,Алла разы болатын істерге жатады. Құранда худжра сүресінде айтып тұр, сендерді сынау үшін түрліше ұлт етіп жараттық, қаласам бір ақ ұлт етер едім , сендердің бір біріңнен артықшылықтарың тек құлшылықтарыңда. Алла жаратқан адамзаттың түрі, түсі, мәдениеті, тұрмыс салты , ұстанымы түрліше болғанымен бір Жаратушыға деген сенімі бүкіл адамзатқа тән ,ортақ. Алла сүйіп жаратқан бүкіл адамзатқа құрметпен қарау, сыйластықпен қатынас жасау мұсылманның шынайылығын белгілейді. Имандымын деп тек өзін ғана мұсылман санайтын ағымға ерген кейбір бауырларымыз білсін, адамзатты өзіндей көрмеу , ата-ананы құрметтемеу ,Алла алдындағы ең сорақы іс, үлкен күна. «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар, сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды»-дейді хадисте.Адамзаттың арманы Алламен қауышу болса , сол арманға жетелер әрбір шынайы ниетпен жасалған Алла разы болатын іс екенін әрдайым есте сақтаған абзал.Ниетің намаз оқу, ораза тұту болса, оны орындайсын,ниетің хажыға бару болса оны да орындайсын, бірақ ешкім жасаған амалымен жаннатқа кіре алмайды, жаннатқа тек Алланың рахметіне бөленген, Алла разы болатын істерді жасаған ғана кіреді.»Егер Аллаға жәрдем етсеңдер, ол да сіздерге жәрдем етеді»-деген Мұхаммед сүресінің 7 аятында. Мұсылман бауырлар!!!Жүзіңді Қыблаға бұр тәртіп болуы үшін, жүрегіңді Аллаға бұр дұғаң қабыл болуы үшін, барша мұсылманға, Алла тағала сүйіп жаратқан бүкіл адамзатқа жақсылық тіле ,тілегің орындалуы үшін.Әрдайым жадыңда сақта, шариғат амалымен дүниені қалағанға ақыретте несібе жоқ. Алла бәрімізді рахметіне бөлесін!!!
    «Нұр-мұра» қоғамдық бірлестігі 2013жыл басынан бері 100 -ден астам кездесулер, конференция, семинар, дөңгелек стөлдер, флеш мобтар өткізді. Оған жоғары ,орта және мектеп оқушылары , әскерилер, әкімшілік қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен бірлесе түрмелерде насихат жұмыстарын жүргізді. Облыстық ішкі саясат басқармасы және қалалық ішкі саясат бөлімімен барлық аудан ,қала, елдімекендерде халықпен , жаздық лагерлерде оқушылармен кездесіп, арамза секталардың арандату істерін әшкере етіп, олардан сақтану шараларын түсіндіретін үнпарақ, кітапшалар таратты, көшелерге насихат банерлер ілді. Астана және Алматы қалаларында өткен республикалық мәні бар жиындарға қатысып өз ұсыныстарын жасады. .Қазақстан-Шымкент телеарнасында апта сайын діни бағдарлама «Нұр-Мұра» ұлттық дістүр мен қазақтын салтын насихиттайтын іс шаралар өткізді.Керағар ағымдарды айшықтайтын фильмдер мен роликтер түсіріп халыққа уағыз насихат жүргізуде.

    Абдулла Бақадыр .»Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігі төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *