III-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 47

            Алла тағаланың ұлық сипаттарын біз қасиет қылып меңгеріп жалғану арқылы шектеулі де шектеусізге қарай жылдан жылға,  ғасырдан ғасырға қарай үнемі даму үстінде адамдық тұрғыда жетіліп келеміз. Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ«… Осыған қарай біз әлемді қандай хикметпен жаратып, қандай құдіретпен сипаттарын бір-бірінен артық, кем, нашар өлшемді қылмай жаратқанына ақылымыз жете алмайды..» Олай болса біздерге белгілі болған 99 көркем есімдерінде және сегіз сипатында біз жеке-жеке өлшем бере алмаймыз. Сондықтан да қандай жағдайда кеңістікте, заттық жағдайда да Алла тағаланың құдіретті сипаттары «Бір» жене «Бар» деп ұғыну керек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз-қызмет қылушы болмақ. Енді осыған қарап Алла тағаланың да жаратылысы сондай болар деп ойлап көрсек. Мысалға Ғылым және Құдірет сипаты өзара салыстыруға тұрарлық екі сипат екені біздің ақылымызға ұғынуға лайық. Ал егер Ғылымда құдірет болмаса онда қалай болады? Ондай жағдайда жоғарыдағы пайымдауымызға лайық болмай, бір сипаты ертуші, екінші сипаты еруші болуға тиісті. Мұндай сипат Алла тағалаға, Раббымызды тануға лайық болмайды. Себебі сегіз сипаттар әр қайсысы өз алдына белгілі бір шегі, қызметі болып бөлініп тұтастықтан «Бір» болудан қалады. «БІР» деген ұғым барлық жерде кереметтілігі бірдей деген ұғым. Егер Алла тағала сипаттарын «Бір» деп ұғынбасақ, онда жеке-жеке тәңірге, құдайға айналдырып аламыз. Сондықтан Бір Тәңір, Бір Құдай деген ұғымға лайық болмайды.» Сонымен біздер «БІР» немесе Бір Алла десек те Алла тағаланың немесе құдайдың қандайда бір жеке-жеке біздің түсінігімізге қолайлы болу үшін санмен белгілеген қандайда бірлік сипатының біздерге әсер беруі, қуаттылығы, күштілігі және қандайда бір кереметтілігі бірдей сезімдік жүйемізбен қабылданады. Және олардың ерекшелігі тек Алланың өзіне ғана мәлім болып біздердің ақыл-ойымыздың олардың айырмашылығын, ерекшелігін анықтауға шамасы жетпейді. Сондықтан қандайда бір құдайдың ерекше белгілерін, мұғжизасын, хикметтерін біздерге «Бірден» Алла тағаланың «Барлығынан» деп қабылдауымыз керек. Сондықтан біздер қандайда бір Алла тағаланың 99 көркем есімдерімен  мирас хикметін алған достарымен байланысқа түсу арқылы барлық сипатынан да белгі, қуатына жалғану мүмкіндігіміз бар. Сондықтан қандайда бір жер бетіндегі ерекше белгілерін ойпатты жерлерді бірдей қадір тұтып тағзым қылуымыз да керек. Меккедегі қағба бәрінен артық деген ұғым осындай «БІР» Аллаға серік қосу болып та шығады. Пағамбарымыздың; «Менің үмметерімде жердің барлық орындарында намаз орындауға, құлшылық қылуға ерік бар» деген өсиеті де осыдан пайда болады. Сондықтан Ханафи масһабы басқалардан артық дегеннің өзі де қателік, надандық болмақ.

«Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ.  (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипамтың да бірленген көрінісі болуын білдіреді). Сонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз.  (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ) Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Аллла тағаланың; Рахман, Рахим (жарылқаушы, келтіруші) Ғафур ( кешіруші ) Уаруд(сүйікті, сүюші), Хафиз (қорғаушы), Сәттар (ара түсуші, арашашы), Аззақ (несібе беруші), Нариғ (пайда беруші), Уакил (уәкіл басқарушы), Латиф (жақсылық, мейрім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттауға керек.  (олай болса, бұл 10 сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып,  көктен келетін нұрдың-он саулық байлығын белгілеп тұр.) Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғардағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ.» Мұнан не ұқтық? Біздердің Алла тағаланың сегіз сипаты да денемізде белгілі бір жарықтық өлшемдермен пайда болып енді бізде бұл сипаттар қасиет тұрғысында ерекшеленіп бейнеленеді. Яғни Алла тағаланың  біздерге берген Ғылымынан біз даналық, дарындылық қасиеттермен ерекшеленсек, ал құдіретінен түрлі бақсылық, емшілік сияқты қасиеттерді меңгеруге қабілетті болып шығамыз. Ал ақылымыз енді алған білімімізге, тәрбиемізге тәуелді көрінісін беретіні сөзсіз. Яғни біз ақылды болу арқылы ғылымды немесе ерекше қасиетті құдіретін, хикметін қоса меңгере алмаймыз. Ал енді бізге керекті тәубемізді қабылдау, қиналғанда қорғаушы,  бір-бірімізді ұнатуға махаббат сезімін сыйлаушы, несібе беруші, жақсылық мейірімге бөленуге тағы да адамазатқа тіршілік етуіне байланысты барлық нығметтерін біз Ол Алладан, яғни Рахманға құлшылығымызды арнау арқылы рахметіне жете алатынымызды білдіреді. Және мұндай барлық ұлық сипаттарының бізге жақын есімдерін де 99 сипатынан іздеуді ескертеді.)

Ал ақылға ұғынуға дәлел Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісім бірлікпен жаратып және бір-бірінен тек пайда алатұғын сипатта жаратқан. Ал бір-бірінен пайда алу ұғымына келсек; Жансыз жаратылыс нәрселерден пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайда алатын ақылды адам баласын жаратқан. Хайуандарды асырайтын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып және олардан ақиретте машһарда сұрау бермейтұғұн қылып, ал бұлардан пайда алатын адам баласын машһарда, ақиретте сұрау алып, жауап беруге жаратқандығында әділет және махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар секілді тамақтан өз басымен алғызбай ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззатанғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, оның үстінен тазалығын басқарарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктіктен, зияннан қорғарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп қаға беруге қас беріп, оны жүзіңе көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуінің ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратқаны махаббат емес пе?

Кім өзіңе махаббат (жақсылық, ізгілік) қылса, сен де оған махаббат қылмағың (игілікпен, жақсылық арнап жауап бермегің) қарыз емес пе? Ақыл көзімен қара; күн қыздырып, теңізден бұлт шығады екен, ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзіне неше түрлі дәндер өсіріп, жемістер өндіріп, көзге көрік, көңілге рақат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант-қамыстарын өндіріп, неше түрлі өсімдіктер өсіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтарды ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін, сулар балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балауызын, құрт жібегін-барлығын да адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі-адам баласына азық.»  (Бұл жерде тәпсірлеп түсіндірудің де қажеті жоқ деп ойлайсыз әрине. Бірақ мына сөзге баса назар салыңыз; «хайуандар күшін, көркін» деген ұғымның діншілердің қарсы болған бірақ шығыс философиялық даналықтарында, дін ұстанымында реинкарнация заңдығын атамыз бір ғана сөзбен ескертіп өткен.)

Миллион хикмет бірлігінен (қозғалыс, күштерінен) жасалған машина, фабрик адам баласының рақаты, пайдасы үшін жасалса, бұл жасаушы махаббат бірлігі адам баласын сүйгендігі емес пе? (Біздер қандай қуатты қозғалысты пайдаланып бір жүйелі қозғалысқа айналдырсақ ол қуатты біз тек табиғаттан, жаратылыс нәрселерінен дайын күйінде аламыз. Біздің өндірген қандайда бір қуаттарымыз құдайдың хикметті қозғалыс егелерінің бірлігі ғана деп түсіну керек) Кім сені сүйсе, оны сүймек қарыз емес пе? Адам баласы қанағатсыздықпен бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің қызғанышынан қорғалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып және әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене уақытында жауына қорғану, қашу, бірін-бірі қорғауға жан қуатымен бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы-адам баласына өсіп-өніп, теңдік алсын емес, бәлкім, адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік.» (Енді  нәсіл туралы «жын-шайтандар» жазбасында оның адамзаттың гормондық көбейіп, өсіп дамуымен және ақиреттік өмірдегі өрістік қуаттармен байланысты екенін,  ал мұндай метафизикалық жағдайдағы адамзаттың рухани жаратылыс себептеріне жан-жануарлар әлемінің қалай азық болуы мүмкін дейсіз? Және Абай атамыз біздің нәсілдік қуатымыздың үздіксіздігі, днк, рнкалық жібіміздің де қуаттылығы жан-жануарлар әлемінің өнімі мен күш, қуатымен, жандарының рухани өнімімен де байланысы екенін де ескертеді).

Жә, бұл хикметтерінің барлығын мархамет және анық ашық әділеттілік сипаты тұр екен. Біз ортамызда бұл мәрхаметін, жақсылығын әділетті иманның шартына есептейміз, ол үшін иманды мүмін болып, Алла тағалаға табынып оның жолында болмақ едік. Ал, болғанымыз қайсы? Құдайдың қалауын жоққа шығырмаймыз, өзгелерде болғанын да жек көрмейміз, өзіміз бірақ тұтпаймыз. Бұл қиянатшылдық емес пе? Қиянатшылдыққа жақын тұрған адам – мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. (Әрине масһаб жол болса осы баяндалған барлық хикметтердің себебін және олардан зиянсыз пайдасын қалай алуын, қиянаттан сақтануын да қамтамасыз ете білу керек. Бұл қандайда бір діндердің қағидасына лайық болса керек.) Қандайда бір дін өсиеттерін алып қарасаңыз; Тәңір туралы көзқарастардың, Құдайдың жаққсылық істеушілерді сүйетіндігі, оларды жаннатпен сүйіншілеуі және адамдықпен жақсы іс атқарған адамдардың есебін толық жақсылықпен қайтаратындығы, ал залымдарға, жамандық істеушілерге дәл сондай жазасын береді деген әділдіктің жоғарғы ұстанымдарын ықыласпен, ғылымымыз жетіп неге қабылдамаймыз? Енді мұндай әділдікті қабылдап үлгі қыла алмасаң онда ұяттың жоқтығы. Ал ұят жоқ болса, онда иман да жоқ деген пайғамбарымыздың хадисі дәлел дүр.

Енді белгілі иман құр иланғандықпен болмайды, әділетті  және оның ізгілікті  қағидаларын ұстанумен ғана, бірленумен ғана иманды бола алады. Біздің тәнімізбен қылған құлшылықтарымыздың, оқыған намаздарымыздың ешбірі жоғарыдағы ескертілген әділдіктің қағидаларын сақтауға, ұстануға, жақсылық, ізгілік істерін меңгерудің мәрхаметін (нәтижесін, жемісін) бермейді. Күнде көріп жүрген намаз оқушы (намазхандық), ораза ұстаушының қандай әділетті іс атқарып жүргеніне дәлелді іздіп  керегі жоқ. Себебі әділеттілік барша ізгіліктің анасы дүр. (Әділеттілік ұстанымы болған жерде барлық ізгілікті де таба аламыз) Ынсап, ұят-бәрі де әділеттен шығады. Мұндай жағдайда адамның көңілінде; халық менімен сондай-мұндай әділетті қылықтармен қарым-қатынаста болса екен, маған ешкім зәбір бермесе, жақсылық қылса екен деп ойлап тұрып, менің де олармен әділетсіз болғаным жарамайды деп тәубеге келсе, осының өзі әділет және ынсаптық емес пе? (Мұндай көңілге әділеттілікті бекітіп ниеттенгеннің өзі жақсылықтың, ізгіліктің, иманды меңгермектің басы емес пе?)

   Ал мұндай ойды ойлаған кісі жаратушыға неге шүкірлікті ойламасын? Шүкірліктен ғибадаттың бәрі туады. Онда әділетті жақтаушы ниеттен, шапағаттан айрылма. Егер мұндай ойдан, ниеттен ажырасаңыз иман да, адамдық та барлығы да қашады. Сопылардың; «Бір адамның ниеті бұзылуынан, жүз адам қолайсыздыққа ұшырайды» дегені пайда болады…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *