III-Ойға түрткі, ақылға дем    Әлеуметтік топ және ібілістің ұрпақтары мен жамағаты туралы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 59

Ел басымыздың және билеушілердің саясатында қалайда қазақ елін экономикалық тұрғыда алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосу болғандықтан, егемендік алған алғашқы онжылдықтарда әлеуметтік жағдайдың мүлде назардан тыс қалып, мұны ібілістің басқаруына көшуге де және «ел билік діннен бөлек» деген ашық құдайға қарсылық ұстанымдары да себеп болғаны хақ. Мұндай жағдайда ел басымыздың Астана қаласын салып, шаруашылықты көтерудегі жолдауларымен жеткен жетістіктеріміз ғана әлемге мақтануға үлгі қылып, барлық ақпараттық жүйелерде нарықтық тұрғыда ғана дәріптеліп,  ал әлеуметтік ұлттық жобамыз, салт-дәстүр құндылықтары даналарымыздың аманаты, Раббымызға берген нәсілдік ерекшелікті сақтау уәдесі мен ойшылдықтары мүлде тасада, дүниенің көлеңкесінде қалып қоюына жол берілді.Және қандайда бір құндылықтардың тек қана ақшамен, дүниемен бағалануға кең жол беріліп, шығармашылық өкілдері мен ақпараттық жүйелерде, білімнің жоғарғы орындарына ғылымсыз жалған ғалымдардың яғни тек қана білімге негізделген, ой жоруға түскен, ібілістің араласуымен кітап жүзінде жазылған ақпараттардың ұлттың әлеуметтілігі, тектілігі болып қалыптасуына жол берілді.

Мұндай жағдайда атақ, дәреже, тіптен ғалымдықтың өзі саудаға түсіп, ақылы жоқ ғылымсыз топтардың дүние байлығы арқылы төрге шығып, ал әлеуметтілік қасиетін аз да болса ұстана алған, текті бірақ кедей топтарының есіктің аузынан сығалауға да мүмкіндік жабылғаны да сөзсіз. Сондықтан сөздің құнын түсінетін, ұлтымыздың әлеуметін сақтауға еңбек ететіндер, бұл жолға түсуге жол табуға талпынғандарды, жоғарғы шенді, іс басындағы өңкей ғылымсыз, жетесіз, дүниенің ісін ғана меңгерген мал табарлардың қудалануына түсіп, мемлекетіміздің де жалпы саясаты шаруашылығы өркендегенмен, әлеуметтік жағдайы жылдан жылға төмендеумен, надандықтың шырмауында, ібілістің басқаруына болған елдердің салтын, заңдарын, әдетін сол қалпында сіңіруге де, ел басшыларымыз үлкен еңбек етіп, тек қана қазақ ұлты ғана емес бүкіл мемлекеттің тұрғындарын, халқымызды арсыздықтың қорасына қамап, ібілістің алдына салып беруге де жағдай жасалып, әлі күнге дейін мұнан шығуға талпыныстың да әлсіз болып жатқаны хақ. Әйел халқы азса, ел тозып, ұлттың жандық қазынасы азайып, жер ана рұқының наздануымен, түрлі табиғи апаттармен жауап беріле бастайды. Құдайдың лағнеті де арта береді. Қияметтік мезгіл басталады.

Қазақ елінің қияметтік жағдайға түсудің басты себебі; Шаруашылығы, экономикасы дамыған елдермен бірге олардың ел басқару саясатын сол қалпында көшіріп алып, «гендерлік теңдік» деген ібілістің жобасын да қабылдауға ел билеушілердің мәжбүрлеу саясатынан екені де хақ. Неге десеңіз; ібілістің қандайда бір адамзаттың меңгерген білімін, ілімін мейлі жоғарғы дәрежелі ғалым, ел билеуші болсын, егер ұлттық әлеуметтік қуатынан толық жалғана алмағанда, гендік бүтіндік қағидасын, тектік бірлік шартын және ғылымды меңгеріп ата-баба аруағының кітабына жалғана алмағанда, онда қандайда бір ақылы жетілген дананың да ақылын  теріске бұрып, теріс оймен, ой жорумен әлеуметтілікке қарсы шешім шығартып, өзінің бүлдіруші, азғындыққа түсіруші саясатын ұстануға мәжбүрлейді. Біздің ел басымыздың ақылы, даналығы жетілген және әлеуметтік жағдайы жоғары болған, ғылымнан кітап алғандардың, тектілердің ұрпағы болып саналып, ұлтымыздың тұрмыстық, шаруашылық істерін көтеруде әлемде ақыл, білім тұрғысында ең үздік ел басшылар тарапынан табылуын жоққа шығару мүмкін емес. Бірақ осындай білімін іліммен жетілдіріп, ұлт дәстүріне, хандарға, сұлтандарға сай тақуалықпен ортасын іздеп таба алмай, бір ғылымға жалғана алмай, таза ой қуаты жетілмей, керісінше теріс ойдың ықпалына түсіп, ұлтымыздың әлеуметін құлатуға, қазақтың тарихында болмаған ең төменгі арсыздыққа дейін түсіруге дейін жеткізгені де хақ. Негізінен ел басымыздың дінге арап салтымен орташа көзқарасы және ата-баба аманаты болған ұлттық әлеуметтік құндылықтарды меңгеруге деген бейтараптығы себеп болғаны да хақ.

Осындай ел билеушілердің әлемдік тұрғыда мал табарлық өнерлерін үлгі қылып, бір-біріне еліктеп, сондықтан да мал табарлық қасиеттің адамдықты, әулиелікті, рухани тазалықты сақтайтын жетілдіретін жол табарлық қасиеттіліктен, тектілік негізінен артық көруге әкеліп соқтырды да, ел басқару саясатында философияның, ойшылдықтың, ғылымның, таза ақылдың маңызы жоғалып, ғылымды болу білімді болумен ғана бағаланып, сондықтан тектілігін, адамдық әулиелігін жетілдіре алмаған, ар ұяты кем, сана түгіл ұжданы жетілмеген жындылардың ғалым, философ, жоғарғы дәрежелі ақыл беру орындары мен тіптен дін ғалымы, теолог, психолог, жазушы, ақын, тілші болып алып ібілістің жобасын, еркін атқарушы ұрпақтарына, жамағатына айналып алғандарын аңғарудан да қалдық.

Қандайда бір сынның нақты мысал дәлелдермен негізделмесе, онда жалғандықты және сол сын айтушылардың да ібілістің жамағатына айналуымен аяқталады. Қазақта ар жағына бармай-ақ, кешегі өткен Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сияқты даналардың еңбектерін халыққа танытушы ғалымдар көп болғанымен, оның ішкі сырын жан ғылымын, сан тұрғысында құран және киелі кітаптар арқылы түсіндіруші жоққа тән десек жалған емес. Егер шығармашылық өкілдері, ғалымдар даналарымыздың әлеуметтік насихатын ел билеушілерге түсіндіре білгенде, ұлттық тұрғыда азаматтық ғылым мектебін қалыптастыра алғанда, ел билеудің саясатында мұндай адасушылық орын алмауы да керек еді. Себебі; «Адам баласы ойды жарата алмайды, ол бастан бар болған» деп ескертеді Шәкәрім атамыз. Бірінші  таза ақылдан, ұлттық жобамыз ғылымнан адасушылықтың, теріс ойға ібілістің қақпанына ақылды байлаудың  белгісі; «гендерлік теңдік» саясаты ұлттық дәстүрімізді жоятын басты қадам болғаны сөзсіз. Ата дәстүрі, қазақтың әлеуметтік жағдайында; гендерлік бүтіндікті қалыптастыруға, тектілікті сақтауға «екі жарты бір бүтін болу» деген астарлы нақылмен қазақ дәстүрінің гендік толыққандылықты жетілдірудің  әлемде жоқ ғылымды меңгеру намазы, яғни әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болғанына, мұны ібілістің ұрпақтарының теріске алып, қазақ ұлтына да ел билеушілердің ғылымсыздығынан жаппай әйел халқының арсыздануына әкеліп соқтырғаны да хақ.

Қарапайым білім тұрғысында ғана жаратылыстың сырын білген пенде әлемде өзара тең қуаттардың жаратылмағынын және атомның өзінде екі полярлы қуаттардың өзара теңдігін сақтау арқылы атомның бүтіндігін, тұтастығын сақтайтынын білген жөн. Сондықтан гендік қандық тектілік тұрғысында еркек пен әйелдің қарама-қарсы бағыттағы қуаттар жүйесі болып, өзара тең болуы мүлде мүмкін емес. Гендік бүтіндік әйел еркектің ортақ шаңырақ құрып ұрпақ өсіріп тәрбиелеуімен, ата-бабадан келе жатқан мирас әлеуметтілік құндылықтарды сақтаумен және үнемі ауысып өзгеріп отыратын тектілік қуаттарының ғылымға негізделген бірлігін қалыптастырумен де байланысты болмақ. Мұндай гендік бүтіндіктің әлемде Мун мырзаның дін ойлап шығарып миллиондаған халықты ұйытып жүрегенінен әлде қайда жетілген қазақтың бұрынғы құда түсіп, бәйбіше тоқал татулығын меңгеруге, төре, қожа, аталық тектерін сақтаумен қалыптасқан дәстүрдің салтын мүлде жоғалтуға ібілістің ұрпақтарының үлкен қарсылық көрсетіп жатқаны да хақ.

Ал жалпы ұлттық тектілікті сақтау үшін әуелі гендік бүтіндіктің негізі болған;  Шындық ғылымынан яғни қызыл түрден – махаббат жаратылып, және адамзаттың гендік бүтіндік, қан тегі махаббаттан жаратылғаны ал махаббатың негізі иманнан, иман ұяттан жаратылуын түсінген пенденің бұндай саясаттың ібілістің жобасы екеніне де көзі жете алады  Алайда ібіліс мұндай қателіктің артын байқатпай жабу үшін де, мұндай құдайдың жобасына қарсы теріс ойды өз ойын атқарушыларға салуымен, қазақта «Мәңгілік ел» жобасының қабылданып, қатын, қызы арсызданған, қызыл түсті ұяттылық қуатынан, шындығынан, ғылымынан айырылған елді құдай мәңгі жасатын болды, ол үшін жеңіл тұрмыс, дүниеге бай болсақ болды деген де ібілістің жобасы, арманынан болып табылады. Ұлтымыздың әлеуметтілігін арттыру арқылы ғана біздер бүкіл мемлекетіміздің аға ұлты болып, сонымен бірге әлемде де өз жолы, жобасы бар ел болып таныла аламыз да. Әлеуметтілік жоғалғанда қалған екі саланың да (экономикалық, өндірістік және тұрмыстық салт) берекеті де болмай, және халықтың ақылы түгелденіп, бақытты болуы да мүмкін емес.

Бақыттылықты дүниемен,  жеңіл тұрмыспен, жұртты тамсандырып таң қалдырумен емес, ақылмен өзін танып, екі дүниенің теңдігін қалыптастыруға, рұқын тазартып, жанын көбейтумен ғана адам баласы түйсініп, сезіне алады. Ал енді ұлттық жоба, арманымызды яғни  әлеуметтілігімізді меңгеру үшін ғылымның үш түрлі сапасы мен 9 сатысын, тоғыз жолдың торабын да меңгеру керек екені хақ. Мұндай біздің ұлттық дәстүріміз болып бекіген намаз орындау салтымызды да ібілістің терістеуімен; «Үш тілді меңгеру арқылы ұрпақтарымызды ғылымды қыламыз» деген үндеумен, өз ұрпақтарымыздың болашақ әлеуметтік жағдайына балта шауып, алты жан сезімін өсірмей керісінше қарсылыққа түсіріп, ұлттық тегін жетілдірмеуге де бел шешіп кірісіп кеттік. Енді біздердің түсінігімізді ғылым деген, Абай атамыз түсіндіргендей махабаттан және жақсы мен жаманның парқын білумен, қандайда бір замандық білімдердің, ақпараттардың адамзат жанына, рұқына пайдасы мен зиянды айыра білуге, әулиелік тазалыққа жеткізуге қызмет қылатын болу керек. Ал ғылымды меңгеру үшін ана тілін, ата сөз мінезін, діл, дін тазалығын қалыптастыра білу шартты болмақ. Егер ұрпақтарымыз ана тілінің мұндай шарт арын жасынан меңгеріп ділін қалыптастыра алмағанда қандай білімді болғанымен ойлау қабілеті әлсіз, тектілігі де жоғалып, гендік бүтіндікті де қалыптастыра алмай өмірге мәңгүрт ұрпақтарды әкелуге ғана жарайтыны да хақ.

Біздер үш тілді меңгеріп әлемнен озық ұрпақ тәрбиелейміз дегенмен орыстан да, ағылшындардан да діл қуатымыз артық бола алмайды. Себебі олар өзге тілге мұқтаж емес, сондықтан ана тілдерін толық меңгеру арқылы ойлау қасиеті, тектілік қабілеті қашанда алда болатыны хақ. Қазақтың ең жоғарғы діл қуатын көрсетіп әлемге ойшылдықтан үлгі болғандар бұрынғы біздердің орысқа да, басқа ұлтқа да тілін білуге мұқтаж болмай және гендік бүтіндік дәстүріміздің таза қалпын сақтаған замандарда әлемді де таң қалдырған Әл-Фараби, Ұлықбек, Омар-Хаямдардың шыққаны да хақ. Ал қазақ халқы орыс халқымен талай жылдар біртұтас болып олардың тілінде әлемдік білімдерді де аз ғана уақытта меңгере алғанымыз ол бұрынғы замандарда тектілігімізді, гендік бүтіндікті және діл қуатын сақтай білген ата-аналармыздан қалған қанның қуаты, аруақтық өнімнен ғана. Сонда да болса білімде, орыстан да, ағылшындар да оза алған жоқпыз, себебі ана тілімізді, ата сөзімізді, ділімізді меңгеруміз керісінше ұрпақтарымызды дүниелік мақтанның, малтабарлықтың буына түсіп, гендік бүтіндігін мүлде аздыруға, жаппай ібілістің жамағатына айналдыруға ғана күресіп жатырмыз. Бұған нақты дәлел, бүгінгі ел билігінің саясатының бағдарында, ғылым; ұят, жете, ұждан, сана, арды қалыптастыруға емес, білімді көбірек меңгеріп, жүктеліп, кітап жүзінде арқалап жүретін, яғни кітап арқалаған есек болуға, дүниеге, тіршілікке пайда болса болды, арсыздықтың қандайда түрін меңгеруге жиренбейтін жындылыққа негізделуге арналғаны да сөзсіз.

Ғылымның үш сатыдан тұрып оны меңгерудің сырларын құранмен, пайғамбар сүннеттерімен әлемнің барлық діндерінің де құлшылық намаздарын бірлеп, исламның бірлік үлгісін көрсетіп, артында санмен берілген философиялық, ойшылдықта теңдесі жоқ еңбегін қалдырған Ясауи бабамыздың үлгісінің енді бір тұтастықта әрбір пенденің қызметі, дәрежесіне қарамай тақуалықты, әулиелікті меңгеруге болатын жобасын, құдайдан қазақ еліне қайта түсіріліп, ата жолы аталып, ұлтымыздың ғана емес, бүкіл адамзатқа үлгі боларлық дін үлгісінің ақ бастауының ашылуы мұң екен, бұған да ібілістің ұрпағы мен жамағаттары қарсы тұрып ғылымын, намазын терістеп, жалпы халықты да  нандырып та тынды. Ел билеушілердің рухани тұрғыда да көш басшы, жол басшы бола алмауынан мейлі ата жолы, масһаб дін ұстанымы, тарихат топтары болсын ақылды, жоғарғы саналықты, адамдық әулиелікті жетілдіруге емес керісінше белгілі бір өздерінің білімімен, қылықтарымен, сөз мінездерімен негізделген жындылық топтарын қалыптастырып оны көбейтумен ғана айналысуға жол ашып қойып, мұны дәстүрлі дін деп ат қойып, әлемді шақырып жиналыс жасап мақтану да ібілісітің жобасын дәріптеумен байланысты екені хақ.

Исламның бірлігі деген ұғымының шариғатты қазық қылып, оған ақылды байлаумен ібілістің жамағатына айналып, бұрынғы замандағы ақылмен, біліммен пайымдалған тәпсірлерге қайта оралып, оны ақыл қылып алып, жеке-жеке тақуалығына байланысты құдайдан жол-жоба алып, ойды меңгеруден бас тартқан ақылсыз есерсоқ «фонат» бүлікшілерді дайындаумен тұтастай ібілістің жамағатына айналумен негізделіп қалғанын да түсінетін уақыт жеткен сияқты. Сондықтан да ібілістің ұрпағына айналып алған ел билеушілер мұндай діннің үшттен бірін ғана қамтитын салтын тура жол атап, және оған ғылым, білім тұрғысында сын айтып  қарсылық қылуға да тыйым салып қызғыштай қорып заңмен бағып отырулары бұған ашық дәлел бола алады. Қарсылықсыз жалғыз жаратылған тек қана құдай, Алланың өзі болып саналады. Жалғыздыққа ұқсастардың ібілістік бейнесі қазақ елінен табылатыны да сөзсіз. Жалғандықта ібіліс те жалғыз жаратылған еді.

Жалпы әлемдік тұрғыда 8 дін болып, олардың төрт кітаппен жер бетіне ғылымы, ілім білімі түскенін мойындаған да жөн. Сонымен үш кітап ғылымның үш негізін меңгеру құлшылығын, саясатын түсіндірсе, ал құран арқылы осы діндердің барлығын бірлеу бір дін, бір кітап тұрғысында түсіндіру, құлшылық істерінің басында біріктірумен саясаты айқын болуы керек. Исламның Адам атамыздан бастап сөз ғылымы, атау сөздердің ішкі сырын қасиетін анықтап, жаратылыстағы үнемі дамып пайда болып жатқан нәрселерге білім тұрғысында ат қоюмен діндердің жинағы болып түсіріліп, және жүйелі түрде адамзатқа ішкі 8 түрлі сырлары дін болып оқылып, 9-шы тұрғыда қайта бір діннің құлшылығына намаздар жүйесіне бірігу саясатымен түсіргені хақ. Олай болса бұл діндердің бәрі адамзатқа тектілік қасиет болып табылады. Қазақтың даналары; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожаны қырқадан асырмай текті болмас» деп неге ескерткен екен? Діндердің, тектердің бірлігін, гендік бүтіндікті меңзеп тұрған жоқ па? Және «Сегіз қырлы бір сырлы болу» дегенді қалай түсінеміз? Ел басымыздың халыққа үндеуінде «бір тектілік» деген ұғымның осындай нақылдардың ұғымын терістеумен, бір жыныстылық, бір тұтас жындылыққа шақырумен байланысты емес пе? Бір тектілік емес, адамдық тектіліктің бірлігін қалыптастырумен ғана әлеуметтілікті жетілдіру керек болар….(жалғасы бар. Қаңтар айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *