III-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 132

Қазақ еліндегі бүгінгі таңдағы болып жатқан қиямет сағатының сынақтарының негізгі себебі ғылымның мәні маңызы жоғалып, оның орнына жасандылықтың пайда болуынан деп түсінген дұрыс болар. Ғылым деген өнер-білім ғана емес, барлық жер бетіндегі тіршілік әрекеттердің адамдықты сақтауға, заманға қарай бейімдеп, жаратылыстың заңдылығына қайшылықсыз өсіп-өну жанды көбейтуге қызмет жасайтын білім, ілімнің, ақылдың бірлігінен және адамдықты бейнелейтін амал әрекеттерден  тұруы керек. Қазақта «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген ғылымды меңгерудің сырын.

   Мұндай бір ғылымдық таным қазақ елінде ежелден ата дәстүрі болып қалыптасқанмен де, өнер-білім жағынан әлемнен артта қалып талай ғасырлар бойы сынақтан өтіп, әлем жұртына теңелдік дегенмен д,е керісінше адамдықты сақтау құндылығымызды жоғалтуға, ұлттық құндылықтардың қадірсізденуіне тура келгені де хақ. Бұған себеп әлемнен алған біліммен бірге діндерін де қоса алып, сөз ұғымдарын сол қалпында бейнелеп, ұғымдылық қасиетіміз жетілмей қалауына да философия-ойшылдық мектебіміздің ұлттық негізден ажырап, әлемнің соңына түсіп адасып қалуымен де байланысты болды.

  Енді әлемдік перілік жүйенің ойы терістелген біліміне жалғанып алып, ең жоғарғы діл қуатын сақтаған елде періліктің де жоғарғы сипаты пайда болуына жағдай туғызған ел билеудің саясаты да ықпал болғаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда дін салтымызды да орта топтық арап тектес елдерден сол қалпында алып, ақылдың дамуына да кедергі жасап, яғни ібіліске астыртын қызмет жасап, перілік жүйенің жаңа сапасы қалыптасуына ислам мен өзге діндердің қарсылықтарының бірігуі де қазақ елінде қолайлы болып шықты.

   Сонымен қазақ дәстүрі бойынша адам баласының жанының жетілмей қалауына себеп, білімнің теріс ықпалына ұшырамауды қаншама ғасырлар бойы сақтап келгенмен мұнан әрі қарай жан өркениетінің дамуы тоқтап, қызыл империяның ықпалымен ғана меңгеруге әлемдік ақпараттық, білімдік жүйеге жалғануға мәжбүр болуымыз да Құдайдан жазылған тағдыр сыны еді. Екінші жағынан керісінше ілімдік тұрғыдағы жүйемізден көпшіліктің ажырауына әкеліп соқтырды. Қандайда бір қуаттардың білім және ілім арқылы әлемдік қозғалыстық жүйеге  қосылып, және мұның екі ортасынан ақылдың, адамдықтың яғни жете мен сананың өнімі арқылы ғана Құдайды тану жолына түсіп қана түп негізге Алланың жібіне ұлттық тағдырымызға қайта жалғану болмақ.

  Сондықтанда да қандай әлемде ұлт болмасын  ұлттық тағдыр жібіне байланысты ділдік қуаттылық тұрғысында перілік қарсылығы болуы, яғни жанның толық дәрежесінің қалыптаспауынан ібілістің ықпалына түсуімен, бастапқы Алла тағалаға білгіштікпен қарсылық жасаған қанатсыз періштелігімен бейнеленуі болмақ (су перісі). Перілік бастапқы жаратылыстағы періштелік сұлулық, әсемділік болып, оған сан алуан білімдер арқылы шайтандық сезім қорқыныштың бейнеленумен пайда болатын адамзаттың тылсымдық жарық тұрғысындағы бейнесі болмақ.  Су перісінің сұлу қыз бейнесінде болуы немесе орыс ертегілерінде көлдегі бақаның сұлу қызға айналуы сияқты қиссаларда шындықтың да негізі болмақ.

    Шәкәрім атамыз: «Өмір сырын көздесең, Жарға шоқын, жаннан без! Сыр қаласын іздесең, Сырлы сұлу, тамнан без!», «..Көрінген әрбір сұлуға, Көңілің толқып кете ме? Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ.» деп барлық дүние қызығы тіршіліктің нәрсесінде адам баласын өзіне тартып жалғануға негіз болатын сұлулық атты қуаттың болатынын, оның баянсыз болып жындылықты ғана көбейтетінін ескертеді. Дүниенің бар қызығы, қуаты да сұлу қыз бейнесінде көрінісін табады. Демек пері сыртқа көрініс беретін бейнелетін жанның жарығымен, өрісімен байланысты болса іштегі нұры ішкі сұлулығы болып, оны зейнетпен киіндіріп, ардан сауыт берсе ғана қанатты періштеге айналмақ.

   Сонымен қазақ дәстүрінде; «Қызға қырық үйден тиым» деген ішкі жан дүниесінің сұлулығын меңгерумен жасыра білу, және сыртқы сұлулықпен, сұқтанып періге жалғанып кетпеудің де ғылымы еді. Қазақ ұлтының әйелдерінің перілігі болмады десек, ол жаратылыстың заңына қайшы. Сондықтан да; «Қырыққа келгенде әйел қылық шығарады» яғни перілігі көрініс береді деген ұғым болмақ. Ал ендігі заман мұндай перілік қылықсыз әйел жоқ және  аз, көп бір белгілерінің ар қағидасына қарсы ашық көрінісін табуға болады және бұл тіршіліктің дүниенің білгілі бір қылық, әдеттерін сұлулық, жарасымды деп білім арқылы таныған,  ақылымен қабылдап ұнатқан еркектерде де жүректерінде жаппай бейнеленіп алғаны да хақ.

  Және енді пері мен жынның өзара білім арқылы қосылуынан әлемдік тұрғыдағы ең жоғарғы жеті жынның топтары толығымен қазақ елінде өз қызметін атқарып, ібіліс ұрпақтарын барлық саладан кездестіруге де болады. Пайғамбарымыз; «Болашақта мұсылмандар 72 топқа бөлінеді, 73 топ арқылы ғана тура жолға шығады» деген өсиеті де қазақ елінде көрінісін тауып Абай атамыздың періліктің жынмен бейнеленуінен 72 түрлі мінезді баяндап көрсетіп бергенін біле бермейміз.

    Адам баласының мінезі; көру, есту, ойлау, сөйлеу арқылы төрт жынның негізінде пайда болып енді мінезге жан беру арқылы (үш негізі қуаттың қосылуымен) перілік сипаты қалыптасады. Көркем мінез дегеннің өзі жүректің тазалығынан, жан дүниенің жарығымен осы төрт сипатты мінездің негізінен қалыптаспақ. Жанның адамдық жоғарғы дәрежеге өсіп-өнуінің аралық кезеңі перілікпен бейнеленуі шартты деп білу керек. Сонымен періліктің сынынан өтумен ғана адам баласы адамдық жетілгендік сипатты меңгере алады, жанаттарға жалғанып жүрекке келген үнін тыңдап, Алла тағаламызбен тікелей сөйлесу дәрежесіне жетеді.

     Енді қазіргі таңда адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінің барлық саласында да жеті түрлі жындық топтар арқылы перілікпен басқарлып тұрғаны да хақ. Мұндай мезгілдің қияметтік болып Алла тағала тарапынан адамдық қасиеттің жаңа сапасын қалыптастыруға, құранның құпия сырлары ашылып ғылымның кереметімен бірге жер бетіне тарауына белгілі бір елдің таңдалып, әлемнің рухани көш басшысы болуы да жаратылыстың заңы. Мұны аңғару үшін әрбір әлемдегі болып жатқан өркениетке деген қозғалыстың қарсылығын зерттеп анықтау керек.

   Себебі ібілістің білім тұрғысында қандайда бір құдайлық бастамаларды алдын орап, тура жолдан қисығына бұрып отыратын да сөзсіз. Енді діндегі масһабтық бағытымыз да осы періліктің негізі болып ата жолынан бұрын басталып, ақырында қазақ елін өзінің рухани жібінен ажырауына қызмет қылып әлі кезге дейін бұл істерін ібіліске адалдықпен атқарып келе жатқан перілердің «қара қарғалық» қауымы болмақ. Енді ата жолының әлемге танымал болып ел билігінің абырой беделінен жұрдай болуының да алдын орап, ел басымыздың рухани жаңғыруы жасанды «интеллект, сана» тәсілі болып, ібіліс ұрпақтарының әзірге жеңісі болып көрінісін тауып жатқаны да хақ.

   Жалпы перілік жүйенің өмірдің қай саласында болсын адамзаттың рухани жетілуге деген талпынысын белгілі бір кезеңге тұрықтатып, ақылын қазыққа байлап қоюға негізделген жанның; Көру, есту, ойлау қасиетін шектеумен; Қорқыныш, жасанды сұлулық, білімге мастық арқылы шектелуді философия ғылымында ақылдың негізделуі деп атайды. Енді ата жолының жағдайында осы перілікті жеңу мен күресу арқылы адамдықтың үлгісін қалыптастыруға Құдайдан түсірілген нұрды меңгеру арқылы, маңдай көздің ашылуымен және шындықты келтіретін тақуаларды, ғылымды қоғамды қалыптастыру болмақ. Бұл әулиеліктің жолын меңгерудегі кедергілердің бүгінгі таңдағы тәжірибеден өтіп жатқан белгілерін, әдет, қылықтарын баяндап көрсек… (жалғасы бар Шілде 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *