IV-Қиямет мезгілі және жер-ел-тіл дауы; дін дауының себептерін шешу жолдары

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 63

Қазіргі таңда жер сату керек пе, жоқ па деген биліктің ұстанған саясатына халықтың ақшаға, дүниеге қызықпай жер сатылуға, меншікке де берілуге қарсылық наразылығының туындатып жатқаны да сөзсіз. Бұл мәселенің ел биліктің дүние, мал табу мен дін ұстанымдары тұрғысындағы саясатымен, ел басымыздың қандайда бір жолдауы мен орындалмай жатқан шешімдеріне қарамай, дүниемен ғана бақытты, мәңгілік ел болатына сенім білдіріп және арсыздыққа негізделген заңдарына да бас шұлғып келісе беретін қазақ халқының ендігі кенеттен аяқ астынан дүрлігетіндей не себеп?

Мұның себебі; Адам атамызды топырақтан жаратқанда, діннің негізі де жер ана рұқы болып жаралған еді. Ислам дінің негізі Адам атамыздың жаратылыс себебінен басталып, қазақ халқының жер, жесір, жетім дауы мен тіл, ділімізді сақтауға; «Қызға қырық үйден тиым, ұлға отыз үйден тыйым» деген қағиданың әрбір қазақтың тегінде, жанында білім болып жазылғаны да хақиқат. Қазіргі таңда шетелдің азғындық салтына еліктеуден, ел билігіміздің дінсіздігінен, халықтың ата дәстүрінен бас тартуынан; жесір, жетім, тіл, діл дауларына мүлде бас ауыртпайтын, мәңгүттік жағдайға түскен елді заңмен, біліммен басқару да оңай болып, ойын-сауықтан, тойдан, дүние табудың әрекетінен, халықтың дінін, өзін тануға, рухани ізденіп, бұрылуға да мұршасы жоғы сөзсіз.

Бірақ қияметтік мезгілдің себебінен Құдайымыздың азабы, сынағы айдан-айға, күнен-күнге артып жатуымен бірге, дүние табу жолына да кедергі түсіп, экономикалық дағдарыспен бірге, еліміздің қазынасыныңда ортайуына соқтырып, ақырында жерімізге шет елдің ақшасын әкелумен, орнын толтырмақ болған ел биліктің шешімінен жер дауының кенеттен басталуына да себеп; Раббымыздың нұрымен, халықты рухани оянуына түрткі болғаны да хақ. Жалпы халық өзі кедей болса да, ауылда өмір сүрмесе де ,қалалықтардыңда жер сатуға, елімізге келетін қаржыға, өздерінің қамсыз өмір сүруіне деген саясатқа да ашық қарсылық білдіруінің өзі дін дауының қайта бой көтерумен байланысты екені де хақ.

Ал жерден, тілге, тілден діл ар ұятылық салтымен жалпы дәстүрге бейнеленудің діннің негізгі даму заңдылығы екені сөзсіз. Ел билеушілеріміздің қалайда жерді сатып ақша табу мақсатында халықтың арасынан дінсіз, табаны жерден ажыраған, атақ пен байлыққа ғана ақылдары байланған, біліммен ғана әрекет қылатын жетесіздерді қарсы қойып, бұл даудың ұзаққа созылып, негізінде үлкен жанжалдардың басталуына елдің бірлігі ыдырап, мұнан ешкім пайда таппасы да хақ.

Мұндай жағдайда қияметтік уақиғалардың да азабы артып, Астана қаласының өзінде тек қана ел билігі ғимарттарының маңында жауының арты селге, бұршаққа айналып, ал қалған аудандарда мұндай жағдайдың болмауы неге, деген сауалдың басшылардың жынынан тазармаған, шайтанмен жүктелген «бөріксіз» тақыр бастарына кірмейтіні де хақ. Сонымен бірге қандайда қаржының көзі табылып бұл мәселерді шешпек болғанымен, құдайдың түсіріп жатқаны сынағы тоқтамайды, егінің бүлінуі, малдардың қырылуы, түрлі тосын апаттармен шығындардың артуымен табиғаттың да мезгілдері өмір сүруге қолайсыз бола бермек.

Сол сияқты әлемдегі өз ара соғыстар мен бүліктердің әлемнің жаппай дағдарыстардың әсерінен де қашып құтылу мүмкін емес. Түркияда болған жағдайда діннің әлсіреуінен туындағы сөзсіз. Мұндай жағдайда жер анадан өндірілетін қазба байлықтыңда құнсыздануын туындатады. Енді қазақтың бұқара халқының бұл жағдайлардың негізгі себебі дінсіздіктен туындап жатқанын түсінбегенмен, жерге байланысты мәселеге келгенде жандары тыншымай, болашаққа деген қорқыншын туындатып, қарсылығын да артыра беруі хақ. Бұған үлкендерімізбен, зиялы қауым өкілдерінің арасынан жетесін жоғалтпағандардың біліммен пайымдауы бойынша, түрлі қарсылық күрестерді ұйымдастыруға құлшынысы да артып келеді.

Бірақ бұл тартыста алайда басымдылық заңмен, ортақ қазынаның билігін ұстаушы ел билеушілердің жағында болатыны да сөзсіз. Және ел басымыздың ата заңымызды қадағалаушы болғанымен, елдің ішкі саясатының тізгінен айрылып, оны басқаруда түрлі топтарға ұйымдасқан қалталылардың қолында болып, ел басшымыздың өзін қорғайтын жайдайдың қалыптасып қалғанын, әзірге ешкім байқар емес. Мысалға Тоқтар Төлешовты ел билікті күштеп тартып алуға әрекет жасады деп, көптеген басшыларды да жазаға тартып, билікте болу жолынан тосып жатқандары да ашық жалаға құрылып, мұны ұлттық қауіпсіздік саласының басшыларының ұйымдастырып жатқаныда белгілі. Дүние табу жолында қылмыстары бары анық, бірақ ел билітің күштеп халықты қарсы қойып алмақ болды деген ертегі, қазақ ұлтына да ашық жала жабу екені хақ.

Және мұның басында жер дауын туғызу арқылы әрекет ету мақсаты болды деген жаланың басты негіз болып тұрғаны да белгілі. Жер мен дініміздің егіз ұғым екені, сондықтан да бұл мәселені мен Раббымыздан сұрап; Саясаттың ойынын ұйымдастырушылар тарапынан ашық жала-деген жауап келді. Серік Ахметов мырзаның да жағдайын сұрағанда, «Ақшаға құнығып кетті және саяси ойыныңда әрекетімен болған жағдай» деген жауап келді. Демек Ахметов мырзадан да он есе құнықандардың өздері қазақ билігінің басына келмек болушылардың бұл әрекетінен өздері де пайда таппайды, халықта күйзеліске ұшырайды, елдің бірлігі бұзылады.

Олай болса, бұндай саясаттың да артында ел басшының өзін халық алдында абыройдан айырып, түбінде құлатуға деген негіз жатқаны да хақ. Бізге көптеген кісілерден хабарлар келіп, жер дауын шешу тұрғысында ақыл сұрап жатқандары да бар. Негізгі мақсаттары білімді, зиялы ғалым қауымдастықтарының басын қосып, жиналыс ашып, қаулылар қабылдап, ел басына жолдау арнаумен алдарына мақсат қояды. Арамызда халықты бейбіт шеруге шығаруға шақырып жүргендеріміз де бар. Бірақ бұл әрекеттерден түк те шықпайды. Осыған дейінде көптеген халық арасынан шыққан білімді, зиялылардан, ақсақалдардан, ғалымдардан ел басына қаншама жолдау хат жазылып, оның бірі де ескерілген жоқ. Бәрі бірдей ел басына жетпеуі оқымауы мүмкін де емес. Демек жиналыстар мен жолдаулардан түк пайда жоқ. Ел билеушілер мұндай ар-ұятқа, ақылға, дінге негізделген әрекеттерді шыбын шаққан құрлы да көрмейді де.

Және де ата жолдық біздердің де Құдайдың ашық ескерту хабарларын 3-жыл бойы жариялап келе жатқанымызбен, қазақ дәстүрінен аруақтардың батасымен 10-шақты кітап және мақалаларды сайттың бетінде жариялап жатқанымызбен, оны тыңдап ескеретін, құдайдың қаһарынан, азабынан қорқатын ел билігі түгіл, осы күнгі шырылдап жүрген зиялы, білімділер, ғалымдарымызда түсініп қабылдауға нануға құлықсыз. Демек бұл сынақтың негізі дінсіздікте, ата дәстүрін ұстанып ата-баба аманаттарын терістеумен байланысты екені де хақ.

Мұндай құдайдың белгілеріне мән бермей, жол-жобасын тастап қойған жағдай қазақтың тарихында талай рет қайталанып, аманаттардың жоғалып, еліміздің соғыстарға, зұлымдықтарға, аштықпен қырылуға, кешегі орыс империясымен арадағы болған жағдайда өзіміздің құдайсыздығымыздан, арамыздан шыққан дінсіз залымдардың, білімді сатқындардың да сөз ғылымын, жан білімін әлсірету әрекетімен де болғаны да хақ. Олай болса, ата-бабаларымыздың бұндай қияметтік жағдайдан шығу үшін; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген нақылдарына нанып, тылсымнан берілетін аяндарын, аманатын неге басты құралымызға алмасқа? Раббымыздың өзі мұны аянмен, уахимен ескертіп, аруақтарымыз көрсетіп, бата беріп, жол сілтеп жатқанында мойындау керек шығар?

Енді біздердің тарапымыздан қазақтың тектілеріне, үлкендеріміз бен ақсақалдарымызға, дінімізге, дәстүрімізге көзқарасы оңды, көргенді жастарымызға, қаражатты ауқатты байларымызға бұл мәселенің оңай шешу жолы барын да ескерткеніміз жөн, деп білеміз. Себебі ел биліктің өз райынан қайтпайтындары белгілі болып, түбінде көшеге шығуға мәжбүренген халықты босқа ашындырып, жастарымызды түрмеге қаматып, бір-бірімізді итше талатқанша, әрбір ауылдарда, мекендерде, обылыс көлемінде әулие-әмилерімізге, ақиреттік ата-бабаларымызға ас бергізіп, халыққа қол жайғызып, құдайдан бұл мәселенің оңдылықпен шешілуін, халықты рухани оянуын сұрау керек. Арнаулы түрде Арыстан баба, Пір Бекет аталар сияқты негізгі әулиелердің басында ел зиялылары, ақсақалдары жиналып құрбан шалып, дұға жасауымыз керек.

Әрине арамыздығы масһабшы, арапшыл діншілдеріміз мұның боса әурешілік, серік қосушылық деп, белгілі жындық топқа негізделген ақылдары қабылдамауы да мүмкін. Ал қазақ дәстүрінен, құдайдың ісінен (патшалығынан) аруақтық қолдауынан нанымы жоқтар, мұнан не пайда болады, қалай ел биліктің пиғылын өзгертіп, ел басымызға құдай шешім қабылдатады, деп ойлаулары да мүмкін. Расында осылай көрінгенмен, әрбір жер сатуға сатып алуға деген құштар қалталы, қалтасыздардың бәрінің аруағы күзетшісі, ескертушілері құдаймен басқарылып тұрған тағдырлары да бары хақ.

Қазір ел билеушілер осындай пенделерді дүниемен, атақ шендерімен қызықтырып, дініне, дәстүріне қарсы қойу арқылы «демократиялық» ұстаныммен көпшілік дауыс алып, жеңіске жетіп отыруы да сөзсіз. Бірақ халықтың тілегін қабыл қылған құдайымыз, мұндай дінін терістеген сатқындарды жазалауға да шебер, құдіретті де. Әрбір пенденің жанды жерінен ұстап, бірінің байлығын өртеп, бірінің от басына қайғысын артырса, өлімнен хабар келсе, ел билеушілердің жетегіне ермек түгіл, Құдайын, дінін тану жолына шығып, аруақшыл ұлтшыл болып шыға кетулері де ғажап емес.

Сонымен бірге егіннің жауын-шашының мол түсіумен бүліну қаупі бар және тамыз айында қара құрттың қаптап шығыумен жартысы жарамсыз болып қалады деген ескертуде келді Раббымыздан. Халықты құрбан шалдырып, әулие-әмбилер арқылы құдайға жалбарынумен егінімізді ортақ қазына несібемізді құтқаруға құдайдың рахымын сұрап алуға мүмкіндік болады. Ал бұл жағдаймен бірге ауа-райының қолайлығы, елдің де шаруасын түзеуге мүмкіндік болып, қазақ дәстүрінің әлемде ең жоғарғы дін құлшылығынын тұратынын дәлдеуге болады. Және мұндай құдайдың патшалығына есігі барына дәлел түскен елге әлемнің қалталылары өздері тегін қаражатын құйуға да жарысатыны хақ.

Бұл ескертуіміздің өз ойымыздан емес, талай жылдарғы нақты өмірлік тәжірибеден, Раббымыздың аруақтармыз арқылы беріп жатқан ақпараттарынан ғана екенін білсеңіз, онда қазақ зиялылары мен дін қандастарымызға мұнан басқа амалдың қандайы болсын тиімсіз екенін де білген жөн. Және кешегі күндері Алматы қаласында болған жағдайдың дінде ізденген, намаз оқушы жастармыздың да тазармаған кәпір жындармен жүктеліп жатқаны оны ешқандай заңмен, масһаб біліммен, қорғаныс, қару жарақты артырумен тоқтау мүмкін емес, екенін де білген жөн.

Алдағы уақытта мұндай күтпеген жағдайды сенген қолына қару бергендердің өзі жасайтын жағдайға да келеміз. Қара жындық қуаттармен, шайтандармен жүктелудің жаппай басталғанына да белгі түсті. Сондықтан оның құтқарылу, әлемге де үлгі болу жолын құдайдың өзі көрсетіп, сонымен жүріп қана, төл дәстүрімізбен ғана бірлікті, бейбіт елдің ірге тасын қалаймыз. Олай болса, ел биліктің дінсіздігіне, әлемнің тәжірибесі мен үлгісіне ғана негізделген әрекеттеріне ғана еріп, елімізді босқа арандатпайық ағайын демекпіз. Себебі құдайымыздың қанша ескерткенін тыңдамай, осындай жағдайға дейін ушықтырған ел билеушілерміз, мұнан әрі қарай мүлде зұлымдықтарға әлеуметтік, рухани дағдарыстарға ұшыратпайды дегенге кім кепіл бола алады? (Шілде айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *