III-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 116

     III-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Қазіргі әлемдегі рухани дағдарыстың індеті қазақ елін де тыс қалдырмағанын рұқы ояу, жетелі адам баласына айқын жағдай. Әбір жаратылыстың нәрселерін жұбы, парымен жараттым деген Раббымыздың бұлжымас заңдылығы бар. Ал жаратылыстың сырын түсінуі арқылы ғана адам баласы өзін таниды, өзін тану арқылы ғана ақылды, дана, ғылымды болып аталады. Сонымен ғылымды болу үшін ақылды сосын білімді болу керек. Ал ғылым-ілім болып, оның екі сипаты жұбы болып; Біріншісі; құпия сөздермен, нақыл, мәтелдермен, пайғамбарлар, елшілер, даналардың өсиеттерімен артында қалдырған сөздерімен  байланысты болады. Екіншіден; іргелі білімдердің аясында теориялық тұрғыда баяндалып, бірақ баяндалған нәрсенің болмысын нақты ешкім көрмеген  пайымдау, пәтуаларды айтамыз. Мысалы атомның, протонның, нейронның, фотонның нақты жағдайын көзбен көрген ешкім жоқ болса да, аян арқылы шындықпен бейнеленіп, оның сыры мәлім болды. Сол сияқты біз тоқ желісіндегі немесе басқа да түрлі қуаттардың өрісін көзбен, сезім мүшелерімізбен  біліп анықтай алмасақ та, оның барын, шамасын,  білімін дәлелдеп оны қажетімізге жаратып жұмысқа да айналдырамыз.

Осы екі ғылымының негізін біздер ілім мен білім деп атап алдық. Бірақ осы екі негіздің де арасын жалғастырып тұратын, бір  ақылдың жетелігі мен жоғарғы саналық дәрежесін меңгеруге арналған ғылымның пайғамбарлық қасиеттерімен, елшілікпен байланысты  барлық нәрсенің ортасын, дәрежесін сан ғылымы деп атайды. Мұндай сан ғылымының құранның жұбы болып, сабырлық қасиеттің жоғарғы дәрежесі көріпкелдікпен, болашақты болжаумен байланысты екенін, құранда Мұса пайғамбарымыздың Қызыр Ілияспен кездесу және Дәуіт пен Сүлеймен пайғамбарларға билікке, жер бетіндегі даулы мәселерге шешім шығаруға, сонымен бірге Алланың сөзі, рұқы болып, Ғиса пайғамбарымызға берілген даналық, көріпкелдік, емшілік істермен байланысты болады. Сонымен  әлемдік барлық қуаттардың көркем сөзбен жарықтық, иістік, сандық тұрғыдағы бейнеленуімен бір қуатқа Бір Аллалық тұтастыққа яғни  құран, Мұхаммед пайғамбарымыздың алған елшілік кітаптары арқылы ШЫНДЫҚҚА айналуды білдіреді.

Сондықтан бұл бір қуат-шындық бойынша әлем жеті күнде жарықпен жаратылып ақ түске негізделуді білдіреді. Адам атамызды да топырақтан, ақтың негізінен жаратылуы да осыған дәлел болады. Аятта;  «Осылайша, Құранды арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37) Олай болса Құранды арап тілінде шариғат дін ісі үкімдерінің үгіті ғана болып, ал оның жұбы болған кітабын құпия сырын насихат ғылымын меңгермей, біліммен немесе құр ой жорумен тәпсірлегенде адасушылықтың пайда болатынын растайды.  Және ғылымның келуі; «сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.»  Алланың достарымен  «Біз»-жұлдыздармен, парасаттылық киелерімен жалғанып, алды артынан қорғаушы, күзетші  иман жолдастарын алуымен байланысты болады. Аятта; «Рас Дәуіт пен Сүлейменге ғылым бердік те олар: «Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық» деді. (15) Сүлеймен Дәуітке мұрагер болды да: «Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас бұл, әлбетте ашық бір артықшылық»(27-16) Ғылым берілу үшін де мүміндіктен де жоғары дәрежеге, сопылықтың биігіне көтерілуімен байланысты әлемдік қуаттардың жүйесіне жалғанумен де болатынын  растайды.  Ал мұндай әлемдік қозғалыс жүйемен байланысты  құс тілі болып, көктегі құстар (құс жолы) жұлдыздармен, біздермен байланыста тұратын, жанға құпия білім кітап, уақи, бата алумен байланысты хикмет болмақ.

«Мұса ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз» (28-14)  Мұндай хикметті меңгеруге адам баласының білімділігі де болып және  төрт ақылдық қуаттарының бір естілікке қалыптасуымен, өмірдегі міндетті борыштарын, мұсылмандық қарыздарын өтеуімен, ердің жасына кемелдікке жетумен байланысты да болады. Ал мұндай ғылымды меңгеруді, біздердің жазу сызу арқылы меңгеретін іргелі білімнен де жоғары, оны Құдайдың өзінен алатынын аятта; «Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар; күдіктенер еді. (48) Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді.» (29-49) Бұл құранның жанға берілетін құпия сырлы кітабы болып, оны тақуалықтың жоғарғы дәрежесін меңгергендерге  иман қуаты болып, адам баласының жүрегіндегі 200 орындар (екі жүз кісімен) нейрондармен байланысты жалғанумен, оның  өзіндегі аяттардың сандық белгісі жаны арқылы, тылсымнан уақиғаларының бейнелерін көрумен байланысты.

Енді қазіргі заманда бұрынғы жер бетіне түсірілген құпия ілімдердің, даналарға берілген хикметтердің де  білімге айналуымен, енді ғылым екі түрлі сипатқа ие болғаны хақ. Бірі ілімділік біліміне айналған құпия сырлардың, аяттардың теориялық тұрғыда ішкі сырларының білімі ашылып, халыққа пайдаланатын өндірістік құралға, қаруға  айналумен байланысты болады. Екінші жаратылыстың әлі беймәлім сырларын, табиғаттың құбылыстарының сырын және заманға қарай  түрленуі күш артатын қуаттардың адамзаттың жанына, рұқына, жалпы қоршаған ортаның қозғалысына да әсерін, оның тәрбиесін меңгеретін Раббымыздан кітабын алып хикметтерін көрсете алатын, кемелдік дәрежеге жететін адам баласын дайындаумен, құранның жаңадан аяттары ашылып, насихатын меңгере алатын саналы адамдардың тобының пайда болуымен, ғылымдылармен байланысты болмақ. Сондықтан осындай ғылымды адам балаларының ғана әрекетімен Құдай жер бетіндегі болып жатқан барлық уақиғалардың, қайғы-қасіреттердің себебін түсіндіріп, онан шығудың жолын да көрсетеді.

Сонымен, құрандағы Алла тағаланың берген уәдесі бойынша қияметтік жағдайдың, мезгілдің келіп, араптардың күтпегеніндей тура жолды жалғастыратын, өліктермен қарым-қатынынас жасай білетін, хабар ала алатын басқа бір елдерден шығатынын да  (6-11; 42-51; 4-104) аяттарымен ескерткен екен. Бұл үкімнің қазақ халқының бағы болып, Арыстан бабамыздың пайғамбар аманатын құрмамен әкеліп, Ясауи бабамыздың  ілімдік тұрғыда тура жолдың орта топтан жоғарғы дәрежесін тарихат, мағрипатын және ақиқатқа жетудің үлгісін қалап қазығын қаққан да еді. Бірақ  ол замандарда  көркем сөз  ғылымының жоғарғы жетістігін қалыптастырғанмен, енді ғылымның екінші дәрежесі білімін меңгерудің сыры европа елдеріне бұйырғаны да хақ. Бұл арадағы қазақ ұлтындағы жетіспеушілік яғни қандық төртінші топтағы тектілікті меңгеру үшін; Құдайдың сынағымен қаншама жыл кеңестік заманда өмір сүріп, қазақтың әрбір баласына білімді меңгеруді кедергісіз ортақ салтымызға айналдыра да алдық. «Сендер жек көрген нәрселердің ішінде жақсылық бар, жақсы көрген нәрселеріңнің ішінде жамандық бар» деген Раббымыз.

Сондықтан енді қиямет сағаты соғып; Алла тағаланың құран арқылы адамзатқа берген уәдесінің құдай патшалығында өмір сүре алатын, ғылымның жоғарғы дәрежесін меңгере алатын ұлт болып таңдау түскен, бақ қонған ел екенімізді білеміз бе? Әрине жоқ.  Неге десеңіз, бұл ғылымның сырын меңгерудің кілтін, ұлттық тұрғыдағы даналықты, сөз ғылымын меңгеру шарт. Олай болса, бір ақылдың танымдық тұрғыдағы сипаты; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген жетелікті меңгеру және даналық тұрғысындағы ақылдың; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді»,- деген жан ғылымымен 6,7-ші күндік өрісті қалыптастырумен байланысты болмақ. Сол сияқты жоғарғы ақыл данышпандықты меңгеру үшін Раббымыздың нұрына кіріп, Ар сауытын толық меңгеруміз де керек болады. Мұндай тақуалық, кемелдікті меңгеру үшін шариғатты меңгеріп қана қою жетімсіз  және пайғамбарымыздың шапағатымен, оның соңына ерген Алла достарымен, ғылым берілгендермен толық жалғануымыз да керек. Ал енді мұндай Раббымыздан ашық беріліп жатқан белгілерді халыққа ақыл беруші ел билеуші, зиялы қауым өкілдері, дін ғалымдары ақылмен қабылдай алмай және құранды неге оқып түсіне алмай жүр?- деп сұраңыз. …(жалғасы бар Сәуір 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *