Жалпы адамзаттың екі мақсұты бар. Бірі — тән мақсұты, екіншісі — жан мақсұты. Тән мақсұты мен жан мақсұтының да қызметшісі ақыл болып және ақылдың да пайда зияндылығын анықтайтын таразысы болу керек. Оны адамдық борыш деп атап хайуандықтан жалпы адамзаттың болмысын өзгерпей ұстап тұруға арналған қалып яғни «стандарт»-шамасы, адамдық болмыста тіршілік етуін қамтамасыз ететін мәдени, рухани әлемі болып табылады. Осы шаманың да тілге, сөзге, үнге яғни ұлттық ерекшелікке байланысты шектері, ұстанымдары, ерекшелігі де болу шарт. Қазақ халқының ұлттық шамасы рухани өркениет мүмкіндігін, мәдениеттік рухани әлемін; әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атаған.
Сонымен бұл шамамыз біздің екі мақсұтымыздың да арды сақтап, қалыпты түрде заманға қарай бейімделуге жәрдем беруі тиіс. Егер біз шамамызды ұмытып, тән мақсұтымыздың жағдайын көбірек қамдасақ онда-өзімшілдік, мақтан, атақ, дәреже, дүние байлықтарымен тек пайдалану тұтынуға негізделген қоғамды құруға барлық адамдық болмысымызды, құндылықтарымызды жұмсай бастаймыз. Ал жан мақсұтының талабына ден қойсақ, онда ар мен адал еңбек және ақыл өндіруге қызмет ете бастаймыз. Дін талабындағы Аллаға құлшылық деген осы жан мақсұтының талабын орындаумен ғана байланысты болмақ.
Адамзаттың жаратылыстағы жанды әлемнен, хайуандардан ерекшелеп бөліп шегін айқындайтын белгісі ол ақыл болып табылмақ. Ақылдың да пайдалы зиянын ажыратуға жаратушымыз АР-ды сыйға берген. Біздер Арды өндіре алмаймыз, ол бастан «Б+АР» жанның үйі, құдайлық негіз болып және оны біз таза ұстап көбейтуге бұйырылғанбыз. Және ар қуаты тағдырмен жанмен бірге беріліп оны жоғалтып та алуға болады. Сонымен біздерге дейінгі өмір сүрген балаларымыз, даналарымыз, пайғамбарларымыздың да бар қалдырған аманаты ар сақтау және оны денелік бейнеде өсірудің жолдарын өсиет етіп адамзат өзінің мақсұт, талабын қамтамасыз ету жолында адасып хайуанға айналмас үшін дінді түсірген. Дін адамзаттың, әрбір жер тұрғынының амандығы, яғни үш байлығы болып саналады. Егер үш байлығы болса, онда алғашқы байлық-денсаулық, бұл тән саулық емес керісінше жан саулықтың, ақыл-естің дұрыстығын белгілейтін шама болып; «дені саудың жаны сау» деп атаймыз.
Сонымен адамзатқа берген нығметтерді біздің өзіміз ақылмен ойлап таптық немесе өзінен-өзі пайда болды деп адаспас үшін біздерге түсінікті яғни иманды берген. Иман — адамзатқа берілген махаббат қуатының бір көрінісі. Біздер ата-анамыздан туылғанда хайуаннан да әлсіз, шамасыз, шарасыз, әлсіз болып туылғанмен біздің тағдырымызда иман жазылып қойылғаннан кейін осы тағдырлық иманның шамасына қарай біздің білімді, сенімді меңгеруге деген мінез- қылық ерекшелігіміз, қоршаған ортаны түсіну қабілетіміз де өзімізбен бірге туылады. Оны ата-ананың жаратуы мына баланы мен ғалым немесе би, ақын болсын деп туа алмайды. Бірақ біздің түр-түстік, қуаттық, көптеген мінез-қылықтық қабілеттеріміздің ата-анаға ұқсастығы ол жындық, шайтандық қуаттардың яғни тектік ағаштарымыздың, «гормондардың» әсерінен деп ұғынған да жөн. Сонымен енді жер бетіндегі заманаға қарай туылған әрбір адам баласының сол заманға қарай бейім болып келуі де тағдырға жазылған иманнан және діни сауатынан болмақ. Діни сауат дегеніміз адамзаттың ақыл-есті меңгеруге байланысты жанмен бірге келген иманды яғни жандағы құпия білімнің шамасын айтамыз. Жанның ерекшелігі, қуаттылығы да ана сүтімен байланысты діл білімі деп аталып, әке рухымен, ұрығымен байланысты жындық қуатымыздың шамасы қалыптасады.
Сонымен адамзат үш түрлі шынды яғни ақылды меңгеріп жер бетіндегі барлық істерді атқарушы өндірісті, шаруашылықты және өркениетті қалыптастырумен бірге бүкіл жаратылыс әлеміне жауапты болып; жоғалып кетуіне, қозғалу, түрлену, сақталу, өсіп-өну тәртібі бұзылмауына да жауапты болып табыламыз. Енді біз осы шынды, ақылды меңгеру арқылы жан талабын да тән мақсұтын да өз шамасында артық-кемсіз қамтамасыз ету үшін дін талабын орындауымыз керек. Бірақ әр нәрсенің жұбы болғаны сияқты діннің де пайдалы қарама-қарсы пайдасыз және тура жол деп аталатын адам өркениетін алға жылжытатын діннің де тазасы болатыны хақ. Сонымен дін тазасын табу үшін бізге дейінгі бар болған дайын ақылдың көмегімен қарсылық діндерді меңгеру, жүктелу арқылы тазарту амалдарын, намаздарын орындап, сонан кейін ғана дін тазасын иманды жетілдіру арқылы таба аламыз.
Осы жерде иман деген түсінік ұғымымен сипатталып, біздер жаратылыс сырын оның қалай жаратылғанын, біздің жанымыз, тәніміздің ерекшелігі өзіміздің жалпы не үшін, не мақсатта жаралғанымызды анықтау арқылы ғана жаратылыстың әлемнің құрылымын түсіне аламыз. Себебі әрбір адам баласы әлемнің, яғни жалпы әлем ішіндегі 18 мың ғаламның көшірмесі, кіші әлемнің өзі болып табыламыз. Енді адам баласы ақылды жарата алмағанмен «абсолют» яғни дінсіз таза ақылдан өз үлесін алу арқылы ақылды байытуға, көбейтуге қабілетті және осы арқылы ғана өз өркениетін, бақытты өмірін қалыптастыра алады. Сонымен біз жер тұрғысында ақылды көбейтуші, яғни өндіруші бола аламыз. Ол үшін қандай жағдай болу керек?
Әрине бұл қасиеттің философиялық данышпандықты, яғни пайғамбарлық қасиетті меңгерумен шамасы айқындалмақ. Философия ойшылдықты яғни таза ақылды оймен тауып, оны сөзбен бейнелеп, оймен тіл қуатын үнді қосушы сонымен ақыл қуатын байытушы шығармашылық өкілі болып саналады. Дайын ақылды тұтыну үшін логикалық қабілет керек болса, ақылды байыту, ойды меңгеру үшін философиялық қабілет қажет болмақ. Бұл дарындылық қасиеттердің де таразысы болып, оны Ар қуаты деп атаймыз.
Сонымен Шәкәрім атамыздың философиялық пайымдауында адамзаттың өркендеуі адамдықтан шықпауы, махаббатын сақтауы үшін, әрбір адам баласына ар білімін меңгеру керек деген. Ал ар білімін меңгеру үшін сан мен сапаны меңгеру керек болады. Сан жаратылысы басы қозғалыс болып ақыл мен рухтың бейнесі болмақ. Ал сапа болса философиялық даналық пен ұлттың сөз ұғымдарын меңгеруі ой бірлігінен, біліктіліктен рухани бірлікте, тұтастықта болу адамгершілік шамасынан туындайды.
Сонымен біздерге жақсы тұрмыс құру үшін байлықтың сан алуан түрін, даңқты, билікті, денсаулықты, сұлулықты және осындай көңілге қуат беретін сансыз қызықтарға, жаратылыс нығметтеріне ғашық болып оларды шамамызға қарай ақылмен өлшеп алуға бұйырған. Бірақ бұлар тұтыну бұйымдары болып адамзаттың тұрақты игілігіне жатпайды. Тұрақты игілікке айналдыру үшін ғылыммен, біліммен, таным-түсінікпен, иманмен және философиялық пайымдаумен ғана шамамызға қарай алатын болсақ, онда игілікке, ізгіліке айналып, рухани қажетімізге жұмсалмақ.
Енді бұл игілікті пайдалану жолында міндетті түрде сын, сыналу, сынақтан өте білу керек. Ол үшін де жаратылыс себебін, себепшілерін тануды меңгеру керек. Және өзіңді-өзің сынау арқылы ойдың, ойланудың қабілетін жетілдіріп айналадағы, қоғамдағы кемшілік қателіктерді көруге болады және бұл кемшіліктердің де екі түрлі шамасы болмақ. Бірі шын (үш түрлі) яғни бейнеленген уақиға түрінде, уақытпен өлшенсе енді уақытқа бағынбайтын, керісінше уақытты да, барлық қозғалысты да туындатуға қабілетті шындық деп аталады. Шындықтың бейнесі заман болып көрінісін береді. Негізгі шындық ақиқатқа жету жолындағы таза ақылдан, жасырын тұрған көместегі құраннан құдайдың әр түрлі бейнеде, шамаларда құдіреті мен сұлулығын, күшін көрсету арқылы болатын дінде хикмет деп аталатын құбылысты атайды. Бұл құдайдың патшалығы болып, ол уақытқа да біздердің меңгерген, білген, анықтаған ғылым, білімімізге де, тіптен дін біліміне де бағынбайды. Ол тарихтан біз меңгерген шыннан да тыс болуы мүмкін. Немесе ұмтылған шынды шындық түрінде қайталуы да әбден мүмкін.
Бірақ бұл шындықты меңгеру, яғни түсініп иман қуатына айналдыру үшін де философиялық қабілет керек. Ал философиялық ой тазалығын меңгеру қасиетке жету үшін діни сауаттылық керек. Діни сауаттылық бүгінгі біздің кітап жүзінде оқып білген масһабтық, немесе христиан, тәураттық сияқты жансыз сенімге негізделген білім емес, бұл жанмен берілген құпия білім яғни армен, иманмен өлшенетін шаманы айтамыз. Діни сауаттылықты қарапайым ғана түсінікпен пайғамбарымыз; «Егер үмметерім екі ерні мен екі аяғының арасындағы мүшесіне еге болатын болса, онда мен де жаннатты оларға уәде етемін» деген астарлы өсиет қалдырған. Адамның арын бұзатын осы тіл білімі мен жыныстық, ұрпақ өндіру, ұлтты сақтау тәрбиесінен діни сауаттылық пайда болатынын ескерткен. Ал құр діни біліммен философиялық данышпандықты яғни тіл білімін жетілдіру мүмкін емес, бірақ жыныстық нәпсілік тазалықты сақтауға, сенімді бұзбауға жеткілікті. Ал егер тіл білімін меңгермей жыныс нәпсісін таза ұстағанмен, тақуа болып саналғанмен жетілген арлылық бола алмайды. Және сыншылдықты меңгеру үшін де осы екі мүшенің тазалығын біртұтас жағдайда сақтай да білу шарт. Өзіңе-өзің сын көзбен қарау да тіл білімі мен жыныстық білімді меңгеруден пайда болады. Әрбір оқырманға өзіне сын көзімен қарауды, Абай даналығын меңгеруді насихат етумен ғана шектеліп, айналамыздағы қоғамдағы шын мен шындықтың айырмасын ажыратып көрейік.
Ол үшін де қазақ қоғамының жағдайын сын көзбен бірге шолып, өткен тарихымызды шынымызға жасап көрейік. Себебі халқымыздың өркениетті рухани даму жолын таңдауда мемлекет — әке, қадағалаушы, бақылаушы, әділ үкімдер шығарып рухани бағыт сілтеуші болса, ал дін шеше міндетін атқарып халыққа орындатушы болу керек. Және осы екі араны жалғап тұрушы ортақ саясат философиялық түсінігіміз, ақыл-ойымыздың пайда зиянын айырып беруші дініміз бен мемлекет арасының тұтастығын сақтаушы үшінші бір күштің болуы да шарт. Сондай жағдайды яғни ара ағайындықты қалыптастыратын үшінші күштің өкілдерін; зиялы қауымды, ойшылдарымызды, шабыт иелерін қалыптастыра алды ма?
Кеңес үкіметі құлағаннан кейін біздерге мемлекеттің өз даму жолын таңдауға ерікті болдық. Сонымен ел басшымыз Нұрсұлтан мырза бұл тұрғыда Маркстік ілімнен; тауар, ақша және тауар өндіру арқылы білімді қоғамды қалыптастыру жолын таңдағаны сөзсіз. Бұл тұрғыда ең білімді философ бола алады да. Себебі ақыл, білім адамға рухани тұрғыда болашаққа, өмір сүрген ортасына, ел билігіне сенімділікті қалыптастырса, әлеуметтік-экономикалық қуаттылық, еркіндікті, ерікті қоғамды қалыптастырады. Бірақ бұл жолдың әлемде өз даму жолы болып, онан жүздеген жылдар бойы түрлі сынақтардан өту арқылы пайда болған шынды-ақылды көшіріп алатын болсақ, біздер де соншама жыл осындай уақиғаларды олар сияқты бастан өткізу керек болды.
Сондықтан мұндай жағдайда экономикалық революция керек болып, ол тұрғыда кенеттен Астанны салу жоспарының пайда болуы да осы ел басшымыздың шындықтан хабар алып, құдайлық білімге сүйенгенінен, философиялық даналықтан десек қате емес. Қандай да бір ақыл –ойдың, әлемдік қозғалыстың да демеушісі жоғары таза ақыл болып және соған байланысты қарсыласы болып, бұл тұрғыда да қазақ ағайындарымыз зиялы қауым өкілдері кемістік қыла да қойған жоқ. Сонымен қандай қарсылықтарға да қарамастан қазақ елінде аз ғана уақыт ішінде экономикалық революция жүріп, өзге әлеуметтік жағдайы дамыған елдердей білімді, заңмен басқарылатын қоғамға айналып үлгірдік.
Бірақ бұл тұрғыда біздің философтарымыз, саясатшы қауым өкілдері сыншылдық, сынау, баға беру тұрғысында тек шынға сүйенумен моральдық ар білімінің тұрғысындағы өміріміздің көлеңке жағы ұмыт қалып және ел билеушілерінің де мұндай құдайлық парыздардан сұраныс болмауынан бейтараптық жағдайға түсіп, адамгершіліктің таяздығы, қатігездік, арам пиғылдылық, тұрпайылық, құдайға деген шүкірлік пен сүйіспеншіліктен алшақтауға, сонан барып біреудің қайғысына бей-жай қарайтын, қандай ізгілікті де есеппен өз мақсатын қанағаттандыруға ғана бағыттайтын жақсы болудың мәні де дүние байлығымен өлшенетін, адамдық қалтамен бағаланатын қоғам қалыптасып үлгірді. Мұндай жағдайда түрлі ұлтшыл, шыншыл, ағайыншыл, рушыл сияқты қарсылық саяси топтардың көбеюіне әкеліп соқтырып, сонымен бірге түрлі тек бүгіні шынға, өзге елдер тәжірибесіне жүгінген болжампаздық пәтуалардан халықтың ойының бөлшектеніп, түсінігінің тарылып ішкі бірліктің жоғалуына әкеліп соқтырды.
Кемшіліксіз ешқандай қоғам дамып немесе өзінен-өзі қалыптасуы да мүмкін емес. Бұл тағдырға жазылған қарсылық заңы сынағынан халқымыздың да, мемлекетіміздің де өтуге міндетті кедергілері еді. Бірақ бұл тұрғыда дін елдің анасындай көмекке келіп шындықтан хабар беріп, мұндай жағдайды асқындырмай табиғи апаттарға, адам өлімдеріне т.б. рухани сындардан көп шығын жұмсатпай өтетін жолын, діни философиялық пайымдауын ұсыну керек еді және іспен дәлелдеуге дарынды философтар, саясатшылар ел билеушілерін тәрбиелеуге жәрдем беруге тиісті еді. Бұл тұрғыда ақсақалдар кеңесі болып үшінші билік негізін құру керек еді. Бірақ мұның бірі де болған жоқ. Сондықтан бұл тұрғыда ел басшымыздың түрлі айламен саясаттарды пайдалануға және оған қарсы көптеген саяси топтардың да қарсылығы мен кейбір шешімдерге қара халықтың да ашу-ызасын туындатуға мәжбүрлегені сөзсіз. Ақсақал кеңесін құрмақ болып қанша жиғанмен олардан өз бастарына дүние сұрау, балаларына жұмыс сұраудан аса алмағаны да халыққа белгілі болғаны сөзсіз. Ал дінде озық болып үлгі көрсетпек болған құрбыларын, ақсақалын Исматулла Мақсымды және Саят Ыбырай сияқты көмекшілерін де негізсіз соттап, оған жазасын жеңілдетуге сұраған зиялылар өтініші де аяқсыз қалғанынан-ақ қазақ дәстүрінің, «Алдыңа келсе атаңның құнын кешір» деген бабалар аманатының аяқ асты болуынан енді үлкендердің, зиялылардың өзінің арасында надандықтың қызметшісінен аса алмай, сырттан келген тажалдардың пәтуасы үстемдік құрып, үлкендердің, ел билігінің өзара татулығы болмаған жағдайда қандай ел бірлігі болуы мүмкін? Бұқара халық та қой сияқты шопандар қалай айдаса сол жердің несібін теріп жүре бермек. Енді шопандармыздың түрі осындай болса, қойдың күйі қандай болмақ? Абай атамыздың «Ала қойлар» деген өлеңімен әңгіме мысалда; Арыстанның түлкінің ақылын алып, көзіне оғаш көрінген ала қойларды қасқырға бақтырып қорыққаннан өздері-ақ жайыла алмай жүдеп өлетіні сияқты жағдай қазақ елінде нақты көрінісін тапты. Себебі ел басшымыз қалайда бұл сынақтан өту жолдарын қарастырып уәзірлерін бірінен соң бірін ауыстырумен және олардың берген болжамдарымен келісуден, өз бетінше шындықтан хабар ала алмаудан да пайда болғаны да хақ. Осы тұрғыда дін мүфтиятымен қатар дін ісі мекемесін ашудағы мақсат та осы үшінші күшті қалыптастыруға деген ізденістен пайда болды. Керісінше бұл мекеме басына келген маманымыз шындықтың жолын жауып, «мемлекет енді діннен мүлде бөлек» деген пәтуаның, тажалдық білімнің үстем болуына ғана жол ашты. Оны осы мекеме пайда болғаннан кейінгі еліміздегі болған қанды соғыстар мен діншілердің қудалануы және көптеген шығынға соқтырған түрлі апаттардың, адам өлімінің соғыс жүріп жатқан елдерден де артық болғаны да дәлел бола алады.
Бұндай жағдайға басты себепші де; Тіл білімін меңгере алмаудан, философиялық түсінікті өсірмей, онан болжапаздық та, дінді меңгеру де, екі аяқтың арасын күту де, ар-ұяттылық мәдениетіміздің азғындыққа дейін құлдырып, яғни толық ар білімі де жоғалып шайтан қолының үстемдігі артып, арты рухани түрде ел билеушілерінің, зиялы қауым өкілдерінің саналарының жабылуынан жаппай надандыққа, жемқорлыққа, шексіз баюға, құдайды мүлде ұмытуға соқтыратын жағдайы бұрынғы даналардың насихаты қазақ елінде артығымен орындалғанына, ақылдың мүлде азғындағанына алысқа бармай-ақ, күнде теле арналардан беріліп жатқан хабарлар мен жын-шайтандық ойын-сауықтардан, тойшыл, күлкішіл, ұйқышыл, демалысшыл үлкендер мен жастардың шектен асып, ойына келгенін амалға, сауықтық қойылымдарға айналдырып және ақпарат басына да келіп, өздерін үлкендерден үстем ақылды санауынан-ақ белгілі жағдай.
Және ерікті, білімді, өзін-өзін басқара алатын, заңға бағынып іс-әрекет қылатын қоғам құру барысында өтуге болмайтын ала жіптерді де алып тастап, ата дәстүрін мүлде ұмытып өткен шыннан үлгі бермей, тек бүгінмен және біліммен есеп жүзінде ғана ертеңімізді болжайтын саяси топтардың пайда болуына жағдай жасалды. Сонымен бірге рухани, еркіндікті, жыныстық, кәсіптік еріктілікпен алмастырған әйел мен еркектің шамасын айыра алмайтын бір жыныстылыққа қарай бағыт алған қоғам өкілдерінің де пайда болуына жол ашып қойдық.
Жалпы әлем жаратылысы — тұтастық, арада бос кеңістік жоқ тек қарама-қарсылық нәрслерінен ғана тұратынын, ал сәл ғана бір орын босаса оны қарама қарсылық жағы жаулап алуға дайын тұратынын да білген жөн. Дін білімдегі жаннат, ұжмақ ұғымы деген әрбір адам баласының кеңістіктіктен теріс ойдан өз орнын жаулап алумен, жан үйін салумен ғана мүмкін болатынын да білген жөн. Сондықтан ақылдыңда өз шамысы болып ақылды толықтырып орнын кеңітіп, өсіріп, көбейтіп отырмаса, ақыл кеңістігінде бостық пайда болса орнына теріс ақылдың дамып орын алумен, халық хайуандық қылыққа тірлікке қарай ауыса бастайтыны да сөзсіз. Білімнің бір жағы болған ілімнің де шындық арқылы дамуын және сол арқылы жанды білім шындықпен бос кеңістіктерді толтырып отырмаса онда құдайдың өзі бұл кеңістіктерді толтыру үшін түрлі қозғалыстағы табиғи апатардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Қазақ елінде де сондай ақыл несібемізді жеп тауысып, оның орнына өндірген қосқан ақылымыз бомағандықтан, керісіше теріс ақыл мен жансыз білімнің өркендеуін қалыптастыруда арсыздық барлық амалына ерік беріп қойып жағдай жасап қоғанымыз да сөзсіз. Және бұған байланысты құдайдан қанша ескерту белгі келгенімен, әлі кезге дейін ойланып артымызға қарауға өзімізді сынауға мүмкіндігіміз шамамыз келмей жатқаны да даусыз. Ал ақсақалдық жасқа келген шығармашылық өкілдерінің мардымсыз тапқан өндірген ақылымызды сақтайтын ар сауытымыз болмағандықтан халықтың рухани діни сауаты да, егіні пісіп өнім бере алмай жатқан жайы да бар.
Себебі философиялық даналығымыз берідегі ғана Абай-Шәкәрім еңбектеріндегі мүлде ескерусіз қалған ар білімі түгіл, дін білімінен де енбей қалып, орнына бос кеңістікті өзге елдің тозған ақылымен яғни құдайсыздыққа негізделген тажалдық біліммен толтырып қойдық. Сонымен бірге бүгінгі шыннан бас тартып, орнын бостыққа айналдыруға кейін тарихызымызға қайта оралып, біз тек ескі шынға ғана жүгінсек халық ұлттығымызды сақтаймыз деген саяси топ пайда болып, таңбаны өзгерту, өзге елдің таңбасына теліну арқылы орыстан бөлектену ол үшін «Ов, ова Ев» тарды жою деген сияқты надандықпен рухани бостықты қалптастыруға, тарихи оқиға желісін шынды үзіп, нәсілдік сападағы бірлікті бұзып, құдайға қарсы болушы жалған ұлтшылдар да өз үлесін тажалдық білімге қосып жатқаны да хақ. Мемлекет мейлі қандай ұлттардан тілдерде сөйлесін, егер бір жерден су ішіп, азық алғанан кейін нәсілдік қуат тұрғысында рухани жағынан біртұтас болып саналады. Сондықтан қандайда бір жүз жыл жерімізде өмір сүрген ата-бабасының зияраты қалған ұлттан бөлктенудің арты қайғыға ұрпақтарымзыдың рухани мешеулігіне соқтыратынын да білген жөн. Себебі қандай жағдайда, қай іспен айналысуына дін ұстанмына қармай рухани жүктердің яғни жын-шайтандық қылықтардың бүкіл сол ел тұрғындарына отақ болатынын да ұмытпаған жөн. Мұндай жағдайда ол ұлтардың жақсы жағын, білімн, өнерін алмен ғана өздернен алған нәсілдік жүгін тазартуға мүмкін болып ұлтымыздың тазалығын, өркендеуін сақтай аламыз.
Бұл тұрғыда қазақ зиялы қауымының тек кешегі шынан сабақ алып, бүгінгі шынға жүгініп болашаққа бағдар берген пәтулары мен саяси тұрғыдағы болжампаздығы, шығармашылығы халқымыздың рухани өнім бермеуіне ғана себеп болып жатқанында болжау мүмкін емес, себебі шындық туралы ар білімін, ата жолымызды, дәстүрімізді өзіміз дүниемен бағалап, қалтамызға салмақ түсіретін болғасын, қудалап соттап, үкім шығарып енді ол заң құраннан да күшті бұзуға жойуға болмайды, тек ел басын алып тастап, болмаса төңкеріс жасап қана өзгерту деген надандық, тажалдық логикалық түсінік қалыптасқан.
Сонымен әлемдік дағдарысқа басты себепші адамзаттың тұстастыққа деген ұстанымының, наным –сенімнің азып, құдайға деген сүйспеншіліктің жоғалуы т,б көптеген рухани дағдарысты туындатқан қылықтардың және ел басқару жүйесіндегі бір-бірінен көшіріп алып, жалпыға бірдей болған ел ба сқару тәжірибесінің ескірумен мұны жетілдіретін, және ел басқаруға жетілген адамды қалыптастырудың, философиялық ойшылдық болжампазыдықтың жоғалуынан пайда болды десек қате емес. Бұл әлемдік рухани дағдарыстан қазақ еліде айналып өте алмайды, бірақ жеңіл түрде аз шығынмен өте алу мүмкіндігі бар. Себебі қандай да бір заман оқиғалары бұрынғы тарихта болған дәуірлік істердің жиынтығы болып қайталануына пайда болады. Мұндай жағдайға қазақ елі бірінші рет ұшырап отырған жоқ, бұрында болған және жолын тауып алтын ғасырда өмірде сүре білгені де хақ. Әлем елдерінің басшыларының қазақ еліне қызғушылығы артып және ел басшымыздың да іскерлігі беделі, болашақты болжауға деген талпынысын да қоштап, енді қазақ елі қандай жолды таңдайды деп бақылап отырғаны да сөзсіз. Және ел басқару ісінде көптеген мамандар да қалыптасып, шаруашылық істерін жүргізудің де біргей жүйесі ортасы да, тәжірибесі де қалыптасып қалды. Бірақ билік жүйесне де дін жүесіне де эволюциялық өзгеріс енгізбей шаян жерге, балық суға, аққу көкке арбаны тартқандай енді қазақ рухани көшін орнынан жылжыту мүмкін емес. Бірақ бірден билікті өзгертуден онана да зор қиындыққа түсу қаупі бар. Ондай жағдайда саяси қарсы күштердің де көбейуімен, түбегейлі бұл жағдайды өзгертекенімен осы аралықтағы бүкіл зиялы қауымен билік өкілдері де тарихта тек жаман атымен ғана қалу қаупі бар. Сондықтан өгіз өлмейтін, арба сынбайтын жүйелі түрде билікке реформа жасау керек. Және саясы партиялардың да пікірлерін неге бір жүйеге келтірмеске? Шындыққа жүгіне отыра, тылсым үніне құлақ түріп «абсолют» ақылдан өз үлесін, кітабын ала білетін ғалымдар мен билік өкілдерін, әкімдерді де дайындаумен, әлемге де үлгі болатын жаңадан биліктік жүйені қалыптастырып, және мұндай жағдайда пайда болатын өзге елдердей халықтың қарсылығымен шаруашылықты күйзеліске ұшыртпай-ақ, бір-бірімізбен өштеспей-ақ, бабалар жолын заманға сай басқару жүйесін неге қалыптастырмасқа? Ол үшін қандай құрлымдарға өзгеріс енгізу керек?… (жалғасы бар)