IV- Шындық пен шын және ел билігіндегі философияның маңызы

Бөлім: Шындық пен шын және болжам философиясы 69

       Қандай да бір елдің өзіндік тарихымен бірге мәдениеті, яғни ақпараттық отаны болу шарт. Отан ұғымының көкпен және сол өмір сүрген мемлекет шегінің, ел шекарасының аясындағы барлық жаратылыс табиғат әлемінен ішкен азықпен рухани азықтың тікелей байланысты екенін де ұмытпаған жөн. «ОТ» мағынасы 14-санды Ыбырайым жолы және 41-санды ғайып ерен қырық шілтендік аруақтық ақирет өлілермен байланысты болса, «Тан»- ҰҒЫМЫН Шәкәрім атамыз; «Ғисадай соққан таңның желі» деген көктен келетін жұлдыздан түсетін рухани ақпаратпен, інжілмен тікелей қатысты деп түсіндірген. Сонымен ОТАН біздің өмір сүріп отырған еліміздің жер және көкпен жаратылыс көмес, ғайып нәрселерімен меңгеретін және біздің рухани жаратылған негізіміз болып саналады. Отан ұғымын шешен аталарымыз; «жер емшегі, көк емшегі» деп атаған. Сонымен енді алдыңғы тақырыпта баяндалғандай қазақ елінде ел билік пен оған қарсы саяси күштердің, түрлі қоғамдық ұйымдардың және партиялардың болуы заңдылық және философиялық тұрғыда негізі болғанымен, ғылымдық тұрғыда айқын болмаған пәтуалары мен дәлелсіз айтылған қателігі де жеткілікті.

Сондықтан да ел билеудің философиялық тұрғыдан түсінігі, танымы болып оны ғылымдық тұрғыда жүйелеп, талдай отыра үшінші биліктің қандай болу керек екенін анықтай аламыз. Барлық философиялық пайымдаулар мен ғылымдық пәтуалар әлемнің жаратылысымен, түп негізді қозғалыс заңымен сәйкес келмесе, онда қарсылық күштердің ықпалына түсіп өркениетті даму үдерісінен шығып қалады немесе артқа тартуға ғана себепші болмақ. Ол үшін де жаратылыстың бастауы туралы Әл-Фараби атамыздың философиясына жүгінсек; «Бүкіл әлемнің басталатын кезі бір Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты, яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде ешбір қасиет болмаған, ол бір текті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл, ойлау әрекеті берілген бақыттан соң, қасиет пайда бола бастайды. «Ақылға келсек дейді ғұлама, ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт.» Әлемдік нұрдан және онымен байланысты, одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан барып бүкіл заттың нәрселік және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, сан алуан түрге келеді. Енді бабамыздың философиялық ой толғауы  бойынша; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та жылы да емес, дымқыл да құрғақ та емес, еркек те, әйел жынысты да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды, барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды».

       Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементтері пайда болуы үшін Алланың әмірімен нұр екіге жаратылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады.   Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады. Мұндай бөліну кең көлемде әрбір 12 мың жыл дүркіннен кейін болып тұрады, кіші көлемдегі бөлінулер 6 мың жыл, тар көлемдегі бөлінулер төменгі бөлім ішінде 9 айда, 12 жылда т.б. жүріп тұрады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жаңа сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән-мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (құбылыстар) пайда болады. Дүниеде әлемде бос орын жоқ, әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің, қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатаң заңдылық бар.

Сонымен жаратылыстың пайда болуын қарапайымдап біздің тіршілік өмірімізге жақындататын болсақ жарықтың негізгі 3 түрлі сапасынан барлық ақпараттар әлемі арқылы бүкіл әлем оқиғалары, жаратылыстың қозғалысы мен түрленуі де басқарылатынын білуге болады. Сондықтан оларды бастапқы жарықтың сипаты деп; Күн, Ай, Жұлдыз деп белгілеп осы үш негізден уақыттың біздер үшін тұрақты қозғалыс негізінің бастауы болып, енді барлық оқиғаларда тіршілік қарекеті де уақытқа бағынатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл тұрғыда әлемнің барлық даналары өз қолтаңбасын қалдырғаны және оның есептік логикалық жүйесін де дәлелдеп кеткені, осы шексіз ілімнен барлық өлшемді ілім, білімнің негізі пайда болатыны да әрбір білімді, есті азаматқа белгілі жағдай. Сонымен уақытты философтар үш нүктеден яғни 3 жарық қуатынан таратқаны да, ол үшін екі нүктенің арасын ең қысқа жолы — ол түзу сызық деп, ал осы түзуге үшінші нүктеден тек «параллель» яғни жұбын өзара ешқандай да қиылыспайтын сызық жүргізуге болады деген заңдылық бар. Сонымен екі нүкте шектеулі және өзара байланысты қатынасатын, кездесе алатын бұл ай мен жұлдыз болып, ал бұлармен ешқашан қиылыспайтын аралық кеңістік арқылы ғана қатынасқа түсу мүмкіндігі бар бөлек нүктені күн жүйесі деп аламыз. Сонда салыстырмалы түрде бір-біріне «паралелль» қозғалыс жүйесі яғни уақыттың тегі пайда болады. Онда негізінен уақыттың екі сапасы болып, бірін санау жүйесінің тұрақты негізі етіп, ал екіншісін қозғалмалы, өзгеруші, қозғалмалы уақыт жүйесі деп атаймыз. Санау жүйесі күн тізбеміз Григориан болса қозғалмалы жүйе — Хижра мезгілдік, дәуір санау (күн санау, жыл санау емес) жүйесі, яғни оқиғалардың көрінісі болмақ. Осы уақиғалардың ақпараттардың жұлдыз бен айдың әсерінен жер бетіндегі барлық жанды жаратылыстың туылуы, өлуі, табиғаттың мезгілдік түрленуі жүзеге асады. Бұл ғылыми өзгермейтін заңдылықты масһаб жалпы ислам дін ғалымдары теріске алып, мезгілдік өзгермелі «Хижраны» күн, жыл санау жүйесіне айналдырудан діни надандық пен экстремизмге яғни ақыл-ой еркіндігін шектеуге бірден-бір себепші және қазақ ғалымдары мен ел биліктің де надандық пәтуаға қолдау беруіне де не себепші болған?- деген сауалды да туындатады.

     Сонымен философтардың бұл екі сызық туралы және математика, геометрия ғылымында талай даналардың есептік жүйесі де, трактаттары да жеткілікті. Бірақ назардан тыс қалған мүмкін маған оқуға мүмкіндік болмаған шығар, себебі ойды адамның өзі ойлап табуы мүмкін емес, тек біз бар жаратылған ойды ғана ақылмен таба аламыз. Сонымен уақыт өлшемі болған екі аралық бос кеңістік яғни жарық және қараңғылық әлемі кезектесіп отыратын үшінші орынды бос қоймау үшін белгілі бір шек арасын меңгеруіміз керек. Себебі бұл да қиямет-қайымға дейін екі сызық уақыты қатар кете береді және бір-бірімен тек қияметте ғана кездеседі. Демек екі аралық байланыс ақпараттар әлемі яғни кеңістігі де сонымен бірге көбейе берді. Ал бұл екі қозғалыстың өзара кездеспейтіні, қиылыспайтыны туралы құранда; «Ай мен күн бір-бірімен жолдары тоғысуы мүмкін емес, әр қайсысы өз көгінде жүзеді» деген аятымен ескерткен жаратушымыз.

Сондықтан да енді шектеулі және қозғалыстағы уақыт егесі жұлдызды бір нүкте, ай бір нүкте болып, оны түзу сызық ішіндегі күнмен қосатын болсақ үш бұрышты кеңістік пайда болады. Сонымен ай мен күн және жұлдыздар бір-бірімен қатынаста, ақпараттық алмасуда өзара ортақ ақпараттық кеңістіктерін құрауда байланыста тұр. Осы үш бұрыш ішіндегі аралықты кеңістік атап адамзат осындай белгілі кеңістіктер ішінде ғана тіршілік етіп оны меңгеріп, келесі кеңістігін құрып отыру шарт. Сонымен бұл кеңістіктердің де белгілі саны болып оны құран арқылы 16-мен белгілейміз. Және бұл өзара төрттен тұратын төрт түрлі негізгі әлемдік ақпараттар жүйесін түзеді. Себебі 10 күн және 6 ай жарықты жалпы адамзатқа меңгеруге бұйырылған. Жұлдыздар туралы әңгіме бөлек және әзірше қысқарта тұрған жөн. Сонымен бұл жүйені жер бетіне құратын болсақ, күнді рухани әке ел билігі десек, айымыз дін ғалымдармыз, теологтар, сөз өнерін меңгерген руханият, шабыт өкілдері де жатады.  Ал жұлдыздың жағдайы белгілі қазір қазақта не көп жұлдыз көп бәрі дана, ғұлама болып алған. Саясаткерлер де бас-басына бір-бір жұлдыз десе де болғандай. Жалпы өнер, шаруашылық, барлық істердің жүгізушілері де жұлдызға жатады. Сонымен бұл топта  ғылым мен білім арқылы дінді, ілімді маңызды деп мойындамайтындар да ел билікке ықпал ете алса, ал ілімді меңгеруші діншілер, сөз өнерінің майталмандары халық өкілдері бар ілім арқылы да ел билікке ықпал ете аламақ.  Және жұлдыздарсыз да айды аспаннан жерге түсірмек болғандар да ел билікке жеке-жеке бағынып, өзара қарама-қарсылықта да болуы осы сызықтық белгіден көрінеді. Мұндай үш бұрышты белгіні көбіне жарық таратушы бағандарда немесе сәулелену, (радиция) қаупі зор жерлерге «абайла» (не влезай, убьет) деген ескертулермен көп кездеседі. Себебі бұл үш сызықтың ортасы «отан» болып, ол ешқашанда бос тұрмау керек. Және айлы мен жұлдыздылар өзара көреалмастық, дүние пайдасы деген сияқты азғыруға, зұлымдықққа түсу үшін қандайда бір сыртқы күштер осы орта кеңістік арқылы ортасынан орын алып, үш жағына да және сол арқылы билікке де ықпал етуге де мүмкіндік алады. Сондықтан төбеден үш бұрыштың табанына түзу жүргізсек тағы бір қабырға пайда болып енді бұл «Призма» кіші басқару жүйесі, мұнара болып шығады. Ал Египеттегі төрт бұрышты мұнара да осындай жер бетін басқарудың құдайлық іліммен байланысты толық, жетілген көрінісі десек те болады. Бұл жерде құраннан; «Үш кісі сыбырласса, төртінші менмін, ал бес кісі сыбырласса алтыншы менмін» деген аяттың ғылымдық сыры пайда болады. Ал алты кісілік бейне ол қағба, текше болып, бұл туралы да ғылымда білім де есептік жүйесі де жеткілікті. Тек үстіне Египеттегі мұнараны тұрғызса болғаны басқару жүйесінің сызбалық бейнесі пайда болады.

      Сәл шегініс жасай кетсек; жалпы ел биліктің бұл тұрғыда өз институты болып,  қазіргі кездегі ақпараттық жетістіктер арқылы ел басқару жүйесінің жобасы жасалып, бірақ оның негізін текшені алып бір бұрышына президентті отырғызып қойған екен. Бұл туралы мен де танысып сынағанмын да. Бірақ ел билік пен ғалымдардың бұл қадамы қазірге кездегі шет жұрттық тозған білімге негізделген, кез келген білімді пенденің саяси пария құрып немесе әртістің де, біреудің тұмсығын бұзған спортшының да жоғарғы дәрежелі ойшылдықты, болжампаздықты қажет ететін билік егесі яғни патша болғанына қарап биліктің тұтқасын ұстатса мен де сондай басқара аламын деген надандық ұғымға тосқауыл қоюға деген үлкен қадам болып саналады да. Бірақ қазақ елінің бүгінгі философиялық түсінігіміздің, ойшылдық, абыздықтың мүсәпірлік деңгейіне түскенін бүгінгі таңда жалпы білімді қауым өкілдеріне дәлелдеу де мүмкін емес.  Себебі кез келген тілші, жазушы, шаруашылық істерін меңгерген білімді болса болғаны, жоғары дәрежелі ел биліктің тұтқасын айналдыра алады немесе әділ заң шығаруға да қабілетті деген надандық пікір де қалыптасқаны сөзсіз. Сондықтан ел билік парламенттік немесе жартылай парламенттік деген сияқты кез келген білімді пенденің аяқ астынан жік шығаруына, болмаса артынан өзі сияқты тобырды ертіп алып, биліктің шешіміне көшеге шығып, тас лақтырып қарсылық көрсетуіне осындай ғылым мен философияның, дін руханиятымыздың құнын түсіріп өзіміз жол ашып қойғанымыз да сөзсіз.

Бұл тұрғыда қазіргі ел билеушілері мейлі қандай жағдайда болсын, әйтеуір 10 адамға басшылық жасайтын болса ел билеушілер болып саналады деп түсіну керек. Және  саяси партия да, баспасөз басшылары да жататынын білген жөн. Сонымен бірге біздің рухани кеңістігімізді сырттан өзге елден алған жат ақпараттармен толтырып, дәстүрімізден, шындықтан алшақтап бүгінгі күнгі шынды білім арқылы ғана білсе болды, болжампаздық, дінді, дәстүрді, ата сөзі аманатын, тілді білу маңызды емес деген ел басқару жүйесін қалыптырудан әлемдік іштен ірітудің яғни экстремизмдік саясатты қолдаушыға айналып алғанбыз.

Осындай рухани надандықтың болатынын Абай атамыз; «Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады…» (38-сөз)  «Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к..не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ…» (22-сөз).

      Міне қазіргі біздің халық қалаулыларының да, партия мен билікке жеткендердің де жағдайы, білімі болса құдайдың қалауы жоқ, құдайдың қалауын іздегендер болса діни білім болып ғалым аталғанымен, діни сауаты және ғылымнан да, философиялық ілімі де әлсіз. Сосын бастан оқып біліп, әбден пісіп бармағасын билікте отырып кітап оқып, құранды, философияны зерттеп білімін арттырар дейсің бе? Сонан көптеген бұқара халық арасындағы білімді, керекті ұсыныстар, өтініштерді өзінің орынбасарына, хатшысына итере салады, ал ол зуылдап отырып аулыңдағы онан да төмен надан билік өкіліне әйтеуір партия мүшесіне келеді. Немесе мүлде жауапсыз қалады. Сондықтан осы орта биліктің бос кеңістігінен орын алғандар, қаражаты барлар, түрлі мүмкіндігі, айласы бар, шет елмен байланысы барлар жұлдыз болып немесе біліміне ілімін қоса алмаса да айды аспанға шығарып жүргендерге айдап салады немесе екеуін өзара қосып, ел билікке айдап салады. Әйтеуір әлемдегі бар дүниелік пайда болса, соған бұқара халықты да құмар қылып, мені билікке жеткізсең соны алып берем де, өзі барса енді жоғарыдағылар төменге түсіп, сол орынға келіп, бұл таусылмайтын айналымнан арты қанды қырғынға, қара халықты бір-біріне айдап салғанымен тұрмай; Украина еліндегідей мыңдаған адам баласы жиналса биліктің шешімін халықтың айтқанымен жүруге тас лақтырып, төбелеспен, жабайы тәсілдермен мәжбүрлейді. Мұндай жағдайда қандай дана, ақылды басшылар болсын, жабайы мастармен келіспесіне болмайтын жағдай туындайды. «Ханда қырық кісінің ақылы болады», деп арашаға түскен мен сияқты орта буын екі жаққа да қосылмайтындарды ит қосып қудалайды.

     Қазақ елінде осындай бостық рухани теріс ақпараттар пайда  болып, билікке де қауіп төнгесін, ел басшымыз осы ортаны Нұр отанмен, дін ісі агенттігімен тағы да масһабпен толтырғысы келгенімен, олар керісінше төртінші баған болып қалануға тиісті жер рухымен байланыстырып көріпкелдік, болжампаздық, әр пендеге таза ақылдан келетін жолдың жабылуымен халықты тарихынан, шежіресінен, дәстүрінен ажыратумен ғана айналысып, ақырында өздеріне болашақта тарихта айыпталып қазақ тарихының зұлымдыққа түскен «қара-таңдағы» болатын ғана жағдай жасағандарын енді ұғына бастағаны бар араларында. Неге десеңіз, осы 4-ші белгіден біздер хабар алып, ел билікте бастапқыда бұл жағдайды айқын болжап, қазақ дәстүрін меңгере бастаған ел басшыдан басқа 7 азамат болса, бүгінгі күні 14-ке саны жетті деген аруақтардан қуанышты хабар да келді. Ал енді Ақ ордада отырғандардың өзінің жалпы санына осы 14-ті бөліп, ел биліктің жоғарғы «А» тобында қанша пайыз діни сауаттылықтың жағдайын түсініп алыңыз.

Сонымен осындай жағдайда қарама-қарсы бірі билік пен бірі билікке жетіп және кемшіліксіз болмайтын халықтың тұрмыстық жағдайын, әлеуметтік жағдайын арттыруға деген теке-тірестен енді талайлар зардап шегіп, сөзі биліктегілермен қабылданбағасын амал жоқ қарсы топқа, ал партиядан жәрдем көргендер жақсылығын ұмытқанша ел билік жағына шығып күнде қызу тартысты білгіңіз келсе, онда ғаламтор беттерін шолып отырсаңыз да жеткілікті. Бұл тұрғыда дін неге тазалыққа, әділдікке шақырмайды деп сұраңыз. Діннің өзі ел биліктің ғана мүдесін жақтауға мәжбүрленіп және  ақпараттық түрде жартылай дербес, себебі егесі арғы бетте араптарға, парсыларға, мысырлықтарға тәуелді болғасын бейтараптық жағдайды ұстану да сөзсіз. Бірақ мемелекет діннен тыс деген мүлде жалған. Керісінше, нағыз діншілер ел билікте отыр. Олар әр қайсысы өздерінше топ ашып және өз топтарына жасырын ақпараттық түрде демеу бергесін, ел басшының дін істерін ашып, мемлекет діннен бөлек деп тыйым салуына тура келді. Бұл да ақталған саяси ойын болғанымен, рухани тұрғыда бір жағына ел қауіпсіздігін сақтауға деген бүгінгі шын ғана, ал шындығында барлығы тұтастай қазақ рухани дәрежесін төмендетуге ғана қызмет қылғаны да рас. Дін туралы сырттан келіп ақыл беріп осындай жағдайға жеткізгенінен де оның кімдер болғанынан да аруақ арқылы 5-6 жыл бұрын хабар келген. Уақыты келеді бұл шындық та ашылатын, қазақтың биліктердің даму жолына талай баға берілетіні де хақ. Бұл тұрғыда дайындалып жүрген халық арасында дарынды, көреген, билікке, мансапқа қызықпайтын, шындықтан хабар ала білетін ұлттың өкілдері де жеткілікті.

Енді ғана дін істерін меңгеруден дәстүрдің маңыздылығын түсініп, ел биліктің арасынан есін жинап келе жатқанмен дін білімін кітаптан оқып алып, ал құдай бермеген діни сауатты, құдай ісі-аян, уахиын қайдан алмақ? Сондықтан да тек дін біліммен пәтуа шығарып, ақылдарын тұзаққа салып, жоғарыдағы көкелерін де алдауға тура келеді. Міне осы тұрғыда үшінші билікті қалыптастыру, яғни бұрынғы Керейхан мен Жәнібек Сұлтан бабаларымыздың жағдайын қайталауға тура келетіні де даусыз. Себебі мұндай жағдайда шет елдердің тәжірибесіне жүгініп, парламенттік басқару дегеннің өзінде осы әділетсіздікті жою мақсатында болғанмен, бірақ барлық қателік пен зұлымдыққа түсуге парламент пен сенаттан бекіген заңдармен қаралмаған, ескерілмей жатқан халықтың мұңында тұрған жоқ па? Және қаншама жылдар әлем діндер бірлестігін құрып, қазақтың дәстүрі масһаб білімі болған деп әлемді алдағандардың да түбінде өтірігі ашылмайды дейді ме? Және осындай надандықты қолдайтын қаншама жалған заңдарды кімдер шығарып, кімдер қол қойды? Тарихта сұраусыз, ұмыт қалатын нәрсе болмайды, түбі құдай ақиқатын ашыққа шығаратыны да хақ. Бірақ оған дейін қол қусырып қарап отыруға да болмайды. Азын болса да бұл зұлымдықтан құтқарып, жазасын да неге жеңілдетпеске?

      Ал бұл заңдарды өз билігімен тікелей ел басшының өзгертуіне де болар еді, бірақ ондай жағдайда аңдып отырған шет елдің жалпы заңына, дінсіздігіне сүйенген партия өкілдері де, өзгелер де дереу мұны өз пайдасына жаратып; «Заңды қайтып алуға болмайды, қателескен жағдайда тек билік ауысуы керек!» деп халықты немесе одан жаманы ақылсыз, дінші жастарды қарсы қоя салуы да ғажап емес. Ал сұлтандық кеңес ақсақалдақ кеңес жүйесімен, ғылыммен негіздеу арқылы және құдайдың еркімен аруақтардың қолдауымен атқарылса, оған қарсы келген қандайда бір саяси топ мейлі бүкіл әлемнен қолдау алса да құдайдың қарғысына тап болып, мүлде басымен қайғы болып кетуі де хақ. Бұл тұрғыда мен өз басым көптеген тәжірибелер жасап, ақырында әулиелердің тыйым салуымен зорға тоқтағанмын. Сондықтан әр нәрсенің де шегін, зиян тигізбеу жағын құдай үшін үкім шығармау жағын игеруде де үлкен сынақ болмақ және мұндай пәтуалық жағдайға жеткендер үшін де маңызды болмақ. Сонымен бірге философияны меңгере алмай, ел биліктің жоғары дәрежесіне сайланудың жолы кесіліп, ал философияны меңгеру тек рухани тазалықты, тақуалықты, біліктілік пен шындық жолын ғана қажет ететін өз деңгейіне көтеріле алар еді. Ал философияны меңгермей өзінің білімін, болжампаздығын дәлелдей алмаса, тілші, сөзші болды екен деп, онда неге партия құруға, ел билеуге ұлықсат берілмек? Және кез келген тілші мамандығын алған пенденің рухани өмірдің барлық жағына да сын айтуға, талқылауға мүмкіндік бергеннен артық «экстремизмді» ойлап табу да қиын шаруа. Ал орта билік сұлтандыққа, ақсақалдыққа яғни шындыққа жүгіну арқылы кез келген білімді адам баласы ел билікті былай өзгерту керек, ана елдің үлгісін алу керек немесе биліктің шешімі дұрыс емес деген сияқты құр ой жоруға да тосқауыл қойылатын мүмкіндік ашылады. Себебі діни сауаттылыққа жеткен қандайда адам баласы бұл қақпанға ақылын байлап бере қоймайтыны да хақ.

Сонымен жоғарыдағы ақпараттық басқару жүйесінің  мұнарасын текшенің үстіне орналастырсаңыз жоғарыда отырған ел билеуші жаратылыстың барлық ғылымынан хабардар болу керек болып шығады. Себебі текше деген «кірпіш», ал кірпішті 6 қабырғадан тұратын ғылым десеңіз; «Сен де бір кірпіш дүниеде, тетігін тап та бар қалан» деген Абай атамыздың әулиелігі шығады. Сталинің басқаруы кезінде егерде бір саланың маманын қабылдап, оның ұсынысына қол қою үшін бір-екі ай сол саланы зерттеп, оқып біліп алып қабылдайды екен. Бірақ қазіргі ғылымның мындай шарықтаған заманында ол бір адамға меңгеруге мүмкін бе? Әрине жоқ. Бірақ кез келген «әртісті, тілшіні, саясатшыны» де ел билетуге болмайды. Ал, ел билікке сайланатындарды қабылдайтын жоғарғы лауызымды басшысының өзі сол орнында отырып сөздің ұғымдарын қалай пайдаланудан сүрініп, халыққа сырттай күлкі болып жүргенін де, ал көптеген билік өкілдері тек қазақша сөйлесе болды, оның ой мен тілдің арасын қоса ма, қоса алмай ма, маңызын білмей жаттанды заңмен, шет ел тілін меңгерсе болды керемет атанып, өз ұлтынан, отанынан, көгінен рухани жібі болмай, ақылын білімге байлап қойған, ой таба алмайтын басшы қандай әділ шешім шығара алмақ? Сондықтан осындай жүйеде отырып басқару үшін де барлық ғылымның негізі болған философияны ел биіліктегілер міндетті меңгеру керек. Философия арқылы болжампаздыққа және діни сауаттылықты (дін білімі емес) меңгеріп, қандайда бір шешімнің дұрыс-бұрысын ажыратуға, тек бүгінгі халықтың жағдайына шынға ғана қарап емес болашаққа керекті, бүгін зиян болғанмен ертең өз жемісін беретін шындыққа сүйене отыра шешімдер қабылдауға, заң шығаруға да мүмкіндік ашылады. Қазақ халқының сөз түсіну қабілетін жетілдірмей өз аталарымыздың Абайымыздың, Ясауидай даналарымыздың сөзін ұғына алмай ел бірлігі болмайды. Бірлік сөздің ұғымын, астарын түсініп сөзден арлану, намыстану арқылы ғана рухани мүддеміз, ой пікіріміз бір жерде тоғысады. Болмаса ана тілінде сайрап, ән салып, күй шығарып, өлең жазып, жазушы аталып және түрлі салада өнерлі болғаныңмен ішінде ойдың рухани салмағы болмай, құр үнмен бұлбұлдан айырмашылығың да жоқ болады.

      Және қазіргі саясатта түрлі ұйымдар құрып белсенді болып жүрген топ өкілдеріне де билік басына жетіп алып, сонан кейін сұранысқа қарай білім іздемей, осындай сатылардан өту міндетті болып, бүгінгі ел басқараушыларды осы орнында отырып жан-жақты философиялық білім алуға, рухани сауатын жетілдіруге (діни білім емес) философия ғылымы қайта жазылып, ата дәстүрінің құндылықтарын құран, дін білімімен салыстыра отыра көрсетілу керек. Сонымен бірге қазірге таңда миллионға жеткен халық түсінігін жабуға, дәстүріне қайшы пәтуаларды тықпалап жатқан дін оқулықтарының, философия, психология оқулықтарымен бірге болашақта суға ағызатынын да білген жөн. Ондай масқарадан осы кезден бастап түзетуге кіріскен де жөн болар еді. Себебі масһаб имамдары халыққа тазалықты уағыздау арқылы рухани экстремизімнің ірге тасын қалаушыға айналып алғанын және ақылы толмаған жастар осындай дәрежелі есті үлкендер істейтін қызметке отырып алып, бір-бірін еліктіріп, санасын улап жатқанын, жоғардан аңғару қиын оны біздер сияқты арасында жүріп көру керек. Сол сияқты қазіргі кездегі рухани ара ағайындықты қалыптастыруға құрылған Нұр отан партиясының басына тек біліміне қарап естілігі толық жетілмеген жас баланы үлкендерге ақыл беруге қоюдың өзі қазақ дәстүріне де, құранға да, дінге де, адамдыққа, философиялық ілімге де қайшы. Сонымен бірге ел биліктің шарасыздығына, ақымақтығына ғана әшкере дәлел ғана. Біздер өз ұлтымыздың шежіре ағашына жалғанып, өткенге жақындаған сайын, бізге болашақта өзін көрсете бастайды. Ал ол шындықты шынға айналдыру нәтижесіне қарай ол өткенімізге, тарихымызға айналады. Әрбір болып жатқан оқиғалар мезгілге айналумен болашақта алдымыздан сынақ немесе нығмет болып, ал қазіргі жеткен нығметіміз кезіндегі аталарымыз өткен мезеттер, шындықты шынға айналдырған оқиғалар екенін де естен шығармайық.

     Енді оқырмандарға бұл тек ой салу болып, ал арамызда жүрген текті білімді азаматтар болса өз саласында ішкі білімін жетілдіріп ел басқаруды сатылап өзгерту арқылы әлемге жаңадан бұрынғы бабалар салып кеткен жолға түсіруге болатынын ғана баян қылып отырмын. Текшенің ел билік жүйесінің ғылымдық негізінің ірге тасын қалап жатқан ғалымдарымыз да бар, бірақ төрт бұрышты мұнаралы басқару жүйесіне бірден өту де мүмкін емес. Ол үшін бұрынғы тарихымызға қайта оралып, үш бұрышты мұнара билік өкілеттігін құрып, сонан кейін ғана құдайлық жүйеге, даналыққа көшуге болады. Ал, оның құрлымы, ішкі дүниесі, қабырғалары қалай болады, қалай басқарылады ол жағында менің білімім жоқ. Тек Шыңғысхан бабамыз да Ақ орданы Алтын ордадан бөлек ұстап көптеген шешімдердің бұрыс-дұрысы Ақ ордадағы сұлтандар арқылы атқарғанын да білген жөн. Ал ел билік пен халықтан шыққан барлық саяси, діни, ғылымдық мейлі қандай да бір топтарымен ел биліктің арсындағы ағайындыққа бір шешімге келуге мәжбүрлейтін сұлтандық дәрежеге жету үшін, ол исламның да және басқа діндегі тақуалықты, абыздықты меңгеруге деген насихаттар үлгілері мен Ясауи бабамыздың салған әулие-әмбилік үлгісі де жеткілікті ақпарат бере алады. Және ата жолында ары таза, жоғарғы дәрежедегі аққу, сұқарлықты меңгере алатын шәкірттер шығарып, әрбір ауыл әкімінен бастап президентке дейін аруақтың батасын, құдайдың кеңесін алып беріп отыруға және оны ақтығын, шындығын тексеру жүйесін қалыптастыруға, ғылыми негіздеп, әлемге де көрсетуге болатыны туралы ол бөлек әңгіме. Әуелі жын-шайтан, рух пен жанның құпия сырларын ислам әлеміндегі бүгінгі таңдағы құраннан да, дін біліміндегі тәпсірлерден де өрескел жіберген қателіктерін, зұлымдықтарды көрсете отыра,  кітабын жазып шығып әрі қарай бұл жағдайға қайта оралып отырамыз.

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *