III- «Терроризм»-бүлікшілдік себептері мен ел биліктің бүлікші дін саясаты

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 144

     Қандай да бір қоғамның өркениетті дамуы да немесе түрлі жағдайда күйзеліске ұшырауы да ел билігі ұстанған саясатына, яғни философиялық ойшылдық ұстанымына тікелей тәуелді болмақ. Сондықтан қандай да бір елдің ойлау қабілеті, біртектілігі немесе алауыздығы да саяси партиялардың түрлерімен, өзара қайшылық әрекеттерімен белгілі болмақ. Бұл тұрғыда да қазақ мемлекеті шет елден еш қалыс қалған емес. Түрлі ой, түрлі бағытпен елдің көсегесін көгертуге жарысқан, бізді билікке қойсаңдар сендерді тек бақытты заманға алып барамыз дегендер де жеткілікті. Осындай жағдайда қазақ мемлекет билігі өздерін діннен саясаты бөлек дегенімен дінсіз, халықтың наным-сенімінсіз және құдайдың араласуынсыз ешқандай да өркениетте мәдениетте және халықтың бақытты мамыражай күй кешуі де мүмкін емес екеніне көздері де жете бастады.
Бұл тұрғыда бастарына таяқ тиюмен ғана қазақ ел билігі дінсіз мемлекет құрып, тұрақты саясат жүргізу мүмкіндігі жоқ екенін түсініп, бірақ тағы да шет ел тәжірибесін алумен, дін ісінде арап елдерінің тек мешіттер арқылы ғана бірі жалған бес парыздық бұрынғы замандардағы түркі дінінің даму сатысының ірге тасы болған дін ұстанымын халыққа күштеп тықпалау әдісін таңдағанын біле бермейміз. Бұл тұрғыда өз сенімін білдірген халық қалаулылары болған топтың көптеген жылдар бойы өз ойларынан заңдар шығарып және діні түрлі оқулықтардың шығуымен, іс басына жалған ғалымдардың да келуімен қазақ руханияты тозғындыққа ұшырап, заман біліміне қарай халық мұқтажын, рухани сұранысын қамти алмайтын дәрежеге жетіп, бұл тұрғыда өз бетінше рухани даму, жетілу салаларын меңгеруге талпынған түрлі исламдық және түрлі діни топтардың қазақ елінен өз мекенін табуына себепші де болды.

      Қазақ философия мектебі де даму сатысында тек көшіріп алумен шет елдің ескірген біліміне ғана негізделгендіктен ел билеушілердің рухани білімділігі де осы тұрғыдан пайымдалып, ақырында ақылы толмаған жас балалардың да ислам ілімінен, құран, хадис тәпсірінен кітап жүзінде білімі болса билік басына келіп, ел биліктегілердің надандығын жасыруға бірден-бір қолайлы тәсілге айналып шыға келгені сөзсіз. Осындай жағдайда құдай тарапынан міндетті түрде бұл рухани тежеуге қозғалыс беріп отыратын да заңдылығы ескерілмей, елімізде діни топтар арасында көреалмастық, өзара билік басына келуге бәсекелестік болғаны да сөзсіз. Осы тұрғыда билікке ең қолайлы және халықты да алдауға оңай дін даму заңдылығының ортасы – масһабтық ұстанымды қазақ руханиятының көш басына қойып, арнаулы оны қадағалайтын ел билік тарапынан дін істері мекемесін тағайындап, енді біз «Ханафилік тура жолдамыз» деп ел басының өзі ашық жариялағанымын Құдай бұл мазаққа көне қойсын ба? Осындай жағдайда түрлі сынақтар мен бүлікшіл әрекеттер ел билік пен шет қақпай болған топтардың арасында басталып, ақылсыз жастарды арандатқан әрекеттермен ақырында ел биліктің өз халқын күшпен қорқытып, қамап, атып тастауына әкеліп соқтырды. Және осы тәжірибені әлі жетілдіру ісімен айналысып жатқаны да хақ.
Әрине бұндай жағдайда уақытша тәртіп орнап, ел билігі өздерінің керемет ақыл тапқанына мәз болып, өз саясатының кемеңгерліктерінің дәлелін қалайда бекіту мақсатында түрлі жиналыстар, кездесулер өткізіп, өзара мақтау, дәріптеулерден, ел байлығын көрсеткен көрмеден әрі аса алған жоқ. Сырттай қарағанда керемет болғанымен қалың бұқара халық ішінде жүріп, бұл рухани жағдайдың қандай кесел болып халықтың құлдырауына, ойдың бөлшектеніп, ақырын ісініп өсіп келе жатқан рухани жарылыстың пайда болғанын, оның түбі не халықты қырғынға, не ел билікті қыруға апарып соқтыратын әзірге көзіне дүние біткен қауым да, философиялық даналақтары өлген зиялы қауым өкілдері де аңғарудан қалған.
Енді оған, үстін-үсті Құдай тарапынан уахимен көрсетіп, ашықтан-ашық түсіріп жатқан түрлі қайғылы оқиғалармен аяқталып жатқан апаттарды да қосып қойыңыз. Ал, үшіншіден халықтың да ел биліктің де әзірге қаперіне алмай жүрген рухани сынақтың ең ауыр түрі жалпы халықтық ауру азаптары. Бұл тұрғыда да енді екі-үш айда ашық белгімен халық азапталып теңселе бастайтыны және бұдан ел биліктің жан ұялары да, өз бастары да қалыс қалмай, ешқандай қаражаттың да, лауазымның да жәрдемі де көмегі болмайтынын ескеру әрине әзірге қиын.
Құдайдың үкімімен ел билік те, халық та қаласа да, қаламаса да өз дәстүрлі дінінен ғана жәрдем тауып, осы тұрғыда осы уақытқа дейінгі әулиеге тағзым ету, зияраттау, емделу, тазару шаралары «серік, шерік» дегеннің жалған екендігіне, соншама уақыт босқа алданып, оған ел билігінің тікелей қатысы болғанын халық енді ауру, азап арқылы көзі жете бастайды. Бұл деген енді бүгінгі ел билікке ғана емес жалпы зиялы оқымысты қауымға деген де бұқара халықтың ашу-ызасын, лағнетін туындатуы да хақ. Сонымен бірге жалған діншілер де халық тарапынан ашық айыпталып, енді ғана халықтың басын біріктіріп келе жатқанда қайтадан іріткі толқу болып, бұл тұрғыда уақытша жасырынып қалған дін ағымдары тағы бас көтеріп, олардың өз саясатын жүргізуге ел билігі де, зиялы қауым да қолдан жәрдемді алын-ала жасап жатқаны да сөзсіз.

     Бұл жағдайдың ушығуына да бірден-бір себепті де құдайдың лағнетін туғызуға шақырып, құдай іліміне, дін өркениетіне ашық қарсылық білдірген жақында болып өткен халық рухани тіршілігіне байланысты екі дін конференциясы дәлел бола алады. Біріншісі әлемнің дәстүрлі діндер съезі болып, оны басқарған сенат төрағасы Мамин мырза болды. Әрине халықтар бірлігіне, өзара қарым-қатынасқа құрылған қандай да бір шараны жаман деуге хақымыз да жоқ. Бірақ әлем елдерінің дәстүрлі дін өкілдерін шақырып алып, өздерінің өзара қырқысумен аражігін ажырата алмай жатқан масһабтық ұстанымды; «Осы біздің дәстүрлі дініміз еді» деген Мамин мырзаның құранды оқымай, құдайдан ұялмай, ата-баба әулиелер аруағын да сыйламаған әрекеті бұқара халықтың қарапайым ақылына сыймай қалды. Бұл ел билігіміздің әрекеті қандай да бір философиядан да, қазақтық нанымнан да тыс, жалпы құранға да ашық жала жабумен ғана көрінісін тапты. Мамин мырза «ДӘСТҮР» сөзінің философиялық пайымдауы түгіл, қарапайым логикалық бейнеге айналған қазақ дін салтын да білмейтін болып шықты. Әрине өздері халық қалаулылары болып бір тобырға айналып алған және өздерінің ойын ғана баспасөз беттерінде жариялап, жалпы халықтың ойы түгіл тарихын да жете білмеген бұл ел билігіндегі топтар енді құдайды осындай тәсілмен, қазақ халқына түсірген жол-жобасын, құран аятын ашық мазаққа айналдырып өздерін «жер тәңірісі» болғанын дәлелдеп бақты.

       Бұл тұрғыда осы съездің әрекетін бекіту мақсатында екінші жиын болып, ол Талдықорған қаласында өтті. Бұл жиынға тек дін құлшылығының билеуші қауым өкілдері жиналып алып қазақ руханиятын, дәстүріне тағы да жала жабумен Ясауи іліміне, Абай-Шәкәрім философиялық насихатына ашық соққы да берді. Ендігі дініміз яғни тура жолымыз Құдай ісі емес, ата жолың да емес, Матруби ақидасы деген пәтуаға, шешімге келісіпті. Ел басшысын сайлауда немесе кейбір ортақ келісуге тиісті мәселелерде «референдум» жариялап халық пікірін сұрайтын еді, енді дінші қауымдарымыз Құдайдың ашық түсіріп жатқан уахина, ескертуіне де пысқырмайтындарын, өздерін «кітап берілген» Алла досы әулие-әмбилер, Құдай ісінің үкімін орындаушылары орнына атқарушы іс басшысы болғандығын, енді жер бетінің құдайлары екенін дәлелдеп бақты. Бұл тұрғыда құран теологиясы тек санмен ғана айқын болып, санмен берілген пайғамбар сүнеттерін де өсиеттерімен, құран ғылымымен қауыштырған Ясауи ілімі – Сани дәптері де қазақ тарихында мүлде болмағандай, Мамин мырза да, басқа дін ғұламалары да мүлде еске де алған жоқ. Онан ешқандай сан мен өлшемі көрсетілмеген қандай да өздерінің өтірік пәтуаларына бұрып алуға ыңғайлы дін ағымы болса, соны қабылдауға лайық екендерін дәлелдеп бағуда.

      Мұнан енді кім ұтып, кім ұтылады? Яғни хақиқат қалай анықталады? Әрине ата жолының Ясауи ілімінің есіктерін қалай ашуды көрсеткен менің жазған 6 үнді 9 жазба кітабымды бәрібір ел билігі де, зиялы қауым өкілдері де, дін ғалымдары да талқылап оқуға, мойындауларына намыстары жібермейтіні хақ. Сондықтан 7-ші үнді кітапты жазу, ислам ғалымдарының негізгі қателігін, қазақ дін ғалымдарының құранға қарсы зұлымдығын әшкерелеу туралы сөз қозғауға да әлі ерте. Бірақ, құдай ел билігі мен қазақтың өзін зиялы атап, дін ғалымы атап тәккаппарланумен дін дәстүрін мазаққа айналдырған тобынан сескеніп, өз үкімін халыққа түсіндіруін, билігін тоқтатып қоймайды. Керісінше ел билік пен бұл топтағылардың мұндай құдайсыздық, рухани бүлікшілдік, бөлшектеуші әрекетінен елдің жарық беру жүйелеріне (трансформаторные подстанции) сынақ түсіріп, тағы да халықтың қиналуымен, қазынасының шашылумен аяқталары да сөзсіз. Екінші жағынан хақиқат түбі айқындалып, осындай жағдаймен бұл ағайындарымыз өздеріне орларын терең қазып жатқаны да сөзсіз. Үшінші, құдайдан уахимен ел басшымызға бір жыл сынақ салып, халықтың руханиятын қайтаруға шарт, үкім түсірді. Осы тұрғыда ел басшысының өзі сенген, жәрдемші уәзірлері көмек берудің орнына, ел басын тезірек орға жығуға жанталасуы деп те түсінген жөн. Ал, халайық шайтан жамағатының бұл ойындары немен аяқталар екен, сабырмен тоса тұрыңыз. Хақиқат келеді, негізсіз нәрселер түгел жойылады! (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *