II- «Терроризм»-бүлікшілдік себептері мен ел биліктің күрес тәсілдері.

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 98

     Ел биліктің қазақ елінде терроризмге, бүлікшілерге қарсы күресінің әлем алдында мақтанға айналып, оған өзге елдердің де тәжірибе алуға ниеттеніп жатқаны да жалпы оқырман қауымға мәлім жағдай. Ал ішкі сырына үңілген кезде арасындағы кейбір бұзықтардың дін атын жамылып өз арам пиғылдарын іске асырмақ болған әрекеттері болмаса, негізінде «терроризмнің» себебі де қазақ елінің исламдық тарихының тамырына, шежіре өркениетіне қарсы шығып, «светский» елміз, біз де европа елдері сияқты діннен бөлекпіз деген ашық сясатына қарсы болған ақылы толмаған жастар мен биліктің діннен бас тартуынан, яғни біртұтас ұлт ішіндегі жікке бөлінген, философиялық ойдың қарсылығынан пайда болған, дін үшін күрестен пайда болғаны сөзсіз. Ел билігі өздерінің дінге, дәстүріне, тарихына, ата-баба аманат жолына қарсылығын, бейтараптығын баспасөз бетінде қанша бояп, жасырып, өз ұлтының жастарын итше атып, түрмеге тоғытып, әлем алдында тек бедел жинаумен айналысқанын, түбі бұл істердің хақиқаты әшкере да боларын өздері де аңғарар емес. Оған тек осы кездегі биліктің ауысуын ғана күтіп отырған елдің бірлігін, болашағының өркениетін емес, өздерінің биліктегі орнын, абырой-беделін өсіруді ғана аңсайтындардың, халықтың қамын жегіш партияшылардың да әу-жайынан байқауға болады. Сонымен жоғарғы мақала бетінде де бүлікшілдіктің негізі білімсіздік пен шет елдерден көшіріп ала салған қазақ дәстүрінен қайшы саясатты ұстанудан пайда болғанына және бұл істердің басында кімдер тұрғанына да тоқталып кеттік.
Әрбір айтылған пікірдің нақты дәлелі мен оның белгілі оқиғалармен байланысы болмаса онда жалған. Тіптен құдайдан келген уахидың, шындықтың аян түріндегі көрінісін де хақиқатқа айналдыруға шүкірлік амалдарын, намаздарын орындай алмаса, онда кері әсерге жамандыққа айналатынын да біле бермейміз. Осы тұрғыдан қарағанда ел биліктің бүлікшілдікпен күресінің көптеген мысалдары бар. Бірақ мен жұрттың айтқанымен, кейбір жазушылардың, тілшілердің әсірелеп жазғанына ере берсем, онда ол ақиқат болмай, иманды да жойып алуым сөзсіз. Сондықтан тек құдайдан келген уахиларға, әулие аруақтарынан берілетін бата түріндегі ескертулерге сүйене отыра және бұл тұрғыда жеке өзім куә болған оқиға арқылы ғана баяндап, жоғарыдағы мақаладағы айыптауларға түсінік бере кетсем;

     «Қыркүйек айының 16-шы жұлдызынан 21-ші жұлдызы арасында керуенмен зиярат сапарына шығып, шығыстағы Қоңыр әулие, Қари молда Баянбай, Абай-Шәкәрім, Кеңгірбай би әулие аталар басына тағзым жасап барып қайттық. Сонымен ұзақ жол және ескі көлік болғасын, жолдың да соғыс болып жатқан елдерден бетер қиындығына да төзіп, көптеген жерлерде көлігімізді жөндеумен бұл сапар үлкен бір оқиғалармен де есте қаларлықтай болғаны да сөзсіз. Қайтар жолда өзіміз де әбден сілікпеміз шығып, әйтеуір дұрыстау шаң болмайтын жолға іліктік-ау, енді бір жерге тоқтап арбакешті де демалдырмақ болып Аягөз жол қадағалау бекетіне жетуіміз де мұң екен, жол сақшысы ағылып жатқан көліктер ішінен таңдап алып бізді тоқтатып қоймасы бар ма. Әрине өзге жолаушылар көлігіне қарағанда біздің байлап алған ақ туымыз (Айша ана жалауы) да бар еді. Сонымен өзіміз де әйелдеріміз жаулық тартқан, еркектеріміз де ата дәстүріне сай түгел бас киімді болғасын жол сақшысына бұл қауіпті құбылыс болып көрінген болу керек, көліктің іші-сыртын түгел, наша, есірткі, қару-жарақ іздегендей тінтіп шықты. Яғни ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің ислам діні философиясы түгіл қарапайым қазақ дәстүрі, әулие-әмбилерді зияраттаудың сырын, логикасын мүлде білмейтін надандығын айқын әшкере қылып тұрғаны да сөзсіз. Сонымен бұл жындылық әрекетінен ештеме шығара алмағасын, тиісерге қара таппай арбакешіміздің барлық құжатын және құрал-сайман жәшігіне дейін қарап, ақыры әйтеуір бір артқы шамының сымының үзіліп қалғанынан кінә тауып, оны бір сағат асықпай отырып құжат толтырумен ғана таң алдында әзер жіберді-ау әйтеуір. Бұл жай бір ішкі істер бөлімінің қызметшісінің дін жолындағы жүрген адамдарға деген өзінің логикалық пайымдауы, ішкі шайтанының қарсылығы мен бүлікшілер деген нанымы болар деген ойды ғана тұжырымдауға да тура келеді. Әрине әйелдеріміз жалаңаш, көтін көрсетіп, еркегіміз шылымын бұрқыратып, қалай болса солай жүрсек, онда осы маи қызметкерлерінің рухани дәрежесіне, дін-нанымына сәйкес болып, бізге тіптен назар да аудармасы сөзсіз. Себебі бізді ұстап тұрған уақытта осындай жолаушылар тасыған көліктердің бірталайы да өтіп кеткенін байқадық.

      Халықтың тыныштығын, тәртібін күзеткен қызметкерлердің де рухани білімінің бұл көрінісін барлық жерлерден де аңғаруға болатынын байқауға да болады. Жарайды бұл қарапайым ғана уақиға болып, ол үшін ел билігінің, ішкі істер бөлімінің саясатын да кінәлау да артық болар. Сонымен «бақсақ бақа екен» дегендей бізді алдымызда бұдан да сорақы уақиға күтіп тұр екен. Сарқанд ауданына кіріп, Алмалы бақ ауылында менің бір шәкіртім тұрып, осы ауданның ішкі істер бөлімінің қадағалауымен менің «Ауруыңа ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген жазбамды таратқаны үшін және халықты иманға, аруағын қадірлеуге, дәстүрін меңгеруге, арамнан тазаруға шақырғаны үшін әкімшілік сотпен ісі қаралып айыппұл салынған болатын. Бұл іске қатысушылар; Сарқанд аудандық сотының судьясы Б. Ш. Дүйсебеков, прокурордың көмекшісі А. Қожатаев, Алматы облысы Дін істерінің маманы Қ. Р. Омаровтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 374-1 бабының 2-бөлімінен сәйкес «…Д.М. Шарипов сотта үн парақтарын таратқанын мойындап, сол үн парақтарын тапсыруға тапсырма берген Т. К . Байтасов екенін, өзінің осы ұйымда 6 жыл бойы дәріс алып, осы ұйымның қызметін атқарып жүргенін айтты.
Алматы облысы Дін істернің департаментінің жетекші маманы Қ. Р. Омаров «Ата жол» Ұйымының заңсыз екенін, 2009 жылғы Экономикалық соттың шешімімен «Ата жол» ұйымының іс-әрекеттері заңсыз деп танылып тыйым салынғанын айтты…..».

    Сонымен менің шәкіртім ата дәстүрін мойындағаны үшін және менің де Абай-Шәкәрімдей, Ясауи бабамыздай даналардың сөздерін, Құдай уахиын ескерткенім, халыққа жария қылғаным да үшін қылмыскердің, бүлікшілдің, «террористің» өзі болып, ел биліктің экономикалық саясатына да қайшы болғандықтан мен үшін де Шарипов Данахан Мырзаханұлына ҚР заңына сәйкес 374-1 бабының 2-ші бөлімімен 50 айлық есептік көрсеткіш есебінде 86550 теңге айып пұл салынған еді. Бұл айыппұл әлі төленген жоқ және сот орындаушылары да енді шешеңнен қалған ескі үйіңді сатып, төлейсің деген де әңгіме қозғап жатқаны да бар. Бірақ бұл соттың неге менің жазбаларыма және басты айыпкер ретінде мені де жазалауға тыйым салуға деген үкім шығармағанына таң қаламын. Басты айғақ, дәлел қолдарында тұрып, оны орындаушыны соттап, ал негізгі айыпты мені неге сотқа шақырып немесе жоғарғы заң орындарына қадағалау бөлімдеріне шара қолдануға ұсыныс жасамаған? Ел билігінің тыныштығына қауіпті жағдай емес пе?
Сонымен басты «террорист» ретінде осындай өзім сияқты бір топ адаммен арамызда ауру-сырқау әлсіздеріміз де бар, жолда сол шәкіртімнің үйіне, жақында бақилық болған шешесіне де құран оқып, бата жасап 1-2 сағат дем алып алмаққа бұрылып тоқтадық. Қазақ дәстүрі бойынша өлілердің ризашылығына құран бағыштап, құрбандық шалып, енді дастарханға отырмақ бола бергенде 5 көлікпен 15 шақты ішкі істер бөлімінің сержантынан бастап, жоғары шенді өкілдері үстеріне оқ өтпейтін сауыттарын киіп алып баса көктеп кірмесі бар ма? Менің осы топтың басшысы ретінде құжатымды көрсетіп, қандай мақсатпен жүргендерін сұрап білмек болған әрекетіме де қысқаша; «…Вахаббистерді іздеп жүрміз..», деген жауап алдым. Сонан не керек, « …бізден қандай вахабтық көрініс таптыңдар?..» деген қарсылық сөздер айтылып, олардың бізге дінді масһабша түсіндірмек болған әрекетінен әйтеуір арада дау-дамай басталып кетті. Сонымен біздердің барлығымыздың құжатымызды тексергенімен қоймай арнаулы ұлықсатсыз ешқандай сырттан куәгерлерді де шақырусыз, көлігімізді де тінту шараларын жүргізіп неге, қандай мақсатпен жүргенімізге түсінік жазуды талап ете бастады. Мұндай қорлыққа менің де шыдап тұра алмай, бұл істі басқарушысының кім екенін сұрастырып, құжаттарын көрсетуді талап еттім. Арасынан біреуі шығып Сарқанд әкімшілігінен заң істер жағынан болу керек, Тоғанбаев Қайрат мырза осы топты басқарушы екенін айтты. Сонымен не себептен мұндай шұғыл тексеру жүргізгендігін сұрағанымда, бір белгісіз кісіден осындай «вахабашылар құрбандық шалып жатыр» деген хабармен келгенін айтты. Мен оларға қазақ дәстүрін орындайтын «Вахабистер» түгіл масхабшылар да жоқ екенін және осынша топпен басып кірмей-ақ, өздерің келіп сырттан, үй иесінен жағдайды білуге болмады ма?- деген сауалыма да мандытып білімді жауап та ала алмадым.
Сонымен біздің мұндай масқараға көнбейтінімізді білген топтың ішкі істер бөлімінің сақшылар жағынан қоқан-лоқы көрсетпек болып, аудандық ішкі істер бөліміне күштеп апарып, бәрібір өздеріне керекті мағлұматты да жаздыратынын ескертті. Мен сонда өзімнің дін жолын зерттеушісі екенімді, «терроризммен» күресуші олар емес, біздер екенімізді, ал қажет болса сайттардан менің жазбаларымды оқып білімдеріңді тексеріп көріңдер деген ұсынысымды айтып, бұл оқиғаны Алматыға барғаннан кейін міндетті түрде халыққа жария қылатынымды да ескерттім. Сонан олар қалта телефонымен менің сөзімінің растығын ғаламтордан біліп, басқа амалы қалмағындықтан телефон арқылы бұл шараға бұйрық беріп отырған прокуратура өкілін де шақыртты. Сарқанд аудандық прокуротура бөлімінен Қажатев Айбол мырза келіп бұл дау-дамайға да сырттан қарап, біздің де ата заңнан да, азаматтық кодексінен де хабарымыз барына және Алматыға да заң орындағы таныстарымызға хабар хабарласып ақыл-кеңес алып жатқанымызға, өз құқымызды қорғай алатынымызға көзі жетті ме, ақырында түк істей алмай кетуіне тура келді. Сонымен қалған бұл топтың басшыларымен сөйлесе келе, олардың да ата жолы ордалары арқылы біреуінің мүгедек болған әйелі Ұзынағаштағы бес атаға барып сонан жазылып жүріп кеткені және біреуінің жолын ашуға Қарасай ата басына барғандығы да анықталды. Соған байланысты мен; «Бұл жағдай сендерге құдайдан келген тағы сынақ болар, сондықтан бұл жағдайды ушықтырмай, сендер өздерің араларыңда шешіңдер, біз де риза сендер де риза болыңдар, жабулы қазақ жабуымен қалсын» деген ұсыныс айттым.
Бірақ Қайрат мырза; «Сендер құдай заңына бағынсаңдар, біздің өз заңымыз бұлжымайтын жолымыз бар, ол заңды біздің бұзуға қақымыз жоқ, сондықтан қалай да біз жоғарғы жаққа бұл іс-шара туралы есеп беру керекпіз» деп өз бағытынан қайта алмайтынын, біздің сенген құдайымызға бағына алмайтынын ескертті. Демек, менің ел билікті өздерін тәңір қылып алды деген жазбаларымдағы айыптауларымды растап берді. Сондықтан мен олай болса біздің неге, не үшін келгеніміз туралы тек үй иесінен ғана түсінік алуын, ал біздің ата заңға қайшы құқықты бұзбағанымызды, сондықтан ешқандай да түсінік беріп, босқа ақтала алмайтынымызды ескерттім.
Тек мұндай жағдайда осы жердің тұрғыны есебінде, үй иесінінен ғана учаскелік қызметкері түсінік алсын деп ұлықсат беруге тура келді. Бұл жағдай нені көрсетеді? Ел биліктің халықтың өз қаражатынан мыңдаған тыңшылар дайындап, Сталиндік репрессия кезіндегі Берияның жүргізген саясаты қазақ елінде де қайталып жатқанынан хабар берді.

      Сонымен бірге қазақ билігінің кеңес үкіметінен қалған ауруы бүлікшілдікке, «терроризмге» қарсы қаражат бөлінді, енді соны қалайда есеп жүзінде жауып, ел басының алдында ақталып, мақтанумен онан әрі қарай әлем алдында қазақ өзімен-өзі қалай соғысып жатқанына әлемді куә қылу керек. Астанадай қала салып, шаруашылықты өркендете білген «тәңірлер» тобы неге құдайдан биік, ақылды, көреген болмасқа? Бірақ сонымен бірге осындай өздерінің биліктерін мүлтіксіз орындаушы әскерлерін құдайдың оғына байлап беріп, қаншама азаматтарға түрлі жағдайда азапталуын да қамтамасыз етіп, шайтан жамағатынан да тажалдарға айналып отырғанын өз бастарына қайғы-қасірет сынағы түспей сезе қоймас. Мұндай дінге ел билік тарапынан ашық қарсылығына жуық арада Сарқанд ауданына құдайдан ескерту келіп, халықтың да күйзеліске түсуі де ғажап емес. Яғни, халыққа бүліктің де, қайғы-қасіреттің де ел биліктің ниетіне, құдайдың белгісіне қарсылықтан туатыны осындай жолмен дәлелдене бермек.
Алдыңғы кезеңдерде бүлікшілермен күресудің науқан кезінде Ақтөбе жағына көптеген осындай жәбір көрген адамдарға кездесіп, олардың «терроризмге» қарсы ішкі істер саласының күрес бөлімінің қызметкерлерінің қудалуымен қару-жарақтарды ұнамаған пенденің көлігіне салып жіберіп және түрлі жалалармен айыпталып осы кезге дейін телефоны арқылы әжетханаға кіргеніне дейін қарап бақылап отырғандарын және ешқандай жерге жұмысқа орналаса алмай азап көргендерінен хабардар едім. Оларды бұл құдайды тану алдында сынақтарың, арты қайыр болар, шыдаңдар деп басу да айтқанмын. Және жел тұрмаса шөп те қимылдамайды дегендей, осындай айыпталуға өздері де жол берген болар деген іштей күдігім де болған еді. Себебі 2008 жылдан бері басталған ата жолымен, ордалармен күрес кезінде де осындай тәсіл қолданып, мыңдаған орданың жабылуымен аяқталғанымен, ал біздер сияқты нақты білімге, құранға сүйеніп, шариғатты, тазалықты сақтағандар бәрібір өз жұмысын тоқтатпай әлі кезге дейін жұмыс жасап келе жатқаны да сөзсіз. Арасында айыппұл төлесе де, бәрібір халыққа қызмет жасауын тоқтатпаған ерлік жасағандар да бар. Сондықтан ақиқат жолымен жүре білгенді құдай өзі қорғайды деген ұғым да қалыптасқан еді. Ал мұндай қияметтік сын кезіндегі бұндай жағдайлар бір жағынан сын болса, екінші жағынан қайғы-қасіретпен ғана аяқталуы сөзсіз. Яғни, бір ұлтты тұтас ағайындардың тағы да өзін-өзі қырғынға ұшыратуымен ғана аяқталатын сынақ.

    Сонымен бұрында ішкі істер және үндеместер тарапынан талай тексеруге түскенімен мұндай ашық жала қойған жағдайға және қарапайым түрде вахабтық, т.б. топтардың дін амалдары мен қазақтың салт-дәстүрін ажырата алмайтын топастық жағдайға өзім тап болғаннан кейін, егер менің өзімді қорғай алатын да, кез-келген жауға қарсы тұра алатын аруағымның қолдауы болмағанда, осы жолы жазықты болып шығуыма да немесе көлігімізді тінтігендер басқа бір өздерімен ала келген заттарын тастап жазалануыма, нағыз халық жауы «террорист» болуыма да тура келетін еді. Өйткені өздері оқымай-ақ рухани пайда-зиянын ажырата алмаған, қазақтың ғұламалар еңбегін ата жауына санаған сот алқасы мен прокуратура, дін ісі мамандарынан надандықтың бар түрін күтуге болатынына әлдеқашан көз жеткен-ді. «Әкесін талға байлап сабағанды бірінші көруім» деген екен надандықтың шегіне жете алмаған бір пенде. Қазақтың ел билігі әке түгіл, бүкіл ата жолын соттап, өз халқын өздері қырғынға ұшыратып, қиямет сағатын, құдай лағнетіне ұшырауға себепші болғаны, жеке ел басына да құдайдың сынағы түсуіне себепші надан қауым болғаны да, тек болашақ замандарда білімнің жетілуімен, дін философиясының өркениетімен, халық санасының жаппай ашылуымен әшкере болары да хақ. Бұндай тобырлардың ел билігінің халықпен арадағы орды өздеріне қазып жатқанына әулиелер аруақтарынан «Ел билікке қараң келді» деген үкімнен осы сапарда көзім анық жетіп келді.

     Құдайдан түскен үкім бойынша қазақ әулиелерінің ел басына қойған; «Бір жыл ішінде қазақтың екі рухани байлық күнін қайтарасың, болмаса екі өкпеден ататын ажал келеді» деген аманат ескертуін де жеткізген болатынмын. Ел басы тарапынан көрегендік танытып бұл ескертуге мән беріп тарихты, тілді дамыту туралы іс-шаралары да жүре бастады. Яғни тек өз басының ғана емес надандықпен азапқа ұшырауға тиісті болған уәзірлерін, ел биліктегі атқарушыларды да азаптан, ажалдардан құтқару шарасы деп түсінген жөн. Бұл да қазақтың ата жолына, дәстүріне қауышуға деген жақсы игілік екені де сөзсіз. Бірақ ел басының жеке өз басы осындай көш басында, ақпаратта, шығармашылықта, дін істерінде жүрген атқарушы қызмет істейтін миллиондаған наданға қарсы тұрып, биліктің саясатын шамалы уақытта басқа бағытқа қарай өзгертуі де мүмкін емес. Және ол биліктегі көпшіліктің де келісімімен жалпы ұлттық дін философиясының білімінің саясаты қалыптасып, саясат жүргізуші тұтас қауымдардың да тәубаға келуімен ғана жүзеге асуы керек. Сондықтан ел басшыға тек қағаз жүзінде есеп беріп, ал іс жүзінде халық пен құдайға қарсы шараларды ұйымдастырушылар мен халықтың өзі ғана білім жолымен құдай ісіне мойынсұнумен ғана күресе білмесе, арты қайғылы оқиғалармен ғана аяқталып отырары сөзсіз.
Осындай халық алдында да әңгіме тарап, әсіресе дінге құмартқан жастардың мазаққа алып жүрген тобына жататындар прокуратура қадағалау заң орнының қызметкерлері еді. Олардың орыстың қатынынан дін туралы дәріс алғандарын жастар жағы түсіне алмай, әлі кезге дейін біздерге; «Сонда олардың дін, ислам туралы білімдері жоқ па?» деген сауалдар қояды. Және мен де Сарқанд оқиғасында бүлікшілермен күресуші заң қызметкерлерінің ақ пен қараны ажырата алмайтын, дінді тек масһаб түрінде бес парыз және намаз оқу деп білетініне көзім де жетті. Олардың сүйенгені де осы кездегі жоғарғы оқу орындағы философиялық, психологиялық құндылығын жоғалтқан оқулықтар және масһабшылардың жазған жалған пәтуа білімдеріне жүгінеді. Құдай ісі мен қазақ даналығынан, дін жетістіктерінен, жол-жоба дәстүрінен, Абай-Шәкәрім философиялық насихатынан мүлде білімдері де жоқ.
Бұл пайғамбарымыздың; « Расында, Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде-бір ғұламаны қалдырмаған кезде адамдар білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімі болмаса да пәтуа шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады.» (85-ші өсиет) Және бұндай жағдайда ел биліктегілер өздерін-өздері қорғаумен; «Сендерге дейінгі даму сатысындағы лауазымды адамдардан шыққан қылмыскерлерді жазаламай, әлсіздер мен панасыздарды ғана жауапқа тартқандықтан жойылып кетті.» (264-өсиет).

     Қазақ халқы да осы күйді кешіп, болашақта ұлттық құндылығымыз мүлде жоғалып, жойылып кетуге айналғанда құдайдың рахымы келіп, біздердей әлсіздер мен панасыздарды қорғауға әулиелерге бұйрық түсті. Бұл өсиеттің хақиқатына дәлел қазақтың руханиятына, тура жолына қастандық жасағандар дін басында, ақпарат басында, ел билікте атақ-дәрежесіне мәз-мейрам болып, өз өтіріктерін қорғауға заң шығартып, ел басшының өзінен қолдау алып отырса, ал елдің руханиятына қазақтың санасын ашуға күрескендер керісінше жазалануға, сотталуға, қудалануға ұшырағаны да хақ. Бірақ қазақ еліне сын сағаты соғылды, ендігі яғни бүгінгі жағдай мүлде бөлек, сондықтан алдыңғы жазбаларда ел билігіндегі дінде тура жолдамыз деп халықтың көзін бояушылардың рухани жағдайын жария қылып құдайдың да аманатын жеткізгенмін. Ал, енді өздерін жер тәңірдей сезініп, өздеріне ел басы сеніп тапсырған лауазымды, тақты, керісінше ел басына рухани қастандыққа, тарих алдында жалпы қазақты мазақ, надан етіп көрсетуге ат салысып жүргендер кімдер? Бұл тұрғыда біздер яғни ата жолдықтар«вахаб, салафит т.б.» дін топтары сияқты көшеге шығып, астыртын әрекеттерге барушы да емеспіз, масһаб топтары сияқты тек бес парызбен ғана шектеліп, осымен жаннатық болсыңдар деп тұтас дінді бөлшектеп, ата-баба аманатына, әулиесіне, даналарына, тарихына, аруағына қарсы қойып халықты рухани аздырушы да емеспіз, біз ислам әлемі мен жалпы әлем діндарлары да ұмытқан құдай ісін қайта қалпына келтіруші, діндер басын қосушы және ел билігі мен аруақтар арасындағы соғыстың арасындағы куәгері және құдайдың дегенін ғана жеткізуші ретінде және халықты тазаруға, сабырлық сақтап бұл жалпы қазақ жұртының басына келген қияметтік сағаттан тәубеге келгендерді құтқаруға жәрдем беруші ретінде ғана қызмет атқарамыз.
Әрбір ел биліктің әділетті заң шығару ісінің басында отырған ел тұтқасын ұстаған адам баласының рухани тазалығы жетілген, құдайдың қалаулы құлы, тақуалығы болу міндетті. Ондай болмаған жағдайда қандай да бір тәнде, ағзасында ауру белгілері болса онда ондай адам баласының психикалық (мінез-қылықтық) ауытқуы болып, ел басқару ісінде қателіктерге ұрынуы да сөзсіз. Сондықтан да ата жолына қарсы заң шығаруға және қанша құдайдан ескерту келсе де өздерін жер тәңіріндей сезініп, осындай дәстүрімізге балта шабуға арналған күрестің басында тұрған жоғарыдағы отырған мырзаларға өз ден саулықтарын дәрігерлік ғылым арқылы салыстырып көріп тәубеге келуге және аруақтың көзқарасын жеткізіп көрсек;
Дауылбаев Асхат Қайзуллаұлы
«Басы ауырады. Жүрек қан тамырлары тарылған. Сегіз көзге дейін тартылады. 3,5 омыртқа бойында сары су бар. Бауыр, өт жолдарын тазалау керек. Екі қуыққа суық тиген. Сол жақ қуықта тас бар. Қос тізеде суық, сіңірлерде түйін бар. 7 жесір, жетімнің көз жасы, наласы бар. Бәйдібек атадан кешірім сұрап өту керек. Айша ана аманаты бар. Бауыржан ата басынан кешірім сұрап зияраттау керек. 7 күнде оңдылық болады. Батырхан атты ер пенде аманат. «Аласа бойлы, қауға сақалды, шегір көзді, ақ сары түсті» нағашы атасы қолдайды. Тырысқақ ауруын жазған емші болған. Қараша айында іс қағаздан сынақ. Екі жылдық іс қағаздарына көз жүгіртуі керек. Желтоқсан айында аяқтан шалатын кәсіптестен абай болу кекрек. Тұяғының асқазаны мазалайды. Аманат ата жолына келу керек. 7 үй, 5 көлік шығыны бар. Іс қағаздан абай болу керек. Құрбандығымен 5 атадан өту керек.

Берік Имашев
«Қан қысымы бар. Жоғары. Жүрек қалқанша безде беріш біткен. Бауыр созылмалы дертке шалдыққан. Өт жолындағы сұйықтық жүрекке шапқан. Есет атаға жол, зияраттау керек. Есеп беруден абай болу керек. Іс қағаз шимайы шешілмей тұр. Ұлы, тұяғы аманат. Шаңырақта ата дәстүрін ұстап құран бағыштау керек. Шырайынан келер кедергі бар. Дінмұханбет Қонаев атаға жол. 3 күнде істері шешіледі. Атадан қалған көне шежіре бар, аманат. Ағайынға қарай қадам бас. Іссапар, кәсіпке оңдылық әкеледі. Жиренбай атаға құран бағыштау керек. 7 қайтара (Халифа Алтай аудармасы) құран оқуы керек. Сонда 7 айда кәсібінен оңдылық, көтеріледі. Жарының (жұбайы) бойын аластау керек. Тамыры безденген, жатырдан мазасызданады. Көзі ауырады. 12 айда көк қағазға (доллар) абай болу керек. Таныс-тамыр шаң қақтырады. Желбауға ие бол!.. 9 айда 5 атаға жол. Түйін шешіледі.»

      «Таспен атқанды аспен ат» деген ата жолының қағидасы осы. Біз ата жолдықтар керісінше зұлымдыққа түскендерді, ағайындарды құтқарушымыз. Бірақ аманат аттаған, тәкаппарлық жасап, құдайдан ақпарат келгеннен кейін де өз бағытынан қайтпайтындарға енді 6 жыл ішінде я арғы дүниеге өтіп, болмаса кеміс, мүгедек, барынан айырылып мойындайтындарын ғана ескертеміз. Қиямет сағаты деген осындай ақпараттың адам ақылына сыймайтын жағдайда алмасуымен ерекшеленетінін білгендеріңіз де абзал. Ал, дін бүлікшілерімен тек білім арқылы дін үлгісі арқылы ғана күресіп жазалау арқылы емес, құдайға ұсыну арқылы ғана орындайтын үлгісін ел билікке біздерден, ата жолынан, әулие, даналар аруағынан ғана үйренуге тура келетіні сөзсіз. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *