III-Жастарға; Жындылық мінез

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 159

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
………… …….. ………
Арамдыққа осы жұрт жүр ұмсынып,
Аздап бері тым кетті құдай ұрып.
Білмегені білгеннің тілін алмай,
Бәрі бірдей шулайды иттей үріп.

Бір күн біреу жалғанмен жүр құтылып,
Біреу жүр айламен үзіп-жұлып,
Ертең көрсең, екеуі қолға түсіп,
Кескектеген түлкідей тұр құтылып.

Арамдықтан шығады кім сытылып?
Бір желіксе, кетеді тым құтырып,
«Жығылған жан күреске тоймас» деген,
Қарта ойнаған кісідей күнде ұмтылып.

Абай жүр соны мазақ өлең қылып,
Біреуі ұғар ма деп көзі ашылып,
Бізге де біразырақ айтқаны бар,
Құр қылжақтай берме деп босқа күліп.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Жында жын, пендеде бар жындылық,
Жынсыз өмір болмайды жерде тірлік.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Адам мен Хау анадан қалды қуат жындық.

Жалғандықпен жүруді де жындылық,
Сөз айтады жынды пенде ойсыз бұзық.
Бірің- жын, бірің- шайтан мінез қулық,
Екі естілік әр пендеде болар қылық.

Мұндайлар қазақта көп құмарпаздық,
Желігіп құтырған иттей ел азғырып.
Атыңды қазақшалап, таңбаңды өзгерт дейді,
Ғылымсыз ой жорумен, құдай ұрып.

Сөз түзелді, сен де түзел ғылым біліп,
Тыңдайтын зиялы бар ма жын-қыры сынып.
Аманатын Абайдың сыртын алып, ішін көрмей,
Түсіндірер жын-шайтандай ойын бұзып.
(Б.Т.К)
**** ****
………… …………. ………….
Тым тура айтыпты сұғындырып,
Білгенге үйретіпті ұғындырып.
Көріп тұрған мінезді жасырсын ба?
Әркімге-ақ кеткен екен жұғындырып.

Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп,
Алсын деп керектісін өзі теріп.
Шиқанымды езгендей шықты жаным,
Айтқанда естігендер ұғып келіп…..
…………… ………….. ………
Үлкендер ұмтылмайды ұғайын деп,
Мен-дағы бұл қылықтан шығайын деп.
Айтқан сайын аяғын кер басады,
Құлағына мақтаны тығайын деп.
(Шәкәрім әулие)
**** ****
Жетелік ақыл толар дәстүр біліп,
Санаға есік ашар ұстап ғұрып.
Ұжданын мұндай өсіре алмай,
Ар, ұятсыз санаға салар құлып.

Жүрек көзі жабылған кебін үзік,
Кебінсіз кебенек болмас, дене түзіп.
Ақ жаулық, деннен саулық жоғалғанды,
Суық ми, сасық тәнің шайтан болып.

Төменгі сана етектіден, киізден қазық,
Жер анадан табанымен хабар алып,
Көктегі жолдарға тақуа ер жалғанады,
Бөрікті бас, жоғарғы сана үйі жаннат барып.

Абай-Шәкәрім, Ясауи баба ізіне еріп,
Жан ғылымы, дәстүрден сабақ беріп,
Қалдырған түркі дінін аманаттап,
Тура жолдың хикметтерін санмен тізіп.

Бар ма есті ар-намысты болайын деп,
Әділетпен, ақ жүректі текті болайын деп,
Таза ақылдан құдай ісінен жоба алып,
Исламның бірлігіне қызмет қылайын деп.
(Б.Т.К)
***** *****
Құмары-қулықпен жығайын деп,
Айламен аялыма бұғайын деп,-
Бәрі ішінен қанжарын байланып жүр,
Көрінгеннің көзіне сұғайын деп.

Халалға ойламайды шыдаймын деп,
Арамның түбі болар уайым деп.
Күнде жау боп, күрілдеп, жұлысады,
Тек отырған бір жан жоқ құдайым деп.

Байладым белді бекем буайын деп,
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп махрұм қалмас,
Адамдық ғылым жолын қуайын деп.
(Шәкәрім әулие)
******** *******

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *