III-Жын, шайтан, мал қуаттары және қиямет сағатындағы қылықтар  

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 130

     

     Жын туралы оның ғылымдық сипаты ата жолы жазбаларында арнаулы №7–кітап түрінде баяндалды. Жалпы адамзаттың ақирет өмірімен түп негізге жалғануға деген әрбір ұлттың, үмметтің жібі бар. Бұл жіпті аталармыз; «Ала жіпті аттаған оңбас» деп атаған. Енді мұны қазіргі таңдағы білімге айналдыратын болсақ, біздердің жындық қуатымыз; Жын-анықтаушы, алушы, іс-амалға жаратушы болып, «Днк»-лық жағдайымызды білдіреді. Ал сезімдік, саналық қуатымыз; «Рнк»-лық (саналық, ділдік) сипатымызды білдіріп, осы екеуін қатар меңгеруді «Алланың жібі» деп атаймыз. Бұл ұғымдар енді көптеген білімді қоғамның өкілдеріне жүрегіне сіңіп түсінікті ұғым болуы да қиын шаруа. Себебі дінші, масһабшы, парызшылардан бастап, филсофия, психология саласында бұл білімді бір жақты діндік ақпаратқа және ертегіге айналдырып, ібілістің жүректерге қарсылық болып енуінен енді жынды кім, жынсыз кім мұны ұғынудың да философиялық, сөз ұғымдық мағынасын жоғалтып алғанбыз. Және қазіргі ақылы толмаған қырыққа келмеген білімсіз, білімді қауым өкілдерінің барлығы дерлік ақыл қуатының толмауына даналық көздерінің жетімсіздігіне де байланысты жынсыз таза кісілігі болуы да биологиялық, рухани тұрғыда да мүмкін емес. Бірақ Раббымыздың ескертуі бойынша; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, қырыққа келгенде ақыл толады» деген аяттың ғылымына жүгінсек; негізінен 49-жастан бастап қандайда бір ержеткен адам баласының кісілігі әйелзаттарында кемпірлігі қалыптасуы керекті. Бұл жағдай әрине ата салт-дәстүрін толық ұстанып, рухани тұрғыда тақуалықты меңгерумен де байланысты екені де сөзсіз. Енді жын қуатының рухани жағдайы да шайтандық сезімдік, әйелдік қуат-гормондамен байланысты болып, мұның да 19 сатысы бар екенін №7-ші кітапта баяндап дәлелдер бердік. Сондықтан бұған тоқталмай Жын-сүресінің негізінен 72-санды періштелік өлшеммен және ішкі мәні 28-санды аятпен беріліп екеуінің қосындысынан; 100-санды ілімнің көзі, діл мен діннің сапасы мен жалпы қуаты шығатынын да білген жөн.
Олай болса, жын сүресінің 6-шы және 24-ші аятының арасы; 19 санын беріп, осы екі аралықтағы аяттардың қандайда бір адам баласының жындылық мінезінің, әрекетінің көрінісі пайда болады. Ал қалған (28-19) 9-аяттың мәнімен жандық сипаттың маңызын, яғни РНК-лық бейнемен бірігуі, яғни жібтің сипаты да шығады. Мұхаммед пайғамбарымыз 40-қа келіп пайғамбарлық дәреже бойынша ақылы толып, кісілікті меңгерумен байланысты құранның уахи болып оқылуымен жын қуатының тазалығына байланысты «Онда жын жоқ, білмедіңдер ме?» деп ескерткен Раббымыз. Бірақ құран аяттарының философиялық маңызын зерттемеген парызшы, дінші ғалымдарымыз жын- деген адамзаттын тыс, яғни намаз оқығанның бәрі кісі, қанатты періштеге айналады деген тажалдық ұғымды халықтың жүрегіне әбден сіңіріп шайтанның еркіне ақылдарын байлап бергендіктен, енді адамзаттың 3-тен бір дәрежесі жын десе қаралай шошып қашатын болдық. Бірақ сондай жынның, яғни жындының өзі екенімізді аңғарудан да қалдық. Жын толық тазармаған жағдайда, иман да әлсіз болып және жынымызды шайтан азғырып, біз көп жағдайда арқамыз қозып, аяқ астынан ашуланып, көтеріліп, аруақтанып яғни жынданып немесе ойланбай иманға жүгінбей сөйлеуден сол иманымызды таусып алып, оны қайта жинап және жоғалтып өмір бойы өзімізді-өзіміз тани алмай арпалыспен, жындылықпен күн кешеміз. Мұндай жағдайда жүрген жоғарғы дәрежелі ел басшылары да, ғалымдар да жалпы зиялы қауым өкілдері де 90-пайызды құрайды десек жалған емес. Сонымен бірге біз бағзы замандарда дін-жанын, ділін, қанын тазарта алмай түрлі соғыстарды, қиындықтарды бастан кешкен өз ұлтымыздың ата-аналарымызбен бірге, осы жерде жатқан немесе өзге елден желмен, тамақпен саяхатқа, қонаққа келген адамдарға еріп келген біздерге қалдырып кеткен жындарымен және оның белгілі бір дәрежеде шайтандық қуаттық шамаларымен бірге жүктелеміз. Мұны негізінен нәсілдер деп атап бұндай нәсілдік сипаттардың да 5 түрі болып, бұл туралы да №7-ші кітап бетінде баяндап өттік. Осы нәсілдерге түрлі ұлттар негізінде өмірден өткен, жоғалған барлық адамзаттың жындық, шайтандық, жан-адамдық көлеңкелерінің өзара араласуымен біздер мұны еріксіз түрде немесе рухани азық түрінде де жүктеліп және сол нәсілдердің яғни жындардың ісін, қылығын біз де еріксіз қайталауға мәжбүр боламыз. Осындай тұрғыда әр елдің салт-дәстүрі, тіл, сөз ерекшелігімен мұндай рухани қуаттарды ұлттық негізге бейнелеп жанды да өсіреміз. Міне Раббымыздың да; «Сендерді ұлттарға, руларға бөлдім, тілдерінің, түстеріңнің ерекшелігімен бір-біріңмен жақсылыққа жарысыңдар» деген аяттың философиялық ұғымында терең ғылымдық маңыз бар екені де хақ.
Сонымен жалпы адамзатқа меңгеруге тиісті 19 санды қуаттарды періштелерді жіктейтін болсақ мұның 11 сандық мәнін; Бір-дегенміз білеу; Білім; Екі –дегеніміз егеу; еске алу. Үш –дегеніміз үстік; Үндік қасиет. Төрт-дегеніміз төстік; Қол өнер; Бес-дегеніміз бесік; Тербеліс (неке қатынасы, бала);Алты-дегенміз асық;-Қадам, адымдау (аяқтың тазалығы); Жеті-дегенміз желке; Қасиет; Сегіз-дегеніміз серке; Шеберлік; Тоғыз-дегенміз торқа; Түйін шешу; Он-дегеніміз оймақ; Орта қоғам, Он бір-дегеніміз; Қара жұмбақ болып бұл 10-санды белгінің барлығы адамзат тәнінің он бөліке бөлінген өрістік ағысының белгілі тәндердің жұмысына тазалығына байланысты болмақ. Ал енді он бір санды қара жұмбақтың шешімін жын қуатының адам ағзасындағы 8 түрлі орындарының және сыртқы боймен толық байланумен тоғызыншы белгі кісілікпен тұрақтауын білдіреді. Және 11 санды қандағы жұлдызшалар да осы берілген жағдайға байланысты жарыққа айналумен, қан тазалығының көрсеткіші; сана-сезімнің, ақылдың аңғарымпаздығының қабілетінің жетістігі болмақ. Сонымен енді алдыңғы жазбаларда баяндалғандай 8 жын ошағының жағдайлары; 1-Мимен; 2-Құлақпен;3-Көзбен; 4-Ауызбен; 5-Асқазанмен; 6-Алақанмен; 7-Бүйрекпен; 8-Табанмен байланысты болашақта осы орындардың тазалығына байланысты адамзаттың сыртқы бой өрісі-аурасының да шамасымен анықтауға болатын білімдік, өлшемдік жағдайы да мәлім болары да хақ. Сонымен бұл 19 санды қуаттардың тазармауынан жүректің де тазалығы болмай, жүрек көздерінің мөрленуі және адам баласының жындылығы да жүрекпен тікелей қатысты болмақ. Жалпы діндегі тақуалық, сопылық және адамзаттың ақыл-парасаттылық даналықты меңгерудің сыры да осындай барлық рухани қуатты бірлеумен және «Бір» кісілік дәрежеге айналдырумен, тұлға болып қалыптасуымен байланысты екені де даусыз. Мұндай бірді меңгеруді Абай атамыздың насихаты бойынша «Единицаға» айналудың да қазақта өз жолы әдебі, болып; Төре, қожа, текті ұғымдары насырлық белгі болып табылады. Осындай дәрежені Ақ арыс, Бекарыс, Жанарыс деп те қасиеттік сипаттармен атаған. Негізінен арыстық қабілет алтау болып; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылдың да астарын түрлі жағдаймен байланыстырып түсіндіруге болады. Осындай алтыншы жағдайды меңгере алмаған бүгінгі қазатың даналық, рухани сипатымен негізінен біздер; алтауымыз араз – жынды елдердің тобына жатамыз. Сондықтан да қазақ еліне сын сағаты соғылып түрлі апаттардың, ажалға себепті індет аурулардың да жиілеп жатқаны ақ пен қараның теңсіздігінен туындайды. Егер үлкендер қауымы жындылықтан жартылай болса да аман болса онда мұндай қияметтік жағдайға душар да болмас едік.
Жындылықтың негізгі белгісі бұл біздің имандық яғни ұғымдық, ақыл-парасатымыздың тұрақтылығымен байланысты екені де даусыз. Осы тұрғыда ел басшымыздан бастап; «Ел билік діннен бөлек» деген ұғымсыз құранға, жаратушы үкіміне ашық қарсылықты, бүкіл қоғамның мүшелері және дін ғалымдарының өзі мұны қалыпты жағдайда қабылдауына біздердің жындылықтарымызға және ең төменгі дәрежемізге бұл сәйкес келмек. Сонымен бірге зиялы қауым өкілдерінің; «Сөздің бәрін араптан, парсылардан алғанбыз» деген имансыздық пәтуалары да бұл жағдайды онан әрі қарай тереңдетіп философия мектебінің мүлде жоғалуына жүздеген мысалдармен дәлелдер келтіріп кітаптар халыққа, зиялы қауым өкілдеріне де таратылғанмен бұған шыбын шаққан құрлы да мән бермеуі жындылықтан да бетер шайтанның жамағатына, тажалдың ықпалына түсіп, ақылымызды жоғалтып тек білімге негізделген парасаттылықпен ғана өмір кешіп жатқан ел екендігімізге де дәлел болатыны да сөзсіз. Егер зиялы қауым, ел биліктің ішінде таза мұсылман жындарымен ғана шайтандық қуаттары таза болса мұдай жағдайға жібермес те еді. Сонымен енді мұндай жағдайда дін басшы ғалымдарымыздың сөзі қарапайым ұғымда құран аяттармен ашық берілген; иман мен сенімнің, пайғамбарлық пен елшіліктің, рух пен жанның мәнісін, өлшемдерін дайын философиялық тұрғыда баяндалған берідегі ең жақын ұғымдық дәрежедегі Абай-Шәкәрім әулиелердің даналықтарын да меңгермек түгіл мойынсұнбаудың өзі, осындай біздердің сенген зиялы қауым мен ел билік өкілдерінің жүректері жабылып иманнан хабар, белгі алудан мүлде ажырап қалғандарын да білдіреді. Мұндай жағдайда исалам өркениетінің қазығы Ясауи бабамыздың сандық дәрежедегі философиялық насихат баяндарын ұғынуды әңгіме қылудың да маңызы жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған тажалдар иманның негізі деп сенімді ғана қалыптастыратын рухани жағдаймен байланысты ескі білімді, шариғатты немесе түрлі дін ұстанымдағы сопылық жетілмеген білімдерді жан ғылымы деп меңгеруге ықпал жасап, біртұтас ұлтты бөлшектеумен ғана айналысып мұсылман, тақуамын деген қауымның өзін өзара араздасуға апарып соқтырады.
Енді үлкендік жасқа жеткендердің арасынан 10 пайыз болса да тұлғалық бірлік ақылдың, даналықтың бұлағына жалғана алмаған жағдайда, жастардың мүлде масқа айналып, үлкендердің жағасынан алып, ақыл айтып тіптен ел билікке кез-келген қатын да ақыл айтуға, сынауға мүмкіндігі болуын қалыпты жағдай деп түсіну керек. Мұндай бұқаралық ұжымдық ақылдың алуан түрлілігін қалыптастырып және жоғарғы ақылдан үлгісі жоқ елдер өзара алауыздықта және үнемі жанжал дау-дамаймен партиялар құрып билік ауыстырумен, болмаса күштеп тартып алумен айналысып кетуі де қалыпты жағдай. Мұндай жағдайдың көрінісі; арап елдері мен көрші елдер және әлемдегі көптеген елдер осындай бүліншілікке ұшырап жатқаны да жындылықтарынан пайда болғаны да хақ. Қазақ елінде де мұндай жағдайдың ушығып тұрғаны да бар, бірақ негізгі кәпір жындылар мен жынын мұсылмандыққа дейін тәрбилей білгендердің үлес салмағы бөлек болғандықтан және қазақ ата жолы дәстүрінің көп жылдар бойы халықты тазаруға, рухани ақталуға шақырып әулиелерге кітабына жалғанудан және бұл амалдың, әрекет шүкірліктің ел билік, масһабшы, діншілер тарапынан қудаланып жатқанымен әлі кезге дейін жалғасып келе жатқаны да себеп болып, мұндай қара қуатты пенделер күш ала алмай, артынан көп топты ерте алмай тек баспасөз беттерінде немесе көшеге аз ғана топтармен жастарды алдап ертіп арандатумен ғана шектеліп жатыр.
Бірақ бұл жағдайдан олардың өсіп, көбейе алмайды деген пәтуалардан да абай болу керек. Себебі кешегі өткен европа-азиялық одақты құру кезінде мұндай қара қуатты жынды қауымның естен айырылуы әрекеттері мен жынданулары болып өздерінің аузына келгенін құсып, құдайға да құран кітаптарына да, аруақ арқылы беріліп жатқан ескертулерге де ашық қарсылық білдіргендері мәлім болып, сайттарда жеке баспасөздерде жарияланып жатты да. Егер үш елдің өзара бірлігін құрудың дін тұрғынан философиялық түрде бағалайтын болсақ; Бұл исламның негізгі қағидасы, ұстамы болып саналады. Егер халықтар өзара бірігуден қашып, бас араздықтарын, ескі кектерін ұмытпай бөлек-бөлек саясат ұстанатын болса, онда ғылымда, өндірісте және рухани тұрғыдағы қуаттардың өзара қозғалысы, араласуы мен өсіп-өнуде, жанның жетілуінде де дағдарысқа, тоқырауға ұшырайды. Осындай жағдайларда құдайдың тарапынан міндеті түрде сынақтар болып, өзара мұндай тәккаппар мемлекеттер соғысуы мен ішкі ел ішіндегі соғыстарға да, қан төгуге де себепші болады. Қандай бір дәрежедегі соғыстың да ғылымға, өнерді өркендетуге, рухани жетілдіруге, нәсілдердің араласуына, әлсіз ұлттың жоғалып, рухы күшті ұйымшыл ұлттардың әрі қарай өркендеуін қалыптастыру міндетті болмақ. Осы тұрғыда кезінде жібек жолымен өзара ақпараттық өнер, ғылым алмасуымен дінде жетістіктерге жетумен маңызды болып, ал бұл әрекеттер кейбір билеушілер тарапынан озбырлықпен тосқауыл қойғанда арты соғысқа бірін-бірі құлдап, өз елінің өркениетті мәдениетінің аясын кеңітуга апарып соқтырған.
Әлемдегі болып жатқан мұндай жаһандық дағдарыстан шығудың ең төте жолы өзара бірлікте ғылым, өнер, өндіріс және дінді жетілдірумен жанды шынықтырумен халықтардың өзара сауда-саттықтарын жандандырып өндірістік, білімдік тәжірибе алмасуымен ғана аман өтуге болатын үш ел басшылары көрегендік жасап, құдайдың түсіріп жатқан көптеген сынақтарын да тоқтатуға да себеп болғаны да хақ. Бірақ мұны қысқа ақылмен білімге ғана байланған жындылар қауымы аңғаруы да, болжауы да мүмкін емес. Себебі жындардың өзара ақпараттық байланысы бойынша мұндай жағдайда діни тұрғыда да рухани қарсылықтырдың да ішкі жандық қуаттардың алмасуларының да өрістейтіні де сөзсіз. Мұнан енді шайтандарға да қауіпті жағдай болып, өзара қосылып алған жын-шайтандылардың қорқыныштарын туғызып даурығып жатқандар ел басына лағнет айтып жатқандар да бір жағынан біздер үшін өте пайдалы. Яғни, бұлар көп ұзамай осындай әрекеттеріне, сөздеріне де жауап алып; Құдайдың лағнет үкімі мен аруақтардың қарғысына ұшырап күнәлі рухтары жындары мен шайтандарының арасы ажырап, яғни рух-жыны өліп, қайта тірілудің алдындағы жанталастары да болмақ. Бірақ мұндай екі жүзді имансыз қауымды құдай өзі жазалап реттейді деп қамсыз да отыра да беруге болмайды. Бұндай бейтараптықты сезген жын-шайтандар некесіз, шеріктік өзара байланысын үзбеу үшін де тажалдық білімді енді жетіліп келе жатқан жастардың санасына құйып және мұны масһаб дін уағыздарының іс-әрекеттерінің адам еркін, ақылын тежеуге арналған намаздарының да көмегімен атқарып жатқанын білу де керек. Сонымен оның қандай себеп белгілерін, көрінісін, бейнелену түрлерін, әрекеттерін аңғаруды және мұндай жындылардың тобының айқын белгілерін сатыларын да айқындау білімін білген де жөн…(жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *