Иман — түсінік, сана — рух егіні.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 58

       Көп қалалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді: -Бір дихан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Көктеп шыққаннан кейін ылғал жетпегендіктен қурап қалады. Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар өсіп, жүз еседен өнім береді.-Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: -Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!-деді.Сонда шәкірттері Исадан:-Бұл астарлы әңгіменің мағынасы қалай?-деп сұрады. Иса оларға былай деді: —Құдай өз патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқалар көріп тұрса да шынымен көрмесін, естіп тұрса да түсінбесін деп, оларға осы құпиялар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Ал әңгіменің мағынасы мынадай: Тұқым Құдайдың Ізгі хабарын білдіреді. Жол бойына түскендер Ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді: оларға әзәзіл шайтан келіп, сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректеріне қонған сөздерді ұрлап алып кетеді. Ал тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана өнеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезінде сенімдерінен безіп кетеді. Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді: адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап, абыржып, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып өнімі пісіп үлгермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым мынаны белгілейді: бірсыпыра адам Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі, таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.» (Лұқадан 8-тарау).

       Абай-Шәкәрім аталарымыздың «Бәйшешек бақшасын» өсіру, яғни дін білімін жетілдіру дегеніміздің астарлы сырын осы әңгімеден байқауға болады. Және рухани өмірдің адам тәніне рух хабарының ұйқы кезінде, жанмен бірге дәні де себілетінін, сол дәндердің қалай иман егіндігі болып өнім беретінінін, түрлі себептерін баяндайды. Және мұндай рухани егінді өсірудің де төрт түрлі себептерден тұрып, арнаулы сынақтардың да бар екенін ескертеді де, аталарымыздың; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген нақылы осы әңгіменің, құпия рухтың сыры болып шығады. Сонымен бұл әңгімеден қазіргі діндегі рухани жетілудің маңызы да және әлемдегі халықтардың түсінік қабілеті де; бірінші есту қабілеттеріне тәуелділікте болып, яғни жермен байланыстылықта, ішкен жеген тамағымен, қаншалықты тәндерін арамдамай, ішкі құрылыстарын таза сақтай алғандығына, ал естіген сөздерді сіңіру сөз ғылымын қаншалықты меңгеруге, тілге тәуелді екен. Олай болса, мен өзім қандай бөтен тілді меңгеріп, білімімді жетілдіргенмен, ана тіліндегі сөз қорым тапшы болып немесе қаншалықты сөздерді меңгергенімен, оның сөз астарларын нақты қандай қуатты сипаттайтынын, негізгі болмысын, тарихын біліп илана алмасам, ол аят туралы түсінігім шала болады екен. Демек тілі бір, бірақ сөз түсіну қабілетінің ерекшелігімен 8 түрлі түсінік белгісі шығады.  Олай болса, бір қазақ бар қазақты 8 түрлі көріністе түсінеді екенбіз. Оған енді құранда, аяттарда ескерткен 9 түрлі бұзықтығымызбен көбейтсек; 72 топқа бөлініп шыға келеміз. Осыдан барып, елдегі 72 түрлі көзқарастың, келіспеушілік тартыстың, саяси партиялардың тізімдері шығады. Әулиелеріміздің,  сөз данышпандары билеріміздің толық басқаруында болған замандарда мамыражай тіршілік кешіп, алтын ғасырды бастан өткізген замандар қазақ елінде болғаны ақиқат. Өйткені ол кезде өлімнен ұят күшті болып, бір сөзге тоқтап, бір сөзбен әкесін өлтіргенді де кешіре білетін, ақылдың тазасын меңгерген уақыттар еді. Өйткені, әулие бабаларымыз киелі кітаптардың астарлы сөздерін қарапайым тілмен халыққа ұқтырып, сөз нұрының жарығын елге жеткізе  білді. Өйткені сөздің құдіретті көрінісін көрсететін, оңай жүрекке иман қылып ұялататын жаратқанның сыйы, «мұғжизалар», ерекше хикметті істері бар еді. Ал қазіргі әулилер санатында жүрген діни сауаттылар мен хазірет, шейхтарымыз қандай? Ондай аталарымыздай толық иманы бар болса, нұры (шамы) да біріне-бірі ұқсамайтын керемет істері де болу керек. Оны иманның шарты, нақты көрінісі деп түсінгеніміз абзал.  «Ешкім шам жаққан соң, оны ыдысымен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, үйге кіргендерге жарығы түсу үшін шам қойғышқа қояды. Себебі мәлім болмайтын ешбір сыр, жарыққа шығып жария болмайтын ешбір құпия жоқ.» ( Л; 8-тарау). Кімде, жүрегінде иманы болса, онда шамы да болып, ол жан-жағына жарығын түсіріп және жарықпен бірге құпия сыр, білімнің болатынын ескертеді.

       Қазіргі таңдағы ислам дінінде қалыптасқан; «иман келтірдім» деп өзін-өзі ақтаушылар, осындай шамымды жақтым, құпия білімін алдым деген белгіні білдіреді. Шындығында бүкіл масхаб діншілерінің ішінде шамы бар, жарығынан жол тауып, нығметке бөленіп жатқандарыңыз, нағыз әулиеріңіз араларыңызда бар ма? Ойланыңыздар! Ал кімде ондай жағдай болса; «Сондықтан қалай тыңдағандарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады,-деді Иса.» (Л; 18; 8-тарау) Яғни кімнің жүрегінде батаны, ата-баба аманаттарын түсініп, тыңдай білген қышадай болса да иман дәні болса ғана, оған жарық беріліп, ал жоқ болса керісінше қараңғылыққа түсетіні де хақ. Бұл насихаттан Әл-Фараби атамыздың; «Ғылымды меңгергің келсе, әуелі білмеймін деген ғылымды меңгер» деген астарлы өсиеті шығады. Егер мен бір нәрсені жетік білдім, менен артық білгіш жоқ десем, онда сол білгенім алынып, надандықтың құлдығына түсіп, түбінде күнәкар атанады екенмін. Егер менің мына білгенім, үйренгенім жеткіліксіз, әлде де білсем, бір сөз болса да, баладан болса да алсам деп ізденіп, сұрап, жаратқанның алдында мүлде білімсіз екенімді оңашада мойындап, жалбарынсам тағы сол білгенімдей шамада ғана беріп отырады екен. Онда неге өмір бойы әлі біліп болғаным жоқ деп алақанымды жайып, жаратқанға жалбарынып өтпейміз?  Осы тағлымнан енді біздің масһаб ғалымдарымыздың құран насихатын тек арапшадан ғана оқып араптардың дәрежесінде ғана тылсым, ақирет өмірін білу керек деген, сонымен бірге олардың иманындай ғана нұр жинау үшін арап еліне ғана «Ғұмыра хаж», тағдырларына жалғануды дәріптейтін, ал одан жоғары иманның 70 бұтақты білімін қалыптастырған дана әулие бабаларымызға зияраттауды; «Серік қосу» деп атаған себебін де түсінуге болады. Сондықтан да енді; «діни сауаттымын, тек мен білемін, қазақта әулиелер де адасқан екен, қазақ елі тек ислам келгеннен кейін ғана дінге келген» дегендер мейлі солай жүре берсін, кел бауырым, әрі қарай білмейтін өмірдің құпиясына, құранның қазақша ғалым атамыз аударып берген нұсқасы арқылы Раббымыздың үкімдерін, насихаттарын жадымызға тоқып, жүректерімізге зерделеп, ұйқы кезінде «кеңшілік өміріне» бірге сапар шегіп, жаратқаннан тікелей сұрап көрейік. Осындай жағдайдалармен бір кітапқа жүгініп, біртұтас қазақ тілінде ойымызды, сөзімізді біріктірсек,  орындайтын сәз\ждеміз де бір болып, әлде де иманның нұрын молырақ алмаймыз ба? Онда ортақ сәждеміз қандай болу керек?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *