Қасиетін былғап жеріңнің,
Аманатын тастап елінің
Адамдық кетті биліктен,
Пәтуасы болмай сөзінің.
Өсетін жерден нәсілің,
Қазақтың үні шөбінің.
Жәндіктер түгел мақұлық,
Қуаты қазақ тегінің.
Бағасы бүгін жеріңнің,
Дүниемен байлық өнімің.
Анасын сатқан зұлымдар,
Азабын білмей көрінің.
Қасиеті кетті дініңнің,
Ашылмай жүрек көзінің.
Алым болды жастарың,
Бес қуатқа байлап сезімін.
Қасиетті кетті елімнің,
Жоғалтып алды төзімін.
Жамандығын өзінің,
Байлықтан көріп кемісін.
Сатып жүр жатқа жетімін,
Тастаған босқа жесірін.
«Гендірлік теңдік» салтынан
Арсыздық әдеб жемісің.
Әділдік, қанағат тезінің,
Ар, иманды тегінің.
Заманаға күйлеген
Жоғалтып жанын елінің.
Шайтанға беріп көңілін,
Тыңдауға үнін сезімнің.
Ібілістің болды ұрпағы,
Бүгінгі таңда билігің.
Құдайдың берген несібін,
Аманаты баба дәстүрін
Мазақ қылған діншілер,
Алланың көркем есімін.
Аштырмай қыз гүлінің,
Жетілмей қуат бойының.
Сұқтандырған жындарға,
Көрсетіп әурет тесігін.
Жыны мен неке перінің,
Қысқартып отау өмірін.
Нәпсімен ғана қосылған,
Жынды-мас жасы елімнің.
Қадірі жоқ қазақ тілінің,
Қасиетті кеткен ділінің.
Ар ұятты сақталмай,
Хайуандай болды өлімің!
Қорқыту болды білімің,
Жоғалтып діннің сенімін.
Әулиелі жерден ат үркер,
Хайуандай болды көңілің!
Қорқыныш киім кебінің,
Салты деп арап елінің.
Суық ми, сасық басыңнан,
Қасиеті өлді тегіңнің!
Раббыдан түскен белгінің,
Қияметпен ажал, өлімнің.
Аруағың түгел назданып,
Кигізбек азап кебінін!
Ашылса жүрек көзінің,
Өмір мен жаратылыс тегінің.
Ұжданды арлы болғаның,
Меңгермек Раббы білімін.
(Қараша 2016 жыл)
*** ****