Мәңгіліктің жобасы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 169

Мәңгілік қазақ ел дейді,

Алты жаны деген өлмейді.

Тозақтық болмай барша жан,

Жанатпен өмір тең дейді.

Дүниемен байлық өлшейді,

Ұқсасақ отыз ел дейді.

Үш тілмен ғылым меңгеріп,

Біліммен мәңгі ел дейді.

Естілер бұған сенбейді,

Дәстүрмен елің жүрмейді.

Масһабпен дін ұстанған,

Батасыз қалған ел дейді.

Аруағы әулие өлмейді,

Алланың өзі қол дейді.

Терістеген құран аятын,

Дажал дінші мұны білмейді.

Кебінін дінші жөндейді,

Бес парызбен сыртын түзейді.

Кебенектен сауыт кимесең,

Қайта оралып жаның келмейді.

Мәңгілік ұждан өнбейді,

Құдайсыз күнәң өлмейді

Жол-жоба аян алмасаң,

Иман кісі жанға келмейді.

Тазартсаң шайтан жан дейді,

Алты ауыздан жаның көбейді.

Жеті жаннан аруақ өсірмей,

Шайтанды әлде жын дейді.

Ұзақ жыл жындар өлмейді,

Ұлтына қайта келмейді.

Бүгінгі арсыз қазақ боп,

Нәсілі  қайта өнбейді.

Наданы көп ел сенбейді,

Әулиені деген сөйлейді.

Аруақтар шырылдап,

Сонда қазақ сенбейді!

Қалайша елің өлмейді?

Дәстүрімен ешкім жүрмейді.

Екі жүзді дін, салтың бар,

Құдайдан жоба білмейді?

Сен енді сенбе деп мейлі,

Алдыңда тұр көр дейді.

Мизаны қиямет тартылды,

Ажалың айтып келмейді!

«Қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *