Иманың күші-Адамдықта(120)

Бөлім: Зікір өлеңдер 105

Дән егіліп жүрекке,

Иман боп өніп өскені.

Қосылған қуат қан текке,

Егіні құдай сепкені.

Адамшылық қасиет,

Өнім жеміс бергені.

Жүк артылып адамға,

Аманат болып түскені.

Нәзірінен Алланың,

Үлесін алып бергені.

Ақыл менен парасат,

Суғаратын еккенді.

Су тәрізді тазартып,

Бұлақ сынды мекені.

88 себепке таралған,

Дән-нұрының киесі.

Үш жүз он үш буынға,

Дем беретін иесі.

Тосан тоғыз пәледен,

Тұрғызар қорған бересі.

Адамдықпен Аллаға,

Бұрғызар толық ниетті.

Келтірдім деп иманды,

Салма дінмен бөгетті.

Ғылымды текпен жалғантып,

Тазарта біл жүректі.

Ойпатын жердің аралап,

Тағдырға алып себепті.

Құдайдан жол-жобасын,

Аянмен, уахи бермекті.

Тоғыз төре төбеден,

Ілімнің сырын білмекті.

Сәулесі түсіп көгіңнен,

Жұлдыздан келтір керекті.

Қырқыңды қожа асырып,

Ғылымнан өсір дәнекті.

Адамдықтың қадірімен,

Иманнан қуат келмекті!

Келтірдім деген иманды,

Болады сонда дәйекті!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *