Интеллект немесе діннің үш сапасы, естілік туралы.

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 129

Енді әрбір пенденің ниетінің шамасы арманы арқылы айқын көрінісін береді. Ниет дегеніміз арманның қажетіне қарай пайда болатын ойдың бейнесін береді. Ал сенім жүрек арқылы әрекет етуші ерік күшін қалыптастыратын, ой қабілетін басқаратын қуаттар шамасын көрсетеді. Ниет пен сенімнің әрекетінен ұждан пайда болып, ал ұждан адам баласының тәрбиесімен, саналылығының толық бейнесін береді. Сондықтан аталарымыз; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп; «Жетесізге жеті айтсаң да білмейді, санасызға сан айтсаң да білмейді» деп осы жан ғылымының қарапайым сырын нахылға айналдыра білген. Жетенің де сандық мәні және тәндегі орны болып, сенім қуатымен ерекшелігі болатынын да естен шығармаңыз және сана қанға байланысты қалыптасатынын да ұмытпаңыз. Осыдан барып енді орыс тіліне христиан халқына да түсінікті болу үшін Қазақша «Ес» ұғымы осы иман қуатының алғашқы мұсылмандық бейнесін береді. Иман дегеніміздің ірге тасы-«Ес» болып, негізінен інжіл құндылықтарында адам баласының оң жағы мен 18 ғаламға байланысты қалыптасатын  парасаттылық, бекзаттық болып екі бейнесін береді де, ақирет білімі жан сыры болған сол жақтан келетін қуаттарды аруақтық негіздерді, адамзат «Ар», «Манын» яғни «Меч»-«Та»-сын толық қамти алмайды.

Бұл жерде «Меч»-Аруақ қуаты, ал «Та»-көркем есімдер, яғни «Аттардың» көкке шығумен «Та» болып қуаттық есімдерге айналуымен және жаратушымыздың сегіз сипаттарын, малдық қуаттарды меңгеруді көрсетіп тұр.  Ал ес дегеніміз; орыс тілінен және әлемдік діндегі құдайлар сипатын көрсететін «Та» (Ат)-Ес болып шығады. Сондықтан Сүлеймен пайғамбарымызға жүйрік аттарды әкеліп сынағанын және «Мен аттарды, яғни адам баласының ой көлігі жындық қуаттарды, шеріктерді жақсы көремін!» деген сөзінен кейін басы, аяғы жоқ денені тағының үстіне қойып көрсеткенін шешкен де бірде-бір масхабтық дін ғалымын кездестіре алмайсыз. Сондықтан ес денемен байланысты болып, құранда бой ұсынушы деп атаған. Тек бой ұсынып, намаздарын оқып, арап салтымен тақуа болғысы келгендерге Сүлеймен пайғамбарға ескерткендей аятты астарлы түрде баяндап кеткен.

Әрбір пенденің малдық қуаттары осындай жүйрік сәйгүліктерге айналып тылсымнан аян, уахиларды жеткізуші көлік болып, осы көліктер арқылы тақуалыққа жеткен адам баласының жаны көктегі жолдардан ұйқы кезінде несібесін іздейтінін және сол арқылы ғана аттардың, адамдық денеге аян-аяттарға айналатын құпия сырын да білгеніңіз жөн. Бұл жан ғылымының әулие аруақтарына жалғанудың қазақ әулие аталарымыздың меңгерген құпиясы болып саналады. Сәйгүлік аттар дегеніміз адам баласының толық жетілмеген аруағының яғни аяқ, мойын  мүшесі болады деп Сүлеймен пайғамбарымыздың тағына денені қойып көрсеткен Раббымыз. Жылқы малы әйелдік жындық қуаттармен байланысты болып; «Қазақ жылқы мінезді» деп ескерткен аталарымыз. Сондықтан естің негізі ана тіліне, ділге-логикалық білімге байланысты; Сана қуаты мен Ерік күшінен қалыптасады. Жастардың «интеллектік» қабілетін қалыптастыру дегеніміз бойын, есін жиғызып, ерік күшін, яғни табанын жер рухымен бекітіп, шикі өкпелігінен арылту болып табылады.

Ерік күші сенім қуатының 3/1 бөлігін қалыптастыратын адам баласының жүйке жұмысына тәуелді негізді құрайды.  Ал сана қуаты ана тіліне, нағашыдан келетін қасиетке байланысты қалыптасатынын түсініп, осы екі ұғымнан ғана адамдық қабілет, қылықтар негізі ес, естілік болып қалыптасады. Және естілік  өкпенің бір жағындығы 9 санды жағдайына және оң қол аруағының шеберлік, кәсіптік тазалығына да байланысты болмақ.  Бірақ  иман қуатына қалыптасуына міндетті болған мінездің, қылықтың ірге тасы болғанымен, бірақ иманның қуаттық дәрежесін, бейнесін  көрсете алмайтынын да білгеніңіз жөн. Оған негізгі дәлел жүректің сол қол жақ бетінде орналасып, сол қолтықтан жағдайын анықтауға болатын тән ғылымын да білген жөн. Және есті адам баласының сенім қуаты толық деп те айтуға болмайтынын білгеніңіз абзал. Ал сенім қуаты оң қолдағы 18 санының сол қолға жалғанып; 81 сандық мәнге айналуымен және тәубеге, тілектердің бірленуіне 11 сандық құран аяттарының, сүресінің насихатына тәуелді болады. Сонымен осындай қуаттардан, сандар жүйесінен ғана иманды зейнеттеудің ғылымдық сыры 49 санымен белгіленген пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, көк құпия сырларын, кітаптарын алумен және 9 санды кісілік негіздерді меңгерумен ғана иман болып жүрекке зейнеттелетінін, бейнеленетінін және оның да 13 сатысы болатынын Ясауи бабамыздың сәни дәптерінде дәлелденіп, құлшылығы да көрсетілген. Сондықтан бұл жан сырының құпиясы масхабтық білімнен әлде қайда терең және тақуалық, сопылық, тура жолда болушы имандылық, бекзаттық қабілетті меңгеру үлкен ұғым болып, алдағы 7-ші басылым бетінде талқылап көреміз.

Осындай мұсылмандылықты меңгерудің масхабтық білімін яғни сенімділікті толық иман келтіру деген қате ұғымнан, ислам дін құндылығынаң әлем алдында құнының өзге діндегілерден де төмен тұруына әрекет еткен және қазақ тілінде толық ашылатын жан ғылымын, сөз астарларының қуатын арап тіліне байлап қою арқылы адамды ақыл-ой еркін аңша аулағандар кімдер деп аталу керек? Және дінде зорлық жоқ деп түсіндіріп, ақылға шек қойып, өзге елдің салтын, әдетін, ғұмырлық (жалпы халықтық тағдыр, замандық білімдерін) дінін тықпалау дінге зорлық, ашық зорлау емес пе екен? Сонымен адам баласының ниеттілігін ақыл, білім арқылы жетілдіріп, белгілі бір шаруаға, кәсіпті меңгеруге, шаруашылық істерін жүргізуге тәрбие де беріп ниетті қылып өсіруге болады.

 Біздің мемлекетіміздің дін істерін басқарушы мекемесінің «Дін мемлекеттен бөлек» деген пәтуасын құран аяттары 48 және 11 сандарымен қуаттарын теріске алумен, ондай пәтуа берген пенделердің діннен шығап кәпір болатынын ескертеді. Ал Абай атамыздың ниет туралы 11-ші қара сөзінде; «…Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйемін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйемін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағымен сойылын соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергеніне партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын баласын сатып жүр. Осы ұры бұзық жоғалса, жұртқа ой түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілді талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді?..» Сонымен ниет дегеніміз талаптан — 48 санды қуаттан және 11 санды тілеуден пайда болатынын және 48-ші өлеңінде; «..Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап мал ізде, Адал бол-бай тап, Адам бол-мал тап, Қуансаң қуан сол кезде, Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос...» деген өсиетпен әйел затының талабы байға тиіп, бала туып, адал болу болса, оны өсіріп, жеткізіп мал табуға талаптанбаған еркек заты адам-дық қасиеттен жұрдай болмақ. Және «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген қағидамен аруағың түгіл тіріңмен де, ұлтыңмен де өзара араз болма деп ескертеді.

Ал, біздің масхаб ғалымдарымыздың арап тілінен көшіре-көшіре өздері ниетінен жаңылысқанын үгіттері мен тәпсірлері әшкере қылып және олардың ел басшыларының ниеттерін жасырып, дінсіздермен ауыз жаласып, өз ұлттық ғұрпына қарсы заңды қолдауы да тажалға айналатынын ескертеді. Ал біздің масхабтық біліміміздің ниеттілік сипаты жаратушысын тануға, адалдыққа, адамгершілік құндылықтарды меңгеруге негізделгенмен, тек бұрынғы заман ой қуатына сүйеніп, тәпсірлерді санмен жүйелеп, заман біліміне сай салыстыра білмеуден, тек адам баласының ақылға, білімге негізделген еріктік сапасын ғана қалыптастырып, санасын жабуға негізделген ниеттілік болып шығады. Және мұндай жағдайда сана қуаты мүлде болмайды деп те айтуға да болмайды. Және жалпы ұлттық ақыл-ойымыздың еріктілігі, талап, тілеуіміз яғни ниеттік шамамыз қазіргі таңдағы ұранымызға айналған еркіндігіміз ақылға және тәрбиеге  тәуелді болып, естің екі сапасын береді. Еріктің сапасы дегеніміз жыныстық ерекшелік пен өрістік екі жиілікте болып адамзаттың жүйке құрлысы екі сипатта еркек, әйел болып ерекшеленетінін білдіреді. Сондықтан аталарымыз бұл ерекшеліктің жан сырын; «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп еріктің яғни қайраттың, сөз қуаттылығының шамасымен боймен өлшенетінін білдіріп; «Еркек дауысты әйелде ұят болмас, әйел дауысты еркекте қуат болмас» деп көрсеткен. Және шаштың да екі түрлі еркектік, әйелдік сипаты болатынын; «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген нахыл қалдырған. Сондықтан еркек 70 метал-металоидтан тұрғандықтан темірдің қоры мол болып, ерік ағашы да осылай емендей болып қалыптасады. Бой қуаты еркектен төбеден төменге қарай жабылатын болса, әйел затының аналық жыныстық қабілеті мен аяғының тазалығына тәуелді болады. Сондықтан ақыл бойға тәуелді болып, әйел бойын құран аяттарының 23-санынан (4-23) іздеп, ал еркек бойы 91-санымен, кәпірліктің де белгісін бойға қарап анықтауға болатынын және ол болашақ ғылымда осы сандармен өлшенетінін біліп, құран сан тағлымының адамзат ақылынан әлде қайда жоғары тұрғанын мойындайтын да заман да келер. Сонымен бойдың да өрістік, салқын, жылулық, жарықтық сипаттарында да ерекшелік болып және әйел затының тәні де алтын, күміс қорынан тұрып, адамзаттың несібесі жеміс ағаштарын қалыптастырады.

Алдыңғы жазбалардан ғибрат алған талағында биті бар, естілігі толық оқырманның ол жазбада неге әйел бойы ұзын деп жазылған деген күмәнді сұрақты қоятыны сөзсіз. « Түсінікті болу үшін әрбір нәрсені парымен жаратттым» деген жаратушымыздың үкімінен сәйкес, әрбір пардың бір жағы 3-тен тұратынын, барлығы 6 санымен рух негізін ғылымын құрайтынын және осы Раббымыздың білімінен-ақ масхабшылардың «бес парыз» намаз дегені Құранға қарсылық екенін білгеніңіз де жөн. Бұл мысалмен адам сөзінің өрістік бақшасы «Бой»-дың немесе Шәкәрім атамыздың насихатындағы «Бәйшешек бақшасының» көрінісі және құрандағы «Көлеңкелердің ұзын жағын өз жағыма аламын» деген аятынан туындайтын адам баласының қол қанаты аруақтық бой туралы, тектілігінің көрінісі, серіктері туралы әңгіме қылып отырмыз. Сонымен тектіліктің жер бетіндегі белгісі болған; Құрма ағашы арап әйелдеріне тән еріктің белгісі болса, алма, жүзім сияқты түрлі жеміс ағаштары түркі елдеріне тән әйел ағаштарын меңзеп тұрғаны сөзсіз. Осындай ағашы көп елдің де қандық діл білімі жоғары болатыны даусыз. Аталарымыз батада; «Ой түземей бой түзеп кеттіңдер» деп ескертеді де бойдың ой тазалығынсыз қалыптасуынан жындылық қылықтың, еріктіліктің пайда болуымен, сана қуаты жетілмейтінін ескертеді, яғни естілік қалыптаспайды. Естің бойға тікелей тәуелді екенін де ескертеді.

Сонымен дін несібесінің екі сипатты бойдың болатынын және тақуалық жолда немесе қандайда бір «намазхан» болғандардың тілектерінің, ниеттерінің  де екі түрлі болатынын құранда; «Кім ақиреттті қаласа береді, кім дүние несібесін сұраса оны береді, бірақ ақирет несібесі берілмейді» деп ескерткен үкімнің ниеттіліктің де екі сапасы болатынын ескертеді. Енді әйел бойы натрий жолдарына яғни 40 үйдің арасын жалғап тұратын тіл, үш жолдарына тәуелді болып әйел бойы үндік сапамен, ал еркек бойы дауыстан, сөзден тұратын қуаттық сапамен қалыптасып және еркектің тіл, натрий жолдары қысқа болып, үйінің саны 30 санмен белгілі болатынын да ескерген жөн. Сондықтан ұлттық тектілік рухтық қуат болып еркектің бойымен өлшеніп, жандық қуат тілмен байланысты гендік қасиет әйел бойымен өлшенеді. Сонымен сенім қуатының осындай ой бақшасы болған «Бойды» қалыптастыру үшін алдымен ес, сосын ұлттық негіздегі ниет тазалығы болмаса, құр намаз оқумен, қажыға барумен, ораза ұстаумен иман түгіл,  сенім қуаты да толық жетілмейді. Сондықтан  Абай атамыз адам баласының құлшылықтарының негізін жан ғылымының сырын құран сан тағлымдарымен сәйкестендіріп, санмен реттілігін де көрсетіп кетіпті және «Мақсұт» атты поэмамен адам бойының 3 бақшасының жемісін ақ, сары, қызыл деп көрсетіп астарлы әңгімемен суреттеген. Ал ұлттық негіздегі қазақтың дін-ниетін қалыптастыру үшін алдымен ақыл-ойын дамытып, ерік күшінің 9 санына байланысты болатыны, ал саналығын жан тазалығына байланысты 7-ші сөзбен ғылымын көрсетіп және естіліктің жүрек ісі болып, қулыққа, дүние табуға естілердің көп болып, ал адамгершілік парыздарға естілердің аз кездесетінін де ескертіп; «..Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол есеп алғаныңнан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күніне өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» деген ақылмен өзіңді өзің халық көзімен көре біліп, сынап, өткен өміріңнің әрбір сағатын өлшеп, дініңмен салыстырып таразыға тарта білуді ғана адамзатқа лайық естілік болатынын ескерткен.

Діннің бар жоғының негізгі белгісі ақыл, білім болса, ал тазалығының көрінісі естілік болып, тура жолының парасаттылық, бекзаттылығының бейнесін иман қуаты қалыптастырады. Сондықтанда ниет ұлттық тәрбиемен, кәсіптік, жыныстық ерекшеліктермен көрінісін беріп оны «Мәдениет», мәдениеттілікті қара халық тілімен әдеп деп атайды. Ал сенім қуаты сенімділікті ақыл, білім, өнер, кәсіп, т.б. басқалай адамзаттың тұрмыстық ерекшеліктерін, ұлттық мінезін, отан сүйгіштік сияқты және түрлі дарындылық қабілет, қасиеттермен өлшенеді де 11;81;9 сандармен құран, інжіл аяттары сырын түсіндіріп тұрғаны хақ. Мұхаммед пайғамбарымыз: «Һұд сүресін меңгерем дегенше шашым ағарды» деген астарлы сөзінен осы сенім қуатын меңгеру шаштың да ағарып, адам жасының кемелденуіне, ақылдың жетілуіне байланысты екенін білдіреді. Ал енді ниеттілікпен, сенімділікпен тура жолды таптым деген қате түсінік болып, тура жол негізінен ақиреттік бақша жемісі Ақтың- «Ар»-сауытының, яғни бойдың толық қалыптасуы мен «Ман» қуатының тәнге толық зейнеттеліп және тазалық сапасына байланысты болады да, оның жоғарғы дәрежелі шамасын «Сабыр» деп атайды. Сондықтан Раббымыз; «Сендерге бір тіл екі ерін және екі жол көрсеттім емес пе?» деп ескертіп, ниет пен сенім екі жол, яғни рух пен жан адам баласының астыңғы, үстіңгі ернімен белгіленіп қойған. Екі еркі бір тіл және екі көзден жүректің негізі пайда болатынын да ескертіп, иман зейнеттелу үшін осы бес негізді денені өсіру керек екенін және екі жол кедергісімен 7 санды аруақтық қуаттан барып жүректің толық бейнесі қалыптасып, оған қандағы 11 жұлдызды ниеттің өзін қоссаңыз 18 санымен солға қарай айналғанда 81 санды сенім қуаты, ерік, қайраттылық пайда болады. Ал иманның негізгі сыртқы тәндік бейнесі астыңғы иек сызықтық шамасына тәуелді және «Кәусармен» байланысты болып, сақал қоюдың да белгісі пайғамбарымыздың шапағатына жалғану, жанды меңгерудің сипаты болса, мұрт майланып рухани жетілгендікті білдіреді. Ал жастарымыздың сахабаларға еліктеп, «Мен де дін жолында сахабалық дәрежеге жеттім» дегендей, ұлтымыздың ғұрпына жат бұндай кейіпке түсуі керісінше тәкаппарлық, мақтаншақтық және жалғандық, исламды мазақтаудың тажалдық әдістері болып табылады да, сақалына ақ түспеген қара сақалдыларды; «Сақалы бар, мақалы жоқ» деп атайды.

Рухани май ішкен пенденің мұрты майланып, ақ түсіп, ал мақалы болған пенденің сақалы ағаратынын естен шығармаңыз. Абай атамыздың, «Қалың елім, Қазағым қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың» деген астарлы насихатында; «Имансыздық намазда қызылбастан салған жол» деген ескертуін, рухани тазаруды меңгере алмағандығын дәлелдеп тұр. Атамыз иман келтіру мен сенімді болудың екі мағына беретінін және рухын тазарта білмегеннің мұрты аузына түскен пендемен бірдей арамды қоса жейді деп, масхаб хазіреттерінің үш ұйықтаса да түсіне де кірмейтін, қазіргі таңдағы ислам әлемінің адасқан, бұзықтық салтын хақиқатты көрсеткен. «Ұста ара!» деп «Бақ-ара» сүресін меңгере алмай, бес парызбен 2-ні  (екі жолды) меңгеріп ала алмай; Бақ қарап, қыдыр дари алмай жатқанын суреттеген. Ал иман сөзі адамзатқа ортақ аударылмайтын ұғым және 49; 9 санды үкімдерге, сүрелерге байланысты болған көктегі, жердегі құпия сырларды, яғни «Ман» қуаттарын толық меңгермей, қанды толық тазартумен, жүрек етінің тазалығы да қалыптаспай иман зейнеттеліп енбейді және ол үшін де жанның өлім себептерімен кездесіп, түршігіп шаш, сақал, мұрттың ағармай, еліміздегі толып кеткен қаба, қара сақалдар керісінше сенімнің жетілмегендігін де және жүректегі имансыздықты көрсетіп, әшкере мазақ қылып тұрған, бұл қылығын шайтанның әдемі көрсетуінен деп түсінгеніңіз абзал. Ал, сақал қойып, мұртын қырып тастаудан рухқа қарсымын деген жындылық белгі пайда болады.  Енді «Ман» деген ұғымның өзі адамзаттың бастапқы жаратылыс тегі екі сөздің, екі тамшының белгісі болып бірі ақ, қара түсті сыртқы бейнесін төрт бұрышты бейнемен белгіленген қуат көзі болып табылады.

Адамның екі қасы осы «Мандық» негізін көрсетіп, құлшылықтарын жетілдіру арқылы тәнге мөр алып оны «Қал» деп атап, сақалдың толық ағаруы осы үш негіздің тәндік зейнетін көрсетеді. Бұл ман қуатын меңгерудегі қара ерік күші ағаш болып оның негізі ата шауқатымен, ал ақ сана қуаты тілмен, ділмен  байланысты болып, ана қанындағы 11 жұлдыздың ағару, жарық сипатына, ана сүтінің қуаттылығына  байланысты пайда болатын адам баласының шеберлік, көріпкелдік және үндік қабілетін қалыптастырады. Осындай үш түрлі сипаттың алғашқы сатысын ниетті меңгеру жолына түскен, яғни «Шерік», «Табиб», «Такиғ» қағидаларын меңгеруді масхабымыз тура жол деп атайтын шариғатты іске айналдырумен және оны адамгершілік жолында қызметке жаратушы болса «Мұсылман емессің»- деп айту да кәпірлік болып саналады. Енді осындай үш сипатты имандылықтың мектебінің сабақтарын меңгеру шарттарынан естің де үш сатысы дін құлшылығынан көрінісін табады.Сондықтан мұсылмандық дегеніміздің өзі ақылмен, еркін меңгерумен Абай атамыз айтқан естің екі ақ-қара жағы да, яғни дүние, мал табуға, қулыққа естілік те осы сапаға жатады. Сонымен ерік күші жындық қуатқа тән де, ал саналық күш жан негіздері сезімге және шайтандық көруші қарсылық қуатқа тән әйел затының қанынан пайда болады. Сондықтан шайтандығы бар немесе жындылығы бар болған білімді, ақылды өмір шаруасын жүргізген, жекелей ерік күшін меңгерген немесе жекелей сезімдік қуаттарды жетілдірген пенделердің бәрі мұсылман болып, белгілі бір дәрежедегі ниеттілік пен сенімдік қуаттарды меңгерген болып саналады.

Алдыңғы басылымда бұндай жан сырларына кең түрде құран, інжіл арқылы дәлелдер келтірумен талқылып көреміз. Сонымен  мұдай жағдайда әйел халқы ниетім ақ деп ақталса, еркектер құдайға сенемін бірақ намаз оқып, тағы басқа дін істерін орындай алмаймын деп ақталады. Раббымыз ниеттілікті меңгермей, яғни бой қуатын ағартып өсірмей тілектердің қабыл болып, сенім қуаты да жетілмейтінін ескертеді. Сенімді қалыптастыратын сынақтардың өзі тікелей сенімге емес, әуелі ниетке қарай берілетінін де ескергеніңіз жөн. Сондықтан әлемдік философия, психология ілімдерінің ұсынған тек   бұндай білім, оқу арқылы, тәрбиесіз «интеллекті» яғни ниетсіз, бойсыз, оны тазартатын ұлттық тәрбие тағлымынсыз жастарды құр біліммен саналы қылып қалыптастыру мүлде мүмкін емес және Әл-Фараби атамыз ескерткендей жастарды еркін, шектемей, ерік күшін жетілдіріп,  болашақта ұлың жынды, қызың шайтан болмасын десең, алдымен тәрбие үйрет!- иманын суғаратын,  сана қуатын жетілдір деп ескерткен. Сана қуаты ана сүтімен бойдағы құпия жаратушы тарапынан берілетін қасиетке, ұждан қуатының негізіне және ана тілін меңгеруге тікелей тәуелді болады. Ал сана қуатын қалыптастыру үшін де алдымен жеті сүйектің тазалығы «жете» керек екенін тағы аталарымыз ескерткен. Сонымен ерік және сана қуатының өлшемі болған естілік аруақтық қуаттың негізін қалайтынын жадыңызға тоқып алыңыз. Сондықтан осындай күрделі жан құпия сырларын түсіну үшін де Абай атамыз ескерткен барлық нәрсенің, қуаттардың, күштердің белгілі дәрежеде өлшемі болу шарт. Біздің философ аталған ағайындарымыз бен дін ғалымдарымыздың бұл ұғымдарға өздерінің ескірген білімдерімен қарсылықтарын туындатпас үшін тағы да қайталап; құран арқылы сөз қуатының, кітап өлшемдерін көрсете кетейік; Сана қуаты 3;21 сандармен аяттармен баяндалса; Жете 142 сандық мәнімен; Сенім 11;81;9 сандарына тәуелді; Ерік күші 81 санымен белгіленіп, сенімнен бөлек қарастыруға болмайтынын ескертіп және бірін-бірі қайталап толысып, алмасып иман ағашын, ата шауқатының қуаттылығын және неке, жұптасу арқылы әйел рухани егінін өсіруге азық болады. Енді осы сандарға тәуелді болған адам баласының 8 түрлі малдық қуаттарының да жетілу, қалыптасуы туралы ғылым сырлары философия, психология пәндері де масхаб ғалымдары да қарастырмайды, яғни білмейді де сондықтан білген елдің рухани құндылығына қарсы соғысқа шыққан шайтан жамағаттарына көмекке тұрған өз еліміздің жансыз шерік ел басшы, көш басшыларымыздың өздері «шерік қатушы» болып, кейбіреулері атақ, дәрежелерін пайдаланып тажалға да айналып алғаны хақ.

Бұл пәтуамызға тағы мысал бере кетсек; Діннің үш сапасының өзі осы ес, естілікті қалыптастыру ұғымынан пайда болып, еске қызметке тұрған; Жад; Зерде; Зейін рухани негіздегі қасиеттіліктер болып және тән, ағза мүшелерінің тазалығына да тәуелді белгілі өлшемдік сипаттары да бар. Бұл жан сырына болашақта терең үңіліп, аталарымыздың нахылдарымен, сәни дәптер аяттарымен әлем психология ілімінің де қателіктерін көрсетіп,  бұл саладағы ғалымдарымыздың және дәрігерлік білімдегі адасқан тажалдық әрекеттерді де, ел басшылырының рухани жетілмеген білімдерін де әшкере жариялайтынымыз да хақ. Сонымен енді еспен 5 қуаттың негізін көрсетіп, ал бұған енді сезім, түйсік атты бой қуатының, бақшасының тазалығына байланысты адам баласының малдық, паралық рухани қазынасын қоссаңыз; 7 санымен барлық адамдық қабілеттің естің бір сапасы шығады. Бірақ енді есті үнемі сақтап тұратын, бойды тазартушы «Мұсыл» 9 санды көктік, нәсілдік қызметшісін періштелерді қоссаңыз, естіліктің «интеллекттің» толық мәні пайда болады. Енді бұл адамзат психология және логика ілімінің қалай жетілдіруді інжіл жазбасында Ғиса пайғамбарымыз; «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлап, барлық рухани жетілу қағидаларын насихаттап, ірге тасын қалап кеткен. Ал психологиялық тазалық пен жетілдірудің естің жоғарғы дәрежесін иман қуаттарын меңгеруді барлық намаздарын Мұхаммед пайғамбарымыз өз үлгісімен бұл ірге тастың үстіне қалаған бес қабырғасын тұрғызып, адамзаттың үйі, ар сауыты да қағбасын тұрғызуды көрсетіп кеткен.

Ислам дін ғалымдарының осы бес қабырғалық пайғамбар сүнеттерін ғана дін қылып, оның Ғиса пайғамбарымыз алдыңғы үш кітап негізінде тұрғызған ірге тасын жермен байланысты рухани ілімін есепке алмай, бес парызбен қағбаны көкке іліп қойған сияқты, тек көкке қарап алақан жайып аяқ астына мән бермей кеткен. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз; «Мен таспын деп», аяқ астыңа қарамасаң сол тасқа сүрініп жығыласың да рухыңды тазартып «Мені» үйіңе қабылдай алмасаң, онда ішіңдегілер тасқа айналып, пенделік бұйырған ажалыңнан бұрын өлесің деп ескертіпті. Енді осындай ілімдер және іргелі ғылымдар арқылы ғана діннің қайсысы секта, қайсысы мүлде жалған екенін анықтауға арналған мемлекетіміздің арнаулы жарғы кітабы, жан ғылымының логикалық білімі мен дін сырының философиялық ілімі болмаса, онда тажалдың қақпанында болғаны.

Біздің мемлекетіміздің бұл салада тажалға жәрдем беруге тұрғандығының өзі «бес парыздық» есті жетілдірудің, Алланы еске алу зікір білімінің надандық замандарда қарапайымдап, дінді қиындатпауға арналған ескірген, яғни естілігін жоғалтқан қағидаларын сол қалпында көшіріп алып және естің, иман қуатының, иман келтірудің, Алланы еске алу зікір білімнің негізі 7 санға, 7 түрге, 7 үнге, 7 әулие киеге тәуелді болып; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген пайғамбарымыздың ашық ескертуіне жала қойып, тажалға айналғанын да білдіреді. Бұл астарлы аяттан аталарымыз «Сүй-Ек» деп сүйген, яғни нәпсіңнің қалағанын сүйегіңе май қылып жинайсың дегеннен 7 түрлі майдың, нәпсінің тәрбиесінен пайда болатынын көрсетіп тұр. Сонда бес парызбен нәпсі қуаттарының бесеуін қалыптастырып тазартуға болса, қалған екеуін «Теңге, парасын» кімге қалдыру керек? Демек, масхабтық білімде тажалдық әрекет бар екені де даусыз емес пе? Сондықтан «Аруақ» ұғымы 7 санымен, судан пайда болатын 7 түрлі май негізді кітаптарды белгілеп, ділдің қанға байланысты қызыл жемісі болып, бірақ  бұл ілім негізін қазақ елі түгіл әлем ғылымында жоғалтып алғаны даусыз. Ал осы ілім негізінің барлық шарттары да, білімі де қалыптасқан бар ислам елдерінде болатын жағдайды Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде құран бір жақта, мұсылмандар басқа жақта болады» деген әулиелігі де аруақ құранынан 47 түрлі адамзаттық ақпараттық кітап аруағынан, жібінен ажырап және осы кітаптардың барлық сипаты әулие-әмби болып бекіген, тура жолдық хақиқат кітабы берілген қазақ жерінде де тажалдардың көмегімен жүзеге асуда. Ал ондай тажалдардың кімдер болып пайда болатынын Ғиса пайғамбарымыздың; «Дін ғалымдары мен ел басқарушылар және байлар да сендер зұлымдыққа түсесіңдер!» деген ескертуі де философиялық, яғни абыздық даналықтың өлуімен көрінісін беретін діндегі қияметтік жағдай біздің елімізде толық бейнеленгені де сөзсіз.

Оған дәлел жоғарыдағы; Жад, зерде, зейін және бүкіл қуаттардың сапаларын меңгерудің философиясы да, психология және логика білімі де қазақ аталарымыздың еңбектерінде болып және осындай ниет, сенім жолындағы тәрбиенің негізі; иман келтіру, яғни ар білімін меңгеру екенін қарапайым халыққа түсінікті нұрландырушы кітаптардың қазақ елінде ғана бар екенін біліп және оны тек әлем тілдеріне аударумен бірге логикалық білімін түсіндірсе болғаны, қазіргі таңдағы бүкіл еліміздің сауатты аталып, ата жолына қарсы болғандардың бәрі әлем алдындағы тажалдық өтіріктері әшкере, өздері масқара болары хақ. Олай болса ел басшыларымыздың жастардың ұлттық «интеллектік зияткерлігін» қалыптастыру дегенімізді халықтың түсінігіне жақындатып тажалдық ұғымнан аршып қарасақ; балалардың зердесін яғни ынта, жігер, сана, ойлау қабілеті, мінездік, тілдік тазалығын сақтау мен және ар-ұят заңдылығы болған көру тазалығы болған 7 түрден (бояуды қабылдау қабілет) ақ-қарасын ажырату қабілеттерін қалыптастыратын ұлттық тәрбиемен берілетін ар білімінсіз және оның ірге тасы — ана тілін жетік меңгермейінше мүмкін де емес. Бұл құндылықтар қазақтың әулие, даналар еңбектерінде толық баяндалып, оны түсініп қоймау үшін «интеллектік, зияткерлік» деген ұғымдарды пайдалану арқылы өз атақ дәрежесін сақтауды шайтанның көрсетіп, жынның салған сөздерінен деп түсінгеніңіз де жөн. Ал енді осындай қабілеттерден ғана пайда болатын «Ес» өлшемі болған 7 (жете, ой қуаты, арман, жеті жарғы) 9 санды тәубесін түсініп, онмен дәрежелеуді яғни ер азаматына; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйінін» түйіп, сөз өрнегін құрауды «философиялық», шешендік, абыздық 91 санды бойлық, денелік қуаттарды да меңгермей, ал әйел затына 23 санды мүміндік, момындық қасиеттерді меңгеріп, бойын жетілдірмей, құр жаттанды білім бере бергеннен және ойын-сауық, спорттық жаттығулармен ерік күшін жетілдіре беріп, түрлі әлем дүние қызықтарын қайталатып, жындылығын және арсыздық, ұятсыздық еркіндікпен шайтандық азғындығын арттырғаннан ешқандай нәтиже шықпайтыны хақ.

Енді әлем жындылығын балаларымыз тікелей жас кезінен өздері оқып алсын деп, үш тұғырлы тілді меңгеру керек деген ұран тасталғаннан кейін және оны аруақты былай қойғанда, халық талқысына, ақсақалдар кеңесіне де салмай, бас шұлғып қоштаған осындай ғалымдарымыздың пәтуасын естігеннен кейін қазақтық намысым қозып, бірақ әулие бабалар еңбегінен, Абай-Шәкәрімдей даналар насихатынан қанша уақыттан бері мысал келтіріп алдарына апарғанмен ұялған, намыстанып баспасөз беттерінде мойындаған бірде-бір ел басқарушы, дін ғалымдары, жазушылар болмағандықтан, мүмкін Құдайдан ұялып, аруақты сыйлар деген мақсатпен, ниеттеніп Раббымыздан тағы жоғарыдағы берілген ақпараттты қайталап сұрадым; 53. «Ана тілі толық қалыптаспай шет тілдерін зорлап оқытып үйретуден қандай рухани теріс әсерлер пайда болады?» Жауап; «Жүрек иманы болмайды. Екі жүзділік мінез қалыптасады». Жас балаларымыздың жетелігі мен саналығының ірге тасын, кірпішін  қалау үшін яғни 6 санды ақылды, 7 санды ойды меңгеріп дұрыс армандай білу, яғни ақ пен қараны ажырататын қабілетті; 13 мүшелдік қуаты «Уақ» қуаты, «Ала жібі» болу керек екенін аталарымыз нахылмен ескерткенмен, Абайын-Шәкәрімдей әулие даналарын оқи алмай, екі жүзді пікірлермен мазақтаған ғалым жазушыларымыз бұған да тоқталмас деген мақсатпен тағы да Раббымыздан қайталап сұрадым; 54. «Қай жаста  ана тілдік қуаты толық жетіліп, діл білімі қалыптасып болады?» Жауап; «Он үш жаста толық пісіп жетіледі». Аталарымыз «Құдайдан қорықпағаннан қорық», «Аруақ атқан оңбайды», «Құдайсыз қурай да сынбайды», «Ала жіпті аттаған оңбас!» деп ескертіп және мұндай жаратушы құдірет қолынан келген ақпараттарды «жын-шайтаннан» келген деген тажалдарға Ғиса пайғамбарымыз; «Егер шайтан өзіне қарсы соғысса, оның патшалығы қалайша жойылмай тұра алар еді?» (Лұқа 11-тарау) деген астарлы әңгімемен ескертіпті. Сондықтан; «шайтан халықты жақсылыққа, дүние жұмсап артық хайыр жасауға, құрбандық шалып жанын тазартуға, өзін өлтіретін иманға шақырып бата бере алады ма?-деген сұрақты дін имамдарына қойып көрсеңіз.

Бірақ бұл топтағылардың халықты үркіткен ең бір тажалдық әрекеті «Зияратқа деп ақша, мал жұмсау маркетинг» деп атап, туысқандық, жомарттық, дүние мүлкін, нәпсісін арамнан тазарту үшін Алла жолында артық хайыр жасап, ел кезіп сапарға шығудың иман келтірудің баспалдағы екенін теріске шығарумен және өздері «Умра қажылыққа» шақырудан және құрбандықсыз ондаған есе артық ақша жұмсаудан, екі жүзді пәтуа беруден жаңылар да емес. Ал иманның негізгі сипатын Абай атамыз тағдырмен берілетін бастапқы сөз екенін ескертіп, жер анамен байланысты, кіндік қанмен жалғануды баяндап кеткенде; «Сөз сатып алып не керек тәңір сені екі сөзбен атқан» деп жаратылыстан иманнан пайда болып, сондықтан да мұсылман аталып, сол иманыңды жоғалтып, жүрегіңнен шайып алмас үшін де; ата сөзінен әуелі ана тілін жер емшегін еміп, сосын шал емшегін емуді біл; менің сөзімнің сыртын алма, ішіне, сырына үңіліп қара, иманды болуды іздесең деп ескертеді.

Адам баласының мықты тағдырмен немесе сынақпен дүние есігін ашуы да осы жанмен бірге берілген екі сөзді иманға яғни «Мен»-ге тәуелді болып, шайтанның осы меннің айтқанын істетпеу үшін жүрек көзін жауып, көз болатын құлақтарын тіліп, ақырында иманы өсіп-өнбей, жетілмей, бірақ бастапқы ата-басының жүрегі болған мықты иманның арқасында осындай ел басқару, шығармашылық, түрлі өнер, білімді меңгеріп жүргенмен, екінші мені «өзі» өлген, сондықтан да салыстырмалы түрде жеке тапқан иманы, жүректік сана қуаты жоқ деп айтамыз. Бірақ имансыз адам баласы өсіп-өніп жетілмейді, ол иман негізі 13 жасқа дейін періште болып жетелеп, 13-тен кейін мүшелдік сипатқа ауысатынын аталарымыз жетік білген. Және бұл ұрықты сақтау үшін 13 жасқа дейін ана тілімен суғарып отыру зерделі, зейінді, зеректікті қалыптастыратынын да естен шығармаған жөн. Ал осындай жағдайда қалыптасқан иманның арқасында жетіліп өсіп, кейіннен  дін адамы аталып, ана тіліне, діліне байланысты өсірген иман негізін ұмытумен, өзге ұлттың қосын жегіп немесе өз ұлтына, бауырласына деген көреалмастық, қызғаныш болса, онда иман, сенім түгіл, ниеті де өлген болып табылады.  Сондықтан естілігі екіжүзді және тек дүние байлық пен қулыққа, дүние қызығына есті, ақылды, білімді қауымды осындай қақпанмен ұстап, имандарын меңгермеуге, елімізге келген бақты тебуге арандатқаны да даусыз.

Бұндай тажалдардың пайда болатынын сол замандарда-ақ Ғиса пайғамбарымыз; «Көк пен жердің Иесі- Әке! (Раббымыз, Бір Алла)  Осы жайларды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды білімсіздерге ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін. Иә, Әке, Саған осылай болғаны ұнап тұр»,-деп мақтау айтты.» (Л: 10-тарау) Онды меңгеру дегенімізді құрандағы; «3 кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5 кісі сыбырласса 6-шы Алла..»  барлығы 10 санымен, аталарымыз ескерткен «3-ші байлық он саулық» қағидасы, яғни адамзат баласының, әлем ғалымдарының тер төгіп іздеп таба алмай жатқан «интеллекті», зерделі, зеректікті қалыптастыру білімі әуелі денсаулық яғни рухани тазалық, екінші ақ жаулық арқылы ғана орындалатынын, жан сырының логикалық білімін аманаттап кетіпті. Енді аталарымыз осы нахылмен ғана үш түрлі дінінің сапасын және иман гүлінің ұрығын, рухани егініміздің көрінісін қарапайым сөздермен және санмен мағрипат білімін және хақиқаттың сырын да көрсетіп кетіпті. Бірақ жүректеріне кіріп алған және тәпсір білімдері дін сенімі еркі болып, тек арап тілінде ғана діннің түсінігі болады деген тажалдардың мұндай жан сырларын түсінуге сенім күші кедергі тас болып, оған сүрінген көптеген қазақ жастары рухани азғындап жатқанын түсіну әзірге дүние байлығынан басқаны білмейтін ел басшыларына түсініксіз. Сенімі бар бірақ жүрегінде қыша дәніндей де иман дәні болмаса, онда ондай пенделерді жансыз,  яғни тек бұйрықтарды мүлтіксіз қайталап орындаушы шеріктер, әскер деп атайды.

Шеріктік, яғни жансыз қандай да бір дін, ғалым, атақты философ болсын шерік қатушылар тарапынан табылып, өзінен-өзі тажалға айналып, рухани тұрғыдан өтірік айтушы деп біліңіз. Бұл пәтуамызға да  мысал келтіре кетсек; Ниет адамзаттың болашаққа, жақсылыққа деген арман-ойынан туатын қозғалыс себепшісі болып; оны Бағыт деп атаған дін имамдары. Ал сенім осы ниеттен пайда болған рухани байлық -денсаулықпен тікелей байланысты көрсеткіш болып, оның қағидаларын өмір мектебі деп атап, әр халықтың тұрмыстық тәжірибесінен әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, білім ордаларына тәуелді болады. Ал діннің үшінші және жоғарғы сапасы болған иман қуаты негізінен ділге, тілге тәуелді және екінші байлық Ақ жаулықтарымызға тікелей қатысты. Сондықтан әйелі арсыз пенденің де, әйелдері азған мемлекеттің де иман, арлылық түгіл, дін сенімі толық, ниеттері дұрыс деп те айтуға болмайды. Ал енді осы діннің үш сапасын меңгеруді біздің имамдарымыздың «Масхаб»-бағыт (ниет), мектеп (сенім жолы), тура жол (иман негізі) деп атауы осы үш сапаны да көрсетіп тұр. Ал, шындығында солай ма? Жауабын оқырман өзіңіз тексеріп көріңіз.

   Енді діннің масхабтан да жоғары діннің 4-ші сапасы, иман қуатының екінші сапасы болған, әулиелікті, хазірет, абыздықты меңгеру үшінші байлық он саулықпен, көктен келетін арнаулы нұрмен иманның бірінші дәрежесімен байланысты болмақ. Сондықтан енді хазірет, философ, дін ғалымы мен ел басшыларымызға тағы да; «Он саулығыңыздың (Саусағыңыздың) жағдайы қандай?» деп немесе «Мал-жаның аман ба?» яғни; Діл бақшаң көгеріп, көктеп жеміс беріп, қорадағы қойың қамаулы ма, қиямет мезгіліндегі үрленетін, қазіргі таңда үрленіп жатқан сүрден, азаптардан, апаттардан ескертіп отыратын, қорғаушың аруағың арқылы келетін Раббыңнан уәде-аятын, аян кітабын көрдің бе?-деп сауал қойыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *