Ниет- пейіл, ақыл қуаты, сенім-естілік қуаты

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 88

Аруақ қуатының жоғарыда қолдағы жеті сүйекпен байланысты екенін ескерттік, бұдан шығатын қорытынды тіптен қолды жалаңаш ұстаудан да; мысалға шынтақ арқылы қара қуаттардың, күн сәулесінің жатырға өтуімен, ұрпақтың ауру, жетімсіз немесе рухани жынды, мастығынан айықтыратын ми, бас құрлысы жетілмей тууына да себепші болмақ. Және ми құрты «меннингит» ауруына қарсылық қуаттары да жетімсіз болуы сөзсіз. Сонымен енді, Ниет сөзін зерттесек: «Ни»-«Ин»-алтын, жандық; «Ет»-малдық қуат болып жіктеледі. Ал «Ет»-қуат негізі әйелдік етектің, яғни үш ағаш-гамма сәулесінің тазалығына яғни аталарымыз ескерткен; «Келіннің аяғынан», ұрпақтық аяқ-тостағанынан пайда болады.

Заманның жетілген ақпараттық ағымына сай, ойлау қабілеті жоғары сапалы ұрпақтарды тәрбиелеу үшін, қазақтың білімді ел басқарушылары жастарға білім арқылы ұлттық «зияткерлік» қабілеттерін қалыптастыру керек деген саясатты ұсынып отыр. Алда «Зият» сөзін астарын талқылап көреміз. Әзірше осы қалпында алып, ал мұндай құпия зерделі және зерек, жетелі, саналы болатын болашақтың өнімі болып нәтижеленетін рухани қазына байлық егесін, күзетшілерін қалыптастырудың қалай, неден бастарын да өздері де толық түсіне білмейді десек қате емес. Себебі, бұл мәселеге айқын дәлел қазақ елінде жоғарғы оқу орындарында ел басқарушы ұрпақтарды дайындауда бағыт беретін ұлттық жан сыры-психология және сөз құпиясы, сөз қуатының өлшемін, ақыл-ойдың таразысын, адамзат ұжданын тәрбиелейтін философиялық даналыққа негізделген бірде-бір ортақ оқулығы жоқ. Және философ ғалым дегендеріміздің өзі жалған, даналықтары жетілмеген, тек философия даналығының, заман білімінен қарай болашаққа бағдар беретін көрегендік рухани болжампаздық, абыздықтың орнына қарапайым сөз білімін меңгеруді — шешендікті, яғни логикалық тілдік білімді ауыстырып алған да, барлық әлем ойшылдарының еңбектерін саралап өз ой жоруларын тықпалаумен ғалым аталғаннан басқа рухани маңызды түкте жоқ.

 Бұл пәтуаға күмән келтірсеңіз онда барлық қазақ философ, психолог жазбаларын құранмен, інжілмен салыстырып көріңіз. Және бұндай топтың арасында философ ғалым қатындардың пайда болуынан-ақ сөз құндылығының дәрежесі логикалық сатыдан аспай қалғанын өзі-ақ белгілеп көрсетіп тұр. Сондай-ақ діндегі құран философиясын және пәтуаларын қатындардың еркектермен бірдей меңгеруінен-ақ, құран сөз құндылығының, еркектерге ғана берілетін уахидың жоғалғанына ашық дәлел болып тұрғаны хақ. Философиялық білімнің елшілік қасиеттермен байланысты сөз астарын терең меңгеріп түсіндірумен және жан ғылымы кітап берілумен тікелей байланысты. Бұл діннің негізгі 70 бұтақты иман дәрежесін меңгеру арқылы ғана көкке, жоғары ақылға жалғанудың діннің хақиқатына жетудің, яғни 4 сапасы болып есептеледі. Сондықтан мұндай қуатты сәулелік ақпараттарды меңгеру еркекке ғана тән шаруа болып, әйел халқына мұндай белгінің 3 сапасын логикалық дәрежесін, адамзаттың ортасы қабырғасы, мойны болуға ғана  жаратылыс табиғатына сәйкес болмақ. Олай болса, исламдық әлемде және қазақ елінде де сөз құпиясын заманға қарай зерттеу ғылымы, логикалық ұлттық тіл білімі де өз дәрежесінде заманына қарай өсіп жетілмегеніне дәлел бола алады. Енді логика білімінен мысал бере кетейік;

 Жалпы орыс тілінде ниет сөзі «интеллект» болып мағына береді. Енді «ин»-алтын, телле-дене-ет, «ек-т»-тілді егу болып жіктеледі. Негізгі қуат өлшемдері «Ек»-еркектік, «Ен»-әйелдік екі жынысқа ортақ боғанда «Ин» болатын қуаттық шамаларға тәуелді болмақ. Сондықтан «интеллек»-тік қабілет «Ен-Ек», яғни «Неке» сырына тәуелді пайда болады. Олай болса құранда бұл негізді 4 санымен белгілеп «Ниса» (Ас-ин), яғни рухани азық сүресімен көрсеткен, отбасылық жағдайға, ұлттық салт-дәстүрге тікелей тәуелді жағдайды ескертеді. Сондықтан «Ин» әйел затының шашына, 20 түрлі қышқылдар негізінен, көру қабілетіне тәуелді болып, оны қалыптастыру бес сезімдік қуаттың негізіне тәуелді,  яғни естіп көретін қабілеттіліктен жаратылатын ата шауқатына «Ек»-ке байланысты жетіледі. Олай болса жастардың ұлтық «интеллектісін» қалыптастыру дегеніміз ұлттық ниетін, ақыл, білім қабілеті мен және сенім қуатын, иман-естілігін жетілдіру болып түсіндіріледі. Ал ниет болса; қан, тән-ет, жан тазалығына, адам баласының ар ұятына, мияттылық, зияттылығының шамасына, яғни ойдың шамасына қарай өлшеп беретін бас мүшелерінің тазалығын қорғайтын аруағының толық қалыптасуына тікелей тәуелді.      

Аталарымыз бұл жан сырын; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп қарапайым астарлы сөзбен барлық ғылымдық сапасын көрсеткен. Ал ұлтына сай, Абай атамыздың дәлелдеп көрсеткен төртеудің негізі ар-ұяттылық және тіл мен сөз тазалығы сақталмағанда, онда көздердің еті, бездері өліп, аруағы да рухани жетілмей, жоғарыдағы көрсетілген түрлі тозақтық азаптардың себепшісі болуы даусыз. Сондықтан ойдың таразысы-Ниет адам баласының жалпы тән және рухани тазалығына тәуелді. Дін имамдарымыздың пәтуаларында ниет пен сенімді шатастырып, бір ұғымға айналдырып түсіндіреді. Негізінен қате пікір және таразының бір басына ниетті, яғни ой қуатын қойып, екінші басына білімге, тұрмыс тәжірибесіне қарай  қалыптасқан ақылды қойып, таразы ортасын тең ұстап тұрушы сенім қуаты пайда болатынын ескерген жөн. Осындай діннің үш түрлі сапасынан және  төртінші ортасын белгілейтін өлшемі, таразыдан барып төртеу түгелденетін имандылық қағидасын тек қазақ даналар еңбегінен ғана табуға болады.

Негізінен иман қуаты қан, жан тазалығына тәуелді болған бектік-тектік, ағаштық негізге жандық-балдық тіл тазалығының негізінен және ақтық-бекзаттық адамгершілік қасиеттің, адам періштелігінің тақуалығының шамасына тәуелді болмақ. Бұл адамзат иманының жоғарғы белгісін аталарымыз «Ақарыс», «Бекарыс», «Жанарыс» деп ат қойған да оны да тарих, философ ғалымдарымыз зерттемей адам атына айналдырып алған. Мысалға; Ақарыстық тәнге сабырлықты меңгеруге, бой ұсынуға байланысты әйел, еркекке де тән тақуалық бірінші байлық денсаулықтың және  негізі болса; Жанарыстық сипат діл біліміне ана тіліне, әйел халқының қан тазалығы мен «Қызға қырық үйден тыйым» деген қағидаға сәйкес тектілік, қасиеттілікті номадтық сипатты білдіреді де, «Бек арыстық» сипат тек еркектерге ғана тән болып, егер әйелдік атауларға «Жұпар, Жанар» деген сияқты «Бек» сөзін қосаңыз; Жұпарбек, Жанарбек болып еркекке айналып шыға келетіні сияқты негізінен елшілік қабілетке, бақсылық қасиеттерге, яғни қожалыққа байланысты; «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп барлық үш жүздің де сипатын сіңіргенде осындай бекзат адам баласының қалыптасатынын ескерткен.

Бұл бектік қағида құранда 12-сүре Жүсіп пен Жақып пайғамбарымыз үлгісінен ғибрат алуға болады. Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген негізгі жолы болып та саналады. Енді ортасы болған «Жанарыстық» қабілетті негізінен «Мариям» 19-шы сүре, 91-сүремен байланысты да және де аталарымыз; «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп Ақ арыстық қасиетке жету үшін де үш арыстық белгісін де меңгеруді ескерткен. Бұл қысқаша ғана нақыл сөздермен-ақ қазақ философиясының бүкіл жан ғылымын қамтып, құран насихатын қарапайым сөздермен түсіндірумен бірге және әлемде тура жолда болып, барлық кітаптарды меңгергенін айқын әшкере жариялап тұрғаны даусыз. Тек бұл байлықтарымызды өзге тілдерге тіптен арап тіліне де аударып та түсіндіретін ұлттық ар-намысты философ, дін ғалымы әзірге табылмай жатыр.  Себебі, олардың өзі надандықтың, қызылбастан келген жолдың қақпанына түсіп, бар сөз тек ислам келгеннен кейін араптардан басталады деген сөзге сенім келтіреді. Олай болса жүректеріндегі имандарын өзге елдің салтын ұстанумен, жалаңбас жүрумен шайдырып алған және қатындары да төсек арқылы санасын жауып тастаған. Ал, негізінен қазақ философиялық құндылықтарының өзі қысқа нақыл аяттармен, ғұрыптық ырымдармен бүкіл діннің шарттарын да ашып көрсетуімен бірге, бұрынғы аталарымыз меңгерген салт-дәстүріміздің өзі  құранның және пайғамбарымыздың көктен-Астанадан алып келген үш аят үкімнің намаздарының орындалу нәтижесі және бірлігі екенін ислам әлемінде қазақ аталарымыз ғана меңгеріп аманат қалдырған. Сондықтан Абай атамыздың қазақ балаларының «интеллектік» қабілетін жетілдіру үшін де осы үш жүздің бірлігін иман қуаты, ағашы арқылы ғана қалыптастыру  мүмкін болатынын уайымдап, болашақ ғалымдарға аманаттап; «Әй қайдам! 100 қараға 200 кісі сұғын қадап жүр ғой» деген нақылмен әуелі тәніңдегі 100 малдық, жүз кесек еттің сырттан қарайтын 200 қарсылығынан сақтап, тазартып, ар сауытын, иман үйін қалыптастырмаса «ин-теле-егіңе», яғни рухани жыртылған, өртелген жеріңе, жүрегіңе, қан ағзасына шеріктер кіріп алады деп ескерткен.  Енді қазақтың сөз данышпандарының және бүкіл ислам әлемінің де жоғалтқан ұғымы «Иман» сөзінің қуаты және сипаты болып табылады.

Бұл ұғымды тек арап тәпсірімен салыстырып, бірақ өзге тілдерге аудармағандықтан,  еліміздегі жалпы орыс халқы да иман сөзінің негізгі мағынасын білмейді де, сондықтан орыстардан алып аударылған философия, психология ілімдерінде бұл қуаттың сипаты мүлде ұмыт қалған. Сондықтан қанша арапша білгенмен, орыс тілі арқылы келген шет елдік біліммен салыстырып өлшенбесе сөз құндылығы, сенім қуаты да қалыптаспайды. Оған дәлел иман сөзі орыс халқында «вера», «богобоязнь» сияқты ұғымдармен тек ақыл, білімге байланысты қуаттық шама сенім болып бейнеленеді. Ал ниетті орыс халқы да «помысел» деп атайды. Аталарымыз ниеттің негізі 4-еуді түгелдеп және алтауды араздастырмай ұстаған жағдайда ғана дұрыс болатынын ескертіп; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген де нахыл қалдырған. Яғни шайтандық пен жындылық арасын бөліп, көркем мінезділікті, тіл нәпсісіне де тыйым сала білуді ескерткен. Сондықтан христиан халқы жалпы ниеттің ғұрыптық ұстанымынан ажырап шайтанның азғырумен, ал сенім негізінің бұлағы болған басты жалаңаш ұстаумен әдемі көрсетіп, сенім қуаты толық жетілмеген, жынды сулы жүрекке жалғанбаған ақылды бастар қазақ елінің де діни салтына айналғаны даусыз. Ал орыс халқындағы дін саласындағы «вера, помысел» ұғымдарын қазақшаға аударғанда бәрібір сенім, ниет  ұғымдарын беріп, негізінен ақыл-ойға, яғни бастың қабілетіне және рухани сипатқа байланысты болады. Негізінен иман қуатын орыс халқы «душевный, святой, одухотвореннный» деген сияқты теңеулермен түсіндіріп, ондай біртұтас иманды елді «светский» деп жарықпен салыстырды. Яғни иман дегеніміздің көрінісі осындай болып, бірақ қандай қуаттармен, өрістермен, тектермен байланыстылығы толық ашылмаған.

 Ал атамыз қазақта иман ұғымын жүрекке, қан тазалығына, ана тіліне, жер рухына, келіннің аяғына, үш ағаш, арайжап мүше қасиеттілігіне, жамбас сүйектері мен құйрық, іш майларының, тоқ ішектің тазалығына да, негізінен адам кеудесіндегі жүрекпен тылсымнан енетін жүрек көздерінің аруақтық қуаттың шамасына, тазалығына, қасиеттілік дәрежесіне тікелей қатысты жандық қуат негізін қалайтынын білген. Сондықтан иман тектіліктің көрінісімен де пайда болып; «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан, үйдің жақсы болуы ағашынан» деп астарлы иман білімін текке, түп негізге тәуелді болатынын ескерткен.  Және бұл иман қуатының адамзаттың періштелік несібесіне жатып, төбеден, аяқтан енетін жер, көк рухына, нұр суына байланысты өсіп-өнетінін білген абзал. Ғиса пайғамбарымыз өзіне үкім келер алдында шәкірттерінің аяғын жуып, бұның сыры болашақта белгілі болатынын ескертіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың пайғамбарлық қабілетімен қоса елшілік істері адамзат аяғының, жер рухының мәсіхі болатынын меңзеп кеткен екен. Олай болса, жалпы сенім қуаты жаратылыс басынан бастап белгілі және меңгеру білімі болып, ал иман қуаттарын толық меңгерудің білімінің жартысы Ғиса пайғамбармен, рухпен байланысты болса, екінші жартысы жанмен, яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері мен намаз орындау үлгілерімен байланысты болмақ. Бірақ, бұл жан сырын исламға дейін болмады, меңгермеді дейтін болсақ онда Аллаға ортақ қосамыз. Тек жалпы адамзатқа ортақ кітабы ашық түрде оқылмаған, аян, уахи түрінде ғана елшілер арқылы білдіріліп отырылған деп ұққанымыз абзал. Сондықтан иман қуаты бастың да, аяқтың, жүректің тазалығына тікелей қатысты және Мұхаммед пайғамбарымыз сөз атауымен белгіленіп, 4 түрлі діннің сапасын, адамгершілік, ізгілік, ниеттер тазалығын осы сөзге сыйғызып кеткендігі де хақ. Құранмен бірге мұсылман және иман сөзінің еш тілге аударылмай сол қалпында берілетін қуаттық өлшемі бар мықты сөз болып саналып, арап елі үшін сенім негізінде қолданылғанмен өзге тілдерде де мұсылмандыққа, рухқа, сенімге байланысты жалпы діндік белгі болып және имандылық  дегеніміз жан қуатын, тазалығын, құпия білім шамасын, ділдің негізін білдіретін ұғым болып шығады. Сонымен Мұсылман сөзі еш сөзге аударылмай сол мағынасында ислам дінімен байланысты болып, иман сөзі де осы сөздің пары болып саналады.  Бірақ мұндай жан, рух сырына тәуелді философиялық атаулардың құран арқылы мәні, қуаты ашылғанымен, логикалық яғни тіл, ділдік білімі бұрынғы сақ ұрпақтарына түскен кітаптарға байланысты болып, түркі тілінде жасырылғанын, оны Ясауи бабамыз шағатай тілінде сандармен ашып кеткенін әзірге түсіндірген түркі ғалымы да, дін хазірет, теологтары да арамыздан шыға қойған жоқ. Сондықтан құран құндылығы «Иман» сөзі әлем философиясына тек қазақ тілі арқылы танымал болып және «Ман» қуаты адамзатқа ортақ ұғымға айналып, «Мұсыл» сөзінің 9 арыстық сипаты мен барлық пайғамбарлар осы арыстар болып саналатынын, қазақ философиясын меңгерген әлем халқының бәрі де мұсылманнан тарайтыны да өзінен-өзі әшкере болып, «интеллектік» қасиет, имансыз жүзеге аспайтынын өзінен-өзі орнын табуы да сөзсіз.

Пайғамбарымыздың «Иман мен ұят егіз ұғым» екенін ескерткенін назарға алсақ, қазақта бұл ұғымды ар және ұят болып, арлылықтың ұяттан да қуатты дәрежелі ұғым екенін көпшілігіміз білетініміз де даусыз. Сонымен Ар дегеніміз қазақ елінің бұрынғы заманнан бері келе жатқан имандылық шарты болып; «Жаным арымның садақасы» деп қастерлеген, жаннан да жоғары адамдық, яғни құдайлық негіз, қасиет болып танылады. Және Ар сөзі адамзатқа, барлық діндерге ортақ иман сөзінің баламасы болып, ислам діні құндылығын түсіндіруде, діндер ортақ мүддесін анықтауда және өзге тілдерге сапасын оңай түсіндіруге Абай-Шәкәрім аталарымыздың философиялық құран тәпсірінен артық оқулық та бола қоймасы анық. Бірақ мұндай әлем халқын бірлікке, тұтастыққа әкелетін жаратқанның асыл қазына байлығы қазақ тілі бар екенін, Ясауи баба, Абай-Шәкәрімдей дана философ ғалым-сопылары да шыққанын әлемге паш етуге тағы да тажал болған өз қандастарымыз, ел, сөз басшылары және қазақтың дін ғалымдарының ескі пәтуаның соңына түсіп, масхабты тура жол қылып алуымен ғана зұлымдыққа түскендерін білдіреді.

Інжілде иманды жалпы сенімнің әрекетке айналғандағы дәні деп рухани егінді меңзеген де бірақ ат қойылмаған. Ғиса пайғамбарымыз көкке жинайтын қазыналарың, яғни жүректерің деген астарлы сөзбен насихаттаған. Ал, Мұхаммед пайғамбарымыз иман негізін «Қыша» дәніндей (Ашық, жүрек мөрін ашу) деп ат қойып, бұл сөзді зерттеген тағы да дін ғалымдарын көре алмайсың. Қышаның мөрі де «Ашық» «Ақ»-қа, яғни кітапқа айналып, қазақтың ұрпағы Ақ ұлға беріліп, осы «Ашық» арқылы енді әлем діндер бірлігін қалыптастыруға болатынын, ел басшыларымыз өздері теріс улы  «Қыша» дәнін жегендіктен, әлемге масқара болып заң шығарғанын және өз ұлтының жетілмей жатқан рухани балаларын, өрістік көлеңкелерін араммен, теріс сөздермен, сөз арасын былғаумен маймылға ұқсатып өсірумен, рухани байлығын тылсымдық жүректерін өлтіріп,  өздері қырып жатқанын білмейді. Ал енді бұл жағдайдың хақиқатына көзіңізді жеткізгіңіз келсе, онда бастың, киімнің қадірін білмей, тіл мен сөздің арасын бұзып сөйлейтін, жазатын және 40-қа да толмай Раббымыздың үкімінен ашық қарсы болған дін ғалымы, философ дегендеріңізді дін істері мекемесімен, мүфтиятымыздың кеңселерінен таба алатыныңызға және жалаңбас «қажы» қатындардың қазақ елінен және осындай басқару мекемелерінен көруіңіздің өзі пайғамбарымыздың өсиеттері мен ізгі амалдары да, құранның үкімдері де, имандылық қағидасы, аталар аманаты, жаратқанға берген уәдесі-ар білімі, ғұрпымыздың да ашық мазақталып жатқанына дәлел бола алады.

Осы қарапайым мысалмен-ақ мешіт имамдарының рухани бейнесінен-ақ, иман ғылымы, ар білімі де қазақ дін мекемелерінде мүлде болмағандығына куәлік береді. Олай болса мұндай ислам дінінің құндылығының аяққа тапталуына жол берген басшыларында да жүректерінде қышаның дәніндей де иманы жоқ деуге болады. Егер ондай иманның қыша дәніндей ғана қуаты болса; Раббымыздан аян-аят алып, егер қарсы тұруға шамасы келмегенде де ондай жерден, атақ дәрежеден бас тартып өзін, иманын сақтау үшін қолынан келетін шаруамен айналысқан болар еді және болашақта масқараға ұшырауға тап болмас үшін, Раббымыздың  қадағалауында, қамқорлығында яғни алды-артында бірлері болған, Алладан бекітілген күзетшілері де болатын да еді. Сондықтан Алла адастырғандарды түзу жолға салушы жоқ және жаратушымыздың үкімі-уахиынсыз, пайғамбарымыздың батасынсыз жүрекке иман қуаты еніп, қанда бейнеленіп, зейнеттелуде мүмкін емес екенін естен шығармаңыз. Енді мұндай жағдайдағы сенімге қарсы ниеттілік шайтандық «интеллект» қайдан пайда болады деп сұраңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *