Ислам дінінің таңбасы туралы ғибратты әңгіме.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 145

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Әрбір жаратылыс нәрселерінің мейлі ол жанды, жансыз болсын белгілі бір кеңістікте бейнеленуімен басталып артынан өсіріп, кеңіп қандай бейнеге айналғанмен түп негізгі таңбасына тәуелді және бағынышты болмақ. Сөздің өзі түрлі тілде үн арқылы таңбаланғанмен түп негізі санға айналып сол санмен ұғымдары өлшеніп отырылуы шарт. Ал сол сияқты діннің де өзіндік таңбасы, яғни мөрі болу шарт. Христиан діні ағаш кресті өздерінің таңбасы ретінде қабылдап, ал сол крест неден қалай пайда болған жаратылыс себептері мен түп негізінің ғылымын анықтаса, сол сияқты әрбір дін белгілі бір таңбалары мен ғылыми шарты, мөрі болса қазіргі таңдағыдай қарама-қайшы пікірлердің бәріне жауап та табылар еді. Қайсысы қай діннен тарайтынын және қай діннің секта немесе жалпы жеке дін болып табылмайтынын білуге де болар еді. Ал секта деп саналып муфтият ғалымдарымен теріске шығарылып, үкіметімізбен қудаланған Ата жолының құран сүресіне байланысты ғылыми  бір мағына ұғымды білдіретін таңбасы, мөрін санмен есептеп сызықтық бейнесінің білімін анықтау әзір ешбір ғалымның да,  дінші теологтың да ойына да кірмеген шаруа.

Енді басты ислам дінінің таңбасына келсек, жаңа басталған айдың сабы жоқ орақ тәрізді бейнесін исламның мөрі емес дейтін әлем бойынша мұсылман бола қоймас. Онда бұл таңба мұсылманның негізгі мөрі болып табылса, қандай мағына береді деген сұрақ туындауы сөзсіз. Ол негізінен зейнет деп аталып сөздің нұрға айналғанын немесе алғашқы Адам атамызды жаратқандағы үрленген рухтан пайда болған сөздің нұрын белгілейді. Немесе бір тамшы судың да сызықтық бейнесін көрсетеді. Ілім — теңіз болса, сол теңізден алған бір тамшы — білім. Енді қазақтың әлі түркі елі болып тұтастығын сақтап түрлі нәсілдерден және қазіргі арап елдері сияқты көптеген тайпалардан тұратын кезінде Александр Македонский немесе Ескендір Зұлқарнайынның әлемде дін тарату және шағын бытырап жатқан мемлекеттерді, тайпаларды бір орталықтан басқарып, өркениетті қалыптастыру соғысы түркі еліне қазіргі қазақ, түркімен, тәжік, өзбек жерлеріне де келіп жетті. Ондай қаруланған темірдей тәртіпке бағынған түрлі тайпалар соғысуға төтеп бере алмай, орталық аудандарға  солтүстік бағытқа қарай бытырай көшіп қашып келе жатқанда алдарынан өз әскерімен қазіргі Тараз-Шу өлкелерінің патшасы, Құлтегін әулетінен тарайтын Амур Дария Забур патша алдарынан шығады. – Сендер сонша үрейленіп, ата-баба қоныстарыңды тастап кімнен қашып келе жатырсыңдар?-деп сұрағанда. Халық; -Екі мүйізді бір күшті патша шығып, жолында кездескен елдің бәрін өзіне бағындырып, көнбегендерін қырып келеді-, деп жауап береді. Оған Амудария Забур патша бір топ шоқтанып өскен ағаштарды нұсқап; -Анау ағаштағы құстың ұясын көрдіңдер ме, ол қандай құс екен?-деп сұрайды. Сонда халық шулап; -білеміз құрқылтайдың ұясы-дейді. Патша тұрып;-құрқылтай өзі кішкентай әлсіз құс болса да өрт болса да ұясын тастап қашқанын көрдіңдер ме?-деп сұрайды. Сонда халық бір ауыздан-Жоқ деп жауап беріпті. – Онда біздер, артық ақыл беріп жаратқан Құдайдың құлы бола тұра өз отанымызды тастай қашатындай не күн туды, келіңдер онан да жауға қарсы тұрып құрқылтай соғысын ашамыз деп бытыраған халықты жинап, ішінен көріпкел, бақсы, жұлдызшы, тыңшыларды бөліп, жаудың бүкіл қозғалысын алдын-ала болжап, оңтайлы жерлерде қапысын жібермей соғыс ашып, Ескендір патша әскерін әбден титықтатып, шөлдерге қамап жеңілуге, кейін шегінуге, келісімге келуге мәжбір еткен екен. Сонда әбден титықтаған Ескендір патша –Мынау қандай ел,  құдайдың еліне тап болған жоқпыз ба?-деп таң қалған екен. Сонда сақ ұрпақтарымен келісімге келген жер қазіргі Сары-ағаш ауданына қарайтын «Дарбаза» деген жер еді. Сол дарбазадан Ескендірдің қолына қойдың қисық қабырғасын ұстатып әскерін кейін қайтарған Амур Дария Забур патша атамыз Новаиде жерленген деген дерек бар. Ал Ескендір Зұлқарнайын патшаның жанында Аристотель сияқты ғұлама, философ діншілер болған екен. Сол қабырғадан көп нәрсені түсінген Ескендір патша кешірім сұрап әскерін еліне қайтарып өзі Самарқан қаласын салып беріп, кейіннен өзінің сүйегін де аманатпен сол жерде жерлеткен екен. Бұл сүйек туралы түрлі аңыз, хикаялар жазылған. Бірақ құдай қақпасының алдында алған бастың көз сүйегі деп айтылады. Мейлі ол да қабырға сүйекке ұқсас жарты ай ислам таңбасын белгілейді емес пе? Бұдан ислам таңбасы жаратушымыздың Бақара сүресінде бір-біріңе қас болып түсіңдер деген жарты ай қастың сызықтық бейнесі, яғни адам баласының ақирет несібесі зейнет сызығы ислам дінінің адамзатпен бірге жаратқанының дәлелі емес пе? Ал ислам дінінің таңбасының негізгі мұрагері «қастардан» пайда болған «САҚ» нәсілі болып табылмай ма?  Енді қисық қабырғадан Хау ана жаратылды деген дін тарихында түсінік бар. Құран үгіті бойынша адам баласының, яғни еркектің ұрық суы төс және бел сүйектерінің арасынан пайда болады деп түсіндіреді. Ал төс сүйегі мен бел сүйегінің арасын қабырға сүйегі жалғап тұрса онда адам ұрығы сол оң жақ қабырға сүйектерден шығады. Олай болса Хау анамыз қабырғадан жаратылды дегеніміздің астарында атамыздың ұрық суынан жұмыртқа түрінде, яғни қазіргі ғылымдағы қолдан ұрықтану тәсілі негізінде пайда болғанын көрсетеді.

Енді таңбаға жүгінетін болсақ ислам бір тәңірлік дін болып жаратылыс басынан бастап, адамзатқа түскен бар діннің түп негізі, бір көк тәңіріне сиыну болып, оның басты мұрагерлері сақтың ұрпақтары қазақтар болып саналады. Тағы бір бұлтартпас дәлел: Қажы баба туралы қазақ елі діншілердің «серік қосу» деп дінді терістеуінің арқасында көптеген халық хабардар деп білемін. Қажы бабамыздың сүйегін шет елдің ғалымдары көріп, зерттеп 10 мың жыл бұрын өмір сүрген деп шешім шығарыпты. Сондықтан қабірді тапқан азаматтардың Нұх пайғамбарымыз деп тұжырым жасауына себеп болған. Ал Алладан келетін аянды арапшыл діншілер және европалық білімшілер  мойындамағанмен, есі толық қазақтың қай баласының да ақиқат хабар екеніне иман келтіру хақ. Аян бойынша негізінен  0037 жылдары қайтыс болған Дәуіт пайғамбар ұрпағы болып табылады. Сондықтан бұл мезгіл Інжілдің әлемге таралу уақытына сәйкес келеді. Ол кісінің өзі басындағы шырақшыға айқын түрін көрсетіп және; «Менің басыма мұсылман таңбасын қой!» деп аян беріп, шырақшы кісінің ислам таңбасын басына бекітіп қойғанын көрдім. Екінші ислам белгісі – аттың тағасы! Бұл туралы бөлек әңгіме жазармыз. Ал енді бұдан қандай ғибрат алдыңыз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *