ИСРАИЛИЙЯТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОЙДАН ШЫҒАРУШЫЛАРЫ

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 80

    Әсіресе иудаизм дінінен Ислам дініне өтіп кеткендер, иудаизмдағы көптеген хикаялар мен өтіріктерді хадис атыменен Ислам дініне қосып жіберген. Бұндай нәрселер Исламды бұзу үшін жасалған деп айтылса да, адамдардың бұрынғы дәстүрлерінен, дін-ғұрыптарынан айырыла алмағандықтарынан немесе дінімізді өздерінің діндеріне бейімдету үшін жасаған болулары мүмкін. Ибн Халдун Муқаддима атты кітабында осы тақырыпқа байланысты былай дейді: “Хадис риуаятты тәфсирлерде қателер мен дұрыстары, қабыл көретіндер мен жоққа шығарылатындар, яғни ішінде бәрі бар еді. Бұның себебі; Араптардың сауатсыз болулары еді. Олардың өмір ғұрпы бәдәуилік пен надандық еді. Жаратылыстың сырлары, әлемнің жағдайы және тағы басқа мәселелерде бір нәрсе білгілері келгенде оны өздерінен бұрын Кітап берілгендерден сұрап бұл мәселелерде олардан пайданалатын еді. Сол Әһлу Кітаптың арасында Қағб әль-Ахбар, Уәһб бин Мунәббиһ және Абдуллаһ бин Сәләм бар еді. Хадис риуаятты тәфсирлер осындай кісілердің риуаятымен толып тасиды. Тәфсиршілер бұл мәселеде қатаң болмаған және тәфсирлерін банағылар сындылардың риуаяттарымен толтырған.” Ибн Халдунның айтқанын бүгінгі күндегі тәфсирлерде де көруге болады.


ҚАҒБ ӘЛЬ-АХБАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ДІН

Қағб әль-Ахбар исраилийят деп аталатын яһуди хикаяларын ең көп мөлшерде дінімізге еңгізген адам. Әбу Бәкр яки Омардың дәуірінде Исламды қабылдағаны айтылады. Исраилийят тұрғысындағы терең ілімі және бітпес хикаялары арқылы дәуірінде мәшһүр болып, айналасына қалың халықты жинады. Пайғамбарға жала ретінде риуаят еткен хадистерінің бірінде: “ Исраиль ұлдарынан хадис риуаят етіңдер, бұнда зиян жоқ.” деп айтады. Бұл хадисті Абдуллаһ бин Амр риуаят еткені айтылады. Бұл хадисті Тирмизи, Әбу Дәуіт және Бухари хадис кітаптарына алған. Ал Абдуллаһ бин Амр Қағб әль-Ахбардың шәкірттерінен болған. Мыңдаған Исраилийятты ойдан шығарып, оны дінге еңгізбестен бұрын бұл хадисті ойдан шығарғандар, кейінгі жалғандарын да осы хадистің үстіне құрған. Қағб әль-Ахбар болса осы араншылардың басында келеді. Қағб әль-Ахбар өзінің жұмыстарын тек хадис риуаят етумен ғана шектемей, Абу Хурайра, Абдуллаһ бин Амр, Ибн Омар, Ибн Аббас сынды кісілерге дәріс берген. Осылайша ойдан шығарған хикаяларының тез тарауын банағы кісілерді қолданумен жүзеге асырған. Халифа Омар Қағб әль-Ахбардың бұл амалдарына қарсы шығып, егер доғармаса жер аудартып жіберем деп қорқытқан. Абу Хурайра да осындай ескерту алған еді. Халифа Омардың өлтірілуіне дейін өз пікірлерін жаюда қиыншылықтар көрген Қағб әль-Ахбар, Омардың өлтірілуінен кейін ішінара жеңілдеген. Қағб әль-Ахбардың өмірбаянын әңгімелеген Махмуд Әбу Раййа Халифа Омарға жасалған қастандықта Қағб әль-Ахбардың да қатысын былай түсіндіреді: “Омар бұл Яһудиді тапжылмай бақылап, пасық амалын түсініп, оны ескертсе де соңында Яһудинің қулығы Омардың ақылы мен ақ ниетінен асып түседі. Қағб әль-Ахбардың ашық және құпия тұзақтары Омардың өлтірілуіне себепші болады.Қолда бар мәліметтерге қарағанда бұл қастандықта жасырын топтың қатысы бар екендігі анық көріледі. Қағб әль-Ахбардың да мүшесі болған жасырын топтың басшысы Хурмузан-ді. Хурмузан деген адам Хузестанның патшасы болып тұрғанда тұтқынға түсіп, Мәдинеге әкелінген-ді. Халифа Омарды өлтіру тапсырмасы Әбу Лу’луге беріледі.” (Махмуд Әбу Раййа, Әдуә алә суннати Мұхаммадййа, бет 171)

Махмуд Әбу Раййаның Ибн Кәсирден сөздейек алып әңгімелеген жорамалдарын шәксіз шындық деп айтып отырған жоқпыз. Алайда Халифа Омардың оған хадис риуаят етуіне тыйым салғандығы және жорамал болса да Омардың өліміне қатысы болған адамның және оның дәрісін алған Абу Хурайра, Абдуллаһ бин Амр, Ибн Омар, Ибн Аббас және басқа да адамадардың хадис риуаяттары қаншалықты сенімді болмақ? Осылардан Исраилийятты және басқа да хадистерді риуаят еткендердің бұл мәселедегі ұқыптылығы шынайы ма? Бұл кісілерде қателескен мухаддистердің, басқа кісілерде қателеспейді деген гарантиялары бар ма? Ап-анық Құран тұрғанда әм Құранның өзі жеткілікті болып тұрғанда әлі сол мухаддистерден медет сұрау дінге жасалған қиянат емес пе? Бұл сұрақтардан кейін қайтадан Қағб әль-Ахбар дың мәселесіне оралсақ, Қағбтың ойдан шығарған хикаялары ол дүниенің жаратылысы, ахиретте болатын жағдайлар, Шам аймағының маңыздылығы және басқа да көптеген тақырыптар бар.

ҚАҒБТЫҢ ОЙДАН ШЫҒАРҒАН ХИКАЯЛАРЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ

Бір кісі Қағб әль-Ахбармен ұшырасты. Оған сәлем беріп дұға етті. Қағб онан: “ Әй, өзің кімдерден боласын?” деп сұрады. Ол кісі “Шамлылардан боламын” деп жауап берді. Сонсоң Қағб ана кісіге былай деді “Бәлкім сен Шамлылардың арасынан шығатын есеп пен азапқа тартылмайтын жетпіс мың әскердің біреуісің! ”

Ибн Асакир, Тарих 1/57

Қағб былай деді: Алла жер бетіне қарап ; “ Сенің бір бөлігіңе сүйкенемін.” деп бұйырды. Таулар Оған жүгірісті. Жартас омырылды. Сол үшін Алла оларға алғыс айтып, аяғын үстеріне қойды.

Махмуд Әбу Раййа, Әдуә алә суннати Мұхаммадийа, 185 бет

Есеп беру үшін қайта тірілу әм есеп беру Бәйт уль-Мақдисте болады.
Бәйт уль-Мақдисте жерленген адам азап көрмейді.

Махмуд Әбу Раййа, Әдуә алә суннати Мұхаммадийа, 185 бет

Қағбтың ойдан шығарғандары тәфсир және басқа да кітаптарға кірген жоғарыда берілген сынды риуаяттардың бір бөлігі өзінен риуаят етілсе де, шәкірттері арқылы риуаят етілгендері Қағбтың өзінен тікелей алынған риуаяттардан көптеу. Абу Хурайраны қолдап баққан Мағауия, Қағбқа да қолдау беріп оған тәмсіл-хикаялар айтушылығын әмір еткен (Ибн Хажар, Исәбә 5/323).

УӘҺБ БИН МУНӘББИҺ

Исраилийятта Қағбтан кейін Уәһб бин Мунаббиһ келеді. Ол көптеген сахабаларға сілтеме жасап хадис риуаят жасаған және Абу Хурайра, Ибн Омар және Ибн Аббас одан хадис риуаят еткен. Ахмед Әмин былай дейді: “Ең көне және ең сенімді деп қабылданған сира кітаптары түгіл өтірік нанымдар мен исраилийяттан толық тазармаған. Керісінше хронологиялық қатарда ең көнелерінің ішінде ең көп исраилийят бар. Ең көне және ең сенімді болып есептелетін Ибн Исхаққа қарайық. Бұл адамның алған ілімінің негізгі қайнарларының бірі ол Уәһб бин Мунәббиһ-дүр. Сондай ақ Ибн Исхақ христиан және мәжүсилердің қайнарларынан көп мөлшерде пайдаланғаны мәлім.” (Ахмед Әмин, Духа уль-Ислам, 2 том, 311 бет). Өкінішке орай мухаддистер Ахмед Әмин секілді Уәһбті анализ ете алмаған яки өтірік екендігіні біле тұра молынан хадис риуаят ету үшін тікелей немесе ауыспалы түрде Уәһбтен төмендегі секілді түрлі жалғандарды риуаят еткен.

Ғарышты төрт періште иығында көтеріп жүреді. Әрбіреуінің төрт жүзі бар, олар: Өгіз жүзді, арыстан жүзді, бүркіт жүзді және адам жүзді. Әрбіреуінің төрт қанаты бар. Бұлардың екеуі бетін жауып, ғарышқа қарап жанып кетуіне кедергі болады. Оның айбындылығы аспандар мен жерлерді қамтиды.

Малти, Китаб әт-Тәнбиһ бет 90

Рәшид Риза, Қағб және Уәһб екеуінің дінге берген зияндары мен қоспаларын былай әңгімелейді: “Исраилийятты риуаят еткен және мұсылмандарды айлаларымен алдап соққандардың ең зияндылары осы екеуі. Жаратылыс, шығу тегі, Пайғамбарлар, бұрынғы үмбеттер, іріткілер, қиямет және ақирет мәселелерімен байланысты тәфсир және тарих кітаптарындағы бүткіл мәліметтердің астында осы екеуінің қол таңбасы жатады. Осы кісілердің риуаяттары арасында Таурат және басқа да сәмәуи кітаптардан алдық деп жеткізгендерінің сол кітаптарға да қайшы келгендігін көріп, бұл риуаяттардың көпшілігінің өтірік екендігін түсіндік. Бұрынғы ғұламалардың бұны түсінуге жағдайлары жоқ еді. Себебі олар әһли кітаптың кітаптарын оқып мағынасыны түсінетін жағдайлары болмаған. Шүбәсіз осы екі яһудинің жасаған риуаяттарының көпшілігі исраилийят текті өтірік сенімдер болып, тәфсир және басқа салаларда жазылған кітаптардың мағынасын бұлдыратқан. Осындай адамдардың кесірінен Ислам дұшпаны дінсіздер, Ислам дініні де басқа діндер секілді өтірік сенімдер мен қиялдар діні екендігін айтқан.” (Рәшид Риза, Мәжәлләт уль Мәнәр)

МӘСИХИЙЯТ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТАҚТЫ ОЙДАН ШЫҒАРҒЫШТАРЫ

Дінімізге еңгізілген жалғандардың бірі яһуди қайнарлы исраилийят болса, екіншісі христиан қайнарлы мәсихийят болып табылады. Мәсихийят қайнарлы өтірікшілердің ең атақтылары Тәмим әд-Дари және Ибн Жүрәйж. Дәжжал (тажал), сайтан, ажал періштесі, жәсәсә, жәннәт және жаһәннәм туралы түсініктемелер, Иса Пайғамбар туралы ойлан шығарылған әңгімелер мәсихийяттан дінімізге еңгізілген ең маңызды қоспалардың басында келеді. Мәсихийят қайнарлы риуаят ретінде төмендегі мысалды бере аламыз:

Алланың елшісі халықты жинап алып, оларға былай деді: Уаллаһи, сендерді қорқыту немесе ынталандыру үшін жинаған жоқпын. Дегенмен, жинаған себебім Тәмим әд-Дари деген христиан кісі маған келіп серт беріп мұсылман болды және мынандай бір оқиға айтып берді. Ол қасында алапеспен ауыратын отыз адаммен теңіз сапарына шығып, бір айдай құтырған толқындармен алысып соңында бір аралға тап болады. Күннің батқан жағында орналасқан сол аралға аяқ басқанда үсті-басын жүн басқан, басы-аяғы көрінбейтін бір құбыжық қарсы алып: “Мен тыңшымын” дейді. Сонсоң әлгі құбыжық оларға ғибадатханадағы бір адаммен жолығуларын ұсынады. Тәмим және жолдастары ғибадатханаға кіргендерінде олар аяқ-қолы кісендеулі бұрын-соң көрмеген еңгезердей бір адамды көреді. Сол адам олардың әңгімелерін тыңдап арап екендіктерін білгеннен кейін оларға бірқатар сұрақ қояды. Тәмим және жолдастары сұрақтарына жауап береді. Соңында “Маған үммилердің Пайғамбары жайында айтып беріңдер, ол не бітірді? Араптар онымен шайқасты ма?” деген сұрағына олар “Иә” деп жауап береді. Сонда ол “Пайғамбар оларға не істеді?”деп сұрайды. Олар да “Пайғамбар араптарды жеңіп, өзіне бағындырды” деп жауап береді. Сонда сол кісі оларға: “Мен енді өзімді таныстыра кетейін, мен Мәсих Дәжжалмын.Бостандыққа шығуға рұқсат берілетін уақыт таяп қалды.Сол кезде қырық күнде жер бетін шарлап, Мекке мен Мәдинеден басқа бармаған ауылым қалмайды. Бұл екі қала маған харам етілді. Ол екі қаланың біріне қалай кірмекке әрекеттенсем, сол сәт қолында жалаң қылышы бар бір періште алдымнан шығып, ол жаққа кіруіме кедергі болады. Ол қаланың әрбір өткелінде бір-бірден періштеден тұрады.” Баяндамасын бітірген Пайғамбар аса таяғын мінберге ұрып: “Міне Мәдине, міне Мәдине, міне Мәдине” деп айтты.

Муслим Фитән 119/ Әбу Дәуіт Китаб уль-Мәләһим15/ Ибн Мәжә Китаб уль — Фитән 33

Бұл хадис Муслим, Әбу Дәуіт және Ибн Мәжә сынды суннилердің даусыз ақиқат ретінде қабылдайтын еңбектерінде өтеді. Бұл хадисті жоққа шығарған кәпір болып есептеледі. Себебі бұл хадис Муслимның кітабында да өтеді. Бұл хадисті қабылдаған адам сүндетке, хадиске сондықтан Пайғамбарға бағынышты болып саналады. Тағы бұл хадиске сенетіндер; бұл хадисті жоққа шығаратындарды Пайғамбар дұшпаны, ал бұл хадисті қабылдайтындарды болса Пайғамбарды қатты сыйлап құрмет ететін(!) кісілер деп есептейді. Тағы бір Мәсихийят қайнарлы жалған хадисті зерттеп көрейік:

Сайтан әрбір адамды туылып жатқанда жарақаттайды. Алайда Мәриям ұлы Исаны жарақаттай алмаған, жарақаттау үшін барғанда оның жаялығына ұрған.

Бухари Китабу Бәд уль-Халқ 11/ Ханбал 2/523

Жоғарыдағы хадисте Иса Пайғамбар ұлықталып, ал Пайғамбарымыз болса сайтанның соққысына ұшыраған қарапайым адамдардың тізіміне кіргізілген. Бұл хадистен кейін Пайғамбарымыздың, жүрегіндегі сайттанның соққы ізінен құтылуы үшін періштелер тарапынан бес рет операция жасалып жүрегіндегі қара ұйысып қалған нәрсені шығарып жуған деген жайсыз хадистер де риуаят етіледі. Бұл риуаяттарды хадистері ең сахих болып саналатын Бухари және Ханбали мазхабының құрушысы Имам Ахмед риуаят жасаған. Алайда Суннилер әлі де, хадистерді жоққа шығарған Пайғамбарды да жоққа шығарған болады деген көзқарастарын табандылықпен қорғап келуде. Ал олардың ең сахих хадисі болса Бухари болып табылады. Анау болса ең дұрыс, ең сенімді хадис кітабының хадисі! Міне Құраннан тыс басқа сөз (хадис) іздегендердің түскен шарасыз ахуалдары!

 

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *