«Ілім мен білім ортасын ұстанбасаң бүлін» деген данагөй бабаларымыз. Олай болса ілім ғылымның шындық атты құпия, көмес, ғайып деректеріне жалғануға есік болса, білім ғылымның бейнеленген белгілі қуаттық шамалары, өлшемдері мен түсінігі болады. Біздер ғылым арқылы да, білім арқылы да ортасын ақыл-ойының қуатын меңгеруміз керек. Ақылдың қуатын және оның таза ойын тауып; кітапқа бейнеленген жан қуатын, иман нұрын меңгермей ғылымның да, білімнің де соңына түсіп адасумен, азғындыққа, бүліншілікке түсумен, жанды жоғалтумен ғана аяқталады. Адамзатқа төрт бағыттағы ақпараттық қозғалысты меңгеріп, ортасын табуды бұйырған Раббымыз. «Төрт құбылаң (қыбылаң) тең болсын!» деген. Сонымен христиан дініндегілердің кресті жаратушымен арадағы дәнекерге балап сыйынуын біздер шоқынды деп санаймыз. Қазақ салтында қадірлі қонағына малдың басын тартып, оған осы белгіні салу әдетіміз бар. Ал қосу (крест) таңбасының негізінде тағдырлық кітаптық жүйені, кісілікті белгілейтінін білеміз бе? Төрткүл дүние, дүниенің төрт бұрышы, төрт күнде жерлік несібе жаратылған. Әрбір пенденің төрт құбыласы тең болғанда ғана бақытты болады дейміз. Олай болса; оң солымыз; іс-әрекет амалдарымыз, қылығымыз жындық қуаттылығымызбен, қайраттылық, талаптылық, аруақтық, шеріктік өнімізбен және кісілігімізбен байланысты болып табылады. Ал енді алды-артымыз уақыттық тұрғыдағы ғұмырымыз және өткеніміз бен болашағымыз, жандық өсіп-өну адамдық болмысымыз, есту, көру, ойлау қабілетімізбен байланысты періштелігіміз болып табылады.
Сонымен біздің өткен тарихымыз бен болашағымыз яғни алды артымыз бен оң, солдық қимыл, қозғалысты бір жүйе денеге қызметке жегу арқылы «төртеуіміз түгел болып» бесінші тұрғыда таза ақылға, тылсымға жалғана аламыз. Ол үшін де ішкі сарайымыз, жүрегіміз, ет-қанымыз таза болуы да керек. Адам баласы жануарлық тәнмен яғни күнәдан жаратылады да, мұндай күнәлық болмыстан ақталуды да қажет етеді. Күнәдан ақталудың дін қағидасы інжілмен түсіріліп, Ғиса пайғамбарымыздың қалдырған үлгісін меңгеруді қажет етеді. Яғни өлімнен өту сатыларын меңгеруді, рухани қайта тірілуді қажет еді. Сондықтан христиандардың шіркеулеріндегі күрделі крестің біліміне жүгінсек; онда уақытты тігінен ағашпен белгілеп; оның саны бес уақытпен, ал көлденеңінен қуаттық шама десек мұндай қосудың, қиылысудың саны тоғыз болады. Құранда да тоғыз кісілік қуаттың барын және адамзаттың тоғыз түрлі ылғалдылық ерекшеліктен, кісілік қуаттылықтан тұратынын білген жөн. Қандай бір жаратылыстың қарсылығы болуы шартты, олай болса тоғыз түрлі бұзықтық, кісілік яғни шеріктік қуаттар жүйесі бар. Сонымен рұқты меңгеруге бес уақыттық, тоғыз қуаттық шамаларды меңгеру керек екен. Оның бесеуі саусақпенен байланысты малдық қуаттар болса, ал төртеуін нәсілдік тұрғыда болатынын; «жын шайтан» туралы жазбада баяндап өттік.
Исламдағы «шерік қосу» ұғымы осындай күнәлі рұқтармен, нәсілдермен арамдық әрекеттер арқылы жүктелу болып, ал серік қосу Алланың кітабына, аяттарды ойдан қосумен немесе жанның қырық үйін бүлдірумен арамдаумен байланысты болмақ. Бірақ біздер жын мен адамдық болмысымызды бір қуаттық жүйемен басқару үшін әлемдік тұрғыда бұл ақпараттық, қуаттық жүйеге жалғанып меңгеруміз шарт. Ол үшін де біз өз тарихымыз, шежіремізге артымызға және оң, солдық ата-бабаларымыздың, аналарымыздың нәсілдік белгілеріне, денелік көлеңкелеріне мейлі қандай жағдайда (жын, шайтандық бейнеде) болсын жалғанумыз яғни жүктелуіміз керек. Ал біз мейлі қандай дінде, қандай сенімде болайық, бәрібір адам болып жер бетінде өмір сүру үшін де бұндай ата тегіміздегі тазармаған жүктерден біз қашып құтыла алмаймыз, еріксіз жүктелеміз де. Қазақтың бұл тұрғыда діндік философиялық берік қағидасы бар. «Төртеу түгел болса төбеден келеді», «Тоғыз төре (иман нұры) төбеден келмей, қырық қожаны (рұқ киесін) қырқа асырмай, текті аталмас» деген. Мұхаммед пайғамбарымыз; «Менің алтын, күмісім көп болса, мына жаққа, мына жаққа түгел таратып берер едім» деп оң солын, алды артын қолымен көрсеткен екен.
Олай болса, исламдық дін шариғатымыз, масхабымыз салт-дәстүрімізбен сәйкес болғанда ғана осы төртеуді түгел меңгерумен, тазартумен, тақуалықпен нәтижесін береді. Ал енді алтын, күміс дегеніміз біздердің сыртқы бой жарығымызбен, ақыл, иманымызбен меңгерген жинаған жарықтық тұрғыдағы қазынамыз, бақшалық өрісіміз болады. Ол үшін де ізгілікті, жомарт, мүмін болуды меңгеріп және төбемізден келетін жұлдыз кісілігімізбен жалғанып, болашағымызға да бағдар ала білуіміз керек. Яғни уақыттың ұзындығын (дәуірлерді) меңгеруміз шарт. Біз тек қана өткен тарихты біліп, дайын үлгіні жол қылып алып, заманға ғана лайық боламыз десек, онда болашақта не болатынын білмей адасуымыз да заңдылық. Мұны масхаб та, діншілер де «серік қосу» деп, ал жалпы ғылымда, тегімізде көріпкелдік, болжампаздық, сәуегейлік қасиет деп атайды. Осындай жағдайда ақиреттен аян, уахи алу арқылы енді «тоғыз төре кісілік нұрға» жалғануымыз керек. Інжілде мұны күнәдан ақталумен, дарындылық қасиеттерді меңгерумен түсіндіреді. Ібіліске Раббымыз; «Адамдарды атты (ел билеуші, басшы), жаяулы оң, сол, алды, артынан келіп қорқыт, жолынан адастыр» деген. Олай болса, ібілістің ұрпағына атқарушыға айналып алған, алдынан, артынан хабар алуды қорқыныш қылып көрсетуші масхабшы, исламдық діншілер төбеден келетін тоғыз кісіге жалғану түгіл бес уақыттық ақпараттық жүйені меңгеруді де бес парыз намаз оқумен алдап, інжілдік күнәдан ақталудан тыюмен, көріпкелдік, емшілік сияқты тазартумен айналысатын қасиеттіліктерді терістеумен айналысып, оған енді ел билеуші, зиялы атты қауымның да жәрдемші болып алғаны да хақ.
Қазақтың даналығында; дінде тақуалық, әулиелік және ұлттық тектік тұлғалық қасиетін қалыптастырудың сырын, «тоғыз төре, қырық қожамен» байланысты; «Бірінші байлық ден саулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деп атағанын білмейтін қазақ жоқ болар. Сонымен денсаулық дұрыс болуы үшін; «Төртеу түгел болу керек.» Ал енді дін масхабпен, шарихатпен ізгілікті жомарт болып, тақуалық ұстанып, төртеуімізді түгелдесек, онда төбеден аталық жұлдызымыз кісіміз – нұрға жалғанымыз міндетті болмақ. Жалғану деген кітапты тағдырды көріп, аянмен әрекет ету — намаз орындау құлшылығы болады. Оған ел билеуші мен діншілер саясатында мүлде қарсы, яғни пайғамбарларымыздан кейін уақи мүлде тоқтап, құдай адамзатпен байланысқа тек Ханафи арқылы ғана байланысып, онда да шариғат ғалымдары бәріне де жауап береді деп өздерін көктегі ақиреттік жұлдыз иелеріне балайды. Жерден тесік, көкке саты іздеген ата жолын меңгеруге тырысқанды олар түгіл шығармашыл топтың серкелері де жақтырмайды, қудалауға да тартынбайды. Ібілістің ұрпағы болғандарын да жетемен түсіне алмайды.
Мұндай жағдайда халықтың да денсаулығы, ақылы, есі толық жетелі болуы да мүмкін емес және арсыздық, ұятсыздыққа тыйым болмаған елде; «Ақ жаулықтық» жан қуатының өсіп-өнуі де мүмкін емес. Демек ұлттың тұлғасы да, үлгісі де болмай, халыққа құдайдың азабы түсуі де шартты. Неге десеңіз, қандайда бір тәндік ауруды емдеп сауықтырғанмен оның жандық, рұқтық кеселін жоймаса, ол басқа біреулерге ауысып немесе метафизикалық тұрғыда екі аралықта өсіп-өніп көбейіп отырады. Мұндай жағдайда тұқым қулайтын, қанмен келетін кеселдерді былай қойғанда, аты жаман індеттердің кез-келген денсаулығы, яғни бой өрісі немесе ақылы кем жынды, ессіздерге жұғып отыруымен ұлттың жаппай ауыруымен тексізденуіне себеп болады да. Сондықтан төбеден келетін аталық текке жалғанбай, қалған тоғыз төренің «он саулық» нұр болып қосылуы мүмкін емес. Және қазақтың бүгінгі жағдайында қатын, қыздардың жаулық түгіл етек, жеңінің жоғалып, жалаңаштанып, арсызданған жағдайда қандай қырық қожалық ұлттық діл тегіміз өсіп жетілмек?
Сонымен ұлтымыздың бәрі бірдей дінсіз, арсыз деудеуден аулақпыз, бірақ тоғыз төрені меңгеру үшін тоғыз жолдың торабымен жалғануға, тоғыз дәуірден хабар алуға, дін тарихатына байланысты екенін де білген жөн. Мұндай қасиеттіліктің өкілдері; тарихшы, шежіреші ғалым аталғандарды былай қойғанда, өздерін масхабшылардан биік тарихатшымыз деген ағайындар мұны да білмейтіні хақ. Олар үшін ата-бабалары түсіне кіріп, хабар беріп, ғылымдық деректерді беруші емес. Кітаптарын теріске алып, жүрек көздері ашылмаған соқырлар екені сөзсіз. Ал енді үш байлықты толық меңгеру үшін қырық қожа-қырық шілтенмен жалғанып, жер ойпаттары, киелі жерлермен байланысу арқылы жұлдызға, ғылымға жалғанатынын кім түсінеді? Бұл да қазақтың мағрипаттық дәрежедегі құлшылығымен дәстүр болып қалыптасып; шариғат, тарихат, мағрипаттың кез келген қазақ баласының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін ұстанып, ата жолында аруақтармен байланысып құдай патшалығына еніп, дарындылықтарды, қасиеттіліктерді меңгеріп шыңдаумен; алтыншы тұрғыдағы әлемдік көш бастаушы нәсілге номадтық ізге түсуге болатынын, ал оған жол бермеуге ел басшымыздың өзі де неге қарсылық білдіріп жатыр?
Олай болса, жоғарғы ел басшымыздың аруақтық аманаты, негізгі басқарушы жанымен алған кітабының үкімдерін орындаумен бірге рухани тұрғыда адасуына да осындай топтың әсері болатынын да мойындаған жөн. Уәзірлері мен дін және философ ғалымдарының пәтуаларымен санаспайтын ел басшысы да мұндай орында ұзақ тұра алмайды. Өз абыройын сақтау үшін мұндай топтардың саясатымен де келісіп заңның ғана күшіне сүйенуге мәжбүр болмақ. Сонымен ел билеушілерінің тексіздігінен, саналық түгіл қарапайым жетеліктерінің де қуаты болмай, тек қана ақылсыз білімге, дүние ісін меңгеруге ғана қабілетті болып табылғандықтан және зиялы қауымының да тұлғалық, аталық, тектілік тәрбиесінен бас тартып қана қойғанын былай қойғанда, оны ұмыттыруға тырысқан мұндай зұлымдық саясатын да ашық жүргізіп жатқаны бұқара халыққа мәлім жағдай. Енді мұндай рухани қарсылықтан ақырзамнаның уақиғасына үкім түсуі де заңдылық емес пе?
Қандайда бір замандық уақиғаларды түсіндіруде, әлемдік қуаттарды меңгеруде, білімнің өркениеттілігін қалыптастыруда өткен заманның ата-бабаларымыздың өткен жолын зерттеп, дұрыс тәжірибесін меңгеруіміз де шартты. Мұны наным яғни иманымыздың ірге тасы деп атаған дұрыс. Бар пайда мен зиян да біліммен меңгерген сенімділік еркімізден, еріктің қуатынан талаптылықтан шығады. Олай болса сезімнің аңғарымпаздығы, саналық тек; ақылдың қуатын яғни жанға қуат, зейнетін, иманымыздың тәрбиесін жоғалтып, тек білім тұрғысындағы сенімділіктің, қаракеттік ақылдың (такледи иманның) соңына түсіп аламыз да, сөз ұғымдарын, сөз атауларын өз мақсатында ділді жетілдіруге пайдаланбай зұлымдыққа түсеміз. Ұлттық ойлау жүйесін құдайдың араласуымен иман арқылы тазарудан өтпеген білімге, ақылға байлап қоямыз.
Сондықтан аятта: «Олар сөзді (алған жол-жоба кітаптарын) зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) деген ашық аятты жетелі қазақ баласы астарын түсінгенмен, көбіміз мұны жүрекпен қабылдамаймыз, керісінше қарсылық білдіріп, аудармашының қатесі деп өзіміз құранды арапша тура аударып түсінгенді мақұл көреміз. Сонымен сөз ғылымында яғни Алланың иіріп берген жібінде днкалық, гендік тегіміз, біздің ата-бабаларымыз қай заманнан бастап өзіндік ұлттық, қандық ерекшелік тегін, ділін қалыптастырса, сол кезеңнен бастап сөз ғылымымыз да, дініміз де үздіксіз өріліп отырады және кейіннен пайда болған діндер арқылы рұқ қуаттарын жүктеп, білім, сенім арқылы меңгерумізбен, жанды жетілдіріп, қуаттанып, көбейіп отыруы керек. Мұны аманат, ант, ал нәсілдік, үндік, сипатымызды құдайға берген уәде деп атаған дұрыс. Сондықтан аятта; «Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92)
Қатын ұғымы деген; бес сезімдік ақылдың қалауымен, кімді өзіне лайық деп тапса, соған серік қызметші болып кете беретін періштелік жаратылыс егесі. Сондықтан исламдық бес парыз дегеніміз; бес сезімдік қуатты тәрбиелеуге негізделген. Ал алтыншы тұрғыдағы сезімдік ақылдың аңғарымпаздығын тарихат, шежіремен, ата текпен байланысты әр ұлттың өз жобасы болуы керек. Ал еркектердің қатындығы да алтыншы тұрғыдағы көріпкелдік, сәуегейлік, болжампаздық тектілігін, еркектігін меңгеру аманатына, тағдырлық, аруақтық қызыл кітабын жүктеп алуға қиянат жасап; ұлтына, дәстүріне опасыздық қылып, кез келген топтың үстемдігін қалыптастыруға ар, ұяттан аттап өте беретіндер болып саналды. Ал енді пайғамбарымыздың елшілікте, Ахметтік сипатта; «..көбірегінен елемей өтіп кетуі..» деген ұғым осындай Құдай ісіне заманға қарай жалғана алумен тарихат, мағрипаттық тақуалықпен байланысты болғаны да хақ. Сонымен пайғамбарымыздан мирас Ахметтік сипаттың жұбы Ғиса пайғамбар істеріне жалғап бірлеу Құл қожа Ахмет бабамызға аманат болғаны да хақ.
Сондықтан қазақ ұлтына көшкен елшілік те Ахметтік сипаттарды жалғастыруға қарсылықты ұйымдастырушылар, ібілістің тікелей тапсырмасын орындаушылар, жалпы исламға, біртұтас әлемдік дінге опасыздық жасаушылар болып саналады. Ал мұндай опасыздықта, сезімдік ақылға білімін, сенімін байлаған қатындықта, арсыздықта қазақтың білімді қауымы алдына жан салмауға жарысып кеткені де хақ. Енді қазақтың ақырзаман оқиғасына алғашқы болып енуіне себепші болған қатындықтардың тізімімен танысып көріңіз; бірінші орында дін ғалымдары, имамдар-арапшылдар тұрса, екінші орында «сөздің бәрін араптан, парсыдан алдық» деген Жарылғап Қалыбай бастаған топты атауға болады. Үшінші орынға ел билеушілердің, ғылымды тек латын елдерінен үйренеміз дегендер мен латын тіліне таңбаны өзгертуге ұран көтергендер мен жас баланы ділін меңгеруге кедергі жасап, ағылшын тілін зорлап үйретуші; ел билеуші, опасыздар жатады. Ал төртінші орынды орыстан ірге тасымызды мүлде аулақ салу керек деген, атыңды қазақшаласаң текті, аталықта болып иманды құдайдың қалауынсыз, яғни құдайлық таза ақылсыз-ақ меңгеруге болады деген Қазбек Иса, т.б. басқа осындай әкесінің аруағымен құрдас болған; адамның емес, атаның ғана баласы аталғандар саны миллиондап өсіп жатқандар жындылар тобын атауға болады.
Неге десеңіз; бұлардың бәріне құдайдың қалауы, заманға қарай ұлттық ділді өсіруге бейімдейтін, сөз ғылымынан уахи, кітап алу деген ұғымды терістеп, оны ескертуші болған, өз артынан ерген аруағын көріп, естіп тыңдау деген ұғым мүлде жоқ. Тек қана өздерінің ұнатқанын дұрыс деп тапқан, бес сезімдік ақылға, жүрекпен қабылданбай жаттап алған білімге ғана сүйенеді. Мұндайларда жетелік, екі естілік ақылдың қалыптаспағанын; ата-бабадан қалған аманат, нақыл сөз ұғымдарын түсіну қабілетімен оңай анықтауға болады. Ал саналық ақылдың ұлттық үлгісіне келсек; бұл кісілік-тұлғалық қасиеттің, әулиелік дәрежедегі ел басымыздың өзінде құдайдың аманатпен берген кітабының арқасында ғана, тек дүниенің материалдық бейнелуімен ғана негізделіп қалған. Сана негізінде құдаймен байланыста тұрумен ғана өзінен хабар береді.
Осындай негізгі төрт түрлі және ұлттың тегін ойлап жүрген жетелілердің бәрібір екі есті болуы, себебі ары әлсіз, осындай қатындықтың да арасын жалғап тұрған талай топтардың өкілдері де жеткілікті. Бұл негізінен шығармашылық өкілдері, тілшілер, саясаткерлер мен бұқара халық арасынан шыққан талантты өнер иелері «жұлдыздар» яғни жындылардың, жындылық әрекеттердің барлық тобын табуға болады елімізден. Қазақша сөйлесең болды; текті болып, және құдайдың беріп жатқан несібе дүние байлығын, еңбексіз өзара әділ бөлсек болды; төрт құбылымыз тең болады деген; ар дегенді, қазақтың әулиелік жолға дайындайтын дәстүрін, тақуалық үлгісін мүлде ұмытқан; Мұқтар Шаханов бастаған және осындай қазақ дәстүрін жеке-жеке құндылық түрінде ұлттық ар білімінен, дін шариғатынан, пайғамбарымыздың сүнеттерінің үкімдерінен бөлек санайтын топтарды да ібілістің еркін орындаушыларға негізгі ұлттық иман қуатын меңгеруді, халықтың назарын, нанымын қисық жолға қарай бұрушылар, иманы әлсіз, білімде сенімі мықты жындылар деп білген дұрыс.
Жалпы бастағы төрт жынын тазартуды ойламағандардың; ел билеуші, дін ғалымдары, бұқара халықтың өкілдері, әсіресе үлкендік жасқа келгендердің және білімді зиялы қауымның өкілдері; ақылды жындар тобы болып, ата дәстүріне шақырғанмен аманатқа қарсы яғни ата тектіктік емес әлемдік салтқа бейім жындылық үлгісін қалыптастырушылар ғана. Сондықтан қай заманда болсын замандық білімге, ағымға қарай тез қалыптасып және құдайдың жаңадан түсірген жол-жобасын меңгере білген тектіліктің, қасиеттіліктің сапасын жетілдіре білетін, жан ғылымының тәрбиесін, жол-жобасын, ұлттық теңдесі жоқ құпия білімімізді, аруақтық, ғылымдық дәстүрімізді меңгеруді терістеп, керісінше барлық шет елдің әдетін, салтын сіңіруге алмастыруға тырысып жүргендерді осындай негізгі ібілістің ұрпақтарының саясаттағы еркін орындаушы, атқарушы шайтан жамағаттары деп білген жөн. Бұлар «такеледи иманнан» да төмен кімнің бидайы піссе, солардың тауығы болатындар.
Мұндай жағдайда тек білімге ғана сүйенген жалған ғалымдардың, ел билеуші бектердің атақ дәрежеге, лауазымды орындарға ие болуын қамтамасыз етуге қызмет жасаған; еліміздің философия, психология мектебінің қызметшілерін ешқандай орынсыз жоғарғы дәрежелі ібілістің ұрпақтары деп, басты көш бастаушы орынға қойған дұрыс. Осы мектептің түлектері болған тарих ғалымдарының жасап жатқан зұлымдықтары ақырзаманның азабының көбеюіне ғана себепші болып жатқаны да хақ. Бұндай топтардың қатындықтары өздері дінді меңгермек түгіл, оны мүлде мойындаудан бас тартып, әлемнің дінге, исламға қарсы саясатының орындаушыларына айналып алғандары да жеткілікті. Қандай бір себептің де өз жұбы болып, мұндай жоғарғы дәрежелі ібілістік қарсылықтың ошағына айналған, ата дәстүрінің үлгісін нақты көрсетуге бұйырылғандар; ата жолының аққу, сұңқар аталғандары да саналады. Мұндай опасыздықты, аманатын сатқан қатындықты дәріптеушілер болған мына біздер де опасыздар болып, азғындықтың үлгісін көрсетумен өзара жарысып кеттік. Мен де осы топқа жатып; «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» деген Абай атамыздың мұңын түсінгендей болып жүрген жайым да бар. Ақ пен қараны ажыратуға, тағдырында кітап берілген, іс басында ақыл беруге тұрған шығармашыл топтың өкілдері осы екі жоғарғы дәрежелі қарсылықтың демеушісіне, парына айналып алып; пайғамбарлардың, жағалы бабалардың тарихын білім жүзінде талай ғасырлардан өтіп өзгеруге халықты өз тарихына бұрмалауға түскен күйінде, қайта білім тұрғысында жариялап, ал оны нақты иесіне, киеліктен белгі алып, әулие аруақтарымен және өліктермен де сырласып түзеуге болады, сол сияқты зиярат орындарын ашып, халықтың өзі де мұны тексеруге мүмкіндік болады дегенді мүлде жалғанға шығарудан, қияметтік оттың ошағын тұтатушы отыншылары болып саналады. Осындай тарихшы, шежіресі жалған ғалымдардың құдайдың қазақ халқына берген сыйы отырар кітапханасынан бастап жүздеген қазыналардың ашылмауына себепші болып жүргендерін қатындық мінездері, аруақтарына опасыздықтары кедергі болып жатқанын өздері де аңғара алар емес.
Өз атасын, бабасының шежіресін жазып, оның рұқынан белгі аян алмай, зияратын таппай, ғалым атанып жүргендерге не сөз? Ал аруақтың назына қалып, өзінің зияратын таппай өзге аруақтың зияратын атын өзгертіп, халықты алдап жүргендерді кім деп атауға болады? Мысал келтірсек; Астана қаласының маңында қара қыпшақ Қобыландының жеті ата жұртының жерленген орнын, Ақ Барақ батырдың зияратын Қабанбай батырдың атымен атап, халықты алдауға жол беріп қойғанына, ел басшыларын кім деп атауға лайық? Сонда бүкіл тарих ғалымдарын былай қойғанда, жоғарғы ел басшыларымыз киелі бабалардан аян, уахи ала алмайтын болғанына, аруақтық кітаптарына жалғана алмағандарына, тексіздіктеріне де көз жеткізуге болады. Сол сияқты Шыңғысхан бабамызбен қасында жүріп, шәйді бірге ішіп жүргендей тарихын ойдан құрастырып, кино түсіртіп, ал жағалы бабалардың зияраттарының қайда екенін де көрсете алмаудан артық жетесіздік, имансыздық бола ма? Әлде құдай өзінің сүйікті құлдарын болашақта хақиқатымен ашып, құраннын, онан пайда болған кітабын, аруағын көрсете алмайды деп ойлай ма? Немесе бұқара халық арасынан көкжиекті көріп өскен, текті қазақ ұрпақтары мүлде жоқ деп санай ма? Халық түбінде рухани оянып, рухани эвалюция жасап, аруақтанып атқа қонудан қаперсіз бе?
Сонымен мұндай қауымнан да бөлек, өздерін халықты құтқарушы санайтын, құдайдың тегін берген қазынасын өзара бөле жеп елдің тұрмысын дүние байлықпен ғана түзеуге болады деген, халықтың ақылын дүниеге байлап, ардың емес нәпсінің жайын, қарынның қамын, еңбексіз тек тұтынуға ғана бейімделген тажалдық саясатты жүргізушілер; ел басшысының бұл тұрғыда жасап жатқан дұрыс шешімдеріне қарсылық білдірушілер, рухани азғындықтың асқынуына дем берушілер болып саналады. Бұлар нағыз халықты тозаққа шақырушы шайтандардың тобынан, тажалдардан болады. Осындай негізгі надан жындылық топтардың да әрекетінен де ел басының олардың пікірлерін, пәтуаларын теріске шығарып, іс жүзінде, дүние тірлігінде дәлелдеумен ғана айналысудан ұлттың руханиятын зерттеп түсінуге, тақуалығын меңгеруге, тұлғалығын жетілдіруге де қолын босатпай, ұлттың руханиятын дүниелік тұрғыда, әлемдік дайын үлгіде ғана ұстап тұруға шешім шығаруға мәжбүрленуге де себеп болғаны хақ. Және ел басшысын жоғарғы кісілік, тұлғалығын меңгеруге өз аталық қауымы; ұрпақтары, жұбайларының хандық, төрелік салтты сақтаудан мүлде бас тартып; дүниенің, жеке бюдың, азғындықтың жәрдемшісі үлгісіне айналумен де ақпараттық, хандық тектік, бектік жүйенің қалыптаспауына ғана үлесін қосып жатыр десек жалған емес.
Енді мұндай жағдайда ібілістің ұрпағына айналып алған ел басшысының қандай да шешімін тез іс жүзіне асырып, құдайдың қалауымен, ата-баба аманатының сақтай алуымен емес, бір адамның ғана соңына еріп; мәңгілік ел құрамыз деген, ел басына көмекке тұрған, елдің рухани ахуалынан мүлде хабарсыз, жалған деректермен ел басын да жаңылыстыруға, жинаған иманын тез тауысуға мәжбүрлейтін көмекшілікке тұрған уәзірлердің ақырзаманның басты кейіпкерлері деп түсіну керек. Қандайда бір құдайдың сүйген құлын да мақтай берсе, тура жолынан адасуы да сөзсіз. Сондықтан да мұндай ақпараттық зұлымдықтан Ясауи бабамыз жер астына қашып тығылған еді.
Ел басын көзсіз, жер тәңірісіндей асыра мақтаудың шеберлері жалпы бүкіл ақпараттық жүйені қорғап қалыптастыруға тұрған шайтан жамағаттары; заң, құқық қорғау орындары мен бектердің өздері болып табылады. Сонымен бүгінгі таңда ел билікке, жалпы дінші, зиялы қауымға сын айту деген қазақ қоғамында ашық пікірталастың күні өлген. Ал жаратылыстың басты заңдылығы қарсылықтармен ғана бірін-бірі құдайдың көмегіне сүйеніп жою арқылы ғана өркениетілікке жетуге немесе бір жақтың үстемдігін ғана заңмен қорғап бағумен, ібілістің еркін орындаумен, зұлымдыққа да түсуге себепші болады. Бұл екі жағдайға да төрт түрлі негіздің; жау, өрт, өмірдің торы, білімнің ақылмен қалай пайдалануға байланысты екені де хақ. Ақыл, білім, сенім деген зұлымдыққа қызметші де болады деген Абай атамыз. Мұндай жағдайға байланысты иманды жаратқан және құдайлық таза ой мен тақуалық тұрғысындағы әулиелік ақылмен ғана мұны меңгеруге бұйырған Раббымыз. Иманның сенімнен айырмашылығы да орысша түсіндірсек; «сила ума и знание образа жизни», яғни біздің ата-бабаларымыздан бері жалғасты келе жатқан таза ақылдық, ойлық қуаттары, бейнеленген кітабы, аруақтық ғұмырынан, тарих, шежіремен байланысты болады.
Исламда діншілер иман келтіру, яғни дінді меңгеріп, бес парызды орындап, тәпсірлік біліммен ақылды толық меңгермей-ақ; иман келтірдік дейді. Қазақтың жан ғылымында иманды болудың қарапайым түсінігі ақылмен байланысты; иманның бірінші сатысы екі естілікті қалыптастыру яғни жетелі болу. Жоғарғы жеті бұтақты сатысы бір естілікке, саналыққа жету. Сонымен ақырзаман деген ақылдың өркениетін жан ғылымын жоғалтудан, халықтың азапқа түсіп, күнәкарлардың жер бетінен тұқымсыз жоғалуынан тұрмайды. Керісінше ақырзаман апаттары мен ерекше құдайлық ескертулермен ақылын жетілдіріп ғылымдық қуаттарды меңгерумен көптеген адамдардың құтқарылуы болады. Себебі адамзат өлімді, ақиретті ойыншық қылып, қалыпты табиғаттың құбылысы деп түсініп, тәннің ғана қамын ойлағандықтан да ақылдары белгілі бір білімге байланып, сенімі де меңгерген біліммен шектеліп, имандары жетілмей қалады.
Мұндай жағдайда қияметтік сынақтың, ажалдың келуімен халықтың өлімінің, азаптың хақтығын түсінуімен күнәмен жүктеліп өліп қалған жандары тіріле бастайды. Жан тірілсе, түс көріп ақиретпен байланыс та басталып иманға жалғанып аманаттарына да жауапкершіліктің пайда болуы, құдайдың белгілерін түсініп, хикметтеріне жалғана бастауы да хақ. Ал құдайлық хикметтер елдің тағдырына байланысты ескертулерге мән берумен ғана өзін ашық көрсете бастайды…. (жалғасы бар. Тамыз 2015 жыл)