V-Ақырзаман уақиғалары мен ел билеуші зиялы қауымға ашық хат

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 0

       Қазіргі таңдағы әлемдік дағдарыс пен ислам дінін ұстанған елдер арасындағы өзара соғыс пен бүлікшіліктің және түрлі табиғи апаттар мен адамзаттың азғындауы, жазылмайтын індеттер мен аурулардың асқындауы, кездейсоқ ажалдың түсуін жеке-жеке қарастырып, оның дүниелік себебшісін анықтаумен ғана өзімізді жұбатып, ал негізгі ақиретпен, өлілермен байланысты адамзаттың рухани қуаттарды меңгерумен, жанды көбейтіп өсірумен байланысты десек, мұны ертегіге қабылдайтынымыз да сөзсіз. Оған басты себеп; ел басқарған, іс басындағы білімді қауымның шын жүзінде көрнеу дәлелдер болмаса сөз жүзінде айтыла беретін насихаттарға, дін уағыздарына сене қалуы да қиын жағдай. Бүгінгі таңда білімге ғана негізделген қаракетсіз сезімге байланған ақылымызбен қабылданбайды да.

Бұған ең басты себеп сөз атауларының маңызын жоғалтуға, қазақ сөз ұғымдарының өз нарқын беріп, сөз байлығының тазалығын сақтауға бұйырылған шығармашыл, діншіл, ғалымдар қауым өкілдерінің керісінше ібілістің ұрпағына айналып алуымен деп түсінген жөн. Бір ғана мысал ел тұлғасы-тұтқасы деген өте қасиетті ұғым болса және ондай дәрежені меңгеру үшін ата дәстүрімен ұлттық тектілігіміз болып бекіген қасиеттілік,  адамгершілік қағидаларымыз ата заңымызбен қорғалып  бекуі де керек еді. Ондай жағдай түгіл керісінше ел басқарушылар діннен бөлек, кісіліктің сақталуы да маңызды емес, ал тұлға деген азаматтық,  ұжымдық болмыс деп аталып ібілістің қызметіне тұрып алды да. Сонымен ұлттық тұлғалық яғни әулиелік құндылықтарды меңгеру де білім мен ақылдың қаракетіне ғана байланып, ал дінде сезімдік тұрғыда құранды жаттап, тәпсірді меңгерумен, тіптен ақылдың да қуаттылығы, бір естің меңгеру ғылымы, сыр сипаты да маңызды болмай қалды. Сондықтан  аталарымыздың; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген тектілікті, адамдықтың да шартын жоғарғы ел басшы, зиялы қауымының өзі терістеп, арсыздықтың дәріптеушісіне айналғасын, ібілістің әлемдік саясаттық басқару жүйесінің қызметшілері болып алғаны да хақ.

      Қазіргі таңда қазақтың, мемлекетіміздегі бүкіл ұлттардың да қамын ойлап, әлемнің алдында танымал болудың түрлі жолдарын ұсынып халықты да; «Бізге ерсеңдер, қолдап, дауыс берсеңдер бақытты боласыңдар» деп жүрген түрлі партиялар мен ұйымдар, қозғалыстар жеткілікті. Бірақ солардың ешқайсысы да ар білімін сақтауды, қазақ дәстүрін толық меңгеруді мақсат, талап қылғандары жоқ. Негізінен ар дегенің ірге тасы ұяттық қуатты толық меңгерумен, ішкі дүниенің таза болуымен сырттағы Ар сауыты-кебенектік бой өрісі, зейнет киімінің толық қалыптасуына байланысты сана қуатының да қалыпты болуымен нәтижеленеді. Мұндай ар сауыты толық, сана қуаты қалыпты болған адам баласы тағдырлық кітабын тазартып, әлемдік жүйеге жалғанып, ғайыптан хабар алып, құдайдың ескертуімен түрлі сынақтардан, апаттардан аман өтудің амалдарын үйретіп, халықты жақсылыққа да бастаушы бола алады.

Мұндай әлем тұрғысында да аумалы, төкпелі заманында қазақтың өздерін текті санаған, іс басындағылардың сыналатын, дәлелдейтін күні туды. Кімде ары, дәстүрмен толық жалғанған кітабы бар, «интелекттілігін», тектілігін халыққа ашық көрсете алатын ақырзаманның үкімі қозғалысы да өз дәрежесіне жетті. Енді әрбір пенде қарынның, дүниенің қамын ойласа, соның соңында жүріп мүлде жер бетінен тұқымы тозып жоғалады, ал кім рухани ақталып, құдай патшалығына еніп, аруақтарынан хабарын алып, жанын көбейтіп өсіре алғанда, онда қазақ тегі болып артында болашақ жаңарған ақпараттық заманға сай тегі қалыптасып, шежірелік ағашын жалғай алады да.

      Енді біздің халқымыздың ең көп дауыс алып сеніміне еге болған ел басшымыздың ұстанып отырған саясаты, яғни меңгерген кісілік, тұлғалығы, мейлі сеніңіз, сенбеңіз қаншалықты  атқарған істерінің, шешімдерінің құдайдың қалауына еге болуымен байланысты. Бірақ жеке ел басымыздың да оған көмекке тұрған  уәзірлерінің, бүкіл зиялы қауымның, дін ғалымдарының, нұр отан партиясының ұстанған саясатының негізгі қателігі ата дәстүріне қарсылықпен, арсыздықпен байланысты болып; ұлттық, құдайлық түсірілген ғылымды, хикметін терістеумен зұлымдықтардың өсіп, көбейіп түбінде ақырзаман болуына себепші болатынын, бер жағы он жылдан бері аруақтардың аманатын ескертіп жүрегеннің мен де бірімін. Үшінші жыл қиямет сағатының басталып, халықтың сыналып, оған құдайдан қандай жауап ескерту түсуін де әрбір жарты жылға апат, азаптардың түсіретін  дерегін де ашық жариялап келеміз. Қандайда бір құдайдан берілген деректер, аян, уахи мен ескертулер шындық деп аталып, ал оны қаншалықты шынға айналдыру хақиқаттың бейнеленуімен байланысты.

Бірақ қазіргі дін ғалымдарымыздың, шығармашылық өкілдерінің ешқайсысы шындық не, шын не, хақиқат қалай бейнеленеді оны түсіндіруге ақылдары, естілік саналығы жетпейді де. Хақиқат қарсылықтар мен екі аралықтағы атқарушылармен, аруақтармен байланысты десек, онда ар сауыты түгіл қаны, жүрегі тазарып, иманы жетілмеген дін ғалымдары қарсы болары да хақ. Сонымен күні кешеге дейін шындықтың шынға айналуы да жартылай, кейде толықтай болып отырғаны да естілігі бар адам баласына түсінікті болуы керек.  Құдайдың да ашуына тиіп хақиқатын арттырмауға ел басшымыздың көптеген игі шараларымен де шындықтың шынға айналуы да жүз пайыздық деңгейде бола қойған жоқ. Бірақ мамыр айының аяғынан бастап ақырзаманның үкімі де басталып, енді мұндай шындықтардың шынға айналуы құдайлық хақиқаттың, аруақтардың жер бетіндегі қозғалысты басқару өз дәрежесіне жетті де.

Олай болса, «Адамдарды өзіме орынбасар қылып жараттым» деген Раббымыздың уәдесі де шынға айналып, қазақ әулиелерінің, пайғамбарларының рухани тұрғыда пенделерге жалпы елге, халыққа Алланың үкімдерін жеткізіп қана қоймай, оның орындалуын да атқара бастағаны хақ. Дүниелік тұрғысында жарты жыл бұрын маусым айында барлық қуаттық құндылықтар өзгеріп, теңгенің құнсыздануы болады деп, оған шара қолдануға ел басшымызды, ел билігін шақырғанмен, керісінше құдайдың ескертулерін терістеумен айналысып, ұлт қазынасын орынсыз шашып, ақырында тамыз айында бұл үкімге мойынсұнып орындай бастады, бірақ көп қаражатты да басқасын жоғалтып үлгірдік. Мұнан басқа ондаған ескертулерді де ертегі көріп, ел басшымызды тәңірге санап, насихат жүргізумен айналысып жатқандарға да көп ұзамай жауап келе бастайды. Нақты деректермен де баяндай кетейік. Қазақ халқының емес, себебі түркі тектес елдер қазақтың тегінен болып, сондықтан да негізгі ұлтының дербес мемлекет болып қалыптасуын тойлауға, Керейхан мен Жәнібек сұлтан бабаларымыздың зиярат басын көтеруге қарсылық білдірген, аруақтың аманатын қабылдауға құлықсыздық танытқандарға, жоғарғы ел басшыларына ажалмен ескерту болатын, тағы да көптеген сынақтардың себебін де осы жазбаның басында баяндадық.

      Қазақ елін қыдыратын, ойын-сауық еліне айналдыруға ескерту берілетін де алдын-ала хабарлағанмен оған құлақ асқан ел билік болған жоқ, енді ол Алматы қаласындағы қара су апатымен жәй ғана белгі, олимпиада өткізуге кедергі түсті. Мұны да қаперге алмай, нұр отан партиясы құдайдан да биік  ұлттық руханиятын басқарушы болып саналғандықтан, оның мектебінен өткен, бірақ құдайдың сынынан, халық алдында ел басқару тәжірибесінен өтпеген жас әкімнің Алматы қаласын басқаруға ел басшымыздың өзі тікелей сайлағаны белгілі. Бұл да қазақтың дәстүріне, ел басқару саясатына, құдайдың  ақылдың толу ғылымына да қарсылық болып ел басшымыздың енді қаншалықты қателескенін көп ұзамай білетін боласыздар. Сонымен бірге, мұндай тәжірибесі аз, рухани жалғанған ақыл кітабы жоқ әкімнің ойын-сауықты қолдап, рухани өмірдің, аруақтардың беріп жатқан аманатына құлақ аспаған жағдайда су апаты енді жеті айдың маңында Алматы өңірінде қайталанып зор шығынға ұшыратады да.

     Менің жеке басым Бауыржан Байбек мырзаға, жас болса да іскерлігін, білімділігін көрсетіп жүргеніне ризамын. Тек қана қазіргі ғылымды шет елден іздеп, ғылымның негізгі ошағы болған ұлтымыздың байлығын меңгеруге құлықсыздық танытып, маңдайын ерте тасқа тигізетін болды деп өкініш қана білдіремін. Қырық тоғыз жасқа жетпей ақыл толып бекуі де мүмкін емес, сондықтан Байбек деп әкесімен құрдас болудың да жан ғылымына қарсылықтың нәтижесі, көп ұзамай қазан айында жүрегіне жын болып кіреді, демек сананың ашылуына жол жабылады. Бұл қазақты адамның емес атаның баласы болғанда текті қыламыз деген ібілістің ұрпақтарының «Ов, Ев, Оваларды» қысқартып, жалғанып тұрған әлемдік жандық жіптен үзіп, өздеріне жауап алатын, ұрпақтары жындылықтан босана алмайтын заманның басталғанын да білдіреді.  Және де Бауыржан мырзаның жеті атасында да бақсылық қасиеттер бар, бірақ оның бүгінгі ұстанған дін салты оған қайшы. Қосағына жүрек ауруы қаупі бар, олай болса, иман қуатының жартысына да (қаннан шарап қуатын алуға, діл қуатына) мүлде жолы жабық. Өзінің тамақтану тәртібі ұлттық тағамдарға бейімі аз, керісінше шет елдің тамағын жақсы көргендіктен асқазанға ауырлық түсіп, жын қуаты жалғанып, ойлау қабілетіне де әсер беретіні де хақ. Сонымен бірге өзінің туған жері мен Қарағанды жақтағы жандық туысқандық байланысы жалғанбаған. Бұл да біздің масхабтық дініміздің тажалдық саясатының әсері. Олай болса әлі тұлғалық, кісілігі жетілмеген мұндай талантты жастарды тәрбиелеудің ұлттық тұрғыда азаматтық мектебі жоқ болғандықтан ел басының да үміті ақталмай, абыройсыздыққа түсуге себепші болады. Болашақта бұл оқиғалардың бәрі арттағы жастардың талқылауына да, біздерді айыптауына да негіз болары хақ.

Құдайдың мұндай шындық ескертулері алдын-ала түзеуге тырыссын, айналып өтсін деген мақсатпен берілетін де білдіреді. Бірақ ақылдары белгілі бір жындылық білімнің шегімен негізделіп қалған, біздің қоғамда ол мүмкін емес. Себебі ата жолымыз,мұндай қасиеттерге жол ашатын, ақ бақсылық дәстүрімізге заңмен тиым салынып; Нұртай, Асхат мырзалардың, дін ісі  қадағалауындағы мекемелермен қудаланады. Сондықтан қызметік салада жүргендердің қадамы жіті бақыланып, ата жолының шарттарын аруақтың аманатын орындауға ел басының өзіне де қиын. Себебі мұны аңдып, бақылап қарсылық жасауға дайын отырғанда өзіміздің туысқан, ағайын қандастарымыз ібілістің өзіне айналған  ақпарат басындағы өте –мөте білімді тажалдарымызда жеткілікті.

     Сонымен алдын-ала біздердің аруақтардың аманатын ескерткенімізге қарамастан, ел басшымыз дүниелік тұрғыдағы қандай шешім шығарса болды, құтқарыламыз деп асыра мақтаумен, қалайда құдайдың белгілерін, хикметтерін танытпауға белсене кірісіп жүрген ел басшы, дін басшы, зиялы аттылардың кесірінен биыл халық зор қиындыққа душар болады. Қазіргі таңда қазақтың жасырын ұстап; біздерге нақылдармен аманаттап келген аруақтық, тылсымдық білімді, ғылым тұрғысында орыстың ғалымдары, қасиеттілері біліммен дәлелдеуде. Демек қазақ елін ғылым тұрғысында тағы да орыс халқының артынан еруге мәжбүр қылған осы заман зиялы, білімді қауымдары арсыз, намыссыздар деп ашық айыптауға да болады. Бұндай құдайдың аманатының ақталмағанына аруақтардың назданып, жаратушыдан өз ұрпақтарын жазалауын сұрауы да хақ.

Сондықтанда қазан айында мемлекетіміздің ортақ қазанының толысатын кезеңі болса, биыл керісінше ортаятын кезеңі болады. Егініміздің қырық бес пайызы жиналмай, отқа өртеніп, жаңбырдың, қардың астында қалуымен қазақ халқының нанның қадірін түсінетін де заманы орнайды. Сонымен бірге жер байлығын, құдайдың бергенін өзара бөліп жеп, өзгемен бөліспей, сараңдықпен керемет бай, қуатты  ел боламыз дегендердің де надандықтары халыққа мәлім бола бастайды. Осындай жағдайда діннің негізгі маңызы мен қызметі де әшкере мәлім болып, тура жолдың мұрагері кімдер екенін де айқындайтын мүмкіндік те бар. Қазақ дін дәстүрі, әулиелік тақуалығы, тарихат пен мағрипатты меңгере алуының сырын да құдайдың орынбасары болған, жер бетінде белгісін ардақтаған әули-әмбилері, пайғамбарлары, елшілері арқылы табиғатты басқара білуінде, халыққа қолайлы ауа –райын құдайдан дұға жасап ала білумен де маңызды.

Әрине қазір біздерге де, яғни ата жолдықтарға да өте ауыр жағдай туғаны хақ. Себебі ел билеуші, дінші қауымның қудалауымен ата жолының негізгі жолына жалғана алған санаулы ғана пенделер қалдық десек жалған емес. Мұндай ақ бақсылықтың дәрежесіне жалғанғандарды ел билігінің көмегімен бір жерге жинап, бір ауданды, облысты астықтың орынсыз шығынынан құтқарып, ата жолының хақиқатын дәлелдеуге болар еді. Және бізге қарсы барлық муфтият, дін ісі, тарихаттың барлық топтарын қосып бір осындай қауіпті өлкенің астығын құтқаруға, құдайдан тілеп, дұға жасап, аман алып қалуға, құр сөзбен, тәпсірлік біліммен емес, намаздық амалмен, іспен көрсетуге шақырар едім. Бірақ бұл да мүмкін емес. Неге десеңіз мұны түсініп, әлемдік тұрғыда рухани эволюцияға себеп болатын батыл қадамға бару үшін кітапқа жалғанған жоғарғы сана керек. Ал сана қуатының байлығы баспен, Ар қабымен, бөрікпен қорғалатын болса, ондай жағдай ел басшымыздың өзінде жоқ. Санадан төмен; Жетелікті ғана ұстап тұру үшін ұлттық ұяттылығымыз сақталып, ішкен тамағымыз адал, қыз, қатындарымыз етекті, жаулықты, қаны таза, шарабы болуы шарт. Ондай дәстүрдің қарапайым шартын сақтай алған кісілігін білген ел билеуші, зиялы аталғандар бар ма іс басында? Мен өз басым көре алмадым. Ондай болса сана түгіл екі естілік жетесінің қуаты жоқ әрбір ел басшылары, ұлт көсемдері де қорқақ,  ақылдары біліммен ғана шектеліп, мұндай шешім қабылдай алмайды да. Демек ұлттық саналық қуатымыз өнбей алты жанымыз да өспей ақырзаманмен азапталуға лайық ел екеніміз де хақ.

      Ата дәстүрін мадақтап тектілікті ұстандық деген іс басындағылардың Арлары толық болмаса, онда мұндай дін дәстүрге, тектілік намыстылықты дәлелдеуге бізге де жол жабық. Ал енді; ақырын бер құдай деп, сіздер де күтіңіздер біздер де күтейік. Осыдан оншақты жыл бұрын ел басшыларына; «Қазақтың екі күнін, ата жолын берсеңдер қолдарыңнан, бермесеңдер жолдарыңнан аламыз» деп ескерткен едік. Қолдан беретін мезгіл әлде қашан өтті, енді Құдайдың қалауымен түбінде жолдарыңнан аламыз, ісін, хақиқатын дәлелдейміз, ол хақтық. Алайда ел басымыз және оған шын жаны ашығандар бұл істе тажалдардың қақпанына түсіп, еріксіз адасқандардың аман қалуын ғана тілейік. Өмірлерінің соңында бала-шағасын, ұрпақтарын құтқаруға, құдайын тануға жол берсін деп тілейік! Онсызда жарты абыройларын жоғалтып үлгіргендері де сөзсіз. Дүниенің, ақшаның, байлықтың, малдың шашылуы орнына келер, уәделік бір жанды да аман алып қалармыз, бірақ жоғалтқан рұқтық арымызды, алты жан аманатымызды қалай түгелдей аламыз? Ойлап көрдіңіз бе, әлде….? Сонда да ақырын берсін, аруақтардың қолдауын алып, ақырзаманнан аман қалайық, ағайын!

(Тамыз айы 20015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.