IV-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 90

                

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Сонымен жоғарыдағы насихат бойынша құдай тағала; Ғылымды; Рахымды, Әділетті, Құдіретті еді. Ал адам баласы; Ғылым, Рахым, Әділетпен 3 сипатпен игілікті меңгеріп, ізгілікті іс қылуға талап қылсаң, онда  мұсылман болдың. Және толық адамгершілік, адамдық болмысыңның да бар болғаны. Енді осындай игіліктің 3 сипаттарымен бірге жүретін; Шындық, шыншылдық; Ақ пейілділік, жомарттық; Ақылдылық деген үш қасиетпен шын әділет болып жомарттықтың шапағаты пайда болар. Ал ақыл, ақылдылық бұл ғылымның бар екеніне дәлел дүр. (Олай болса; әділеттіліктің де сипаты 3 қасиеттен туындап сонда ғана жүректің жомарттығы деген сырдың пайда болатын, ал ақылдың өзі 6 сандық белгімен ғылымның да қағба кірпіші болып алты қабырғасы болуы да сөзсіз). Бұлар әр адамның бойында Алла тағаладан тағдырынан шамасына қарай бар қылып жаратылған. Бірақ оны таратып, гүлдендіріп өсірмек, әр адам баласы өз әлінше кәмелетке жеткізбек мақсаты, талап та болу керек. (Періштелерден де жоғары тұрған Адамдық болмыстың адамзаттың бойындағы құдайлық сипаттың белгісі де, жеке діні де осыдан пайда болмақ.)  Бұлар адам баласы таза ниетті іздегенде  берілетін нәрселер, болмаса жоқ.

Бұл айтылған үш қасиеттің иелері алды пайғамбарлар, онан соң-әулиелер, онан соң әкімдер, ең ақыры-кәміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі пиғылдың, ниеттің соңынан еріп қана, өзін құл деп түсініп, бұл пиғылдарға ғашық болып ұстануды пайғамбарлар әулиелерге үйретті, әулиелер оқыды, үйренді, ғашық болды.

Бірақ олар тек ақиреттің ғана пайдасын (ойлап) күзетті. Ғашықтығы сол халге жетті, дүниені, дүниедегі алатын, меңгеретін пайдасын ұмытты.  (өнер үйренумен, білімді жетілдіру, шаруашылық істерін де меңгеру, өмірге ұрпақ әкеліп баланың тәрбиесін беріп, отанға адал қызметші дайындау, қасиеттіліктерді меңгерумен ем-шипа мен түрлі дарындылықтарды меңгеру, халықты тазаруға шақырған інжілдік елшілік істер, аруақтан хабарларды жеткізу, шығармашылық өнерді меңгеру, ел билеумен айналсып әділ заңдарды шығару…) Мүмкін есепке алмады. Ал әкімдер дүниедегі тиетін, алатын пайдасын ғана көздеді. Ғибрат көзімен қарағанда екеуі де бір-бірінен көп жырақ кетпейді. Насихат үгітте әрбіреуінің пікірі, айтуы басқаша болса да, Алла тағаланың жарлығына қарап пәтуа беруді екеуі де білдірді. (масһабтық білімін жетік біліп меңгерді) Пайымдаудың, пікір білдірудің соңы ғибрат алып ұғыну болмақ. Ақыл, ғылым-екеуі де өзін зор санап; залымдықпен адамдардың өзіндей адам баласын алдауды жек көрсетеді. Бұл әділет ісі болып екеуіне де рахымды, шапағатты болмақты айтып бұйыруы (үкім тапсырма беруші) бұл рахым болса керек. Бірақ бұл екі бағыттағы кісілер өздерінің нәпсісін пида қылушылар болса керек.

Яғни пенделіктен кәмілдікке жету әулиелікпен болатын болса, күллі адам тәркі дүние қуып Ху деп тарихатқа кірсе, дүние ойран болу керек. Мұндай жағдайда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазынаны кім іздеп, адамзат пайдасына жаратуға өңдейді. Арам, жиіркенішті нәрселерді былай қойғанда құдай тағаланың қуатымен ғылым-білімді меңгеріп, рақатын көрмекке бола жаратқан, берген нығметтеріне онан пайда болатын өркениетті даму мен мәдениетке суық көзбен қарап, ескерусіз тастап кетпектік ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па? (Енді осы жерге мұқият назар салсаңыз Аба атамыз біздердің исламдық мейлі християндық және өзге діндердің тек құлшылық жалбарыну түріндегі салттарын надандық деп түсіндіреді. Діннің адамзат өмірінің барлық саласын да қамту керектігін, тек қана әулиелік емес әкімдік ел билеу  тұрғысында да әділеттілікті сақтаудың  және өркениетке ұмтылу барысындағы ғылым білім шаруашылық істерін бәрінде де діннің әрекеті, тазалығы болу керек деп түсінген дұрыс.)   Біріншіден; Құдайдың берген байлық, дәулетіне шүкірлігің жоқ болса, әділетсіздікпен күнәкар болмайсың ба? Екіншіден; Бұл жолдағылар қор болып дүниеде жоқ болу қаупі бар. Я болмаса кәпірлерге жем болып кетуі де мүмкін, ал қайсы бірі сабырсызы жолынан тайып, сабырлылармен бір қатар жүрмін деген алдануы да болмақ. (пірлеріне көзсіз еліктеп табынушылық) Егерде бұл жол (дін ұстанушылардың, адамзаттың) жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым-жартыдан рас дүние бола ма? Егер рас болатын болса, барлығына да рас болсын. Алдаған рас бола ма және әділет бола ма? (Біздің исламдық тұрғыда масһабпен бөлініп, тарихатқа бөлініп мұндай құдайдың игілігін тек қана адамзатың жарым-жартыларына ғана бұйырған дегендей амалдардың әділетсіздік екені де сөзсіз) олай болғанда, ол жұртта ғұмыр-тағдыр (әдет-ғұрып, салт-дәстүрі) жоқ болу керек. Ғұмыр-тағдыр өзі-хақиқат. Қай жерде ғұмыр (шежірелік ғұрып пен дәстүр) жоқ болса, онда кемелдік жоқ. Бірақ әулиелердің бәрі бірдей тәркі дүниелік емес еді. Бір-біріне туыс, жақын дос болған Осман, Әбдірахман бин Ғауыр, Сағид бин Әбдуақас үшеуі де үлкен байлар еді. Бұл тәркі дүниелік, дүние ісінен қашу я дүниенің ләззатына алданып ізденген, талабым шала болады деп бойына сенбегендік; я дүниеге сараңдықтан қауымның көңілін суытпақ (ата жолында құрбан шалып, садақа беруден тиым салған сияқты) үшін, ренжуге сабыр етіп, өзін пида қылып, мен жанымен соғысып дұрыс қылғанда халық ең болмаса нәпсімен ұрыс қылып, дүниеге қызығып әуестеніп, сезімге берілуден, әрбір нәпсінің тілегінен суытып, әділет, мархамет, махаббатпен бір пайда, әсер болар ма екен деген үмітпенен болса керек. Олай болғанда ол да жұртқа қылған артық махаббатқа есеп. (Бұл жерде жанымен соғысу деген жоғарғы дәрежелі тақуаларға тән кітап алып, тірілей өліп аян, түс арқылы ақиретте аруақ болып құран аяттарынан періштелерге сабақ беріп  насихаттаумен байланысты деп түсінген жөн) Бірақ бұл жол өте қиын, бек және нәзік жол. Бұл жолда көз бояушылықсыз, екі жүзділіксіз, жеңілдіксіз пайда іздемеуге шешімге келген кісі ісінің кемелденуіне жетпек. Бұл заманда сирек кездесетін мұндай (тақуалық, сопылық) қасиетілікке ғылымның да, шындық, қайратыңның да қуатының зоры, махаббаттың халіне де және халық пен ғаламға берер қуаттың да күштілігі керек. Бұлардың бәрінің бір адамның бойынан табылуы қиының-қиыны, мүмкін бүлікшілдікте болар.

Басына  және бір өзіне өзгешелік бермек-адам баласын бұзатын іс. Әрбір наданның бір тарихатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегенмен бір болады. Әкім, Ғалым негізінде бір сөз, бірақ араптарда басқаша. Дүниеде шынайы ғылымдар бар, олар айтылған, жазылған нақылдар болып түсіндіріледі. (ғылым дегеніміздің кітап берілгендік ұғымы да әр ұлттың өз құпия астарлы нақылдарында болмақ) Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. (Ал енді біздің еліміздің дін ғалымы, философтарымыз, психологтарымыз мұндай нақылдарымыздың астарлы сыран ашып халыққа баяндап жатыр ма? Әкімдер, ел билеушілер, ақын, жазушылармыз осылай нақылды меңгеріп дәстүріміздің сипатын аша алды ма?) (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *