Кез келген жаратылыс нәрселерін қозғалыстық қуаттық өлшемдермен, уақыттың да сырын меңгеру үшін де үш өлшемді бейнеден қарастырылған ұғымдарын салыстырып түсіну Раббымыздан біздерге шартты міндетті үкім. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық.» (51-49) Бұл аяттағы сандар жүйесі негізгі жаратылыстың қуаттарының өлшемдік бірлігін береді. 40-сандық мәні жұптылықтың, 9-саны тақтылықтың және жұп пен пардың дәржеленуімен белгілі болмақ. Ал 50-саны бес қуаттың 10-санымен дәрежеленуі және бірлікпен қосындысы болып нәтижесінде 50+49 =100 –Алланың жүзі белгісін береді. Әрбір жаратылыстың пар болуы және оның оң мен сол жағының және мұның көлеңкесі физикалық, химиялық, биологиялық тұрғыда 3 түрлі өлешемі мен көместе тағы пары болумен белгілі болмақ. Негізінен барлық қозғалыстың тақтық жүйеде 9-санымен нәтижеленіп отыратынын да естен шығармаңыз. Сондықтан қазақта; «Үйірмен үш тоғыз» деген астарлы нақыл бар. Құранның да сөз ғылымы тұрғысында арап елдеріне оңнан солға, біздерге солдан оңға және құранның жұбы кітабы ғайыпта, көместе болғандықтан біздердің қандайда бір болмысты, сөздің атауын, белгілі бір ұғымды да айқындау үшін; көместік, ғайыптық ақпаратқа, кітапқа, шындыққа жүгініп отыруымыз да шарт. Олай болса, бұл жазбада зерттеп отырған сенім және иманның да ерекшелігі түсінікті болу үшін 3 түрлі сипатын білуіміз де міндетті болмақ. Қазіргі таңдағы әлемдік тұрғыда діндердегі өзара қақтығыс пен «экстремизмнің» белең алып артының бүлікшілдікке ұласуында да осындай сөздің астарын, сандық тұрғыда ғылымын зерттемеуден бір ғана аяттың, хадистің үгітіне жүгініп, жұп және парлық қағидасын сақтамай пәтуаға шығарудан, насихатының білімін жоғалтудан пайда болған десек жалған емес.
Сонымен қазақтың даналығында адамзаттың барлық өмірін қамтып тұратын негізгі үш байлықты ескертіп кеткен. «Бірінші байлық –денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» болып, егер жеке-жеке бұл байлықтарды қарастырсақ; Бірінші байлық-Сенім; Екінші байлық-Иман; Үшінші байлық-Сана деп атауға болады. Және сенім-рұқпен, кітаппен; Иман-жанмен, «Мен» сипатымен; Сана-Армен, бой киімі зейнетпен, рухпен, таза ақылмен байланысты болатынын да және жұп парлық 9-санды толық жүйенің кісіліктің шығатынын көреміз. Жанның да негізінде 9-сипаты түрі болатынын, рұқтың 9 түрлі дарындылықтардан, қасиеттіліктен де тұратынын да естен шығармаңыз. Олай болса 18 мың ғалам дегеніміздің сыры деп рұқ пен жанның бірлігінен тұратын саналы ғалам тіршілік иелерін айтады. Енді адамзаттың толық ақылы болған 4 ақылдың он саулықпен дәрежеленген 40 ошағын әуретті орындарын қазақ даналығында «Қырық қожа» деп атап; «Қырық қожа қырқадан аспай, тоғыз кісі төбеден келмей тектілік жетілмейді» деп ескерткен. Олай болса, біздердің уәде тұрғысында айтылатын; «иман келтірдім» деген ұғымға осындай барлық құндылықтарды меңгеруді меңзегенін және мұндай адамзаттың толық сәждесін тек сенімділікті меңгерудің діндік рәсімдеріне байлап қоюдың өзінде тажалдық білімнің әрекеті жатқанын білген де жөн. Имандылық қуаты -санмен ғана дәлелденуге тәуелді болмақ. Сондықтан мұндай дәлелдер, қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан адамдар өздерінің қандай қасиеттерге ие екенін ұғына алмайды. Имандылықтың негізі ар-ұяттылық сезімдерін мойындап, онан күшті нәпсілік, құштарлық, құмарлық, тәккаппарлық т.б. сезімдерге бой алдырмаған жағдайда ғана біздер иманның жетегімен жүре аламыз. Және ұлттық ар, ұяттылықтың қазынасы болған қан тегіміз- діліміздің, ақ жаулық байлықтың қасиетін, ана тіліміздің де қадірін ұғынып, қасиетін сақтай аламыз.
Ал ішкі жарығымыз имандылығымызды қорғап, сақтап күзетіп тұратын Сенімділік атты күзетші қуатты меңгеру білімнің, біздердің барлық өміріміздің, тіршілік қамымыздың әрекеттерін, тал бесік пен жер бесіктің арасын ғана қамтып қоймай ұлтымыздың шежіресі мен сенімділікті меңгерген тарих тәжірибесіне сүйене отырып, ақиретке де сенімділіктің білімін қалыптастыру керек. Сенімділік қасиетінің; 11;81;9 сандық өлшемдерінен тұратын болса қосындысы 101 санымен яғни адамзатқа ортақ қарсылықтардан қара күштерді меңгерумен қазақ даналығында; «Жүз бір атты пәледен сақта Құдай» деп тілеген. Және біздер осындай 3 түрлі сенімділік біліміміз арқылы ғана бір-бірімізді тануымызға, яғни өзара туыстық қатынасымыздың қалыптасуына жағдай жасап туысқандық, ағайындық және ұлттар арасындағы үмметтік қатынастың бір-біріне белгілі бір қажеттілікпен, дүниеге мұқтаждықтан емес керісінше белгілі мақсатпен танымдық тұрғыда ізгілікпен иман арқылы қарым-қатынаста болуды қалыптастыру керек. Мысалға 11 санды белгіге тоқталсақ; 1. Бір дегенім білеу-Білім; 2. Екі дегенім егеу-еске алу-Естілік; 3.Үш дегенім үстік-үндік қасиет; 4. Төрт дегенім төстік-қол өнер; 5. Бес дегенім бесік-тербеліс; 6. Алты дегенім асық-қадам, адымдау; 7.Жеті дегенім желке-қасиет; 8. Сегіз дегенім серке-шеберлік; 9. Тоғыз дегенім торқа-түйін шешу; 10-Он дегенім оймақ-орта қоғаммен сәйкестілік; 11. Он бір- қара жұмбақ деп аталған. Себебі 11-санды құлшылық ісі сопылар таспихында белгіленіп және Мәсһүр Жүсіп атамыздың «Шайтанның саудасы» деген өлеңінде Ғиса пайғамабармен шайтаның 10-қашыр, бес есекке жүк артып базарға сатуын баяндайды. Міне осы жүрекке енетін жүктің 4-еуін ақылмен, иманмен байланысты меңгерсе, қалған 11-ін нәпсімен соғысу дін құлшылығы арқылы меңгеру керек. Масһаб білімінде мұны сенімді шыңдау намаз оқу, ораза ұстап, зекет беріп сабырлықты меңгеру арқылы түсіндерсе, қазақ дәстүрінде Алла жолында мал жұмсау, ақталу, тазару, жер ана рухымен жалғану арқылы атқарылады.
Ал 81-ші сандық қасиет, сенімділік қуат адамзаттың тағдырына байланысты қателіктері мен жасырын күнәларының және жын қуатын меңгерумен қатысты болып мұны әрбір пенденің тылсымнан өзінің күзетшісімен байланысты; аян, түстері арқылы берілген тапсырмаларды орындау арқылы атқарылатын құлшылықпен нәтижеленеді. Мұны дінде ақталу, тазару, ағару деп атайды. Ал 9 санды сенімділік қуатын меңгеруді; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген нақылға сәйкес танымдық ақылды меңгерумен, тылсымнан берілетін дарындылық қасиеттерді де меңгеріп, аманаттарды ақтаумен байланысты. Мұндай жағдайда ақылдың жетілуімен естіліктің адамзаттың еркін ойлау қабілетін қалыптасуымен және тәннің физикалық жарық сипаты, зейнет киімі денені, адамзаттың дендік, естілік саулығының нәтижесі бойдың қуаттылығын сыртқы өрісімізді толық қалыптастырамыз. Бірақ іштегі жан сарайымыздың жарығы болып табылатын рухани егініміздің қуатын, жемісін өсіретін иман қуатынсыз тек сенімділік арқылы біздер бой жарығын зейнет киімін жетілдіре алмаймыз да. Сондықтан ішіміздегі қырық әуреттік үй ошақты тазартуды; «Қырық қожаны қырқадан асыру» деп атап, сенім мен иманға ортақ; «Тоғыз төрені төбеден келтіре аламыз». Өмір сүру барысында адамзаттың еріктілігін, еркіндігін және ұлттардың арасындағы бір–біріне тәуелсіз қатынасты қалыптастыруға сенім мен иманның бірлігінің нәтижесінде қалыптасатын ұлттық наным деп аталатын намазымыздың құндылығының көрінісі Ар білімі, ұлттық намыстылық болып табылады. Данагөй бабаларымыздың «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп атаудың өзінде қазақтың ұғымындағы «Ар» қуатының, жарығының барлық адамзаттың құндылығының өзара махаббатпен қарым-қатынаста болу бірін-бірі танудың жоғарғы дәрежесі болып бұл шартты бұзғанда қалғандарының құндылықтарының бәрі де өзінен-өзі жойылатынын да білгендіктен, біздің барлық діндердің, насихаттардың, құлшылық әрекеттеріміздің сүзгісі Ар білімі болып, арлылық арқылы ғана пайымдалғанда ғана негізгі үш байлықты сақтауға дінімізді де таза ұстауға мүмкін болмақ. Ар қуаты Адамдық тұтастық болмысты және ғаламмен біртұтас байланысты қалыптастырады.
Әр елдің салттары мен дәстүр ұстанымдарың және сөз ұғымдарындағы қарама-қайшылықтарының ерекшелігін сақтау арқылы ғана біздер иманымызды қорғайтын, таусылудан сақтайтын сенімімізді қалыптастырып, оны өсіріп жетілдіретін иман, сенім, нанымға айналған, дәстүр болып қалыптасқан барлық қуаттардың бейнесінің бірлігі болған Арымызды қалыптастыру үшін де аятта; «Көктер мен жердің жаратылуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.» (30-22) Бұл аятқа түсінік тұрғысында пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады, бірі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деген өсиетінен тіл білімі көкпен байланысты болса, ал діл білімі қандық тегімізбен, жермен, ана тілімен де байланысты екені де хақ. Көктен түскен белгілерге мұғжиза, хикметтерге, уахи, түс көруімізге байланысты тіл білімі яғни жаратылыс танудан бастап бүкіл пәндік білімдер өркениеті қалыптасуы керек. Ал әрбір ақыл иесі есті адам баласының өз ұлтының ділдік, тілдік ерекешелігін және ұлттық рухани тұрғыда ақыл-ойына ықпал ететін сезім мәдениетін, имандылығын қалыптастыратын және сенімділік тұрғысында қандай қарама-қайшылықтарды да меңгеруге түсіріген белгілерді жол –жобаларын да меңгеру шарты екенінін осы аятпен растап тұр. Сезімдік қуаттардың белгілі бір дәуірге, тарихи оқиғалардың қайталануына, жаратылыс әлемінің түрленуіне, уақыттың жылдамдығына тәуелді болып және жер ана рухымен тікелей байланысты болмақ. Мұндай жағдайда туған жер көк отанына байланысты әрбір жеке–жеке адам баласының қабілетіне қарай тағдырларының да заманға қарай беймеделуі болып, яғни бүкіл ұлтымыздың тарихи тұрғыда көтеретін жүгі, әлемдік тұрғыда өзге ұлттардан ерекшелігі болатын руханияты қалыптасады. Сондықтан аятта; «Әр үммет үшін үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. Бұл іс (шариғат) жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің» (22-67) Сонымен сенімділік тұрғысында шариғат ісі ортақ болғанмен, ал имандылықты, сезімдік мәдениетті, жандық өркендеуді, көбейуді меңгеру, жетілдіру үшін әр ұлттың өзіндік жол жобасы және ол Мұхаммед пайғамбарымыздың жеке өзіне берілген құпия аяттармен де байланысты екені де сөзсіз. Бұл жерде жалпы арап ұлты немесе пайғамбарымыз кезінде дінді меңгеруге соңынан ергендердің бәрі тура жолда деп ескертпеген, тек қана жеке өзін; «Сен әлбетте тура жолдасың» деп ескерткен. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) Бұл аятпен әрбір ұлттың тілдік, ділдік ерекшелігіне байланысты өз арасынан шыққан дінде жолбасшысының болуы шартты үкім болып, біздердің масһабты яғни Имам Ағзамды жол басшымыз және масһаб арқылы тура жол табамыз дегеннің жалған, адасушылыққа бой ұруға себеп болатынына айқын дәлел болмақ. Және пайғамбарымыз да; әдет-ғұрыптар Алланың болмысын мойындаудан, тарихи шежірелерді сақтаудан туындайтынын ескертіп; «Расында сендер өздеріңнің алдыңғылардың әдет-ғұрпын сүйем бе сүйем бе сүйем (қол ісі) кезбе кез (аяқ ісі, жермен жалғану) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер», деді. Біз, «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен християндарды айтып тұрсың ба? деп сұрған едік, Ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378-ші хадис) Олай болса, қазақтың дәстүріндегі «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген өлілерге иман тілеп, тірілерге сеніміміздің берекетін сұрайтын құлшылылғымыздың да ешқандай серік қосуға жатпайтынын және мұны исламдық тұрғыда құран арқылы орындаудан маңыздылығының арта беретінін де білдіреді.
Енді біздің имандылығымыз, ішкі дүние сезімнің мәдениетін, тазалығын меңгерумен және жанымыз бен жүректің, ақыл ошақтарының қырық әурет үйлерінің тазалығымен байланысты болатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Иман байлығының сапасын қазақ даналығында жеті санмен, жер анамен байланысты жеті әулиелік киеліктермен сипаттап адамзаттың бұл қуаттарды меңгеруін «Жете», «Жетелік» немесе «Жетесізге жеті айтаса да түсінбес» деп атаған. Сондықтан адамзаттың белгілі бір құбылыстарға табынып еліктеуінен сезім мәдениетін, иман қуатын айқындайтын құранның жеті үнімен жалғануды аятта; «Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені. (192)…Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды. (194) Израил ұрпақтарының бұны білулері, олар үшін дәлел болмай ма? (197) Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те; (198) Ол, бұны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді. (199) Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (200) Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.» (26-201) Сонымен құранның 4 үндік сөздік, кітаптық ақыл қуатының Мұхаммед пайғамбарымыздың кітабы болып, негізінде Израйл ұрпақтарына мұның 7 кітаптық белгісі берілгені және бөгде елдерде 8 сипатының барын, ал күнәкарларға 200 (жүзділік) белгісінің сандармен белгіленіп 4 түрлі кітаптық белгілердің жүрек кітабының сыры болатынын ескертеді. Сондықтан жүректің де 4 түрлі бөліктен тұратын мұны иман қуаты арқылы зейнеттеген жағдайда, бұл кітаптардың адам баласына оқылып; көрсеткен, білдірген аяндарына, түстерге сенбеуінен; «Азап оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді.» (26-202) деген аяттың үкімі орындалатынын ескертеді. Олай болса; «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» деген Алла тағаланың «Мен» сипатының құраннан 4 түрлі кітап болып, қуаттық тұрғыда; жүрек, сезімдерден, көкіректен ұжданнан періште, кісілік болып қалыптасатыны да сөзсіз.
Ақиқаттың белгісі; «МЕН» біздің табиғатымызда, ішкі сарайымызда жаратылыстан таңбаланып қойылады. Сондықтан бұл таңбалардың үйлерін біздің күнәдан жаратылып, дүние тіршілігінде қалыптасумен, өсіп-өнумен көбейудің барысында рұқымызды құлшылығымыз арқылы тазартқан сайын біз оны ішкі «Менімізді» сезіне алу қабілетіне ие боламыз. Сондықтан да біздің сенімділік қуаттарын меңгеруге байланысты алған тәлімнің, белгінің біздің бойымызда қандай да бір әсерді, сезімді қозғайтынын да туа бітті біздің оның да барлық таңбалаырның біздің тәнімізде болғандығына дәлел болады. Бұл таңбаларды нұрландырып, бір қасиетке айналдырумен денемізді, бойымызды ар сауытын қалыптастыру үшін де оның тәрбиесін дінін толық меңгеруіміз, тәубеге келіп күнәдан ақталуымыз шарт және құран-кітабымызды, жүрегімізді түсіну аманат болып аталады. «Мен»- дегеніміз құдайлық қасиетіміз болып, ал қасиет дегеніміз қандайда бір жаратылыстағы затты пайдаланбастан оны иелене алумен және оны меңгерудің қабілетін де тағдырмен бірге жаратқаннан сыйға аламыз. Сондықтан да; Адам өзін тану арқылы ғана әлемді таниды. Әлемді терең тану, жаратушы хикметін сезіну, өзінің бойындағы кейбір қасиеттердің таңба белгілердің болуына байланысты ұқсастықтарына назар аударумен ғана ұғымды болады.
Сонымен біздердің имандылығымыз жан қуатының жарығымен жетілуімен, жүректің 200 түрлі тамырының құранмен берілген 4 түрлі ақыл кітабының ұйқы кезінде жалғанып бір тұтас тағыдырлық кітапқа айналуымен, ақыл-ойымыздың естілігіміздің сапасы да артып жетелі атанамыз. Елші, ескертуші, тура жолды меңгеруші болудың да маңызы жетелі болумен, жүректің тазалығы, қанның қуаттылығымен, дарындылықты, танымдық ақылды меңгерудегі ұждандылықпен байланысты болып аятта; «Әй пайғамбар Раббың тарапынан түсіргенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (5-67) Сонымен елшілік бұрынғы замандарда да түрлі діндерде құранның кітабы болып оқылып келе жатқан имандылық шарттарын жетілдіруді жалғастырумен байланысты болса, ал пайғамбарлық қасиеттілік болып; дінде жаңадан аяттар мен өзгерістерді соған байланысты сенімділік қуатын, білімін арттырумен, құлшылық рәсімдерінің өзгеруімен байланысты екені де хақ. Ислам діні келген уақытта арап халқының мойынсұнбаулары және өзге дін өкілдерінің Мұхаммед пайғамбарымыз меңгерген имандылық арқылы орындаған ізгілікті амалдарына емес, керісінше дінде сенімді жетілдіруге арналған сәжделік рәсімдеріне қарсы болғаны да және көптеген амалдардың намаздарын орындау әрекет құлшылығын аз ғана топпен және жеке жасырын орындағаны да сөзсіз. Сондықтан аятта, «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (құран) келді.» (5-15) Сонымен осы аятпен-ақ масһабшылырдың елшілікпен пайғамбарлықты ажырата алмай бұрынғы замандағы имандылық қуаттарын меңгерудің құлшылықтарын тастап тек сенімге негізделген сыртқы дін рәсімдік намаздарды ғана дәріптеумен дінде адасқандарына ашық дәлел бар. Егер құранды оқылуда және оның сәждесін меңгеруде пайғамбарымыз; «көбірегінен елемей өтіп кететін пайғамбарымыз» болса, онда пайғамбарлық міндетін шала орындаған болады. Бұл мүмкін емес және Құран толықтай түсірілгені де ақиқат. Ал елшілік істерінің ол заманда толық орындауға мүмкін болмауына да басты себеп пайғамбарымздың арап ұлтының арасында ғана өмір сүрумен олардың салттарының, дін дәстүрлерінің, өмір сүру ерекешеліктерінің де болуымен, құранның үнін тұрақты сақтау үшін орта топ қана аталып және сол замандарда жалпы адамзаттың білімінің жетілмеуі де себеп болғаны хақ. Сондықтан аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларыңның тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме» (5-68) Алла тағаланың 8 сипатын және адамзатқа түрлі қарсылықтар мен 8 түрдің жаратылуына байланысты бұл қуаттарды меңгерудің амалдары Інжіл, Тәурат және әр елдің өзіне келген пайғамбарлары мен елшілерінің істеріне байланысты дәстүр болып қалыптасуына, исламдық дін ғалымдарың тек қана құранды ғана мойындау салдарынан қарсылықтары артып азғындыққа түсуін ескертеді. Қазақ елінде ата жолы болып басталып тағдырымызда жазылған бірақ түрлі жағдайда ар білімін тастап қойған күнәның әрекеті мен жоғалтқан иман қуаттарымызды меңгерумен ақталу шараларын намаздарын орындап, зияраттап, құрбан шалып тазаруға тиым салудың да негізгі себебін осы аяттар ашық ескертіп тұрғаны да хақ. Бірақ мұны түсінетін ел билеуші, зиялы қауымға тән болатын жоғарғы сана қуаты түгіл имандылықтың негізін жоғалтқан жетесіздіктің себебі де иман қуатының жаратылыс себебін меңгеруден бас тартудан, өз ұлтының ділін қалай тазартып жетілдіруге болады деген ақылдан сұрау болмауынан да деп түсінген де жөн. Олай болса, енді иман қуатын меңгеруді Інжіл кітабында қалай насихаттаған екен талқылап көрсек. (жалғасы бар)