IX-Ойға түрткі, ақылға дем Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 125

«Сендердің жақсы көргендеріңнің ішінде жамандық бар, ал жек көргендеріңнің ішінде жақсылық бар» деп ескерткен Раббымыз. Жын қуаты Алланың тәңірлік сипатының бірі болып, барлық қараңғылық түнек күштері мен тозақтық тіршіліктің және күш, қуат қозғалыстың тегі, табиғат әлемін жүргізіп, қозғап тұрған желдің де тегі жыннан пайда болады. Құрандағы жын сүресінің 72 сандық белгімен және 28 аяттан тұрып, адамзат өмірінің түрлену сапасын айқындап тұрғаны да және адамдықтың жоғарғы дәрежесін Алланың сүйікті құлы болу, пайғамбарымыздың елшілік ісін жалғастырып көместен хабар келтіру, көріпкелдік, сәуегейлік, абыздық қасиетті меңгеру де жындық қуаттың тазалығымен ғана мүмкін екенін ашық аятпен ескертеді.

Олай болса, адамзаттың да барлық қозғалыс, қимыл әрекеті, тіршілік өмірі, білімді, ілімді меңгеріп, ібіліске қарсы тұрып, оны да меңгере алуға қажыр, қайрат, сабырлы, ерікті болуы да жынсыз яғни кісілігінсіз мүмкін емес. Жер бетіндегі өмірімізде ібілістің екі түрлі сипаты болып; қанымызда шайтан сипатта, сезім үні болып, ал кеңістікте «эфирлік» тұрғыда ауаның да құрамында теріс ой болып, түрлі иістермен, түтіндермен байланысты бейнеленеді. Адамзатқа негізгі сынақ; ой қуатын меңгеру, ібілістің салған ойынан сақтана білу, керегін алып білімге айналдырып, тұрмысқа, дүние тіршілігіне пайдаға жаратып, зияндысын ажыратып отырумен ғана маңызды болмақ.

«Расында оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы саған ілесті. (20) Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісі мен оған күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.» (34-21) Ислам дінінің шариғаттық ұстаным тазалықтың және пайғамбарымыздың сүннетін орындай білудің арқасында ғана адамзаттың ібілістің ықпалынан құтылуға мүмкіндігі болып, адамдықтың әулиелік дәрежелерін меңгеруге жол ашылумен де маңызды екені хақ.  Ібілістің негізгі мақсаты да адамзаттың ақиреттік сенімін теріске бұрумен білімін өзгертіп, рухани жаратылысымыздың тылсымдық байланыс жүйесін, жан, рұқ сипаттарын, олардың түрлену сатыларын терістеп, надандық дәуірдегі ұғымдарға, дін тәпсірлік білімге қайта оралтып, тура жолдың қисығына бастайтын өз ұрпақтарын тәрбиелеу екені де сөзсіз.

Сонымен бұрынғы заманда адамзаттың өркениеті мен бақытты өмір сүруіне жол ашқан рухани құндылықтарға деген сенімді жоғалтып, оны меңгеру жолына түскендерді жек көренішті етіп көрсету үшін де; сөз ұғымдарын, ой қуатын терістеп, ақылдың өркениетін тежеп, белгілі бір білімге байлап қойса болды, адамзаттың жыны мен шайтандары өзара шерік түрінде қосылған, тылсымнан жүктелген қарапайым пенделер түгіл, қандайда бір дін ғұламасының, білімді, зиялы аталған қауымның, ел билеушілерінің де жындық, кісілік қуаттарының шамасына, білімдік, ілімділігіне  қарай түрлі жындылық топтарға бөлініп, ібілістің еркін орындаушыға, ұрпағына айналып алатыны да хақ. Ал енді мұндай ел билеуші, зиялы қауымның басқаруында болған бұқара халықтың да екі жүзді болып, заң жүзінде, саясат тұрғысында ібілістің жамағаты болып, ата-бабалардан қалған әдет-ғұрыптарды да адамдық тұрғысында амалсыз, еріксіз орындаумен де айналысып кетеді.

Қазақ елі жаратылыстан жындық қуатты ерекше артық болып, соншама жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғай білумен бірге әлемге де дін салтын таратушы болғанымыз хақ. Қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің, бақсылық қасиеттерді меңгерумен де исламға дейін жыннан шайтанның арасын ажыратып тазартып отыруға және қызды қырық үйден тиым салып, ібілістің ықпалдығынан тоса білгені де хақ. «Еркектердің дәрежесін әйелдерден артық қылдым» деген Алла тағала. Себебі жын қуаты еркектік «гормонға» тән болып, «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп ескерткен. Ал шайтандық қуаттың әйелдер қанынан көбейіп өсіп, жандық сезімдік таза қуатқа айналып; ана сүтімен, жыныс шарабымен сананың негізі болып, еркекке ауысып отыруын да ежелден құдайдан жоба алып түсіне білген.

Жын мен шайтандық қуаттардың еркек пен әйел сияқты бір тектен пайда болып, бірақ қандайда жынды, қуаты зор еркектің ақылды, нәзік жанды әйелдің айтқанымен жүріп-тұрып, өзі де байқамай бағынышты жағдайда болатын сияқты; «Атам елді басқарады, атамды үйде әжем басқарады» деген қазақта.

Сонымен адамзаттың шариғаттың үкімдерінен, тазалықтан, ұяттылықты сақтаудан бас тартып, жаратылыстан тәнімен, рұқымен жаратылған тағдырлық күнәнің ықпалына  түсуден    ібіліс теріс оймен жүктеп, ақылдың қуатын өсірмей, түрлі арсыздық салт, әдеттерді жақсы көрсетумен, шайтанды жынға қосу арқылы адамзаттың бойында және тылсымдағы бейнеленген шайтаннан болған жындарды да басқара алады. Мұны «шерік қосу» деген дін ұғымында. Сонымен «шерік қосу» дегеннің өзі; «шерік қату», «серік қосу», «ортақ қосу» деген ұғымдармен байланысты болып, қазіргі таңда бұл сөздердің жетелік ақылы әлсіз пенделерге үлкен қорқыныш болып, осы үш сөз арқылы діншілер халықты өздерінің жындылық топтарын көбейтуге, есті адамды исламнан жирендіруге пайдаланады және діншілердің, имамдардың, дін ғалымдарының тұрақты кәсібі болып алғаны және мұны дажалдық, тажалдық деп атаған да жөн. Құранның тылсымдық тұрғыдағы аян, уахи болып жалғанатын 30 пара кітабының терістеліп, жоғалуына да жәрдем беріп жүргендері сөзсіз.

Әлемдік тұрғыдағы исламдық діни «экстремизм», бүлікшіліктің де осы үш сөз арқылы ібілістің өз ықпалын жүргізіп, ақиреттік білімді мүлде терістеумен байланысты екені, мұны қазақ дін муфтияты мен ел билеушілері де кешенді түрде атқарып, ібілістің ұрпағы «дажалдықты» дәріптеушілер екенін білеміз бе? 25 жыл егеменді ел болып, дін исламның да еркін насихатталуына жол ашылып, жастарымыздың  дінге, арап тіліне деген айрықша ынтасы да артып, сонымен бірге ана тіліміздің, ұлттық сөз ғылымының да, сөз киесінің, атау сөз ұғымдарының да беделін төмендетуге бүкіл зиялы атты қауым мен дін ғалымдары аянбай еңбек етіп, енді құранды  мешіттерде, ақпараттық жүйелерде отырып мазақтап отырғандарды имам, ғұлама, ғалым, теолог, философ, жазушы, тілші деп дәріптеп, жоғарғы атақ шенге де лайық деп түсінетін болдық.

Аз ғана құран аяттарымен дәлел мысал келтіре кетсек, аятта; «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды (26) Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды; (27) Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.» (Жын; 72-28) Қазіргі масһабтық дін білімінде «Жын» деген адамзаттан тыс бөлек жаратылыс, ал екі аралық дәнекер және Алланың шындығынан жаратқан күзетшісі-аруақ деген қара жындық немесе шайтандық қуат, «Алладан басқа» яғни құранынан бөлек деп үгіттейді. Және Алламен арада ешқандай дәнекерлік, елшілігі жоқ, құранды ондай аят та жоқ  деп халықты анық тажал болып азғырады. Осы аяттардың Алланың адамзаттың дін жолында еңбек етіп, сүйікті құлына айнала білгендерді екі аралық дәнекер елшілікке тағайындап, ақиреттен тазарған аруағы арқылы алды-артына күзетші қойып және оған өзінің көместен құпия сырларын оқитынын ашық баяндап тұрғаны да хақ.  Егерде бұл тек қана Мұхаммед пайғамбарға ғана арналған деп түсінсек, онда; «…Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі…» Олардың-елшілерінің міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін  өзінің қасында санап түгендеп қойған әулие-әмбилер, пайғамбарлар аруақтарын тағайындайтыны ашық ескертіп тұрғаны да хақ.

Осында талай жүздеген аяттармен мысал беріп, ата жол жазбаларында қазақ даналарының, әулие-әмбилерінің еңбектерімен салыстырып, дәлелдеп, іс жүзінде зерттеп тексеруге, намаздық амалын көрсетіп Алла тағаламен әулие–әмбилер аруағы арқылы байланысып, қазіргі болып жатқан қияметтік жағдайдың азабынан халықты ақталуға шақырумен, текті ұрпақтарды тәрбиелеумен, аруақтардың басын көтерумен жер ана рұқына жалғанып, қияметтік сынақтарынан айналып өтуге болатынына шақырғанмен, ел билеуші, дінші, зиялы қауым өкілдері мүлде теріс айналып, өздерінің алған бағыттарынан қайтуға неге адамдықтары жетпей жатыр деген сауалдың да бұқара халық арасынан күн санап көбейіп келе жатқаны да сөзсіз. Демек халық рухани оянып, енді мұндай іс басындағыларға ашық қарсылық көрсететін мезгіл болатынын да білген жөн.

Әрбір пенде жаратылыстан 6 түрлі қуаттық жүйені меңгеруге және оның табиғаттағы 6 түрлі өсімдіктер әлемімен, 6 түрлі жан-жануар, хайуандар әлемімен, 6 түрлі құстар әлемімен жалғануға (6+6+6=18) және мұның жұбын екі аралық қуаттарға жалғану арқылы 36 санды ясинді меңгеруі тиіс. Сонымен бірге «Екі жарты бір бүтін болу», «Гендерлік бүтіндікті» қалыптастырумен ғана (36+36=72)-санды әлемдік жын қуатына жалғанып меңгере аламыз. Абай атамыз ескерткен; «Әлемге қуат қосу» дегеннің бірі жынмен екіншісі жанмен байланысты болатыны да хақ. Адамдықты, бір естілік, тұлғалық, жетілгендікті меңгеру үшін де жан қуатын меңгерумен, көбейтіп өсірумен оған иман арқылы құпия білім кітабына жалғаумен ғана мүмкін болмақ. Бірақ жынымызды тазартып, жын мен жанымыздың арасын жалғайтын көркем сөз киесі болған, тектік ағашымыз  Алланың сүйікті құлының аруақтарына жалғана алмасақ, мұндай дәрежеге жету мүмкін де емес.

Тура жолға жалғану дегеніміздің жынымызға жан беріп кісілікке айналдырумен, Алла тағала тарапынан күзетші аруақтарына жалғанумен ғана байланысты болмақ. Ібілістің де мақсаты осы арада кедергі қоюмен, жынымызбен шайтанымыздың тек ағашынсыз өзара қосылып, теріс ойдың ықпалына түсіп білімді ақыл қылып алумен, түрлі жындылық топтарға бөлініп алып, өзімізді әлемді құтқарушыға санап, тобымызды көбейтуге жанталастырып қоюмен нәтижеленеді де. Мұндай жындылықтардың нәтижесі; Жаратылыстан иман қуаты, махаббат болып сыйға алған құдайлық болмысымыз, оған жанымызды өсіріп ақыл арқылы қосқанда; Мұхаммед, сүйіспеншілік болып бейнеленетін Алланы Қадірі-Мен-Маған құлшылық қылыңдар сипатының яғни махаббаттың, Ол Аллаға, адамзатқа, бір-бірімізге деген құрметтің жоғалуына әкеліп соқтырады.

Ал енді әлемдегі және қазақ еліндегі жындылыққа себеп болған жағдайларды өткен заман даналардың ғибратты әңгімесімен мысал берсек; «Бір күні ғылым, надандық, байлық, құрмет төртеуі бас қосып әңгіме-дүкен құрған екен. Біраздан соң тарқар уақыт таянғанда бір-бірінен қалай қайта жолығатындықтары жайлы сұрайды.
Сонда ғылым: «Мені іздеген жан ғұламалардың мәжілістерінен табады», — депті.
Надандық: «Мені іздесеңдер арзан күлкіге алданып, бос уақытын жоғалтып жүргендердің қасында болармын», — депті.
Байлық: «Ал мен болсам зәулім сарайлар мен үлкен үйлердің ішінде боламын», — депті.
Сөз кезегі тиген құрмет біраз уақыт басын төмен түсіріп, үндемей тұрды да: «Мені кім бір рет жоғалтып алса, еш уақытта қайтып таба алмайды», — деген екен!
»

Сонымен әрбір пенде өзіндегі құрметтік сипатының бар, жоғына қарап; өзін-өзі тануына да себеп болатын және өзіндегіні тану үшінде қоғамдағы жалпы адамдық құрметтің жоғалуына соқтыратын (пері соққандық), ол елдің тұрғындарының жындылықтан, мастықтан айыға алмай құдайдың азабына лайық болып, қияметтік мезгілде өмір сүріп жатқанына негізгі белгілерді баяндай кетсек. Мұхаммед пайғамбарымыз қияметтік мезгілде махаббаттың, құдайдың түсірген дініне, жол-жобасына деген құрметтің жоғалуына себеп болатын  адамдар арасында мынадай жәйттердің етек алатындығынан хабар береді.

Адамдар намаздарын орындамайды, намаз оқуда қаза етеді, тіпті оқымайды. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды. Аманатқа қиянат етеді. Харам болған нәрселерді халал деп санайды. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді. Пара алушылық көбейеді. Зәулім үйлер салынады. Дүниеге қызығып, дінін сатады. Туыстық қатынастар үзіледі. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады. Жастардың үкімет басына келуі болады. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі. Ерлі -зайыптылардың ажырасуы көбейеді. Зина жасау етек алады. Сенімді адал кісілерді опасыз адамдай көреді. Опасыз өтірікші кісілер сенімді халге келеді. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді. Жауыннан апаттар, селдер болады. Зекет берілмейтін болады. Ішімдік ішу көбейеді. Ол кездерде кейбір пасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады. (Әке-шешенің тәрбиелеуі азаяды) Құран оқитын пасық және күнәһар хафиздер болады. Жағымсыз ғалымдар болады. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады. Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады. Мұнаралар биік болады. Бастықтар көбейеді. Дін ілімін білетін ғалымдар азаяды. Сенімді кісілер азаяды. Кедейлер көбейеді. Алланың қойған жазалары жарамсыз болып жүрмей қалады. Әнші қыздар көбейеді. Таразыдан жеу көбейеді. Әйел өзінің бастығынан (күйеуіне, еркекке бағынудан) босанатын болады. Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады. 37. Тек таныс кісілерге ғана сәлем беріледі. Ілім – құлшылық ету үшін емес, дүние табу үшін оқылатын болады. Ол кезде адамдар арасындағы кәпірлер мен залымдардың мәртебесі биік болып, құрмет етіледі. Жындылықты адамдыққа санайды. Ол кезде адамдар арасында екіжүзділер мен күнәһарлар басым әрі күшті болады. Надандар мәртебелі болады. Тақуа кісілер адамдар арасында келеке мазаққа айналады

Ал енді пайғамбарымыздың көріпкелдік, сәуегейлік, болжампаздық қасиетіне шапағатына жалғанып,  жалғастырған елшілік, пайғамбарлық қасиеттерін меңгерумен қазақ дәстүрінің, адамдықтың жоғарғы сатысы әулиеліктің кітабына жалғануға кедергі болып жүрген жындылық топтардың рухани жағдайлары мен бір текті болып қана қалмай, жындық, кісілік қуаттарды меңгерумен, адамдық тектердің бірлігін қалыптастыруға, намаз орындаулары мен емделу шараларын да баяндап көрейік…(жалғасы бар. Ақпан 2016 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *