VІII-Ойға түрткі, ақылға дем Ібілістің ұрпақтары мен жамағаты және жындар әлемі

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 60

Біздер өзімізді-өзіміз ақыл-оймен тану арқылы ғана болашағымызға жоспар жасап, оны арман және бағыт бағдар қылып, артымыздағы тарихи оқиғалардан ғибрат ала аламыз. Ал ақылды меңгеру үшін де белгілі замандарда даналыққа жеткен өз ұлтымыздың яғни ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған ойшылдық насихатына, нақылдарына, аманаттарына жүгінуміз керек және олардың ішкі сыры ой қуатының үніне жалғана білуіміз де керек. Себебі қандайда бір кітап жүзінде деректер болып қалған білімді ақыл арқылы қабылдағанмен ақылымыздың қандай дәрежеде болуы да тәніміздегі 8 түрлі жындық қуатымыздың жағдайына тәуелді болуын ұмытпаған жөн. Өткен заман тарихының білім жүзінде шыны бар және шындардың ішінде шындығы бар. Шындықтың үні «БІР» ой қуаты болып мұндай үнді біздер иманымыз арқылы ғана танып жүрекпен ұғына аламыз, себебі жанымыздың, жүрегіміздің тегі де өмірден өткен даналарымыздың, әулие-әмбилеріміздің бөлшегі, ұқсасы болып табылатынын да ескерген жөн.

Сондықтан бір шындықтың, Алла тағала ғылымының үні махаббаты болып, және сүйіспеншілік, махаббат тұрғысында әлемге ортақ пайғамбарлар мен елшілердің ғибратты үлгілерін жүрегімізбен түсініп қабылдау үшін де ана тіліміз бен ділімізді және әулие-әмбилерміздің аруақтық, тағдырлық жүректеріне жалғанумен ғана ақылымыздың жетілуі қалыпты болмақ. Мұндай шындықты меңгерген шыншылдар, тақуалар яғни Алланың сүйікті құлдары әлеуметті топтықтардың біздерге үлгі қылып қалдырған жолымен жүру, оларға құлшылықта табынып, еліктеп ұқсау арқылы ғана біз де ғылымды шындықты ажырату қабілетіне жете аламыз.

«Шымшық сойсаңдар да, қасапшыға сойғызыңдар» деп ескерткен екен пайғамбарымыз. Олай болса, қандай замандарда болсын ақылмен шындықты, ғылымды меңгерудің де өзіндік ақпараттық жүйесі және мұны меңгерудің кәсібі, мамандары да білікті тұлғалары болуы шартты болмақ. Ал, қазіргі заман білімділік пен біліктіліктің заманы, кез келген хат танушы пенденің өзінің кім екенін, шынның ішінен өзгермейтін тұрақты шындықты анықтаудың қасиеттілігін меңгеріп, жан, рұқ жаратылыс сырларын танымай-ақ шығармашылықпен (ойшылдықпен) айналысып, өзінің білген кітаптан оқыған білімін ақылға айналдырып, мақтан қылып, жұртқа өзінің ой жоруын айтумен айналысып, ақырында бұл дертке айналып, өзінің жындық сипатына қарай белгілі бір топтардың мүддесін қорғаушы, халықты бақытты қылуға күрескер болып шығуға да бар мүмкіндік ашылған. Мұндай жағдайда кімнің есті, Алланың «БІР» жібіне, шындық ғылымына жалғанған, ал кімнің жынды, ақылы жетімсіз екенін аңғару салыстыру үшін де; ел басшыларының бір ғылымды меңгерген тұлғалығы болып және ақылы, естілігі, адамдығы жетілген, әулиеліктен белгілі бір дәрежесі бар үлкендердің,  ел билеудің кеңесшілері заң шығару орындарында болғаны да ұлтымыздың әлеуметтік жағдайының үлгісі болар еді.

Бірақ, қазақ елінің егемендігінің нәтижесі рухани тәуелсіздігінің жалауы, ата заңымыздың ірге тасы болған; азаматтық ғылым мектебін, ақсақалдар кеңесін қалыптастыруға пайғамбарлық жастан асқан үлкендердің жастық-мастықтан, жігіттік мақтаннан айықпай, жындылықпен қоштасуға, дін дәстүрін, тақуалық салтын меңгеруге мүлде құлқы жоқ, керісінше ел басымыздың өзінен бастап, тіл жүзінде дұрыс, керемет тәтті сөздер айтып,  ал іс-амалда салтын қалыптастыруда қарсылық білдіруінен енді адамдығы бар пендені ауылдан, бұқара халықтың ішінен және үлкен болуға тырысып жүрген жастардың ішінен ғана ұлттық жобамыздың, иманымыздың сипаттарын, бабаларымыздан қалған насихаттарының ішкі ойын, атау сөз киесін түсінетін жетелілердің барын тануға болады.

Қазақтың дін-дәстүрі ұлттық жол-жобасының негізі де бабаларымыздың аманаты саналы, арлы ұрпақ өсіру болып; «Арбаның алдыңғы доңғалағы қалай жүрсе артқы доңғалақ та солай жүреді» деп ұлт арбасының жағдайын ескерткен екен. Ұлттық арбамыздың, заман керуенінің алдыңғы доңғалағы болған үлкендеріміздің бізге көрсетіп жатқан, бүгініміздің ойшылдық іздері қандай деген сауал қойыңыз.

Қазақ елі мейлі қандай ұлттардан тұрғанымен, бір қазаннан ас ішіп, жер ана рұқынан нәр алып отырғандықтан,  ақиреттегі орнымыз да, баратын жеріміз де бір және қайта жер басуға, жаңадан жаратылып келуге деген болашағымызда  бір-бірімізге бүгінгі күнгі өсіріп жатқан жанымызға, рухани мал, егінімізге адамдық тұрғысында тәуелді екені хақ. Ал жындық қуаттылық пен жындылық қылықтық сипатымызда әлемнің барлық халқымен жалғанып, араласып, егер өзіміздің ұлттық болмысымызды, амандық аманатымыз; дін-жанымызды сақтап үнемі жетілдіріп отыру үшін де әрбір заман өзгерісімен қарай түсірілетін таза ақылдан, нұрлы ой қуатынан; аян, уахи болып оқылып, көрсетілетін құдайлық жобамызды меңгеріп, ділімізді сақтап, жанымызды көбейте  алмасақ, бір-бірімізге және әлемге аруақтық қуат қоса білмесек, онда өзге тілін, ділін, ұлттық ерекшелігін сақтай білген ұлттарға рухани тұрғыда бодан болып, нәсілдік сипатымыз өзгеріп, түбінде ұлттық сипатта жоғалып тынамыз.

Ақылымыз әлемдік тұрғыдағы жындылыққа негізделгенде әлемнің бар салтын, өнерін, әдетін, әдебін де меңгеруге құштар болып, таза ақылмен бейнеленген таза ой қуаты иманды меңгеріп; жандық, адамдық сипатымызды сақтауға арналған дәстүрлік құндылықтарды сөз жүзінде ұғымын, яғни имандық қуатын, ойын өзгертіп, теріс әрекеттерімізді бейімдеуге пайдаланумен де өзімізбен бір топта болатын жындыларды көбейтуге жанталасып, өзара ақпараттық, шығармашылық тұрғысында, заңдарды ойлап табуда, партиялар құрып, соғысып кетуіміз де заңдылық. Және әрбір мұндай жүйелердің қарсылығы болмаса қозғалмайды көбеймейді де. Сондықтан жандық, ділдік қуаттарымызды, ұлттық құндылықтарды сақтауда да өзін-өзі танып, жанын, арын қалыптастырып әулиелік үлгі арқылы күресудің орнына, жындылыққа бейімделген ой жорумен, жалған іліммен негізделген; меңгерген діні де шала, құдайын да, өзін де тани алмағандардың яғни жындылық тұрғысында сыңар езу, жынды сөзді діншілердің, дін ғалымдарының билікке келуіне жол ашып берілді.

Және дәстүрлі дін деген ат беріп құдайды да алдаумен айналысып, құдай пенделерімен енді тілдеспейді деген аятты ойлап тауып, бұрынғы заман әулиелерін ешқандай қателеспеген құдай қылып, оған халықты да нандырып тынғаны хақ.  Негізінде білім мен ілімнің яғни ақыл-ой таразысының екінші басында тұруға тиісті бұл топтықтар да шын жүзінде ібілістің ұрпақтары болып, өзара алауыздық пен ұлт ішінде ірткі салып, өзге ұлттарды жек көруге шақырған жындылық топтардың пайда болуына, есті адамның дінді жек көріп жиренуге жағдай туғызып жатқандары да хақ. Мейлі қандай дәрежеде жындылық сипатта болсын, ілім мен білімділердің арасында екі таразы басын теңеуге, құдайлық үнге, шындыққа жалғануға жол іздейтін үшінші бір топтардың пайда болуы заңдылық.

Қазақ елінде ата жолы және көптеген тарихаттық, рухани емшілік топтардың пайда болуымен өркениетке, әлеуметтілікті меңгеруге деген талпыныс болғанымен, енді ұлттық ғылымдық мектебіміз арқылы бұл бағытты зерттеп, жындылықтарынан шектеп, дұрысын алып үшеуінің арасын қосып «БІР» ғылымға жалғануға не кедергі болды? Керісінше заңмен қудалап, сыңаржақтық таза ой, шындықсыз ілім мен білімге шоқынып, әлемдік түнек күштерінің ықпалына, халқымызды рухани бодандыққа ұсынғанда не таптық? Бүгінімізді бағалап, өзгермейтін құдайлық шынымызды қалай тауып, мәңгілік ел жобасының үлгісін әлемге көрсете аламыз ба?

Адам атамызға таза жанды яғни ойшылдық қасиетті беріп, ібілістің жыннан, оттың жалынынан, білімнің тегімен жаратып, көріпкелдік, болжампаздық тұрғысында ібіліс білімге ғана жүгінгендіктен қателікке ұрынып, Алла тағалаға қарсы шыққаны белгілі. Сонымен білімнің отпен, ал ілімнің сумен, ақпен байланысты болып, біздер ілімді жанымызды тазартып көбейту арқылы меңгеріп, ал таза ақылдың ой мен білімнің ортасы болатын, шындықпен бейнеленген шежірелік көркем сөздер жүйесіне, адамдық тек ағашына жалғану арқылы ғана пайғамбарлық-әулиелік қасиеттерді меңгеріп, болашағымызды болжай алатын қабілетке ие боламыз. Аталарымыз; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деп бекер айтты ма?

Әлемдік тұрғыда да адамдықтың үлгісін, діннің бірлік қасиетін, адамзаттың жындылықтан тазарудың амалдарын көрсетіп, ғылымды меңгеруді, өзара  әділдік пен әділеттіліктің, тура жолдың  үлгісін көрсететін бір елдің болуы да міндетті болмақ. Ал мұндай үлгі болмағанда онда әлемнің барлық елдері өздерінің дін салттарын, жындылықтарын дәріптеп, қалайда рухани үстемдігін арттыруға, өздерінің жақтас, ниеттестерін көбейтуге жан таласып, ібілістің қақпанына түсіп, түрлі жындылық топтарға іштей бөлініп, өзара қырқыспен, алауыздықпен соғыс өртінің тұтануына себепші болады. Мұндайда жағдайда көктен түсетін құдайлық таза ақыл, ғылымдық ақпараттардың, адамдық өркениеттің қалыптасуына да ібілістің тосқауыл болуы да шартты. Және таза ақылға, ойпаттарға жалғануды үзумен, адамзаттың тек қана екі аралық ақпараттық жүйелердің ықпалында қалып және жындық топтардың басқарушылары болған, білімде озық шыққан ібілістің ұрпақтарының жоғарғы дәрежелі билік орындарына, ақыл беруші іс басына келуіне де, дүние байлықпен жағдай жасауы да ібілістің еркіне берілгені хақ. Сонымнн дүние байлығы мен таза ойсыз біліммен ілімінің соңына түсіру арқылы ібіліс жер бетінде, әлемдік тұрғыда түнек күннің үстемдігі жер бетінде орнауына себеп болады.

Мұндай көктен түсіп және жерден шығатын Алланың нұрына, ғылым шындығына жалғанудың құлшылығын шектеп, дін тұрғысында Алланың шежірелік жібін үзумен айналысқан ібілістің ұрпақтарының арманы орындалып, әлемдік тұрғыда түнек күштерінің үстемдігі орнағаны да хақ.  Ал мұндай рухани тұрғыдағы ақпараттық «экстремизмге» қарсы тұратын, дін исламның ортасын сақтап тұрған арап елдері де ібілістің қақпанына түсіп, құдай жолын, заманға түсетін жобасын тастап, тек қана дін ісі шариғат, тәпсірлік білім жолымен тура жолдың қисығына түсіп алудан әлемде қияметтік мезгілдің басталып, жер бетіне Раббымыздың қияметтік жағдайдағы барлық белгілері түсіп болғаны да хақ. Алланың түрлі азабы мен хикметті білімнің де қоса түсумен бұқара халықтың арасынан шыққан тектілердің рухани ұйқысынан оянып, мұндай хикметті білімді меңгеріп, діннің ортасына қайта жалғайтын қазақ еліне жаратушымыздың таңдауы түсуінде де; қазақ ұлтында тура жолдың дәстүрі мен сөз ғылымының бай қоры бір ғылымды меңгерудің үлгісі сақталуымен де себеп болған хақ.

Барлық танымның, жаратылыстың себепшісі де қозғаушы атқарушысы да Алланың құдыретті қолының бір тәңірлік қуаты да уақыттан басталып, «Уақыт емші, уақыт төреші» деген аталарымыз. Бір Алла деген ұғым уақыт, заман ішіндегі барлық киелердің, тектердің қозғалысының бір жүйемен Алланың өзі болған біртұтас жан қуаты-жаннаттықтар «БІЗДЕР»  арқылы басқаруымен әшкере мәлім болмақ. Сондықтан қазақтың нанымында Бір Аллаға құлшылық дегеніміз; өзін-өзі танып, тағдырын басқарып меңгеру үшін де уақыттың замандық, мезгілдік белгілеріне, ауа-райының ықылымдық өзгерістеріне, оған жаратылыстың, табиғат әлемінің жауап беруіне, аң-құстардың, жан-жануар, жәндіктердің тіршілігіне қарап жаратушымыздың үнін, ескертулерін, белгілерін анықтап, амал қылумен де қазақ даналығының негізі болып саналғаны да хақ.

Қазақтың нанымында жаратушы Алла деген жаратылыстан тыс, тек қана мешіттерде, үйлерде отырып алып намаз оқып жалбарынғандардың тілегін қабыл етуші ғана емес, барлық жаратылыстың нәрселерінде Алланың тәңірлік қуаты, үні барын, және мұның бәрі аспан мүлкі арқылы қозғалып басқарылатынын көк тәңірлік сипатына табынумен, жаратылыс нәрселерінің барлығынан белгілі зайыры, қасиеті растығын танып білумен, әркім өзіне керекті пайда зиянын ақылмен болжап, ақ қарасын ажыратып пайдасына табынып, зиянынан сақтануды ғылымды болу деп түсінген. Жаратылыстан сабақ және қуат  алып, уақытты басқара білуді, барлық қарсылық қуаттарды да меңгеріп, адамзаттың игілігіне қызметке тұрғыза білуді; адамдықтың, әулиеліктің шыңы деп түсінген де оның білімін, намаз орындау үлгісін; Ар, арлы болу деп атаған. Ар дегеніміз жаннан да жоғарғы сапалы жарықтың, Алла тағалаға ұқсас дененің, адамзаттың рухани жетілген тылсымдық  метафизикалық көшірмесінің қалыптасуы болатынын ешқандай құралсыз да  ажырата да білген.

Дін танымында ақырзаман деген ұғым барын білсеңіз, негізінде бұл сөздің адамзаттың ақпараттық танымдық тұрғысында, бір жағдайдан келесі жоғарғы деңгейге өтуге сұрыпталатын кітабы ашылып, жер бетіндегі пенделеріне жаза немесе құдайдан ерекше сый алатын қияметтік мезгілді айтады. Мұхаммед пайғамбарымыздың құранды алып оқуымен де жер әлемінде ақырзаман-қиямет мезгілі болып, адамзаттың өркениетінің жаңа дәуірлік қалыптасуы болғаны хақ. Сол сияқты мұндай жағдайлар белгілі бір ғасырларда, дәуірлерде қайталанып тұрғаны да тарихта мәлім жағдай. Қазақ даналығында бір заманда тоғыз дәуірдің, тоғыз жолдың тоғысы болып, қияметтік мезгілдің үкімі түсуін ескерткен. Бұл үкімнің 2016 жылғы наурыз айына келіп тұрғанында ғылымдық хикметі бар. Сонымен біз өзімізді тану үшін бүгінгі күнімізді, заманға қарай бейімделуімізді тануға, яғни уақыттың жағдайымен болып жатқан уақиғалардың, белгілердің сырымен санасып, заманымыздағы ақырзаманның яғни қияметтік рухани жаңғырудың басталуына себепші болған белгілерді баяндап өтейік.

Қияметтік ақырзаманның (ойбайласудың) үлкен белгілері Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен өсиет бойынша: «Біз Мадинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Алланың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып: — Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз: — Сөйлесіп отырмыз, — дедік. Пайғамбарымыз: — Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз: — Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, — деп жауап бердік. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз: — Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет-қайым болмайды деді: 1. Тұманды (түтін). 2. Дажжалды. 3. Даббатул арды. (жерден хайуанның шығып адамдарға сөйлеуі) 4. Күннің батқан жақтан шығуын. 5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін. 6. Яжуж-Мәжуждың шығуын. 7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі 8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі 9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі 10. Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, — деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

Енді әлемдік тұрғыда қарасақ күннің батыстан шығуы мен жердің шөгуінен бүкіл сол жердің тұрғындарының жер астына жұтылуынан басқа белгілердің түсіп болғаны да хақ. Және мұндай белгілердің түсуі бастауының негізгі себебіне  де тоқтала кетсек; Хазіреті Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:

Хазіреті Мұхаммедтің  жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі қияметтік мезгілінің алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: «Қияметпен мен бірге жіберілдім» деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39). Олай болса қияметтік мезгіл ислам дінінің қайта қалыптасуға деген пайғамбарымыздың елшілік істерінің жалғасуымен пайда болады. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, «сауатсыздық»-тексіздік көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бухари риуаяты). Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бухари, Худуд, 20). Расулла сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер»,— дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады»,- дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», — деп жауап береді (Бухари риуаяты). Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бухари, Иман 37; Муслим, Иман 1).  Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25). Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Муслим риуаяты). Мен Алланың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады. — Зілзаланың көбеюі. — Көптеген бүліктер етек алуы. — Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді. — Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды (Бухари, Фитән 25). Мал дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды (Хадис ансиклопедиси, Кутубус ситте, 17 том, 1234 хадис). Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер біздерге қияметтік мезгілдің белгілері болып, яғни замандық танымдық үлгі болып қалғанды.

Енді осындай белгілердің қияметтік мезгілді растап тұруымен және адамзаттың қылығының адамдықтан жындылыққа қарай бейімделумен, тажалдық білімдердің үстемдігімен шындықтан айырылып жаппай дүние тіршілігінің қызғына мастанудан, жындылықтардан пайда болуы да хақ. Енді қазақ елінде де үлкен кішіміздің айырмасы қалмай жаппай жынданумызға не себеп болды, талқылап көрейік….(жалғасы бар, Қаңтар 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *