IX-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

 Қандай заманда, қоғамдық өмірде болсын адамзат дінсіз өркендеп қайғы-қасіреттен құтылғаны туралы тарихта ешқандайда белгі дерек жоқ. Бірақ ібілстің де дін саласында жалған ғалым, дінші тақуалардан өз ұрпақтарын шығаруымен діннің маңызы жоғалып немесе оның белгілі бір құндылықтарын өздерінің саяси ұстанымына айналдырғандықтан белгілі бір жетістіктерге жетіп мұны діннен емес адамзаттың ойшылдығы дегенмен астарына терең бойлап қараған жетелі пендесіне оның діннің бір тармағы құндылығы, яғни қазіргі таңда құранның аятымен тылсымдағы кітабымен байланысты екенін аңғарар еді.

 

    Қазіргі таңдағы қазақ ел билігінің ұстанған негізгі саясаты да бірде діннің қадірін арттыру болса, көп ұстаным бағыттарында оның қарама-қарсы жасырын түрі екенін ел басымыздың барлық халықты рухани жаңғыруға, ғылымды ел болған деген жолдауларының бәрінде белгілі бір діннің бағытынан, жүйесінен, өлшемінен алынып, бірақ нәтижесін терістеуге арналғаны да сөзсіз. Бұл да перілік жүйенің ықпалынан туындап отырғаны хақ. Демек мұндай елде оның қарсылығы Құдайдың өзінен туындайтын жақсылық жүйесі болмаса, онда бұндай жолдаулар ешқашанда туындамас та еді. Перілік жүйенің әрбір жақсылықты қалайда терістеуге немесе соңғы нәтижесіне жеткізбей қисығына бұруға қызмет қылатынын естен шығармаңыз.

 

  Жаратылыстың қандайда бір қозғалыстық жүйесі, жер бетінің тіршілігі қарсылықтардан пайда болып жақсылыққа, түп негізге қарай бейнеленіп, өзгерумен ғана замандық қозғалыс өмір, уақыт, адамзат пен әлем тағдыры пайда болады. Сондықтан жақсылықты танып біліп, меңгеру үшін қарсылықтың, жамандықтың қандай екенін білумен оның сырын себебін анықтап, білімін, өлшемін қалыптастыра білу керек. Қазақта; «Жаманды айтпай жақсы жоқ» деген нақылға сәйкес келеді. Пайғамбарымыз; «Адамзат күнәдан ғана жаратылады» деген екен.

 

  Сонымен қазақ еліне алайда жақсылықтың нышаны түсіп, рухани қуаттардың өзгеруімен байланысты барлық салада да өзгерістер болып, егемендік алдық дегенмен де рухани оянуға деген елдің ықыласын арттырған талай ұйқыда жатқан қашық ауылдардағы тұрғындарды да селт еткізіп, өзінің тегін тануға деген қозғалысқа әкелген ата жолы болды. Алғашқы кезде мұны ешқандай қарсылықсыз қабылдағанмен кейіннен қудаланып, елге зұлым қылып көрсетудің өзі бүгінгі таңдағы ел биліктің, дін масһабамыздың жеткен биігінің қарама–қарсы жағындағы тұрған Құдайдың нығметіне бөленген, жер анадан несібесін молынан шашқан, өзара бірлік ауыз біршілікте өмір сүріп, алтын ғасырға аяқ басқан елді елестетіп көріңіз көз алдыңызға.

 

  Және енді ата жолындағы аққу, сұңқар аталғандардың әлемге танымал болып қазақ елінде дарынды ғұламалардың әлемнің түрлі құпия сырын ашып, ғылымды елдің дәстүрін, тілін меңгеруге әлемнің бәрі жаппай ұмтылып жатқан күйін де ақылға салып көрсеңіз. Енді мұндайға жеткізбеуге оның қарсылық жағын өсіріп елдің рухани ұйқысынан оянбауына, ақылын қазыққа байлап, бірін-бірі түсінбейтін еркегі — сері, қатын, қызы — періге айналуға мәжбүрлі саясатты ұстанған ел болғанымызды әзірге аңғара алатын жетелілер де азымыз ғана.

 

  Әрине мұны ертегідей қабылдайтын көпшілікке сөз де шығын. Сондықтан енді ата жолындағы періліктен пайда болған қылықтармен және жақсылықтардың да өзара қайшылығында әрекет қылумен, қазақтың негізгі рухани жағдайынан хабар беруге болады. Ата жолынсыз кез келген масһабтық, тарихаттық топтарды немесе білімді қауымның өзара құрған саяси партияларының немесе ел биліктің рухани тұрғыда ұстанған қағидалары арқылы қазақтың рухани жағдайын толық қамтып бейнелей алуы мүмкін емес. Олар белгілі бір топ басшыларының білімге, тәпсірге, пәндік ғылым деректеріне негізделген мүдделерін ғана қорғай алады. Ар-ұяттылық, ұждан, жан ғылымын яғни адамдықтың қадырін сақтауға, жаңа замандық тұлғаларды қалыптастаруға бұлардың бәрін тұтастай біріктіргенмен де мәнді жауабын үлгісін көру мүмкін емес.

 

   Жалпы қандайда бір өмірлік құндылықтардың адамдықтың қадірін сақтауға, арттыруға, жанды көбейтуге, ар қуатын меңгеруге қызмет қылмаса, онда ол ібілістің ықпалындағы перілік жүйеден ғана болмақ. Ал ібілістің ықпалын арттыруға негізінде білімнің қызметі зор болмақ. Білімді өлшемсіз меңгеруге жол ашып, білім арқылы кез келген адамдықтың жүйесіне тосқауыл қойып, ақылына білімді қазық қылып байлап және ол шектен әрі қарай аяқ басуға қорқынышты оңай қалыптастыруға болады.

 

    Мұндай жағдайда таза ақылдан, ойдан қуат алу шектеліп екі аралықтан жындық жүйемен ғана байланысқа тұрумен, қара қуаттардың ықпалында ғана теріс ойдың әрекетімен тіршілік ету қалыптасады. Яғни, кез келген білімдінің ақылының еркі бес жалғандық жүйемен шектеліп, шынжырдағы иттің шынжырының ұзындығына тәуелді еркіндігі сияқты болмақ. Білім деген амалмен, әрекетпен бірге жүре бермейді. Сондықтан білімді сезімге байлап, адамзатты қиялы ақымақ қылу да ібілістің жобасы болмақ. Сондықтан білімді өлшемсіз алуға құшталық артқан сайын адамзатта семіздік ауруымен дерттеніп қаралықтың үстемдігімен арам мен адал, обал сауапты ажыратудан қалып хайуандана бастауға да білімнің теріс ойының ібілістің тұқымын шашуға есікті ашамыз.

 

    Бұл белгілі бір ұлттың рухани егініне арам шөптің дәнін шашып тастаса, оны сол елдің өзі өсіруге құштар болмақ. Ол үшін де сөз қадірін, құндылығын төмендетіп білімді қауымы да қызмет қылуы керек. Мұндай жағдайда білімге мастанғандар дүние қызығына малданып, өзінің тамақ берген егесінен басқаны танымайтын ит мінезділікті, хайуандық әдет, қылықты халықтың өзі жарысып көбейте береді. Бұл жағынан біздің ел биліктің саясаты әлемде ең жоғарғы перілік дәрежеге жеткеніне де ашық дәлелді рухани жаңғыру жобасынан көруге болады. Бұл жобаның да ата жолында Құдайдың түсірген ашық мұғжиза хикметінен қалайда бас тартып, ел биліктің саясатына ғана негізделген періліктің ықпалына байлап беру екенін жетесіздер ғана пайымдап аңғара алмайды да.

 

 Сонымен ата жолына оралып бүгінгі таңдағы рухани жағдайынан дерек келтірейік;

  1. Күлкіге бейімділік, күлкішілдер
  2. Өтірікті қосып айтып әсіреушілер
  3. Тәуекелшілдер
  4. Турашылдар
  5. Жетелілер
  6. Дұшпандар
  7. Екі жүзділер
  8. Әккілер
  9. Байлықты дүптеушілер
  10. Аяқтарында белгі барлар
  11. Рұхы күштілер
  12. Сауық–сайраншылар
  13. Жылпостар
  14. Жағымпаздар
  15. Жүйріктер
  16. Деректі танушылар

  Бұл белгілердің ішінде; тәуекелшілдер, турашылдар, жетелілер, аяқтарында белгі барлар, рұхы күштілер, жүйріктер, деректі танушылар ата жолындағы перілікке қарсы тұрып қасиеттілікті меңгеруге тырысып жүргендер болғанымен өзара қарсылықтармен періліктің қақпанынан шыға алғаны жоқ. Бұндай қасиетті таланттыларды бір топқа жинауға және қалған ібілістің жүгі, арам шөбінің ұрығы болған 9 кісілік сипаттымен және бастың қадірін (таза ақылмен ойлануды)  жоғалтқан ерік, жігері әлсіз періліктің қызметіне тұрғандармен де Алла жолында мал, жанмен соғыса білу де маңызды болмақ.

 

  Сондықтан бірінші кедергі тақуалықты меңгеру ата салтымен шариғаттан да биік тұрған сопылық тұрғыдағы дәстүріміздің ескіргенін қайта жаңартып, тозығын тастап заманға сай адамдық жетік үлгісін де қалыптастыру міндетті болмақ. Мұндай жағдайда Құдайдан хабар алудың, оның ақ қарасын ажырата білетін топ басшыларын, көш бастаушыларын дайындау да ең басты маңызды істерден екені сөзсіз. Сонымен мұндай қасиеттіліктің бірлігі, жоғарғы дәрежесі; 1.тәуекелшілдер, 2.турашылдар,3.жетелілер,4. аяқтарында белгі барлар, 5.рұхы күштілер, 6.жүйріктерден, 7. Деректі танушылардан жеті түрлі дарындылықтың бірлігінен тұруы керек. Бірақ бұл қазіргі таңда қасиеттілікте жетілдім деген бір пенденің басынан табыла қоюы да қиын шаруа. Және қалған 9 сипатты жанмен байланысты періліктің белгілерінен де толық азат болу да қиын екені де сөзсіз.

 

  Исламның бірлігі болып осылай қасиеттілердің өзара бір мақсатқа қызмет қылуымен, өзара қуаттық алмасумен ғана; «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей ата жолында адамдықтың, әулиеліктің үлгісін қалыптастыруға болады. Енді мұны біздер бір-бірімізден үйренумен, өзара жәрдем берумен періліктің қандайда бір түріне қарсы тұрып жеті сипатты дарындылықты меңгеру жолында құран үніне жалғанумен маңдай көзді ашумен нәтижелі болмақ. Әрбір пенденің тағдырының ерекшелігі ата-бабасынан келе жатқан аманаттары, жүктері және тектілік қасиеттілігі осы жетеудің бірінің басымдылығы айқын болып, соған қарай оның тәрбиесін Құдайдың өзі аруақтардың пірлігімен ғана бағыттап жол сілтеп көрсетіп отырумен ғана  қалған белгілерін толық меңгеруге өзара тұтастықта, туысқандық бірлікте тұрумен ғана нәтижелі болмақ.

 

  Орыстарда: «Кімммен бірге болсаң сонан аласың» деген бар. Сондықтан әрбір қасиет жолындағы ізденген пенденің өз ортасы, тобы болып онда осындай барлық 16 сипатты белгілердің ашық, жасырын түрі болуы қалыпты да. Негізінде адам мінездері өзара жұғысуы сөз сұқбат арқылы оңай атқарылмақ. Сұбаттың өзара пікір алмасумен сынап, сынала білудің маңызы зор. Абай атамыз; «Сөз майданы» деп онан шыңдалуды ескерткенді. Сөз арқылы да белгілі топтың мүддесіне ақылын байлап еркін жоғалтуға да мүмкіндік барын ұмытпаған жөн.

 

   Сондықтан да әрбір адам баласының жасырын құпия сыры оның қуаттық алмасу жүйесіне Құдайлық жол-жобасы болмаса тарихатшылар сияқты бір пендені пір қылып Құдайға жақын боламыз деген надандықты тудырады. Сонымен енді бұл жол-жобаны меңгеруге, жалғануға бәрімізге де ортақ Құдайға тәуекел қылудан мысал беріп көрсек. Жалпы Құдайға тәуекел қылудың және оның азабынан қорқып, жақсылығынан үміт үзбей, ата жолында күресе білудің бұл заманда өзіндік ерекшелігі және қиындығы да зор. Бұл алдымен тақуалықты ұстанумен, киімді толық жабық меңгеру және турашылдықты қатар меңгеруге тырыспаса жетелікке жалғануға да кедергі болмақ. Турашылдықтың да перілікпен, жындылықпен байланысты қарама-қарсы жағы болады. Бұл іштің тазаруымен ет малдың ақталып, тақауалықта жетіліп маңдай көздің ашықтығымен ғана өз мақсатында қызмет қылуға жетеді. Болмаса турашыл боламын деп жындылықтың түр-түріп атқарып кету де оңай болмақ.  

 

   Енді Аллаға тәуекел қылу шариғаттың парыздарын, пайғамбар сүннеттерін ұстанып, оны от басында өз қауымыңда туған-туыс арасында ерінбей кейін шегінбей насихаттап орындатуға тырыса білумен де маңызды болмақ. Сонда ғана дұрыс бағытта турашылдық қасиеттің бекуімен жалғануымен нәтижеленеді. Мұндай қасиеттілікті меңгеру үшін де білімге деген құштарлықпен, үнемі оқып жетіліп отыру ата жолы білімін терең зерттеуге де тұру керек. Өз басымнан өткен тәжірибеден бұл тәуекел мен туралықтың арасын жалғауы мен үшін 4-5 жылға дейін сынағымен созылғаны сөзсіз. Алдымен үй ішінің от басы мүшелерінің шариғатты толық ұстануы үшін соғыс жүрді. Мұндай тәуекелдің нәтижесі де болып Құдайдан жәрдем келіп бір қалыпқа келгенмен де туысқандар арасындағы жағдай жеңіліспен аяқталғаны да сөзсіз.

 

   Бірақ туралықтың мақсаты да ешқашанда артқа шегінбеу болып, 4-5 жыл үнемі соғыс ашуға тура келіп кейіннен мені бұл істен босатқаны туралы хабар келді. Енді қазіргі ата жолында ізденушілердің ең үлкен қателігі де осындай істерде құдайға деген тәуекел мен турашылдықтың басын қоса алмауында. Өзі тақуалық ұстанып алады да, от басындағы ұрпақтары туыстары қарсылық білідіріп жатса, оған көз жұма қарап, арамның ортасында өмір сүруге де іштей келісіп, періліктің қақпанына өзін ұстап береді. Яғни құдайдың қалауына аруақтардың қолдауына толық еге бола алмайды да. Себебі ортадағы қалыптасқан өріске қарсы тұратын ақылдың жетелігі сезімінің қарсылығы пайда болмайды алты жанның қызметі өспейді де.

 

    Турашылықты үнемі ұстанып қандай қиындық сынақ болса да Құдайдан жәрдемнің түбі болатынынан үміт үзбей тәуекел қылып, амал жасаудан ғана жетелік өсіп қауттанатынын да білген жөн. Және мұндай жағдайда дүниелік жалғанмен байланған көптеген қорқыныштарды да жеңуге тура келеді. Құдайдың жазасынан ғана қорқа білуді меңгере алмай, қазіргі таңда біздің тәрбиелеп жатқан көптеген шәкірттеріміздің жетелігін өсіре алмай жатқаны да баршылық. Мұның себебі көңіл жықпастықпен құдайдан емес, елдің сөзінен,  көзқарасынан, күйеу, әйел, бала-шаға  келіндердің қарсылығанан кейін жалғыз қалаудан қорқып, шегініп келіскендік сыңаймен, олардың мұндай қарсылығына жиіркенішсіз қараудан ет өліп, теріге періліктің оңай жалғануы яғни олар арқылы қуаттық алмасуға жол ашудан болады. Сезімнің осындай жалғыздық тәрбиесін қалыптастыра алмаудан орта жолда тоқтап қалуы да сөзсіз. Әрбір қасиетті пенденің өзіне тән жасырын тұрған жалғыздығы болуы да шарт.

 

   Қандайда бір қиындық болсын, мұндай ортадан қашанда өзіңді биік бөлек ұстай білу және олармен бірге де өмір сүре білудің сынағынан өту де оңай емес. Өз басым бұл әрекеттерді әлі жалғастырып жатқан жайым бар. Құдайдан қалау, аруақтардан қолдау алуға жеткендіктен ғана алғашқы жылдардай емес, қазір оңай шаруаға айналды, бірақ сонда да періліктің шабуылынан мүлде құтылу да әзірге мүмкін де емес. Ондай орта толық қалыптасып та болған жоқ. Яғни маған да әлі талай қасиетті пенделердің өзара қуаттық алмасуда тұруға жәрдемі сөзсіз керек.

 

   Кейбіреулердің сұрағында; «Сіз де аққу, сұңқарларға мұқтажсыз ба? Онда қалай жетекші әлде әулиелікті меңгере аласыз?» дегендерге жауап; Ақиреттегі Құдайдан ақталудан өткен жаннаттықтар да бір-бірінің көмегіне мұқтаж болса, сондықтан Бір аталса, онда біз қалай өзіміз жеке-жеке тәңір бола аламыз? Әрине мен ешкімге пір болып, Құдайға жалғай алмаймын да ол мүмкін емес. Тек өз меңгерген тәжірибеммен қалай жалғанудың жолын көрсете аламын, оны да білім тұрғысында. Ал амалды әркім өз қасиеттілік ерекшелігімен жасауы керек. Мұндай жолда жетекшілік ететін жол басшыны таңдау маңызды да болмақ. Ол жолбасшыға лайық пендесінің құран үнімен жалғанған, пайғамбардан бата алған жоғарғы айтқан жеті белгінің де сипаттары аз көп бірақ бірлігі болуы шартты.

 

  Жалпы қазақ дін дәстүрінің негізгі шарты; «Ұстаздан шәкірт озар» болуы керек. Сондықтан белгілі бір қасиеттілік тұрғысында ұстаздан да озық тұрған шәкірттерді даярлап, аламан бәйгеге қоса білгенде ғана осындай әрбір қасиеттілер өзі көпір болып жалғанып, артынан ергендерді өзінен оздыра білумен ғана Құдайшылдық қалыптасады. Енді ата жолында жеке-жеке тағдырында бар тектілік белгімен жетесі бар болғанмен турашылдығы аз, аяғында масіхтік белгісі бар болғанмен білімге құштарлығы жоқ, немесе турашылдыққа жігері жетпей, сондықтан жетеден ажырап қалған, сол сияқты рұқы күшті болғанмен қалғандары жабық, аян алып белгі деректерді танығанмен тәуекелі жоқ болып немесе жоғарыда көрсетілген жеке дара тектілік белгілермен де кездесе береді. Бұлар көп жағдайда өзінің осындай қасиетімен ерекшеленіп алады да, елді түземек болып періге қызмет қылып кетеді.

 

     Сондықтан да құран үніне жалғану арқылы ғана белгілі бір қауым топқа бірігіп, бірін-бірі үнемі түзетіп қадағалап отырумен, бұл жеті түрлі сипатты қасиеттілік жүйесін бір-бірімізге жалғанумен қуат қосумен меңгере аламыз және ерекше дарындылықтарды да Құдайдан сыйға алуға жетуге болатынын білген жөн. Аспанда тұрған жұлдыздар Алланың бір денесі болып; Біздер деп құранда аталған жер бетінің барлық тұрғындарына жол көрсетуші, жамандықтан тазартып, жақсылықтан сый беруші Алланың құдіретті қолы болып саналады. Сондықтан пайғамбарға қол берген сахабалардың қолының үстінде Алла тағаланың қолы тұрғанын ескертіп, біздерге пірлік жүйе болмақ. Біздер үшін пір сахабалар аруағы болса, оларға пір пайғамбарымыз, ал пайғамбарымыздың аруағының пірі БІР-БІЗ болып саналады…(жалғасы бар Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.