IX-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 120

Сонымен ғылым деген «метафизикалық» яғни бізге беймәлім көмес, ғайып қуаттардың, жаратылыстың кереметтерінің себебін, адамзатқа пайда, зиянды әрекеттерін, адамзаттың құпия жан, рұқ қуаттарының өсіп, өну көбеюі мен түрленуін, оны дүниелік тіршілікпен байланысты меңгеру адамгершілік  құлшылық амалдарын түсіндіру керек.  Мұндай  көмес, ғайыппен байланысты ғылымды меңгерудің тәрбиесін қазақта ғана дәстүр деп атайды. Сондықтан да Әл-Фараби атамыз; «Балаға біріншіден тәрбие беру керек, ал тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Ғылымның тәрбиесін меңгеру арқылы біздің ақылымыз өсіп, Еске онан Санаға ең соңында; Ар сауытына айналады.  Ғылымның жоғарғы дәрежесіне жету үшін ілімді меңгеруіміз керек. Ал ілім негізінде сөздің құпиясын нақылдарды шешумен ғана нәтижесін береді. Ал білім болса, бізге мәлім болған ілім арқылы жаратушы иеміздің  білдірген мұғжиза хикметтерінен, табиғаттағы қуаттардың құбылыстары мен және ғылымның көместік тұрғыда заманға қарай әрекеттерінің өлшемдері мен құпия сырларының жария болуы білім болып және оны адамзаттың пайдасына жаратуға өнерге, құралға айналдырумен айналысу керек.

     Ғылымды меңгеру тіл білімі мен ділді тазартып қуаттандырумен шешендік, сәуегейлік, абыздық, даналық пен жоғарғы дәрежелі көргенділік, яғни пайғамабарлық қасиет –көріпкелдік данышпандықты меңгерумен байланысты болады. Жалпы көріпкелдік ақылдың өсуімен, қуаттылық дәрежесімен байланысты болып;  1.сезімдік- әйелзаттарына тән, 2. қаракеттік еркектерге білімді қауымға тән болса, 3. естілік яғни жетелік және 4. саналық көріпкелдік, болжампаздық, сәуегейлікке қарай дәрежесі ілімді меңгеру арқылы көтеріледі. Сонымен негізінде саналық ақылды меңгеру арқылы даналыққа, би, абыздыққа жалғанамыз. Бұл ілімділікті яғни дінді терең меңгерумен, аян, уахи құранның ғылымдық кітаптарына жалғанумен  байланысты аятта; «…Қалаған кісінің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші (көріпкелі) бар.» (12-76) Бұл аятты ғылымсыз надан дін ғалымдары мазаққа айналдырып, қазақтың дәстүрін төрелік, қожалық, сопылық, әулилелік істерін жалғанға шығарып, Аллаға ортақ қосады да. Ал оған жол беріп, халықты теріске насихаттауға қолдау көрсеткен ел билеуші мен зиялы білімді қауымдар мұндай жағдайда ібілістің ұрпағы болып танылады.

      Енді бұл құранның кітабын меңгеруді және төрт кітаппен байланысты да болып; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген қазақ даналары. Олай болса тағдырымен бірге  «талап» болып берілген, жанында құпия білімі бар әрбір пенде жаратылысынан көріпкел, сәуегей болып танылса, ал енді онан әрі қарай ілімді меңгерумен құранның  ғылым кітабына жалғану арқылы абыздыққа дейін көтеріле білгендер болашақтан хабар алушы, хабар келтіруші елші болып табылады. Және  қандайда бір шешендікті, сөзді, көріпкелдікті меңгергендер жындылық сөзден алыс болып қатесіз сөйлейді. Философиялық талантты яғни парасатты деп атауға да болады. Осы тұрғыда қазақтың білімді қауымында ел басымыздан артық тілді меңгергендер аз. Бірақ шығысқа барған сапарында; «Назарбаев зияткерлік мектебі» деп өзін-өзі рухани қылмыскер атап, «Зияткер-рухани тосушы»  деген ұғым екенін білмейтінін және құдайдың кімді қаласа адастыра алатынына ашық белгі де болды. Қазақ елінің сөз ғылымының мешеулігіне, ғылымның жоғалғандығына осы бір ғана мысал да жеткілікті. Ел басымыздың өзін-өзі; «Зияткермін, яғни Рухани  тосушы-тажалмын» деп жариялатып қойғанына арланатын санасы бар уәзірлері де,зиялы қауым өкілі жоқ. Бұл қазақ халқының сөз ғылымын жоғалтып, рухани зұлымдыққа түсіп өз ата-баба дәстүрін, ғылымын тастап, біліммен ғана өмір сүретін азғындаған елдердің тобына қосылғанымызға да белгі болады. «Балық басынан шіриді» деген даналар.

     Ал енді қазақтың жан ғылымының; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп адамзатқа берілетін жеті жанның алтауы қылықтық  сезімдік қуаттар түрінде болып, бұл қуаттарды тазартып, өсіріп, көлеңке иман серігіне айналдыруда аманат болып саналады. Иманның 60 бұтақты дәрежесін меңгеру және бір жан «Менге» қызметке тұрғызумен бір ақыл естілікпен, санаға қуат беретін даналықпен байланысты болады. Ал онан ары қарай жеті жанды толық қуаттандырып бірлеумен байланысты 70 бұтақты имандылық қуатын меңгерумен пайғамбарлық қасиеттің тұтастығы яғни данышпандықтың қалыптасуы болады. Бұл енді парасатылықтың да жоғарғы дәрежесі болып саналады. Және қазақ даналағындағы жеті киемен, жеті ата шежіремен, құранның жеті үнімен, жеті күнмен жалғанумен, құпия жанға кітап алумен байланысты деп түсінген. Ислам елдері мен масһабшылар тек хижрамен ғана сәждені байланыстырса, қазақ дәстүрінде жеті киенің, жеті күннің адам бойындағы жеті өріс аура-бой қабының аттарын адам атымен атауда да ғылымдық құпия бар. Мұны шығыс Азия, индиялық атаулармен салыстырсақ; Муладхара-1.Дүйсенбі (жер, қызыл); 2.Свадхистхана-Сейсенбі (су, сары) ; 3.Манипура-Сәрсенбі (от, сары); 4.Анахата-Бейсенбі (ауа , жасыл); 5.Вишудха-Жұма (Эфир,көгілдір); 6.Аджна-Сенбі (маңдай тағдыры үшінші көз, көк); 7.Сахасрара-Жексенбі (төбе сана есігі, күлгін) болып біздердің түсінігімізде де түсімізді жоруға өте сәйкес қолайлы да болады. Ғылымда адам баласына исламда неге жұманы хижрамен емес григорианмен оқып көк түсті ғылым негізіне жалғанудың да сырын түсінер еді. Ал бейсенбі күні қазақ дәстүрінде аруақтарға құран оқытып қадірлеудің де рұх-Жәбірейілмен және пайғамбарымыздың шапағатымен байланысты екенін «метафизикалық» тұрғыда түсіне білген.

      Сонымен бірге аруақтың жеті санымен байланысты екенін және түсі қызыл болумен бірге інжілмен, Ғиса пайғамбарымызбен байланысты болып, жер бетіндегі қияметтік оқиғаның қызыл қуаттардың аруақтың жер бетіндегі үстемдігімен, Ғиса пайғамбарымыздың періштелігінің бейнеленуімен байланысты да болады. Жанның жердегі жеті түрлі киемен; Жер, күн, көк, от, су, қыз, ит әулие деп және жеті ырыс;Ақыл-ой, деннің саулығы, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит деп түсіндірген. Мұндай жетімен байланысты киеліктердің жанның сапасымен байланысты 9 түрін өзіңіз іздеп көріңіздер. Сонымен әрбір жер бетінің тұрғынының басымен байланысты негізгі аманат болып келген жаны болып ол ұлттық ділмен байланысты еркекте таңдайда, әйелде тілде болады. Ал қалған белгілері 6 сезімдік, қылықтық сипаттың қасиеттілігімен, Еркекте; 1.Иық, 2.Бұғана, 3.Қарда,4. Төсте, 5.Бел омыртқада, 6. Көзден өсіп-өніп жетіледі. Ал әйелдерде; 1.Төбеде, 2.Құлақта, 3.Шекеде, 4. Жұтқыншақта, 5.Бауырда, 6. Балтыр, сан, жамбаста өсіп-өніп жетіледі.

     Бұндай жағдайда алтаудың араз болмауы ана қанымен, діл қуатымен, ана тілін толық меңгерумен, ой мен тілдің арасын бұзбай таза сөйлей білумен тығыз байланысты болады. Жалпы ұлттық тұрғыда адамзаттың сөз тұрғысында меңгерген ғылым кітабы діл болып ана қанымен беріліп отырады. Сонымен ақыл — рұқтан кітап, иманмен жетіліп 6-дәрежесі болса, ойлау қабілетіміз жанның жетілуімен ұлттық тегімізбен, ділімізбен байланысты болып, «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген дана қазақ. Сонымен ақыл-ойдың тұтастығы болып; 13 санды  данышпандықтың, игіліктің сөз ғылымының да толық белгілерінің зейнеттелуі 13 жас алғашқы қадам болып саналады. Ал бұл кітаптың сыры сәни дәптердің 13 сатыдан тұруымен, қазақтың еншісіне мирас болған ғылым бұлағы деп біліңіз. Сәни дәптердің шағатай тілінде баяндалуында осыдай ділге байланысты сыр бар.

   Бірақ бұндай жанды өсіре білетін тектелігімізді жоғалтуға, ел билігі мен дінші қауымдардың ұлтымызға жасап жатқан зұлымдығын әзірге жанында кітабы бар естілер ғана ажырата алады. Ұлтымыздың ділін-ғылым кітабын сақтау үшін 13 жасқа дейін жас балаға үш тіл түгіл екі тілді де үйретуге болмайды. Тек ана тілін терең меңгерту керек. Масһабшылардың құранды босқа жаттауы да ділдің жетіліп сақталуына орасан зор зиян тигізеді. Ғылым тұрғысында қазақтың ділі 147 санмен араптың ділі 143 санмен белгілі болады. Арап елінде құранның 3 қана үні болса және 43 санды әулиелік белгі жанның 3 қанатты періштелігін меңгеру болса, ал қазақта 47 санды Мұхаммед пайғамбарымыздың  періштелігіне 7 қанатқа жалғану мүмкіндігі бар. Пайғамбарымыздың Арыстан бабаға құрманы аманатпен беріп оны Ясауи бабамыздың алуында осындай пайғамбар жанының, құранның ғылымының қазақ елінен қайта көктеуімен байланысты да еді.

   Олай болса дінді түсіндіруде әлемдік діндердің бірлігін қалыптастыруда бүгінгі таңдағы қалыптасқан таңбамызбен қазақ тілінің әлемде де маңызы болшақта зор болып, бүкіл әлемнің қазақ тілін меңгеруге талпынатыны да хақ. Ал енді бұл сөзімізге ғылымнан дерек келтірсек, Қазақ тілінің ділінің қуатын, ғылымын оңай тексеруге де болады. Таңбамыз бір орыс ұлтының кез келген жүрегінде ақауы бар пендесі тұрмыстық тұрғыда қазақша сөйлетін болса, онда ол жуық арада бұл ауруынан жазылады. Және кез келген қазақша сөйлеткенде орыс ұлтының нәсілінің қаны қуаттанып, ұрпақтарының да денсаулығы мықты болып туылады. Демек жоғарғы дәрежелі тіл мен ойдың арасын қоспай сөйлеуді Абай-Шәкәрім аталардың философиялық құнды еңбектерін  ата жол жазбалары арқылы зерттеп меңгерген кез келген қазақ ұлтының өкілінің өлген рұқы оянып, жетесі қалыптаса бастайтыны да хақ. Сондықтан да қазақтың өз ұрпағы түгіл әлемнің барлық ұлтына қазақ сөз байлығын меңгерту арқылы білім берілсе, ондай алған білімнің ғылымдық да жандық та қуаты ерекше болып, ондай адамдардың дарындылықтарының тез жетіліп  тылсыммен жалғануға, кітап ғылымын алуға, парасаттылық қуаттарын меңгеруге де мүмкіндігі де артады. Әрине мұндай жағдайда ібілістің тосқауыл қойып, өзінің ұрпақтарын тәрбиелеуі де хақ. Осы тұрғыда ел басымыздың көтерген жолдауымен латын тілінде білім алуға шақыруында тек қана ғылымның жолын жабудағы, қазақ еліне келген құдай патшалығының үкімдерін болдырмауға, ібілістің ашық азғыруына түсуімен байланысты деп біліңіз. Ал бұл адасушылықтың сырын қазақ еліндегі азаматтық ғылым жүйесінің, мектебінің қалыптаспауынан деп білгеніңіз де жөн…(жалғасы бар. Мамыр 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *