Іздемпаздық қасиет(91)

Бөлім: Зікір өлеңдер 117

Үнемі іздеп, жетіліп,

Талаптанып беріліп.

Жақсы нәрсе соңында,

Жүрген жандар жосылып

Тәуекелшілдер жасасын!

Сынақтан қорқып, бұқпайтын

Шындықты бұрмалап қашпайтын.

Айтқан сөзге берік боп,

Ниетін тастап қайтпайтын

Қайсар жандар жасасын!

Қиындықты жеңетін,

Әділетсіздік жібін үзетін.

Мәймөңкелеп бөспейтін,

Аянын тылсым көретін

Шыншыл жандар жасасын!

Жаны жомарт жайсаңдар,

Ыстық пенен суықты,

Бірдей көрген тарландар,

Достыққа адал жарандар

Адал жандар жасасын!

Адамды адам қылатын,

Адамдықтың білген ғибратын.

Қадамды нық бастырып,

Жинаған иман қуатын

Адамдық қасиет жасасын!

Биікке қолды созатын,

Тоқтамай алысқа шабатын.

Ізгілікке ұмтылып,

Тақуалық дінмен қылатын

Іздемпаздық жасасын!

Аталар жолын қуатын,

Аманатын танып алатын.

Жамандықпен соғысып,

Жын, шайтанды жағатын

Ақ бақсылық ісі жасасын!

Етек жеңі мол болған,

Ақ жаулықты анадан.

Жалғастырған киесін,

Еркегін төрге оздырған,

Тақуа әйелдер жасасын!

Қанында бар ғылымы,

Атадан қалған үлгіні

Ата-салт дәстүр қадірін,

Жалғастырған қыз, ұлы,

Мәңгілік нәсіл діл үні,

Жаңарған қазақ жасасын!

Ата-баба мирасын,

Абай-Шәкәрім данасын.

Ясауи іліміне жалғантып,

Әлемге қуат қосатын,

Ата жолы жасасын!

(Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *