Кедергіден өту(90)

Бөлім: Зікір өлеңдер 56

Сынағына өмірдің мойымай,

Сынып кетпей, тайсалмай.

Жұдырықтай жұмылып,

Тас түйін боп ұмтылып

Қиындыққа төзгіш боп,

Беті қайтпай жарқын боп

Іші толған ақыл боп.

Іс шешетін пендесін

Құдай қалай жарылқамас?!

Төзімі нық, көпшіл боп,

Сөйлеген сөзі аз болып

Сөз астарын аңғарып,

Жиренген сөзден ұғымсыз,

Тындырымды, тынымсыз,

Пендені неге көтермес?!

Құдайдың түсіп көзіне,

Иланып түскен сөзіне,

Сәждесін етіп Аллаға,

Сүйенген өзіне пендені,

Жек көрсін неге Жар ие??

Белін бекем буатын,

Сыбанып қолды шығатын,

Жетім менен жесірге,

Қорған болып тұратын.

Ата-салт дәстүрін,

Ұстанып күрес қылатын,

Тиянақты пендеге

Нұрын неге шашпасын?!

Ойбайласып аһ ұрмай,

Есті болып сөз жимай,

Жамандық келсе басына,

Өзгеден көріп сөз қылмай,

Жеңіл тұрмыс, аз еңбек,

Аздырар жанды деп ойлай,

Өнер-білім ізденіп,

Болмаймын деп сор маңдай

Ниеті нық пендеге,

Қарайласар бір Құдай!

Байлық пенен барлықтың,

Бұлданбайтын жаттықтың,

Қолы жомарт пендесін,

Жарылқайды Бай Құдай!

Ата жолың бақ жолың,

Жер мен көктің байлығын.

Ата–анаңнан қалған мирасын,

Меңгертуге ар үнін,

Тәуекел мен турасын,

Бір тәңірлік қуатын,

Мұсылмандық тектің бірлігін,

Ата дәстүр аманатын,

Кедергіден өткізер,

Рахметінен өзі Жар Құдай!

(Тамыз 2018 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *