Маңдай көзі ашылған,
Талай пенде сыналған.
Көріпкелдік қасиетті,
Мақтан көріп тасынған.
Көріп тұрмын пәленді,
Мен өзім деп құдіретті.
Иландырып идірген,
Сенгіш аңқау пендені.
Теріс айтып тұрғаны,
Құдайға аян айтқаны.
Жетегінде сезімнің,
Күнәмен қосқан ортағы.
Құдайдан таза хабарды,
Ала алмай пенде сандалды.
Маңдай көзді жүрекке,
Жалғамай тегің азады.
Жалғанбай тағдыр тәлкегін,
Жеңілге байлап арқау өрмегін.
Орта топтан дін алған,
Қысқартып сөздің көркемін.
Тағдырды білгіш алайда,
Ортақ қосар Аллаға.
Бес парызбен шектеген,
Жалғандырмай аянға.
Бас пен етек тазармай,
Жүректің кірі шайылмай.
Қайдан болар сезгіштік,
Көріпкелдік қасиет жалғанбай.
Үніне аруақ ілессең,
Пейілің кеңіп үлкейтсең.
Белгісін алып тылсымнан,
Үнімен жүрек тілдессең.
Қауымыңды шығар торыққан,
Көптің болар дұғасы алғыстан.
Есебін білер Алла тағала,
Уәдесі қауыммен бірге құтқарған.
Береді сыйын Құдайда да,
Алады біз боп қалауға.
Көріпкелдік қасиет бекиді,
Аларсың сыйын доғана.
Ғаршыдан келер хабарың,
Төбемен көкке жалғандың.
Бейнеленер аян боп,
Түбінде жүрек тазаның.
Амалы болмақ аянның,
Бойдағы өріс жамалың.
Қорғаны болып жанының,
Келтірген көктен хабардың.
Бекіте білсең амалын,
Орындап діннің намазын.
Харекетсіз болма әр түске,
Садақа, құран қалмасын.
Харакетсіз қалса аяның,
Түс болар сұйық қорғасын.
Жағалар бейне жазулар,
Жамандығы артып қараның.
Жорылған түстер аянға,
Ниетің таразы амалға
Қайтар беті сынақтың,
Жақындық қылсаң Құдайға.
Асығың түсер алшыдан,
Хазірет Омар жолынан
Орындаған бұл амалың,
Сахабалардың еріп соңынан.
Түкті шашты Әзиз баба да,
Алады сонда қолдауға.
Назар салар жаныңа,
Айша бибі ана да.
Құраннан ілім аларсың,
Жалғантар Құдай жобасын.
Көңілін әулие ауларсың,
Тектұрмас батыр бабаның.
(Шілде 2018 жыл)